Е.А.Ернұрұлы А.А.Қаршығаева
«Тұран» университеті, журналистика 241(4)_2, Қазақстан, Алматы қ.
e-mail: azizbekermekbay@mail.ru
ЦИФРЛЫҚ МЕДИАНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Аңдатпа. Мақалада цифрлық медианың даму үдерісі мен қазіргі медиакеңістіктегі орны кеңінен қарастырылады. Ақпарат құралдарының дәстүрлі форматтан цифрлық форматқа өтуі, интернеттің пайда болуы мен жаппай қолданысқа енуі арқылы медиа саласында орын алған түбегейлі өзгерістер сипатталады. Медиа контент өндіру мен таратудың жаңа тәсілдері, аудиториямен өзара байланыс орнатудағы инновациялық мүмкіндіктер мен технологиялық жетістіктердің ықпалы сараланады.
Цифрлық платформалардың дамуы нәтижесінде кез келген қолданушының ақпарат көзіне айналу мүмкіндігі артып, медиадағы кәсібилік ұғымының мазмұны өзгергені сөз етіледі. Ақпарат тарату жылдамдығының артуы, интерактивтілік, мультимедиялық форматтардың кең таралуы қазіргі медиа жүйенің басты ерекшеліктері ретінде көрсетіледі. Қоғамның ақпаратты қабылдау тәсілінің өзгеруі, медиа тұтыну мәдениетінің жаңаруы мен әлеуметтік желілердің идеологиялық, мәдени, саяси ықпалы туралы да мәселелер талданады.
Мақалада деректерге негізделген медианың дамуы, жасанды интеллекттің медиаконтент жасау мен тарату үдерісіне енгізілуі және алгоритмдер арқылы аудиторияны бағыттау тәсілдері баяндалады. Цифрлық медианың болашағына қатысты болжамдар мен бағыттар ұсынылып, ақпараттық технологиялар мен қоғам арасындағы байланыс тереңірек түсіндіріледі.
Түйін сөздер: Цифрлық медиа, интернет журналистика, әлеуметтік желілер, ақпараттық технология, медиасауаттылық, фейк жаңалықтар, мультимедиялық контент, алгоритмдік медиа
Аннотация. В статье подробно рассматривается процесс развития цифровых медиа и их современное положение в медиапространстве. Описываются кардинальные изменения в медиасфере, вызванные переходом от традиционных форматов к цифровым, появлением интернета и его массовым распространением. Анализируются новые способы производства и распространения медиаконтента, а также влияние технологических достижений и инновационных возможностей на взаимодействие с аудиторией.
С развитием цифровых платформ у каждого пользователя появилась возможность стать источником информации, что изменило само понятие профессионализма в медиасфере. Основными характеристиками современной медиасистемы становятся высокая скорость распространения информации, интерактивность и широкое распространение мультимедийных форматов. Рассматриваются изменения в культуре медиапотребления, способы восприятия информации обществом и идеологическое, культурное и политическое влияние социальных сетей.
В статье также рассматривается развитие дата-журналистики, внедрение искусственного интеллекта в процессы создания и распространения медиаконтента, а также использование алгоритмов для управления вниманием аудитории. Приводятся прогнозы и направления развития цифровых медиа, более глубоко объясняется связь между информационными технологиями и обществом.
Ключевые слова: Цифровые медиа, интернет-журналистика, социальные сети, информационные технологии, медиаграмотность, фейковые новости, мультимедийный контент, алгоритмические медиа
Abstract. The article provides a comprehensive overview of the evolution of digital media and its current role in the media landscape. It describes the fundamental changes in the media sphere brought about by the transition from traditional formats to digital ones, as well as the emergence and widespread use of the internet. New methods of content production and distribution, as well as the impact of technological advancements and innovative tools on audience interaction, are analyzed.
With the development of digital platforms, any user can become a source of information, leading to a shift in the concept of professionalism in media. The key features of modern media systems include high-speed information dissemination, interactivity, and the widespread use of multimedia formats. The article explores changes in media consumption culture, how society perceives information, and the ideological, cultural, and political influence of social networks.
The article also discusses the rise of data-driven journalism, the integration of artificial intelligence into media creation and distribution processes, and the use of algorithms to shape audience attention. It presents forecasts and future directions of digital media while exploring the deeper relationship between information technologies and society.
Keywords: Digital media, internet journalism, social networks, information technology, media literacy, fake news, multimedia content, algorithmic media
Қазіргі таңда ақпарат алу, жаңалық тарату, қоғаммен байланыс орнату сияқты әрекеттерді жасау оңай бола бастады, яғни, түбегейлі өзгерді. Осылай өзгеруінің басты себептерінің бірі - цифрлық медианың дамуы мен өсуі. Бұрынғы кезде қоғам ақпаратты газет пен радио арқылы алған болса, қазір интернет пен әлеуметтік желілер басты орынға шықты. Жалпы бұл - тек ғана технологиялық өзгеріс емес, адамдардың жаңа өмір сүру салтына бейімделуі, коммуникация мәдениетінің жаңа кезеңге аяқ басуы. Ақпарат көзі қазіргі қоғамда бұрынғыдан да маңызды бола бастады. Кез келген оқиға туралы дер кезінде білуге ұмтылу, жаңалыққа жедел жауап беру қажеттілігі медиа саласына үлкен өзгерістер алып келді.
Цифрлық медиа бүгінде жаңалықтарды таратумен шектелмейді. Ол сондай-ақ білім беру, мәдени іс-шаралар, жарнама, саясат және бизнес саласында кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, блогтар, подкасттар және онлайн-басылымдар бірыңғай ақпараттық алаң қалыптастыруда. Жастар осы кеңістікте еркін қозғалады және барлық жаңалықтарды интернет арқылы алады. Сондықтан бүгінгі медианың мазмұны мен түрі осы ұрпақтың мүдделеріне сәйкес келуі маңызды. Бұл жағдай болашақ медианың қалай көрінетініне тікелей әсер етеді.
Қазіргі қоғамда интернетсіз күн көру мүмкін емес. Әсіресе жастар қауымы – цифрлық әлемнің белсенді қатысушылары. Олар ақпаратты газеттен немесе теледидардан емес, ең алдымен әлеуметтік желілер мен YouTube-тен алады. Бұл – жаңа буынның ақпаратты қабылдау тәсілі түбегейлі өзгергенін көрсетеді. Сондықтан қазіргі медианың мазмұны мен форматы жастардың қызығушылығына сәйкес болуы қажет. Тек сонда ғана медиа қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істей алады.
Цифрлық медианың тағы бір ерекшелігі – оның жылдамдығы мен қолжетімділігі. Бұрын бір жаңалықты білу үшін келесі күнгі газетті күту керек болса, қазір сол ақпарат бірнеше секунд ішінде бүкіл әлемге тарайды. Ақпаратқа жедел қол жеткізу – цифрлық медианың басты артықшылығы. Сонымен қатар, цифрлық медианың арқасында кез келген адам өз ойын көпшілікке жеткізе алады. Яғни, енді ақпаратты тек журналистер ғана емес, қарапайым адамдар да тарата алады. Бұл – қоғамда демократиялық процестердің дамуына ықпал етеді. Алайда бұл жағдай ақпараттың сапасына, нақтылығына және сенімділігіне қатысты жаңа талаптар қояды. Осы өзгерістердің барлығы цифрлық медианың тек құрал емес, қоғамдағы үлкен құбылысқа айналғанын көрсетеді. Ол біздің қалай ойлайтынымызға, қалай сөйлейтінімізге, тіпті қалай өмір сүретінімізге де әсер етуде. Сол себепті бұл тақырыпты терең зерттеу – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Цифрлық медиа - интернеттің қарқынды дамуының арқасында пайда болды. 1990-жылдардан бастап әлемде ақпараттардың онлайн түрде таралуы күшейе бастады. Бұл жағдай Қазақстанда 2000-жылдардан бастап қарқынды дамып келеді. Алғашқыда адамдарға ыңғайлы болу үшін сайттар мен онлайн газеттер шыға бастады. Уақыт өте келе блогтар, подкасттар, YouTube, TikTok, Instagram сияқты платформалар қоғамға ықпал ете бастады.
Цифрлық медианың ең үлкен артықшылықтарының бірі – ақпаратты жылдам тарату мүмкіндігі. Қазіргі заманда бір елде немесе бір қалада болған кез келген оқиға жайлы жаңалықтар санаулы минуттардың ішінде бүкіл әлемге тарап үлгереді. Мысалы, әлеуметтік желіде бір видео немесе сурет жарияланса, ол әп-сәтте мыңдаған, тіпті миллиондаған адамға жетуі мүмкін. Бұрын мұндай ақпаратты тарату үшін газет беті немесе телехабардың эфир уақыты қажет болатын. Ал қазір бір батырманы басу арқылы ақпаратты кез келген жерге жеткізуге болады. Осы себепті интернет пен цифрлық платформалар дәстүрлі медиадан әлдеқайда жылдам әрі қолжетімді болып отыр. Қарапайым халық та, журналистер де, мекемелер мен ұйымдар да өз жаңалықтарын, хабарламаларын, жарнамаларын немесе маңызды оқиғаларын көпшілікке жылдам жеткізу үшін әлеуметтік желілерді, сайттарды, мессенджерлерді кеңінен пайдаланып келеді. Әркім өзіне керекті ақпаратты оп-оңай тауып ала алады, ал жаңалық иесі өз хабарын еш қиындықсыз бөлісе алады. Осындай шапшаңдық пен ыңғайлылық цифрлық медианы күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналдырды.
Алайда ақпарат еркін тарайтын кеңістіктің артықшылықтарымен қатар, өзіне тән қиындықтары да бар. Бүгінде интернет пен әлеуметтік желілерде күн сайын мыңдаған мәлімет пайда болады. Бірақ сол ақпараттың бәрі шынайы, нақты деп айта алмаймыз. Кейде жалған немесе тексерілмеген жаңалықтар өте жылдам тарап, адамдарды адастыруы мүмкін. Мұндай жағдайда қарапайым оқырман ненің шын, ненің өтірік екенін ажырата алмай қалуы ықтимал. Сондықтан цифрлық медианың дамуын тек жақсы мүмкіндік ретінде қарастыру жеткіліксіз. Ол үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Әсіресе журналистер үшін бұл өте маңызды. Қазір журналист тек ақпаратты жедел жеткізуші ғана емес, сонымен бірге шынайы дерекке сүйенетін, нақты әрі сенімді мәлімет ұсынатын маман болуы керек. Ол – қоғамның ақпараттық қауіпсіздігіне үлес қосатын тұлға. Сондықтан журналист әрбір ақпаратты мұқият тексеріп барып жариялауы тиіс.
Цифрлық медианың дамуы тек оқырман мен көрерменнің өмірін ғана өзгертпей, журналист мамандығына да айтарлықтай әсер етті. Бұрын журналистің басты міндеті – тек мақала жазу, сұхбат алу немесе теледидарға қысқаша сюжет дайындау болса, қазіргі заманның талабына сай бұл маман иесі әлдеқайда көп саладан хабары бар, жан-жақты адамға айналуы қажет. Қазіргі журналист тек мәтін жазумен шектелмей, сол мәтінді фото, видео материалдармен толықтырып, оларды әлеуметтік желіге ыңғайлы форматта жариялай білуі керек. Яғни, журналист тек жазушы емес, сонымен бірге фотограф, бейнемонтаж жасаушы, СММ маманы, контент продюсер сынды түрлі рөлді қатар алып жүреді.
Бұдан бөлек, журналист пен қоғам арасындағы байланыс формасы да өзгерді. Бұрын оқырман тек газеттен оқып, өз пікірін білдіре алмайтын болса, қазір әлеуметтік желілер мен интернет платформалар арқылы ақпарат тұтынушысы мен ақпарат таратушысы арасында тікелей қарым-қатынас орнады. Журналист жариялаған материалға халық бірден пікір қалдырып, сұрақтарын қоюы мүмкін. Осыған байланысты қазіргі журналист тек жазған мақаласымен шектелмей, оқырманмен кері байланыс жасап, олардың ойын тыңдап, қажет болған жағдайда түсініктеме беріп отыруы керек. Бұл – бүгінгі медианың басты ерекшеліктерінің бірі. Яғни, бүгінгі күні журналист мамандығы бұрынғыдан да күрделеніп, жауапкершілік артты. Ол тек ақпарат тарататын адам ғана емес, қоғаммен үнемі байланыста жүретін, түрлі платформаларда белсенді жұмыс істейтін әрі заман талабына сай бейімделіп отыратын кәсіби тұлға болуы қажет.
Цифрлық медианың дамуы тек ақпарат тарату жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар ақпараттың берілу форматына да үлкен өзгерістер алып келді. Яғни, бүгінде адамдардың ақпаратты қабылдау тәсілі бұрынғыдан өзгеше. Бұрын газет немесе сайттардағы ұзақ мақалаларды оқитын болса, бүгінде көпшілік қысқа, нақты, көрнекі контентті артық көреді. Адамдар бір мезетте бірнеше ақпарат көзіне назар аударады, сондықтан олар үшін мәтін қысқа, түсінікті және назар аударарлық болуы аса маңызды. Осы себепті медиада жаңа форматтар кеңінен қолданыла бастады. Мысалы, қысқа видеолар, Instagram немесе TikTok платформаларындағы стористер мен reels, түрлі инфографикалар, көңіл көтеретін мемдер – бұлардың бәрі ақпаратты заманауи, қарапайым әрі тез жеткізудің тиімді жолына айналды. Мұндай контент адамның көңілін бірден аударып, оны ақпаратпен тез таныстырады. Адамдар ұзақ мәтінді оқуға әрдайым уақыт таба бермейді, ал көрнекі және қысқа форматтағы материалдар жылдам қабылданады әрі есте жақсы сақталады.
Осы өзгерістерге байланысты қазіргі журналистер мен контент жасаушылар бұрынғыдай тек мақала жазумен шектелмей, жаңа форматтарға бейімделуі қажет. Ақпаратты заманауи талаптарға сай етіп, қысқа әрі ұғынықты түрде ұсыну – басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар, олар көрнекі материалдар деп аталатын – сурет, графика, видеоны – дұрыс пайдалана білуі тиіс. Бұл тек аудиторияны тарту үшін емес, ақпаратты тиімді жеткізу үшін де қажет. Қысқаша айтқанда, цифрлық медианың қазіргі талаптарына сай жұмыс істеу үшін тек ақпараттың мазмұнына ғана емес, оның берілу формасына да ерекше мән беру қажет. Себебі көрермен мен оқырман ақпаратты қаншалықты тез әрі оңай қабылдаса, соғұрлым оның медиамен байланысы да тығыз болады. Жалпы бүкіл әлемде цифрлық медианың қарқынды дамуы әртүрлі елдердің ақпараттық кеңістігіне де әсер етуде. Осы орайда Қазақстандағы цифрлық медианың қазіргі жағдайына да назар аударған жөн.
Қазақстанда да цифрлық медианың дамуы жылдан-жылға қарқын алып келеді. Бұрын тек дәстүрлі ақпарат құралдары – теледидар, радио, газет-журналдар ғана басым болса, бүгінде интернет арқылы жұмыс істейтін онлайн платформалар мен цифрлық басылымдар көбейіп келеді. Әсіресе соңғы бірнеше жылда көптеген жаңа сайттар, жаңалық порталдары, бейнежазба арналар, подкаст жобалар мен әлеуметтік желілерге арналған медиа беттер пайда болды. Бұл медианың жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді.
Қазіргі цифрлық басылымдар тек мәтін жазумен шектеліп қалмай, түрлі бейнематериалдар мен дыбыстық жазбалар арқылы да ақпарат таратады. Журналистер мен контент жасаушылар оқырманның көңілінен шығу үшін жаңалықты әртүрлі форматта ұсынуға тырысады. Мысалы, бір жаңалықты мәтінмен жазып қана қоймай, оған байланысты қысқа видео немесе инфографика қосып, Instagram, TikTok, Telegram сияқты желілерде де жариялайды. Бұл өз кезегінде ақпараттың көп адамға жетуіне және оның оңай қабылдануына септігін тигізеді.
Қуантатын жайт – қазақ тіліндегі цифрлық медианың да даму қарқыны жақсы. Соңғы уақыттарда қазақ тілінде жаңалық тарататын сайттар мен әлеуметтік желі парақшалары көбейіп келеді. Бұрын қазақтілді ақпараттың ауқымы тарлау болса, қазір бұл бағытта едәуір ілгерілеу бар. Қазақ тілінде сапалы контент жасайтын жас журналистер мен блогерлердің саны да артып келеді. Олар өз аудиториясымен тығыз байланыс орнатып, тың идеялар ұсына отырып, ұлттық медианың дамуына үлес қосып жүр.
Әрине, бұл саланың тұрақты дамуы үшін кәсіби мамандардың рөлі ерекше. Ақпараттың сапасы, мазмұны, көркемдік деңгейі – бәрі журналистің шеберлігіне байланысты. Сондықтан цифрлық медиада жұмыс істейтін мамандар тек техникалық жағынан ғана емес, тілдік, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да жоғары деңгейде болуы керек. Әсіресе жастар арасында бұл салаға қызығушылық артқан сайын, оларды сапалы біліммен, тәжірибемен қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі.
Осы айтылғандардың барлығы цифрлық медианың бүгінгі қоғамдағы маңыздылығын толықтай айқындайды. Цифрлық медиа бұрынғы дәстүрлі медиамен салыстырғанда өзінің жылдамдығы, қолжетімділігі мен тиімділігі жағынан озып тұр. Ақпарат таратудың тәсілі түбегейлі өзгерді. Енді кез келген жаңалық немесе оқиға бірден әлеуметтік желілерде, блогтарда, сайттарда жарияланады және олар бірнеше минут ішінде кең аудиторияға жетеді. Бұрын ақпарат тек радио, теледидар, газет сияқты дәстүрлі арналар арқылы таралатын болса, қазіргі таңда интернет платформалары мен әлеуметтік желілер негізгі ақпарат таратушы құралға айналды. Бұл процесс тек ақпараттың жылдам таралуын қамтамасыз етпейді, сонымен қатар қоғамның ақпаратқа деген сұранысын да арттырады.
Қорытындылай келе, цифрлық медиа қазіргі қоғамда ақпарат тарату құралы ғана емес, өміріміздің бір бөлігіне айналып отырғанын айта кеткен жөн. Ақпаратты тарату және қабылдау тәсілі өзгерді:енді ақпарат тез әрі халыққа қолжетімді түрде ұсынылады. Журналистика форматы да осы өзгерістерге бейімделіп, жаңа бағыттармен толықтырылды. Егер бұрын ақпарат негізінен радио-теледидар арқылы таралса, бүгінде интернет пен әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарату әлдеқайда тиімді әрі жылдам болды. Бұл цифрлық медианың негізгі ерекшелігі. Журналистер мен контент жасаушылар жай ғана ақпаратты таратпайды; Олар аудиториямен тығыз байланыс орната отырып, өз жұмыстарын шығармашылықпен және жаңа талаптарға сай орындауы керек.
Цифрлық медианың дамуы ақпарат алмасу мен адамдар арасындағы қарым-қатынас сапасын жақсартты. Жаңа форматтар мен онлайн платформалардың дамуымен қоғам ақпаратты бір көзден емес, әртүрлі арналардан алады. Ақпарат кеңістігі әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, бейнеконтент және желілік басылымдар арқылы кеңейіп, көптеген адамдардың бір-бірімен байланысуына мүмкіндіктер туғызуда. Бұрын БАҚ тек мәтінмен шектелсе, қазір бейнеконтент, инфографика және онлайн материалдардың арқасында ақпаратты ұсыну әдістері айтарлықтай өзгерді. Осы цифрлық ортаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әркім өз ойлары мен идеяларын тарата алады.
Қазіргі цифрлық медианың болашағы зор. Журналистика мен ақпарат құралдары жаңашылдыққа бейімделіп, медианың жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, қоғамның түрлі салаларында маңызды қызмет атқаруға дайын болуы тиіс. Әрбір адам мен маман цифрлық медианың әлеуетін дұрыс қолдана отырып, болашақта оны дамытуға үлес қосу керек. Бұл өзгерістер мен жаңашылдықтар тек ақпараттың таралуын жеңілдетіп қана қоймай, қоғамның өзара байланысуын да нығайтады. Алдағы уақытта цифрлық медиа жаңа белестерге көтеріліп, әлемдегі ақпараттық кеңістіктің барлық қырларын қамтитын маңызды құралына айналады.
1. Жиеналиев Жақсыбек. Цифрлық дәуірдегі медиа әлем. Нұр-Сұлтан, egemen.kz, 2024.
2. Ділдәбек Балауса. Дәстүрлі журналистика & цифрлы медиа: артықшылық пен кемшілік. Алматы, zhasalash.kz, 2024.
3. Қожабай Қыдырәли. IT журналистикадағы оқудың ерекшеліктері. Алматы, massaget.kz, 2022.
4. Қабжәлел Гүлмира. IT саласы біздің өмірімізге қалай әсер етеді? Қостанай, kostanaytany.kz, 2025.
5. Мырзақадыр Дана. Цифрлық журналистиканың бүгіні мен болашағы. Шымкент, arainfo.kz, 2023.
6. Жиеналиев Жақсыбек. Цифрлық журналистиканың салмағы. Астана, egemen.kz, 2024.
7. Автор көрсетілмеген. Цифрлы медианың келешегі туралы. Алматы, mezgil.kz, 2022.
8. Жиеналиев Жаксибек. Мир медиа в цифровую эпоху. Нур-Султан, egemen.kz, 2024.
9. Дильдабек Балауса. Традиционная журналистика и цифровые медиа: преимущества и недостатки. Алматы, zhasalash.kz, 2024.
10. Кожабай Кыдырали. Особенности обучения в IT-журналистике. Алматы, massaget.kz, 2022.
11. Кабжалел Гульмира. Как IT-сфера влияет на нашу жизнь. Костанай, kostanaytany.kz, 2025.
12. Мырзакдыр Дана. Настоящее и будущее цифровой журналистики. Шымкент, arainfo.kz, 2023.
13. Жиеналиев Жаксибек. Значимость цифровой журналистики. Астана, egemen.kz, 2024.
14. Автор не указан. О будущем цифровых медиа. Алматы, mezgil.kz, 2022.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз