Материалдар / ДАҢҚТЫ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРУШЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДАҢҚТЫ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРУШЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы орайда дзюдо күресін жанына серік еткен оқушымыз, мектебіміздің мақтанышы Рашит Ақбаянды айтпай кетуге болмайды. Болашақта спорт саласының майталманы болу – оның армандарының бірі. Тыңғылықты дайындық нәтижесінде Ақбаян көптеген жетістіктерді бағындырып жүр
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДАҢҚТЫ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРУШЫ

Жапон күресі – дзюдо өзінің ұлттық ерекшелігін сақтаған, төрткүл дүниеге кең таралған жекпе-жек түрі екенін бәріміз білеміз. Халықаралық дзюдо федерациясына мүше мемлекеттер саны бүгінгі таңда 200 ден асып жығылған екен. Дзюдо – жауынгерлік спорт. Дзюдоның денсаулыққа, әсіресе балаларға, психикалық және физикалық пайдасы көп. Оның іс-тәжірибесі тек дене дайындығын дамытуға бағыттап қоймай, сонымен қатар балалардың зейінін жақсартады, жалпы спортқа деген оң көзқарасын қалыптастырады, өзін-өзі бағалауы арттырып, сенімділік ұялатып, өзін де, өзгені де құрметтеуге үйретеді.

Осы орайда дзюдо күресін жанына серік еткен оқушымыз, мектебіміздің мақтанышы Рашит Ақбаянды айтпай кетуге болмайды. Болашақта спорт саласының майталманы болу – оның армандарының бірі. Тыңғылықты дайындық нәтижесінде Ақбаян көптеген жетістіктерді бағындырып жүр. Қызы туралы анасы Тағашова Ақгүл: - Бала кезден спортқа құмар болып өсті. Қайсарлық мінезі бойында бар. Бапкері Сақтағанов Марат күрес түрлерінің ішіндегі дзюдоға икемділін байқап, осы бағытқа бұрылуына кеңес берді.Ол шәкіртінің үлкен белестерді бағындыра алатынына сенімді болды, - дейді.

Спортқа келген әр баланың отты көзін көре алу және оған дұрыс бағыт-бағдар бере алатын жаттықтырушының рөлі маңызды. Бүгінде Ақбаян көпшілікті өзінің қабілетімен, еңбекқорлығымен, кәсіби шеберлігімен тәнті етіп келеді. Атап айтсақ, 2005-2006 жылы туылған қыз балалар арасындағы Маңғыстау облысының чемпионатында І орын, «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған XV республикалық турнирде ІІ орын, «Самбо күресі» бойынша облыстық кезеңнен ІІ орын иегері атанып жүргені ащы термен тынымсыз еңбектің нәтижесі екені анық.

Түмен сөзді қорытындылай келе, шәкіртіме «Толқыннан толқын туады» демекші, Маңғыстаудай қасиетті мекенде дүние есігін ашып, еліміздегі даңқты спортшылардың жолын жалғастырып, спортта биік белестерді бағындыра бер деген тілек білдіремін.

Тугербаева Қарлыға Мамайевна,

Жетібай ауылы, №3 ЖББМ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!