400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

CLIL әдісі: Ағылшын тілі мен пәнді қатар меңгеру құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
CLIL әдісі – қазіргі заманғы мұғалім үшін үлкен мүмкіндік. Бұл әдіс арқылы мұғалім тілді өмірмен байланыстыра алады, ал оқушы тілді шынайы қажеттілік ретінде қабылдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

CLIL әдісі: Ағылшын тілі мен пәнді қатар меңгеру құралы

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі, Алматы қаласы

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сисенова Балнур Болатовна


Білім берудің мазмұны күн сайын жаңарып, оқытуға деген талап та өзгеріп келеді. Әсіресе, шет тілін оқытуда оқушының тілдік қабілетімен қатар пәндік, логикалық және мәдени білімін де қатар дамыту қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатқа жетудің тиімді жолдарының бірі — CLIL әдісі.

CLIL дегеніміз не?

CLIL (Content and Language Integrated Learning) – пәндік мазмұн мен тілді кіріктіре отырып оқыту әдісі. Яғни, оқушы ағылшын тілінде бір уақытта әрі пәнді, әрі тілді меңгереді. Бұл тәсіл Еуропада кеңінен қолданылып келеді және қазір қазақстандық мектептерге де енгізіліп жатыр.

Мысалы, оқушы ағылшын тілінде «су айналымы» тақырыбын өтсе, ол бір мезетте география пәнінен де білім алып, тілді де белсенді түрде қолданады. Мұндай сабақтар баланың ойлау қабілетін дамытып, тілдік кедергілерден өтуіне ықпал етеді.

CLIL әдісінің ерекшелігі неде?

CLIL әдісі 4 бағыт бойынша жұмыс істейді:

• Content (мазмұн): оқушы нақты пән бойынша білім алады;

• Communication (қарым-қатынас): тілді нақты жағдайларда қолданады;

• Cognition (ойлау): талдау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамытады;

• Culture (мәдениет): басқа елдің мәдениетімен танысу арқылы толерантты көзқарас қалыптастырады.

Осы бағыттар арқылы CLIL әдісі оқушыны тек тіл иесі сияқты сөйлеуге емес, сол тілде ойлануға үйретеді. Бұл – білім берудің жоғары деңгейі.

Тәжірибеден мысал

Өз сабақтарымда CLIL әдісін қолдана отырып, 7-сыныпта «The Water Cycle» тақырыбын өттім. Сабақта су айналымының кезеңдері ағылшын тілінде таныстырылды, оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, өз ойларын постерге салып, ағылшын тілінде баяндап берді. Тіл үйрену мақсат емес, құрал ретінде қолданылды. Нәтижесінде, оқушылар ғылыми терминдерді меңгеріп қана қоймай, сыни ойлау және сөйлеу дағдыларын қатар дамытты.

CLIL әдісі – қазіргі заманғы мұғалім үшін үлкен мүмкіндік. Бұл әдіс арқылы мұғалім тілді өмірмен байланыстыра алады, ал оқушы тілді шынайы қажеттілік ретінде қабылдайды. Сонымен қатар, CLIL – пәнаралық байланыстарды дамытуға, оқушылардың қызығушылығын арттыруға және білімнің қолданбалы сипатын күшейтуге бағытталған заманауи тәсіл.

Бүгінгі талап – білімді тек беру емес, оны тиімді жолмен меңгерту. CLIL – осы талапқа жауап беретін әдістемелік құрал.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қыркүйек
53
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі