Материалдар / Дәнекерлеу қосылыстарының түрлері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәнекерлеу қосылыстарының түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеуді және балқытып жапсыруды тәсілін, өндірістік жабдықтарды жөндеу жұмыстары кезінде кенінен қолданады. Дәнекерлеу арқылы шытынаған, сынған, өлшемі тозған және басқа да дефектілер кезіндегі бөлшектерді қалпына келтіреміз. Сол жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеудін бірнеше түрлерін қолданамыз: 1. Доғалық дәнекерлеу 2. Газбен дәнекерлеу 3. Автоматты және жартылай автоматты. Балқытып жапсыру дегеніміз дәнекерлеудін бір түрі, балқытып жапсыру тәсілінде металл бөлшектерді бір бүтін қылып біріктірмейді, ол екінші материалды бөлшектін бетіне жапсырып өсіреді. Балқытып жапсыру арқылы бөлшектердің тозған беттерін қалпына келтіріп, содан кейін механикалық өңдеу арқылы бөлшектердің өлшемін келтіреді. Болаттардың дәнекерленуі, олардың химиялық құрамына байланысты, көбінесе құрамындағы көміртегіге байланысты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2019
5676
25 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

сабақтың № _______

№ урока__________

күні _________

дата _________

__________тобы

группа ________


Сабақтың тақырыбы: Дәнекерлеу қосылыстарының түрлері.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік: Студентттерге дәнекерлеу қосылыстарының түрлері туралы түсінік беру, металдардың пісірулуі әдістері туралы жаңа тақырыпты игерту. Басқа арнайы пәндердің байланыстары туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Өзіндік жұмыс істеуге баулу, студенттердің ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс - жүзінде қолдана білуге және пәндермен байланыстыра білуге үйрету; жалпы металдарға сипаттама бере отырып, Қазақстанның металлургиясы туралы мәлімет беру; жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік: Студенттерді еңбекке, тәртіпке, тазалыққа тәрбиелеу, мамандық саласы бойынша кәсіптік бағдар беріп қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, өз білімін өзі тексеріп бағалай білуге үйрету және іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеграцияланған сабақ.

Оқу құралдары: Проекторлы тақта, слайдтар, таратпа материалдар.


Сабақтың мазмұны

  1. Ұйымдастыру кезеңі-(2-3) мин

Студенттерді 4 топқа бөлу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сырт келбеттеріне мән беру.

Білімнің тамыры ащы болса, жемісі тәтті

The roots of education are bitter, but the fruit is sweet.

Корни образования горькие, зато фрукты сладкие! (Аристотель)


  1. Білімдерінің жан-жақты тексерісі -5 мин

Сәлеметсізбе балалар өткен тақарыптарды еске түсірейк, дәлірек айтқанда жөндеу жұмыстарының, слесарлы жұмыстарының, дәнекерлеу өндірісі негіздері, физика, ағылшын тілі пәндерін интеграциялау арқылы өткен тақырыптарға шолу жасайық:

1. Металдың физикалық қасиеттері қандай? (серпімділік, қаттылық, беріктік, иілгіштік)

2. Металдың химиялық қасиеттерін атаныздар? (ыстыққа, қоррозияға төзімділігі)

3. Қандай жолмен бөлшектерді қалпына келтіруге болады? (дәнекерлеу арқылы, механикалық өңдеу арқылы, химия-термиялық өңдеу арқылы, желімдеу арқылы)

4. Қосылыстардың қандай түрлерән блесіздер? (ажыратылатын және ажыратылмайтын қосылыстар)

5. Металды дәнекерлеу алдындағы слесарлы операция түрлері? (ысқылау, егелеу, шабу, кесу операциялары)

6. Металды дәненкерлеу алдында қолданылатын құрал-саймандар қандай? (металл щеткасы, егеулер,


  1. Оқушылардың жаңа материалды белсенді және саналы түрде игеруіне дайындығы- 3 м

Жоспар:

  1. Жөндеу жұмыстары кезіндегі дәнекерлеу арқылы бөлшектерді қалпына келтіруді үйрету

  2. Дәнекерленген қосылыстарды жөндеуді үйрену.

  3. Дәнекерлеу қосылыстарының түрлерімен әдістерін үйрену

  4. Замаңгы сай ағылшын тілін менгеру

  5. Пән аралық байланыстарды білу.


  1. Жаңа білімдерді игеру 20 -30 мин

Дәнекерлеу және балқытып жапсыру арқылы бөлшектерді өңдеу

Дәнекерлеуді және балқытып жапсыруды тәсілін, өндірістік жабдықтарды жөндеу жұмыстары кезінде кенінен қолданады. Дәнекерлеу арқылы шытынаған, сынған, өлшемі тозған және басқа да дефектілер кезіндегі бөлшектерді қалпына келтіреміз. Сол жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеудін бірнеше түрлерін қолданамыз:

  1. Доғалық дәнекерлеу

  2. Газбен дәнекерлеу

  3. Автоматты және жартылай автоматты.

Балқытып жапсыру дегеніміз дәнекерлеудін бір түрі, балқытып жапсыру тәсілінде металл бөлшектерді бір бүтін қылып біріктірмейді, ол екінші материалды бөлшектін бетіне жапсырып өсіреді. Балқытып жапсыру арқылы бөлшектердің тозған беттерін қалпына келтіріп, содан кейін механикалық өңдеу арқылы бөлшектердің өлшемін келтіреді.

Болаттардың дәнекерленуі, олардың химиялық құрамына байланысты, көбінесе құрамындағы көміртегіге байланысты

Шойыңнан жасалған бөлшектерді қалпына келтіру барысында көбіне газбен дәнекерлеу әдісін қолданады, ал түсті металдардан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу үшін де газды дәнекерлеу қажет, брақ қоспалы материал болып негізгі бөлшектін құрамы қандай болса, қоспалы материалдардың құрамы солай болуы тиіс.

Дәнекерлеген косылыстарды жөндеу үшін, оның қай жерлерін дәнекерленгенің анықталып алынады. Олар әртүрлі болғандықтан, қандай дәнекерлеу керектігі айқындалады.

Ең қарапайым түрі - сырттай қоспаны қарап, ары қарай қалай жөндеуге болатынын анықтап алу болып табылады. Егер қосылған жерде жарық болса, оны қайтадан дәнекерлеп, сонан соң дәнекерлеген жерге керосин құйып тексереді.

Осылай тексергеннен кейін, дәнкерлеген жердің ішкі жағына суланған шүберек қойып, 10 -15 минут бақылайды. Егер де шүберек қарайып кетсе, яғни, қоспада әлі де жарық бар екендігін көрсетеді. Ондай жағдай болғанда, қайтадан дәнекерлеп, жоғарыдағыдай тәсілмен тексереді. Өте жауапты қоспаларды рентген сәулесі арқылы да тексереді. Кейде магнитпен, болмаса ультрадыбыс арқылы да тексеруге болады. Қайтадан қалпына келтірілетін бөлшектер жақсылап тазаланып, майланған жерлерін отқа қыздырып, майдан тазалайды. Каустикалық содамен тазалап алғаннан соң, сумен жуып тазалап, кептіреді. Қалпына келтіретін бөлшектерді органикалық еріткіштермен (керосин) де тазалауға болады. Дәнекерлейтін жерді егеу, арқылы егеп, метал тазалағаш щеткамен тазартып дәнекерлеуге дайындайды

Бахытнур. Дәнекерлеу жұмыстары кезінде бөлшектерді бір бірімен қосу барысында, қосылыстардың мынадай түрлері кездеседі:

Бейне ролие корсету 7-8 минут

Түйіс қосылыс пісіру кезінде өзіндік кернеуінің және деформациясының аз болуына, сондай ақ статикалық және денамикалық күштерге шыдамдылығына байланысты ең кен таралған пісіру қосылыстарынын бірі. Олар металл құрылымдарды және бұрыштықтарды, швеллерлерді, қоставрларды және құбырларды түйістіріп пісіргенде қолданылады.

Қалындығы 1-3мм беттерді түйістіріп, саңылаусыз, қоспа сымсыз пісіруге болады. Түйістірмелі қосылыстардың шартты белгілері: с1-с48

Бұрыштық қосылыстар бір-бірімен бұрышталып орналасқан және орналасу жерінде олардың жиектері пісірілген, екі элементтін пісірілмелі қосылыстарын білдіреді. Бұрыштық қосылыстардың шартты белгісі: У1-У10.

Жапсарлық қосылыс жалғасатын элементтері бағыттас орналасқан және бір-бірін жартылай жабатын пісірілмелі қосылыстарды білдіреді. Шартты белгілері әзірше сдандпртта жоқ.

Пісірудің негізгі геометриялық параметрлері

бөлік қалыңдығы (S);

- дәнекерлеу ені (е);

- дөңес (g);

- вогнутость (м);

 - ену тереңдігі (h);

 - қалың түйістің қалыңдығы (t);

 - тораптағы (b) ажырату;

- бұрыштық тігістің аяғы (k);

- бұрыштық тігістің есептік биіктігі (р);

- бұрыштық қалыңдығы (a).

Пісірудің түрлері

Пісірудің түрлері



.

  1. Жаңа білімдерді бекіту 40 -45 мин

  1. Топтпық ойын. Бөлшектерден сурет құрастыру «Мозайка» (кескіндер арқылы құрал саймандардың суретін құрау). 5минут

  2. Топтық ойын. Дұрыс жауабын тауып көр (дәнекерленген бөлшектерінің қосылыстарының дұрыс атауларың тауып кестеге орналастыру керек) 5минут

(Сергіту сәті 2-3 мин)

  1. Топтық ойын. Адасқан әріптер (бұл ойында берілген әріптерден құрал саймандардың атауларын анықтап өз орындарымен жазу керек) 5мин

  2. Топтық ойны. Капитандар сайысы. (әр топтың капитандары сұрақтар алып, сол сұрақтардың жауаптары айтып, тәжіребие бойынша операцияларды орындап көрсету). 5-7 минут

  3. Топтық ойын. Жобалау. (топтарға тақырыптарымен конверттер беріледі, әр топ сол тапсырмалар арқылы жобаларын көрсету керек) 10 минут


Рефлексия: Алма ағашы көрсетілген түстер бойынша әшекейлеу. 2-3 минут

Қызыл алма – сабақ өте қызықты, маған барлығы ұнады;

Сары алма – маған сабақ ұнады, бірақ мен барлығына үлгере алмадым;

Жасыл алма – сабақ қызықсыз болды, сондықтан да мен ештеңе істеген жоқпын;

Жолақты алма - мен барлығына үлгердім, бірақ сабақ онша қызықты болған жоқ;


Бағалау:

1 тапсырма-2 ұпай

2 тапсырма-3 ұпай

3 тапсырма-2 ұпай

4 тапсырма-5 ұпай

5 тапсырма-5 ұпай


Барлық ұпай саны – 25

5” - 22-25

4”- 18-21

3” - 14-17

2”- 10-13


  1. Үй тапсырмасы : , 118 беттегі №1-3 тапсырманы

жазбаша орындау.

Конспект- В.А Чебан «Пісіру жұмыстары» 96 бет




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!