Даму ауытқуы бар балалардың зейін ерекшеліктері

Тақырып бойынша 19 материал табылды

Даму ауытқуы бар балалардың зейін ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақша реферат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Психология және педагогика факультеті

Дефектология кафедрасы











Реферат

Тақырыбы:

«Даму ауытқуы бар балалардың зейін ерекшеліктері»









Пәні: Арнайы психология

Дайындаған: Қуекесова Г. Т.

Дефектология мамандығы, 2 курс студенті

Тексерген: Сатыбалдина Р.А

Психология және педагогика

факультетінің оқытушысы











2019 жыл, Қостанай

Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Ақыл-ойы кем балалардың зейін ерекшеліктері.

  2. ПДТ балалардың зейін ерекшеліктері.

  3. Есту қабілеті зақымданған балалардың зейін ерекшеліктері.

  4. Көру қабілеті зақымданған балалардың зейін ерекшеліктері.

  5. Сөйлеуі бұзылған балалардың зейін ерекшеліктері.

  6. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың зейін ерекшеліктері.

  7. Аутизмі бар балалардың зейін ерекшеліктері.

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.





































Кіріспе

Психикалық іс-әрекеттің мақсаты бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен, өзінің ой-санасын, істеп жатқан әрекеті мен сан әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата-аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегіне шұғылданды дейміз.

Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де, ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді. Зейін – кез келген психикалық процестің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі.

Зейін – бұл кісінің сезімдік – ақыл-ес және қимылдық белсенділігін көтеруге қажет, өмірлік және идеалды нысанға, сананың бағытталуы және шоғырлануы.





























  1. Ақыл-ойы кем балалардың зейін ерекшеліктері.

Зейін арқылы әсер етуші факторлардың нәтижесінде сезімталдық өзгеріске түседі. Баланың зейінінің тұрақсыздығы, оның білім алуына кедергі келтіреді. Барлық жастағы олигофрен баланың зейінінің тұрақсыздығы белгілі бір түрде олардың ерік – жігер сферасының әлсіздігіне негізделеді. Олар ұзақ уақыт орындалып жатқан объектіге зейіндерін шоғырландыра алмайды.

Ақыл – ойы кем балалардың зейіні ырықсыз болып келеді.Баланың зейінінің құрамы оның кемістік құрылымына байланысты әсіресе, зейін көлемінің аздығы және оның қысқа мерзімділігі қозғыш оқушыларға тән. Бұл балалар импульсивті және тұрақсыз болып келеді.

Ақыл – ойы кем кіші сынып оқушылары белгілі бір тапсырманы орындау кезінде зейін салмайды, соның салдарынан оқуына кедергі жасайды, көптеген қателіктер жіберуіне алып келеді. Олигофрен баланың зейінінің тұрақсыздығы олардың ерік жүйесінің әлсіздігіне байланысты. Олар белгілі бір әрекетке зейіндерін тұрақтата алмайды, алаңдаушылықсыз жұмысты орындай алмайды.

Дамуында ауытқуы бар балалардың зейіндерін зерттеуде көптеген ғалымдар үлес қосқан.

Л.С. Выготский көптеген зерттеушілерге қосылып, ақыл – ойы кем балалардың ырықты зейінін қарастырған. Ол зейіннің 2 түрі бар деген зерттеушілерге қосыла отырып, ырықты зейіннің әлсіздігінің себептерін анықтауға тырысқан. Л. С. Выготский ырықты зейіннің жетілмеуін сөйлеу тілі бұзылуымен байланыстырған, ал соңында өзін - өзі басқару, яғни өз тәртібін зерттеумен болған.

Психикалық белсенділіктің ауытқуының ең негізгі себебі бас миының фазалық жағдайдың қысқа уақыттық үзілісі. Оны психологтар басқаша «Психикалық процестің шаршағыштығы» деп атайды. Бұл шаршағыштық ақыл – ойдың бірақ белсенділігінен кейін пайда болуы мүмкін.

Мұндай психикалық белсенділік тонусының төмен түсуі әр бір жалпы мектептегі жүйке жүйесі әлсіз балаларда кездеседі. Дегенмен көмекші мектеп оқушыларының психикалық белсенділік тонусының төмендеуі жиі жүреді .

Мұндай балаларды Е.Д. Хомская және Э.С. Мандрусова зерттеген. Э.С. Мандрусованың мәліметтері бойынша мұндай церебрастеникалық жағдай зияты дамымаған балаларда жүреді. Бұл жағдайлар мектепте оқылатын пәндерді меңгеруде қиындық туғызады.Оның зерттеулерінде ақыл – ойы кем балаларға жатқызуға болмайтын цереброастеникалық себептерге байланысты, олар жалпы мектепте білім ала алмайды.

Зейіннің күрделі және жартылай бұзылуы немесе тербелуі оларға жалпы мектептің бағдарламасымен қатар көмекші мектептің бағдарламасын меңгеруге кедергі келтіреді. Олардың психикаларын, ұзақ уақыт жарақаттаушы мектепке үлгермеушілік бұл балаларда невротикалық және психопатқа тән синдромдарды туғызады.

М.С Певзнердің клиникалық және патофизиологиялық зерттеулер бойынша, зияты дамымаған балалардың жоғарғы жүйке әрекеттерінің бұзылысы жүйке процесстерінің бұзылысы мен олардың белсенділігіне негізделеді. Сонымен қатар М.С. Певзнердің айтуы бойынша ақыл – ойы кем балаларда жүйке процесстерінің байланысы бұзылуы байқалады. Басқаша айтқанда тежелу қозудан басымырақ немесе керісінше қозу тежелуден басымырақ. Көптеген авторлар ақыл – ойы кем балаларда қысқа уақыттық фазалық жағдайлар байқалатынын және оқу іс - әрекеті кезінде зейіннің тұрақсыздығына әкелетінін анықтаған.

А.Р. Лурия және Е.Д. Хомская зейіннің нейрофизиологиялық негіздерін қарастырылады. Е.Д. Хомскаяның зерттеуінде селективті зейінге аса мән берілген. Бұл зейін қажетті ақпаратты және ұстауы қарастырады.

Хомская зейіннің тұрақсыздығын қарастыру барысында оның себептірін анықтай отырып, шартты ақыл – ой әрекетін кеңінен зерттеген. Адамның зейін ерекшеліктерін қарастыру барысында бас ми қабының жеке бөлектерінің өте үлкен рөл атқаратынын атап өткен.

И.Л. Баскакованың зерттеуінде көмекші мектеп оқушының зейінін анықтау үшін біртіндеп күрделенетін эксперименталдық тапсырмалар жүйесін қолданған. Ол біртекті жұмыстарды орындау барысындағы зейін тұрақтылығын зерттеген. Бұл тапсырмаларды ол біртіндеп күрделендірген.

Ақыл – ойы кем балалардың зейінінің ерекшеліктерін зерттеу барысында қалыпты дамудағы балалардың зейіндерін салыстырмалы түрде зерттеген. Көптеген зерттеулер нәтижесінде көмекші мектеп оқушыларының әсіресе бас миының органикалық зақымдалуы бар балалардың зейіндерінің бұзылуы аса айқын болады. Олардың оқу процесіндегі оқу мен жазуды меңгермеушілік бас миының нейродинамикалық бұзылуымен түсіндірілмейді. Зейінді арнайы дағдыландыру арқылы өзіндік бақылауға үйрету қажет.

  1. ПДТ балалардың зейін ерекшеліктері.

ПДТ балалардың зейін қабілетін зерттеу саласында, Л.И. Переслени, З. Тржеслоглава, В.А. Пермякова, С.А. Домишкевич сияқты ғалымдар айналысып, «зейіннің келесі ерекшеліктерін ашып көрсетті:

  1. Зейіннің тұрақсыздығы (толқымалылығы), баланың жұмыс нәтижесін төмендетеді. Бала 5-15 минуттан артық, нәтижелі жұмыс істей алмайды. 3-7 минут дем алып, келесі тапсырманы орындауға «күш жинайды», осы уақытта оның зейіні мүлдем басқа нәрсеге ауысып кетеді. «Демалыс» минуттарында, ол орындап отырған ісіне мүлдем алыстап, бөгде заттармен айналысып кетеді. Аздаған демалыстан кейін, бала қайтадан нәтижелі жұмысқа кірісе алады.

  2. Зейін шоғырлануының төмендеуі, баланың объектіге назарын толық аудара алмауынан көрінеді. Жұмыс нәтижесі төмендейді, қарқыны бәсеңдейді. Бұл әсіресе, соматогендік және церебральды-органикалық ПДТ түрлерінде кездеседі.

  3. Зейін көлемінің аздығы, баланың ақпаратты тұтас қабылдай алмауымен түсіндіріледі. Сондықтан ойындағы, оқудағы, тұрмыстағы мәселелерді тұтас және тиімді шешуде қиналады.

  4. Ал, зейін таралуының төмендігі, бір уақытта бірнеше тапсырманы орындай алмауынан байқалады. Әсіресе, егер ол әрекеттер саналы бақылауды қажет ететін болса.

  5. Жоғары алаңдаушылық, қобалжу, көңілдің жиі бөлінуі ПДТ балаларға тән белгі. Сыртқы ортадағы әсерлер (шу, біреулердің дауысы), бұл балалардың өнімді жұмыс істеуіне бөгет жасайды. Олар кез келген дыбыстық, көріністік тітіркендіргіштерге сезімтал, жұмыстарында көп қателер жіберіп, абыржи бастайды.

  6. З. Тржесоглава зейін тапшылығынан, баланың салғырттығы, тапсырмалар мен нұсқауларды есте сақтай алмайтындығы туралы айтады. Баланың қате жіберуі, көп жағдайда материалды меңгермегеннен емес, мұқиятсыздықтан болады».

Қазіргі кезде, балалардың зейіндерінің бұзылуы, аса жоғары қимыл-қозғалыс және сөйлеу белсенділігімен асқынған жағдайлар көп кездеседі, осыған қатысты «гипербелсенділікпен асқынған зейін тапшылығы синдромы» деген термин пайда болды. Бұл синдромды туғызушы факторлар, ең алдымен биологиялық сипатта, яғни мінез-құлық пен тәртіпке, өзін-өзі бақылауға жауап беретін, мидың маңдай бөліктерінің нашар дамуы. Әрине, басқа факторлардың ықпалы жоқ емес, айталық, генетикалық фактор. Мұндай балалардың ата-аналары, бала кездерінде осындай мазасыз, зейінсіз болған.

  1. Есту қабілеті зақымданған балалардың зейін ерекшеліктері.

Мектеп жасына дейінгі саңырау балаларда, олардың қалыпты құрбылары сияқты, зейіннің негізгі түрі – ырықсыз зейін жақсы дамиды. Бұл балалардың зейінін әртүрлі құбылыстар мен қызықты заттар арқылы аударуға болады. Зейіннің тұрақтылығы баланың жасына сай өзгереді. Саңырау бала жыл басында 3 минуттан артық бір іспен айналыса алмаса, жыл соңында жұмысқа қабілеттілік уақыты 10-12 минутқа көбейеді. Тапсырманың түрі өзгерсе, тұрақты зейін уақыты 30-40 минутқа дейін ұлғаяды.

Мектеп жасындағы балаларда ырықты зейін түрі біртіндеп қалыптаса бастайды. Ол саналы бақылауға көнетін бола бастайды, тұрақтылық, ауысу және таралу сапалары қалыптасады. Саңырау баланың зейінінің ауысуы қиындықпен жүзеге асады. Бұл іс-әрекет өнімділігінің төмендеуіне, қателердің көбеюіне алып келеді. Ал зейін тұрақтылығы мен ауыспалылығы қабылданатын материалдың көрнекілігіне байланысты болады. Материал қаншалықты айқын, көрнекі болса, бала ақпаратты соншалықты жақсы қабылдайды. Бұл балаларды оқытуда, көрнекі құралдар кеңінен қолданылуы қажет.

Есту қабілеті бұзылған балалар үшін көру тітіркендіргіштері қалыпты балалардағыдай емес, маңызды болып есептеледі, демек, түсетін ақпаратты қорытуда, көру анализаторына негізгі күш түседі. Мысалы, сөйлеуді қабылдау, сөйлеуші адамның бетіне мұқият қарап, оның ерін қимылын ұғынумен жүзеге асады. Бет мимикасының секунд сайын өзгеруі зейіннің шоғырлануын қажет етеді, бұл өз кезегінде тыңдаушыны шаршатады, оның зейіні ыдырайды. Ал, зейіннің жоғарғы түрлері, олардың тіл дамуының кемістіктеріне байланысты кеш дамиды. Алғашқы кезде ырықты зейін ересек адамның ықпалымен қалыптасады. Ересек адамның сілтеу белгісі мен сөйлеумен берілетін нұсқауы, қоршаған ортадағы заттардың ішінен қажеттісіне баланың назарын аударады. Бала біртіндеп, өзіндік нұсқаулар негізінде, өз әрекетін басқара бастайды.

  1. Көру қабілеті зақымданған балалардың зейін ерекшеліктері.

Зейіннің белсенділігі, бағыттылығы, көлемі, таралуы, ауысуы, интенсивтілігі, шоғырлануы, тұрақтылығы тәрізді зейін түрлері мен сапаларына, көру кемістігі өз ықпалын тигізбей қоймайды. Әйтсе де, зейіннің аталған түрлері, дамуға қабілетті, кейде қалыпты балалардағыдан жоғары деңгейде дамуы мүмкін. Сыртқы әсерлердің шектелуі, зейін сапаларының дамуына кері әсерін тигізеді. Сипап сезу арқылы немесе зақымданған көру анализаторы арқылы жүзеге асатын қабылдау үдерісінің баяулығы зейіннің ауысу қарқынына ықпал етеді, қабылданған бейнелердің үзік, жартылай күйде қалуына себеп болады.

Қазіргі заманғы техникалық прогресс жағдайына бейімделу үшін соқырлар мен нашар көретіндер, адамдардан өз бетімен әрекет ете білу, белсенділік таныту сияқты ынта мен күш керек етіледі. Бұл өз кезегінде, ерікті іс-әрекетті ұйымдастыру, іс-әрекеттің интенсивтілігі мен тұрақтылығы, іс-әрекет талабына сай, зейіннің көлемділігі, таралуымен байланысты.

Осылайша, зейін қабілетін дамыту жеке тұлғаның ерікті, интеллектуалды, эмоционалды қасиеттерімен байланысты, ол белсенді іс-әрекет барысында жүзеге асады және қалыпты балалардағыдай заңдылықтар байқалады.

Көрмейтін балаларда қалыпты балалардағыдай, түрлі аурулардың және шаршаудың салдарынан зейіндері тұрақсызданады. Ауру кезеңінде, екінші соматогендік қорғаныс механизмі іске қосылады. Дем алыстың әсерінен, науқастардың ауруы немесе шаршау белгілері біртіндеп жоғалады. Яғни, ағзаның интрафизиологиялық механизмдеріндегі, функционалдық жүйелеріндегі бұзылу қалпына келеді. Зейіннің әлсәреуі, әсіресе, астениялық күйлерде байқалады. Астения күйі, сондай-ақ, улану, жұқпалы ауру, жарақат т.б. соң пайда болуы мүмкін. Зейін қабілетін зерттеуде, оның әртүрлі әрекеттер кезіндегі ерекшеліктері мен жалпы ағза жағдайы есепке алынуы керек.

Балалардың зейіні оқу және ойын үдерістерінде дамиды. Баланы бақылауға, байқауға, тыңдауға, әртүрлі заттардың сапаларын сипап сезуге үйрету қажет. Мектепке дейінгі жастағы балаларда ырықты зейін түрін қалыптастыру керек. Бала ойын немесе оқу әрекетінде, шығармашылық қызығушылыққа жеткенде оның ырықсыз зейіні қалыптаса бастайды. Мұны толық жүзеге асыру үшін мақсатты ойындар қолданылады, ал мектеп жасындағы балалар үшін, шығармашылық тапсырмалар мен оқу мәселелері қолданылады. Оқу және ойын үдерісіндегі соқыр балалардың зейіні, өзінің құрылымы жағынан, түрі мен пішіні жағынан қалыпты балалардікімен бірдей. Зейіннің негізгі үш түрінің қызметі бұзылмайды. Нашар көретіндер мен жартылай көретіндердің алатын мағлұматтары сапалық жағынан әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ көру қабілеті бұзылған балалардың зейіні, басқа анализаторлардың кең мүмкіндіктерінің есебінен толықтырылады. Көру кемістігі бар балалардың зейіні, тек белсенді іс-әрекет үстінде ғана дамиды. Тек әрекет үстінде ғана ырықты, ырықсыз және ерікті, еріксіз зейін қабілеттері дами алады.

  1. Сөйлеуі бұзылған балалардың зейін ерекшеліктері.

Сөйлеуі бұзылған балалардың зейіндері бірқатар өзіндік ерекшеліктермен сипатталады: олардың зейіндері тұрақсыз, ырықты зейіндері төмен, іс-әрекеттерін жоспарлай алмайды. Мақсатты әрекеттерде, оның ішінде, шешім қабылдауда зейіндерін шоғырландыра алмайды.

Модальдық тітіркендіргіштердің түріне қарай (есту немесе көру), олардың зейіндерін шоғырландыру әртүрлі: айталық, көріп қабылдағаннан гөрі, естіп қабылдаған нұсқауды орындау анағұрлым қиынырақ. Бірінші жағдайда жіберілетін қателердің саны анағұрлым көп, себебі, түс, форма, фигуралардың орналасуы бойынша саралау жасау бұзылған.

Жалпы тіл дамуы жетілмеген балалардағы іс-әрекет қарқыны, жұмыс үдерісінің соңына қарай төмендейді. Сөйлеу мен тәжірибелік іс-әрекет арасындағы зейіннің таралуы өте қиын, тіпті мүлдем шешілмейтін мәселе болуы мүмкін.

Жалпы тіл дамуы жетілмеген балалардағы зейін кемшілігінен болатын қателер, іс-әрекет барысында сақталады, олар мұны дер кезінде байқап түзете алмайды. Қателердің сипаты мен таралу уақыты, сапалық жағынан, қалыпты балалардан өзгеше екендігі белгілі.

Іс-әрекетті бақылаудың барлық түрлерінің (алдын-ала бақылау, ағымдық бақылау, қорытынды бақылау) қалыптаспауы жиі ұшырасады немесе айтарлықтай бұзылады, оның ішінде ең көп зардап шегетіні, тапсырманың шартымен байланысты болатын алдын-ала бақылау түрі және тапсырманы орындау үдерістерімен байланысты ағымдық бақылау түрі. Алынған нәтижемен байланысты болатын, қорытынды бақылау түрі мен оның жеке элементтері, негізінен, педагогтың көмегімен жүзеге асады: нұсқау қайталанады, үлгі қайтадан көрсетіледі, нақты нұсқаулар беріледі, т.б. Ырықты зейін ерекшеліктері, бұл балаларда көңілдерінің бөлінуімен анықталады. Егер тілдік дамуы қалыпты балаларға, іс-әрекет барысында экспериментаторға көңіл бөліну үрдісі тән болса, (балалар экспериментаторға қарап, оның орындалып жатқан тапсырмаға реакциясын білгісі келеді, яғни дұрыс-бұрыстығы), ал тілдік патологиясы бар балалардың көңілдерінің бөлінуіне келесі жайлар себеп болады: жан-жағына немесе терезеге қарау, тапсырмаға қатысы жоқ әрекетпен шұғылдану т.б. Ырықты зейіннің төмен деңгейі, олардың іс-әрекет құрылымының қалыптаспауына немесе бұзылуына себеп болады.

  1. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың зейін ерекшеліктері.

БЦП-на шалдыққан балалардың зейіндері патологиялық ерекшеліктер қатарымен сипатталады. БЦП бар балалардың басым көпшілігінде жоғары психикалық таусылу, шаршау, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі көрінеді. Балалар тапсырмаға зейіндерін бірден шоғырландыра алмайды, тез арада сүлесоқтық, ашушаңдық күйіне түседі.

Зейіннің зақымдалуы тек цереброастениялық құбылыстармен ғана емес, көру анализаторының қызметіндегі ауытқулармен байланысты: көз жанарын тіктей алмау, көзбен бағу мүмкіндігінің төмендігі, көру аумағының шектелуі, нистагм т.б.

Әдетте, церебральды сал аурулы баланың зейінінің барлық сапалары, дамуында тежеледі және өзіндік қасиетке ие болады. Зейіннің таңдамалылығы, тұрақтылығы, шоғырлануы, ауысуы және таралуының қалыптасуы бұзылады. Мысалы, «Корректуралық байқау» әдістемесінің тапсырмасын орындауда, элементтерді қалдырып кету, тұтас жолдарды қалдырып кету, кескіні ұқсас белгілерді сызу сияқты қателер кездеседі. Алынған нәтиже, жұмыс істеу қабілетінің әркелкілігімен өзгешеленеді. Сондай-ақ зейіннің ауысу қиындығы, психикалық әрекеттердің инерттілігіне байланысты, жеке элементтерге «байланып қалу» тәрізді белгілер бар.

«Әсіресе, ерікті зейіннің қалыптасуы айтарлықтай қиындықпен жқзеге асады. Кейде бала қарапайым әрекеттердің өзін мақсатты түрде орындай алмайды. Белсенді ерікті зейіннің әлсіздігі байқалады. Белсенді ерікті зейіннің бұзылуында, танымдық актінің бастауыш сатысы – ақпаратты қабылдау мен қорыту кезіндегі назар аудару мен ерікті таңдау зардап шегеді.

БЦП бар мектеп жасына дейінгі балалардың (4 жас) зейін қабілеттерін Н.В. Симонова зерттеді. Ауыр қимыл-қозғалыс патологиялары (еш қозғалыссыз) бар, әрі сөйлеуі жоқ және терең интеллектуалды дамуында тежелуі бар балалардың зейін қабілеттерінде дөрекі бұзылу байқалған. Бұл балалар назарларын айналадағы адамдар мен заттарға тұрақты тіктей алмаған. Ал іс-әрекеттеріне, керісінше, зейіндерін аудара алған, күнделікті пайдаланатын заттарға назарларын аудару тек жартылай ғана мүмкін болған. БЦП-ның барлық формаларында зейіннің ауысуы, әсіресе, қатты зардап шегеді (көп жағдайларда, ұзақ уақыт пен әлденеше рет стимуляция жасау қажет)».

БЦП-ға зейіннің жоғарыда сипатталған бұзылуы, танымдық үдерістің барлық келесі сатыларында, тұтас танымдық жүйенің қызметінде көрініс береді.

  1. Аутизмі бар балалардың зейін ерекшеліктері.

Бұл балаларда жалпы тонустың, оның ішінде психикалық тонустың жеткіліксіздігі, жоғары сенсорлық және эмоционалды сезімталдықпен ұласады, белсенді зейін деңгейін қатты төмендетеді. Ерте сәбилік кезден бастап-ақ, бұл балаларда қоршаған ортаға жағымсыз, кері реакция байқалады немесе ешқандай реакция болмайды. ЕЖБА-нен зардап шегетін балалар, зейінінің мақсаттылық және ырықтылық қасиеттерінде, дөрекі бұзылу болуына қарай, олардың психикалық қызметтері дұрыс қалыптаспайды. Бірақ, кейде олардың назарын, қоршаған ортадағы заттардан шығатын дыбыстық немесе көріністік әсерлердің көмегімен аударып, мұны зейінді шоғырландыру мақсатында пайдалануға болады. Бұл өте қызықты дыбыс немесе жарқыраған айқын заттар болуы мүмкін.

Бірақ мұндай әдіс, өте аз уақытқа ғана жетеді. Себебі, бұл балаларда өте күшті психологиялық жалығу болады, зейін тұрақтылығы бірнеше секундқа немесе минутқа созылады, бұл ЕЖБА синдромының негізгі белгісі болып табылады. Балалардың кейде жалығатыны соншалық, өзінің зейінін аударған затты құртып-жойып жіберуге бар күшін салады.



















































Қорытынды

Қорытындылай келе, зейін – бұл психикалық іс - әрекеттердің белгілі бір объектіге шоғырлануы және бағытталуы. Ол сенсорлы, интелектуалды және қозғалыс белсенділігінің деңгейін жоғарлатады. Зейін аса маңызды психикалық процесс. Зейін базалық психикалық процесс болып табылады, басқа психикалық функцияларды және әрекет түрлерін «қоректендіреді».

Зейін қабылданған ақпаратты ұйымдастырылған және мақсатқа бағытталған түрде реттейді, психикалық белсенділікті белгілі бір объектіде немесе әрекетте ұзақ уақыт шоғырландырады, сонымен қатар танымдық іс - әрекеттерді бағыттайды.

Зейін қабылдаудың нақтылығын және бөлшектілігін анықтайды, есте сақтаудың беріктігін, сонымен қатар ойлау мен қиялдың бағыттылығы мен өнімділігін анықтайды. Осылайша зейін арқылы барлық танымдық жүйенің сапасы мен қызметінің нәтижесі жүзеге асырылады.





































Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Тебенова Қ.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 264 б.

  2. Жарықбаев К. Жалпы психология. – Алматы, 2004. – 512 бет.

  3. Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқулары бар балалар. – Қарағанды, 2003.

  4. http://bilim-all.kz/ article/5483-Zeiindi-damytu-men-tarbieleudegi-pedagogtin-roli

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2024
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі