Материалдар / Даналар айтқан-даналық сөздер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Даналар айтқан-даналық сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр турлі даналық сөздер жазылған. Ұлағатты сөздер жинағы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2018
2199
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Даналық сөздер

Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққаннан кейін оннан да көбірек оқу керек»Д.И.Писарев Білімнен жақсырақ қазына болмас,Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас.А.Рудакий Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.Өзің білмесең, білгендерден үйрен,Үйренгеннен ештеңең кетпейді.Төле би Ақылмен ойлап білген сөз,Бойына жұқпас, сырғанар.Ынталы жүрек сезген сөз,Бар тамырды қуалар.Абай Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.Құр жасы елулерге келсе-дағы,Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiлЕштеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.Т.Фуллер.Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды.А.П.Чехов«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»Альберт Эйнштейн "Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".Шоқан Уәлиханов Адамды тәрбиелеудемек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.А.С. МакаренкоБіліммен қаруланған адамжеңімпаз адам.М. Горький Нені болса да аңдап көру және естуі,кейіннен ұзақ ойланып, көп нәрсені түсінуі парасатты ақылойдың ерекшелігі болып табылады.Джордано Бруно. Қайткенде де ақылыңа көбірек азық бере жүруге тырыс.Л.Н.Толстой. Ғылымның ісіадамға қызмет ету.Л.Н.Толстой Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең.И.Гете Көру мен түсіну қуанышытабиғаттың ең тамаша сыйы.А.ЭйнштейнБілімдеріңізді толықтырмаған әр күнсіз ушін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.Станиславский. Ғылыммен неғұрлым көп танысқан сайын,оны солғұрлым жақсы көресің.Чернышевский.Ақылдылар-табады, ақылсыздар жоғалтады.ПлатонӘліппенің ар жағы-білім бағы.Халық даналығыӨнер- қанат,білім-санатХалық даналығыЖалғыз шала жанбайды,шала оқыған оңбайды.Білімнің басы-бейнет,соңы-зейнетОқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.Еңбек-ердің санаты.Білім-ердің қанаты.Жетесінде жоқ-жете сыламайды.Жастықта жиған білімің-қарттыққа жұмсар мүлігің.Бала тәрбиесі басынан,еңбекке баулу жасынан.Халық даналығыАқыл керек білім таңдап оларға,Білім керек жақсы іске қарауға.Ж.БаласағұнБаланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа,ақырында нағыз пайдалы ғылымға,еңбекке баулы.Ақыл,қайрат,журекті бірдей ұста.Сонда толық боласың елден бөлек.А.Құнанбаев.Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті.А.Жұбанов.Адамның басшысы-ақыл,жетекшісі-талап,шолушысы-ой,жолдасы-нәсіп,қорғаны-сабыр,қорғаушысы-мінез,сынаушысы-халық.Саққұлақ шешен.Ақылды қанша қараңғы болса даалысты көреді.Ақылды адамға екі дуниеде де жол ашық.Ж.БаласағұниАқылдының айналасы-Гүлстан.Ақылды кісі азбайды.Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді.Ақылдының сөзі қысқа.Ақылдының сөзі-ақ дарияның өзі.Ақылмен алтын табылар,алтынмен ақыл табылмас.Ақыл  мен білімнің тілмашы тіл.Халық даналығыБілікті адамның сөзі-таза гүл.Өзіңді біліктінің қасында ұста. Халық даналығыТегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер.А.ҚұнанбаевОқыған білмейді,тоқыған біледі.Халық даналығыКейбір адамдар ішсем,жесем деп дүниеге келеді,ал кейбіреулері білсем,көрсем деп келеді.А.ҚұнанбаевКөп көрген үйренеді,Көп білген сый көредіХалық даналығыҚандай ақылды болсаң да,Өзгелерден жөн сұра.Халық даналығыЖақсының аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді.Халық даналығыАқылды-ұлы,біл,білімді-білікті,Қонса екеуі,ұлы етер жігітті.Ж.БаласағұнӘзіз тірлік-білімдіде.Ж.БаласағұнПайда ойлама,ар ойла,Талап қыл артық білуге.Артық білім кітапта,Ерінбей оқып көругеА.ҚұнанбаевАқыл,ой,білім-әр адамның сәулетіХалық даналығыКітап маған тақтан да қымбат.У.ШекспирБілім-асыл қазыналы сандық,оны ашатын кілт-еңбек.П.БуастКітап-алтын сандық.Іші толған қазына,құт.Оқы,оқы,ойыңа тұт.Халық даналығыЖас мұраты,білім тәлім талабы...Өнер оқу-жастың қару-жарағыІ.ЖансүгіровАдам баласының ең жаманы-талапсызА.ҚұнанбаевУақытты босқа өткізу-ең ауыр шығын.Ж.БюффонАқыл- көпті көркейтеді.ВергилийДаналық - ғылымның бастауы.ЦицеронАқылды сөйлеу-қиынның қиыны,ақыл безбеніне салып үндемей қалу одан да қиын.БоувиҰлы ақыл иелеріне аз сөзбен көпті білдіру тән болса,ақылы шамалы адамдар,керісінше,көп сөйлеп,ештеңе де айтпау дарынына ие.Ф .ЛарошфукоАқылмен ойлап білген сөзБойыңа жұқпай сырғанар.Ынталы жүрек сезген сөзБар тамырды қуалар.А .ҚұнанбаевЖүрек арқылы өткен ақыл тілі көпке жетеді.Ж .Ж..РуссоҚалам-ең жақсы ұстаз, жазылған сөз тап қазір ойлаған сөзден артық.Цицерон Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады,сөздегі қателік істегі қателікті тудырады.Д .И.ПисаревЖақсы ойлар тамаша сөзден артық саналады. Сөз дегеніміз,былайша айтқанда,сырт киім;ой-киімнің астында жасырынған дене.Ф .М. Достаевский...бар ғылымның өзі қиялдан,ойлаудан туған. Адам осы жаралыстың бір бөлігі, бұл жаралыс табиғаттан бөлек емес.Шәкәрім

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!