Дәнекерлеуші мамандығының ерекшеліктерін білесің бе?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәнекерлеуші мамандығының ерекшеліктерін білесің бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда дәнекерлеу қызметі сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып саналады. Дәнекерлеушінің негізгі атқаратын қызметі металл тораптары мен құрылғыларын газ жалынды өңдеуден өткізу; металл дайындамаларын жинау; пісіру жабдығын дайындау; тиімді пісіру тәсілдері жинау; қосымды сым мөлшерін таңдау; қозғалмалы газ генераторына қызмет көрсету; металлды тазалау, дәнекерлеу, балқымасын қаптау. Шебер маман өнімнің деформациясы мен қысымын болдырмай, пісірмелі жікті көзбен қадағалайды. Болашақ дәнкерлеу ісінің мамандарын пісіру жігінің, қосындыларының түрлері; пісіру жабдығының жұмыс режимдері мен принциптері; пісіру жұмысы барысында пайдаланылатын газ бен сұйықтықтың қасиеттері; металлдың химиялық және физикалық қасиеттері; деталь мен торапты пісіруге дайындау; пісіру жігімен жұмысты жүргізу; су астында металлды кесу технологиясы, пісіру барысында дефекттің пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері; қауіпсіздік техникасын білуге дайындау менің негізгі міндеттерім болып саналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен Талдықорған гуманитарлық колледжінде «Дәнекерлеу ісі мамандығы» бойынша білім алушыларға өндірістік оқыту тәжірибелерін жүргіземін. Өндірістік тәжірибе колледжіміздің шеберханаларында және колледж серіктестерінің өндіріс алаңдарында жүргізіледі.

Бұл мамандыққа негізінен ер балалар таңдайтыны бәрімізге мәлім. Дәнекерлеу ісі бойынша топ студенттері пісірілетін металл құрылғыларының сызбаларын оқу; түрлі конфигурациялы түрлі өлшемдегі детальді кесу және пісіру тәсілдері; пісіру режимдерін қадағалау тақырыптарында білімдерін жетілдіреді. Негізінен бұл мамандықтың жұмыс ерекшеліктері әртүрлі жағдайда жұмыс істеуді талап етеді: ғимарат ішінде, ашық аспан астында, су астында, тіпті ауа жоқ ғарыш аясында, биіктікте, жиі ыңғайсыз қалыпта. Сондықтан, әрдайым жарық сүзгілері бар маска, арнайы киім киінеді. Газ жанарғысын, басқа да тиімді құралдарды пайдаланады. Жұмысы нақты реттеледі. Сол себепті болашақ дәнекерлеуші жас мамандарға жұмыстың қыр –сырын үйрету біздің нақты мақсатымыз. Болашақ дәнекерлеуші жас мамандар жеке еңбекпен айналысуға үлкен мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, кәсіпкерлікпен, яғни құрылыс компанияларында қызмет етуге болады. Бұл мамандыққа сұраныс жеткілікті. Бұл мамандық иелері кез келген металл өңдеуді қажет ететін өндірісте қызмет атқара алады: завод, құрылыс, зертханалар, интерьер әзірлейтін фирмалар, автосервис. Қазіргі кезеңде электр және газбен дәнекерлеушіден жан-жақты білім, компьютер білімі талап етіледі. Металл құрылымдарын электр доғалы және газдық дәнекерлеумен пісіреді. Бұл бірден-бір құрметті мамандық.

Дәнекерлеушінің маңызды кәсіби сапаларына жататындар:

мықты денсаулық;

дене күші төзімділігі;

көзінің жақсы көруі;

айналаны аңғарушылығы;

дәл көздеу;

түстерді айыра білушілік;

үйлесімділік;

қозғалыс дәлдігі;

зейінділік;

сақтық;

жақсы есте сақтау қабілеті;

жылдам қимылдау.

Болашақта дәнекерлеуші мамандығы кәсіби білім алуды, жұмыс тәжірибесін, біліктілігін арттыруды қамтиды. Мансап сатысы мынаған ұқсайды: шебер - техник - технолог - инженер - бөлім бастығы - бүкіл кәсіпорын жетекшісі - конструктор - дизайнер - бас инженер. Мансап сатысын көтеру жылдамдығы қызметкердің жұмысының сапасына тікелей байланысты. Сондықтан, кәсіби білікті маман болып қалыптасу өз қолыңда!

Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі.

Байбатжанов Ержан Касеинулы, өндірістік оқыту шебері

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2021
534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі