Цилиндр және конус беттерінің ауданы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Цилиндр және конус беттерінің ауданы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Математика. Цилиндр және конус беттерінің ауданы

Әдебиеті

В.Гусев, Ж. Қайдасов, Ә.Қағазбаева, Геометрия, 11 сынып

Құзыреттілігі

Студенттердің цилиндр, конус туралы білімін жетілдіру.

Тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту.

Есте сақтау , салыстыру, қорытындылау қабілеттерін дамыту.

Студенттердің оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Өзгенің пікірімен санасу,өз пікірін қорғай, дәлелдей алу қабілетін арттыру

Оқыту түрлері

СОӨЖ (бекіту сабақ). Топтық , жеке жұмыс

Әдістері

ізденіс, сұрақ- жауап, өзінің және өзара білімін тексеру

Көрнекіліктері

интерактивті тақта, цилиндр, конус макеттері, сөзжұмбақ, жеке карточкалар

Сабақ жоспары

А)Ұйымдастыру ә) Сабақтың құзыреттілігі

А) Өткенді қайталау Ә) Үй жұмысын тексеру

Ә) Есептер шығару А) Тест Ә)Үйге тапсырма: Денелердің көлемдері Бағалау

Сабақ барысы

Оқытушының іс әрекеті

Студенттердің іс әрекеті

1кезең Ұйымдастыру

Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер.

( Студенттерді 4 топға бөледі. Әр топтың ұпайларын есептеп отыру үшін 1 студентті белгілеу). Студенттерге сәттілік тілейді

Студенттер 4 топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды. Топ ережесін құрып, оны қатаң сақтайды

Бағалау критерийлері

 

Бағалау парақтарымен таныстыру Шарттары:Теориялық білімді,ереже қолдану

(ажырата білуі, оқылуы, жазылуы, салыстыруы, амалдар қолдана білуі) Есеп шартын талдай алуы, формуланы дұрыс пайдалану. Есептің толық шешу кезеңдерін сақтау.

Бағалау парығы

Өткенді қайталау

10 балл

Үй жұмысы

10 балл



Есептер шешу

4 балл

Тест жұмысы

16 балл



2 кезең

Өткенді қайталау

 

Цилиндр

2

3

5

Конус

2

3

5

Аудан

дар формуласы

2

3

5

Есептеу

2

3

5



2-Цилиндр деген қандай фигура?

3- Цилиндрдің жазбасы қандай фигуралардан тұрады?

5- Цилиндрді жазықтықпен қиса, қандай фигуралар шығады? Қималар түрлері

2- Конустың жасаушысы деген қандай кесінді?

3-Конустың бүйір бетінің жазбасы қандай фигура?

5-Конусты жазықтықпен қиса, қандай фигуралар шығады? Қималар түрлері

Аудандар формуласы

2- Дөңгелек ауданы неге тең?

3- Конустың бүйір беті ауданының формуласы

4. Цилиндрдің толық бетінің ауданын формуласы

Есептеу

2- Радиусы 2 см дөңгелектің ауданын есептеңдер.

3-Тік цилиндрдің табанының диаметрі 4 см, биіктігі 3 см болса осьтік қимасының диагоналын табыңыз.

2- 5-Радиусы 3 см, жасаушысы 6 см болатын конустың бүйір бетінінің ауданын табыңыз


Студентер тез және дұрыс жауап беруге дайындалады,

Цилиндр

2.Тіктөртбұрышты оның бір қабырғаса арқылы айналдырғанда шығатын фигура.

3. Тік төртбұрыш, екі дөңгелек

5. Тіктөртбұрыш, параллелограмм.

Түрлері:

Табанына параллель қима

( дөңгелек)

Осьтік қима (тік төртбұрыш)

Оське // қима

( төртбұрыш)

Конус

2- Конус төбесімен табанының нүктелерін қосатын кесінді.

3-сектор

5-Үшбрыштар

Түрлері:

Табанына параллель қима

( дөңгелек)

Осьтік қима ( тең бүйірлі үшбұрыш)

Оське // қима

( үшбұрыш)

Аудандар

S=πR2

Sб. б.= πRℓ,

Sт.б = 2πR•Н+2πR2

Есептеу

2-4П см2

3-5 см

5-18П см2

Үй жұмысын тексеру

Әр топқа 3 минуттан беріледі

Бағасы 10 балл

1.Цилиндр және конус түріндегі 
ұлтттық баскиімдер

2.Конус әлеміне саяхат

3.Цилиндр және конус тәріздес ғимараттар

Есептер шығару

1 Берілгені: цилиндр. Осьтік қиманың диагоналы 16 см, ол табан жазықтығымен 300бұрыш жасайды. Цилиндрдің биіктігін табыңдар.(8 см)

Берілгені: цилиндр, АВ1=16 см.<B1AB=300 Табу керек: А А1

Шешуі. Тік бұрышты үшбұрыштың 30қарсы жатқан катеті диагоналдың жартысына тең. Олай болса, Н=8 см. Жауабы 8 см

2 Конустың биіктігі 15см, табанының радиусы 8см. Конус жасаушысын табу.(17см

Берілгені: Конус Н=15 cм табу керек:l

Шешуі: R=8 см Пифагор теоремасы бойынша:

l=√ H ²+R²=√15²+8²=√289=17 Жауабы: l=17см

3 Тігіншіге сәукеле тігу қажет болды. Оның биіктігі 28 см, табанындағы шеңбердің диаметрі 22 см, сәукелеге қанша мата кетеді?( 1036 см2)

Берілгені: Конус

Н= 28см, d=22 см

Табу керек: S б.б -? Шешуі: Пифагор теоремасы бойынша:

1. l =√ H ²+R²=√28²+11²=√728+121=√905≈30

2.S б.б=ПRℓ = 30•11•3.14 = 1036см² Жауабы: 1036 см ²

 4 Тік цилиндрдің табанының радиусы 4 см-ге тең жасаушысынан 2 есе кем болса бүйір бетінің ауданы қанша? (64 п) Берілгені: цилиндр, ОВ=4 см.OB<BB1, 2 есе Табу керек: Sб.б Шешуі. 1.Есептің шарты бойынша Н = 8 см. 2.Sб.б = 2πR•Н, Sб.б = 2 π 4•8=64 π Жауабы: 64 π см ²

Тест жұмысы

(әр есеп 4 балл)

1.Цилиндрдің табаны радиусы 2 , биіктігі 5 болса бүйір беті ауданы тап

1) 40 п 2). 10 п 3). 20 п 4). 4 п

2.Конустың жасаушысы 10. Табан радиусы 3 . Биіктігін табыңдар.

1)91 2). 11 п 3) 109 4) 9

3. Конустың табанының радиусы 8 Биіктігі 6 . Толық бетінің ауданын табыңдар.

1)144. 2) 144 п. 3) 80п 4) 64

4. Егер цилиндрдің осьтік қимасы қабырғалары 12 және 8 болатын тік төртбұрыш болса бүйір беті ауданы табыңдар. 1) 36 п 2) 64 п 3) 48 п 4) 96 п

Білімдерін тексеру. Бір-бірінің дәптерін сағат тілі бойынша жолдастарымен алмастырып, жауабын тақта арқылы тексереді.

 

Дұрыс жауап: 3124

Үй тапсырма:

Денелердің көлемдері

Дәптерлеріне жазып алады

8. Бағалау

 

 

Студенттер өздерінің бағаларын есептеп айтады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2020
1540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі