Цифрлық сауаттылық-заман талабы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Цифрлық сауаттылық-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада цифрлық сауаттылықты арттыру туралы мәліметтер жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Цифрлық сауаттылық-заман талабы





Қазір ақпараттық технологиялар әлемінде цифрлық сауаттылық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.   Оны  тиімді пайдалану ақпаратты өңдеу, коммуникация және онлайн ортада бейімделу қабілетті анықтайды. Әсіресе, елімізде цифрлық сауаттылық мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Өйткені Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, халықтың 54%-ы ғана интернетке қол жеткізе алады. Бұл халықтың жартысынан көбі цифрлық технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерден алшақ қалатынын білдіреді.

Қоғамның ақпараттануы жаңа есептеу құралдары базасында ақпаратты қабылдау, жинау, өңдеу, сақтау және тасымалдаудың жаңа әдістерін ендірумен ерекшеленеді. Цифрлық технологияны қолдану сандық формада ұсынылған ақпарат түрлерімен жұмыс істеуді жедел әрі жеңіл ететіні белгілі. Сондықтан оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуды бастауыш сыныптардан бастап оқыту еліміздің білім беру жүйесіне алғашқы тәжірибе ретінде енгізілді.

Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың белсенді формалары мен әдістері қолданылады. Сабақты жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстырып өткіземіз. Бұл пәнді оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, роботтехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.

«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2, 3, 4-сыныптарда ғана емес, 1-сыныпқа 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап оқытыла бастады. Кейбір ата-аналар «Әліппені» әлі меңгеріп үлгермеген бала бұл пәнді қалай алып кетеді деп ойлауы мүмкін. Бұл орынды. Алайда мектеп табалдырығын енді аттаған балақайларға бұл пән үшінші тоқсаннан бастап оқытылады. Өйткені бұл уақытта бала мектептің тәртібіне үйреніп, «Әліппені» оқып бітіреді.

Бірінші сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін программалау ортасында қалыптастыруға, роботтехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған. Сонымен қатар оқушыларды  компьютермен жұмыс істеу барысында  техникалық қауіпсіздік ережесін,  ақпараттық іс-әрекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Сондықтан оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
73
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі