Цифрлық білім беру құралдары және қазақ тілін оқытудағы тиімділігі
Компьютерлік технологиялар дәуірі қарқынды дамып келеді және бүгінгі таңда адам қызметінің ешбір саласы ақпараттық технологияларсыз өмір сүре алмайды. Педагогикалық технологиялар да бұл үдерістен тыс қалған жоқ. Сондықтан қазіргі мектептегі білім беру жүйесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану – аса өзекті мәселе. Әрбір пән мұғалімі сабақтарын заманауи технологиялармен түрлендіріп, оқу үдерісін қызықты әрі тиімді етуі тиіс. Бұл – оқытудың сапасын арттырумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратын маңызды фактор.
Қазіргі таңда техникалық оқыту құралдарын пайдалану білім берудің сапасын едәуір арттырып, күтілетін нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Оқушының табысты білім алуының басты шарты – оның ішкі мотивациясы. Ал заманауи ақпараттық технологияларды қолдану оқу үрдісін есте қаларлық, әсерлі және тартымды етеді. Бұл оқушылардың пәнге деген эмоционалды оң көзқарасын қалыптастырады.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Қазақ тілін оқытуда цифрлық білім беру құралдарының тиімділігін арттыру, инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды оқу процесінде тиімді пайдалану жолдарын анықтау.
Міндеттері:
-
Қазақ тілі сабағында АКТ қолданудың педагогикалық негіздерін ашу;
-
Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекеттестікті жетілдіру;
-
Ақпараттық технология арқылы оқушылардың коммуникативтік және зерттеушілік қабілеттерін дамыту;
-
Цифрлық құралдарды пайдалану арқылы оқыту сапасын арттыру жолдарын көрсету.
Негізгі бөлім
Қазіргі білім беру жүйесінің басты бағыты – білім алушының компетенттілігін қалыптастыру. Осыған байланысты оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану қажет. Мұғалімдерге енді сабақты көрнекі, әсерлі және мазмұнды етіп өткізуге зор мүмкіндік берілген.
1. Сабақта презентацияны қолдану
Мен өз тәжірибемде қазақ тілі сабақтарына арналған бірқатар тақырыптық презентациялар әзірледім. Сонымен қатар, оқушылардың өздері жасаған презентациялар да жинақталып, оларды сабақта қолдануға арналған банктік қор жасақталды. Презентация сабақтың түріне қарай әрқалай дайындалады.
Нәтижесінде оқушыларда қалыптасатын құзыреттер:
-
Ақпаратты талдау, жинақтау және жүйелеу дағдысы;
-
Топпен жұмыс істеу қабілеті;
-
Түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу және қолдану іскерлігі;
-
Коммуникативтік құзыреттілік;
-
Алған білімнің өмірде пайдалы екенін түсіну.
2. Интерактивті тақтаны пайдалану
Интерактивті тақта – қазақ тілін оқытудағы құнды құралдардың бірі. Ол сабақта түрлі көрнекі, дыбыстық және бейне материалдарды біріктіре отырып, оқытуды жандандырады. Қазақ тілі сабағында интерактивті тақтаны пайдалану – оқушылардың тілдік сауаттылығын, орфографиялық қырағылығын арттырудың тиімді тәсілі.
Мұғалім үшін артықшылықтары:
-
Материалды сынып ортасында еркін түсіндіруге мүмкіндік береді;
-
Сабақты импровизациялауға, жаңа идеяларды шұғыл қосуға жағдай жасайды;
-
Кез келген веб-ресурспен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқушылар үшін артықшылықтары:
-
Сабақты қызықты әрі әсерлі етеді;
-
Топтық жұмыс пен өзара қарым-қатынасты дамытады;
-
Белсенді қатысуға және өз ойын еркін жеткізуге ынталандырады.
Қорытынды
Бүгінгі ақпараттық қоғамда ақпаратқа ие адам – әлемге ие адам. Сондықтан АКТ-ны қазақ тілі сабақтарында қолдану – тек мүмкіндік емес, қажеттілік. Интерактивті технологиялар оқыту үдерісін жандандырып, оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілетін арттырады. Мультимедиялық құралдар – тілдік дағдыларды қалыптастырудың ең тиімді жолдарының бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қараев Ж.А. Инновациялық білім беру технологиялары. – Алматы, 2020.
-
Бектаев К., Қасымова Р. Қазақ тілін оқытудың заманауи әдістемесі. – Нұр-Сұлтан, 2021.
-
ҚР Білім және ғылым министрлігі. Білім беруді цифрландыру тұжырымдамасы 2020–2025.
-
Ермекбаева Б. Интерактивті оқыту технологиясы және оның тиімділігі. – Алматы, 2019.
-
Сүлейменова Э.Д. Ақпараттық технологиялар және қазақ тілі сабағы. – Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, №4, 2023.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз