МАҚСАТЫ: Ата-бабамыздың бізге қалдырған асыл
қазыналары мен ұлттық құндылықтарын еске түсіру арқылы, қазақ халқы
– әлемде «Дара-қазақ», «Дана –қазақ»
екендігіне көз
жеткізу.
3) Оқушылар алып шыққан
құндылықтарды 5 тапсырмадан әр топқа қойылады. Оқушылар
орналасып алғаннан кейін тапсырмаларды орындайды.
«Мен қазақпын »
әні қосылып тұрады.
Әр топтан жапсырмалар
жапсырып,орналастырып алғанннан кейін ,арнайы жайылған 3 топтың
дастархандарындағы ұлттық тағамның 1 алып жасалу жолын түсіндіріп
өтеді. Әр топтан 1-2 адам.
4) «7 киелі сан» жайлы кюар арқылы тапсырма орындайды. 3
топқа А 4 форматы беріледі. (Топтағылардың барлығы) . Топтан
1 адам шығып айтады.
5) Шілдехана бесік той әні қосып
тұрады. 
Арнайы ас табаққа салынған тапсырмалар
ұсынылады. Олар: 5 асық, ұршық иіру, ләңгі ойнау, арқан тарту. Әр
топтан өз қалауларымен адамдар шығып, тапсырмаларды орындайды.
(Қалаулары бойынша) «Шілдехана бесік той»
әні қосылып
тұрады.
6) Сіз білесіз бе?
айдары негізінде
«Асық ойыны»
сайысы арқылы
сұрақтар қойылады.
1. Қолкесер деген не? / Соғым
союшыларға берілетін сыбаға.
2. Үш жақын ? / Жан тәтті, мал тәтті,
жар тәтті.
3 .Үш қуаныш? /Алғыс алу, өзіңді көптің
іздеуі, жақсы ісіңнің өшпеуі.
4. Қазақтар 3 затты тастамаған, олар
нелер? /Қазан, шаңырақ, бесік.
5. Қызы жоқ отбасы қыз баласын асырап
алу кезінде жұрт алдында ант ретінде қандай жілік ұсынады? /Тоқпан
жілік.
6. Қонаққа сойылған қойдың еті адал
болу үшін не істелуі керек? /Ақыл –есі дұрыс, балиғат жасына
толған, мұсылман болуы шарт.
7. 4 түліктің пірлерін білесіз бе?/
Түйе-Ойсыл, Жылқы-Қамбар, Сиыр-Зеңгі, Қой-Шопан,
Ешкі-Шекшек.
8. Үлпершек деген не? /Төркінге
барғанда қыз баласына берілетін ас. Жылқы жүрегінің сыртындағы
майы.
9. 4 қорлық?/ Шақырылмаған жерге бару,
бейбастық сөйлеу, дұшпаннан жәрде күту, сараңнан қажет
сұрау
10. 3 қуат деген не?
/Бала кезде-аяқ
Жігіт кезде-бел
Қарт кезде-ауыз.
Айтар кезде құлақ таппадым.. деген сөз
содан қалған екен.
(Ата- аналар мен келген қонақтарға
тапсырма )
7. «Көкпар» ойыны арқылы мақал
–мәтел сайысы өтеді. Арнайы сәйгүліктердің жапсырмаларында берілген
мақалдардың екінші бөлігін табу арқылы тапсырма
орындалады. (Оқушылар)
1
Әкеге қарап ұл өсер (Шешеге қарап қыз өсер)
2
Нан бар жерде (ән бар)
3
Жеті атасын білмеген (жетесіз)
4
Кітап білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
5
Келген дәулет (кеткен бейнет)
6
Еңбектің наны тәтті (Жалқаудың жаны тәтті)
7
Ана тілің (60 тілге татиды)
8
Ат жақсысын мақта (Адамжақсысын жақта)
9
Басты байлық (денсаулық)
10 Ер дәулеті (еңбек)
8 «Жебе ату» сайысы жұмбақы шешу
арқылы мақал-мәтел айтады
(Ата-ана келген қонақ қатысады)
1
Жыланды қалай інінен шығарамыз? Жылы-сөйлесе, жылан інінен
шығады.
2
Аппақ қарға бола ма? Қарға баласын аппағым дейді
3
Қар жана ма? Қалауын тапса, қар жанады.
4
Инемен құдық қазуға бола ма? Білім-инемен құдық
қазғандай
5
Білгенің қанша, білмегенің қанша? Білгенім бір 9, білмегенім
99.
6
Оттан да не ыстық? Отан оттан да ыстық.
7
Көрдім, көрмедім деген неше сөз? Көрді деген көп, көрмедім деген 1
сөз.
8
Етікті қонышынан басуға бола ма? Қолыңнан келсе , қонышынан
бас
9
Түкірсе көл құрала ма? Көп түкірсе – көл.
10 Ер қаруы неше? Ер қаруы 5
қару.
|