Материалдар / «Даңқы шыққан дара тұлға» ашық сабағының оқу-әдістемелік жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Даңқы шыққан дара тұлға» ашық сабағының оқу-әдістемелік жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған «Даңқы шыққан дара тұлға» ашық сабағының оқу-әдістемелік жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
381
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған

«Даңқы шыққан дара тұлға» ашық сабағының

оқу-әдістемелік жоспары

Әзірлеген: Ақмола облысы, Бурабай ауданы

Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.К. Мадиева

Cабақтың тақырыбы: Даңқы шыққан дара тұлға.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен тақырыптарға шолу жасай отырып, жаңа тақырып бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізу, өткен және жаңа тақырыптарды байланыстыра отырып, тапсырмалар орындату.

  2. Тыңдаушылардың сөздік қорын кеңейту, мемлекеттік тілде сөйлесу, сөздерді дұрыс қолдану, сұраққа жауап беру, баяндау қабілеттерін дамыту.

  3. Мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру, үйренгенін өмірде қолдануға ынталандыру. Патриоттық сезімін тереңдету. Болашаққа сенімін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар, оқулық, парақшалар, бейнематериал, тапсырмалар,т.б.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: коммуникативтік, сөйлесу, шығармашылық, түсіндіру, ойын, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушыларды тізім бойынша тексеру.

Коммуникативтік тренинг өткізу. Қойылған сұрақтарға белгілі бір әріптен басталатын сөздермен жауап береді.

Сабақтың эпиграфы:

«... Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.»

Н.Ә.Назарбаев

І. Кіріспе :

«Көреген көсем сәттілікті ешқашан арқа тұтпайды, өз болашағын әрқашан ауыр еңбек, төзімділік, табандылық және оптимизммен жасайды», - деген ежелгі қолбасшы Атилланың айтқан сөзі ел басқарудың ауыр жолын айқындай түседі. Оны түсініп, жүзеге асыру да оңай іс емес. Бүгінгі сабақтың тақырыбы осы ел басқару ережесін тереңінен түсінген, Қазақстанның тарихына өз атымен енетін даңқты тұлғамыз , тұңғыш Президентіміз – Н.Назарбаев жайлы өтпек.



1

Тақырыбы: «Даңқы шыққан дара тұлға» бұл атауды әрі қарай жалғастырып, тағы бір сөз қоюға болады, ол үшін сызықша қойып тиісті орынды бос қойылады. Ол сөз кроссворд шешу арқылы анықталады:

Даңқы шыққан дара тұлға – ...

1Т

е

м

і

р

т

а

у


2Ә

л

ж

а

н






3б

ө

б

е

к




4Ш

а

м

а

л

ғ

а

н



5с

ұ

л

т

а

н


6М

ы

р

з

а

б

а

л

а

  1. Н.Назарбаевтың еңбек жолы қай қалада басталып еді?

  2. Анасының аты кім?

  3. Сара Назарбаева негізін салған балалар қайырымдылық қоры қалай аталады?

  4. Н.Назарбаевтың туған ауылы қалай аталады?

  5. Балалық шағында отбасы болашақ қайраткерді қалай атады?

  6. Туған немересінің атын қойған әжесі еді. Ал әжесінің аты кім?

ІІ. Тақырып бойынша жаңа сөздер:

Көшбасшы

лидер

атақ, даңқ

слава, известность

дара

особый, индивидуальный

тұлға

личность

көреген

дальновидный

саясаткер

политик

беделді

авторитетный

тұрақты

стабильный

сын көзбен қарау

относиться критически

өскелең ұрпақ

подрастающее поколение

бірлік

единство

тұлға

личность

біріктіру

объеденять, единение

өркендеу

процветать, развиваться

төзімділік

толерантность (терпеливость,прочность)

Сөздермен жұмыс: жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркесін немесе сөйлем құрату.

2

Сабақтың тақырыбы атақ, даңқпен байланысты, біздің басшымызды еліміз ғана емес әлем таныған, дүниежүзі Қазақстан деген сөзбен Н.Назарбаевтың атын қатар қояды. Оған дәлел ретінде әлемнің атақты адамдарының пікірлерімен таныс болайық.

Елбасы жайлы пікірлер:

ІІІ. Тыңдалым

(Бейнероликтен елбасы жайлы пікірлер тыңдалады)

Тыңдалым бойынша тест тапсырмаларын орындау.

  1. Сөйлемді толықтырыңыз. Қазақстан - ... .

А) сындарлы мемлекет.

В) әдемі мемлекет.

С) болашағы айқын мемлекет

Д) көшбасшы мемлекет


2. Бірінші пікірге сәйкес ойды табыңыз.

А) Н. Назарбаев – қонақжай адам.

В) «Сындарлы он жыл» кітабын оқығым келеді.

С) Н.Назарбаев – зерек, табанды, қарапайым адам.

Д) Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.


3. Ойды аяқтаңыз АҚШ конгрессмені Крис Кэннонның айтуынша, Елбасы - ...

А) алысты болжай алатын көреген саясаткер

В) саяси тұрақты адам

С) барлығын бақылап отырады

Д) тәуелсіз елдің басшысы


4. Үшінші пікір бойынша толық және нақты ойды табыңыз.

А) Қазақстан халқы бірлік пен татулықта өмір сүруде.

В) Қазақстан – толеранттықтың эталоны.

С) Қазақстанның үлкен жетістіктерге жетуіне Елбасы көп еңбек сіңірді.

Д) Қазақстан – елі мен Елбасының қажыр-қайратының, бірлік пен толеранттықтың арқасында үлкен нәтижелерге қол жеткізген мемлекет. 3

ІV. Оқылым.

Абдулла ГҮЛ, Түрік Республикасының Президенті:

Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. 

Барак ОБАМА, АҚШ Президенті:

Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркен­деген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. ... Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті ілгерілету жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын.

Владимир ПУТИН, Ресей Президенті:

Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-эконо­микалық және мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыстарын орынды мақтан ете алады. Рес­пуб­ликаның халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді.

Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы:

Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап ше­гіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қа­русыз аймақ құру бас­тамаңыз туралы зор ризашылықпен айта аламын.

Ой шоғырландыру.

Тапсырма. Оқылған әр пікір бойынша қорытынды сөз шығарып, сөйлемді толықтыру. Сөздер қандай? сұрағына жауап береді.

Қазақстан – ________________________, ________________________ , _______________________, ________________________ мемлекет.

V. Өмірбаяны жайлы мәлімет

Осындай Елбасының жан-жақтылығын айқындай түсу үшін пікірлердің жалғасы ретінде «Елбасының өміріне шолу» жасалады.

(Өмірбаяны жайлы бейнеролик)





4

VІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру

Осы тамашаланған бейнероликті пайдаланып өткен лексикалық тақырыптарды еске түсіре кету үшін төмендегі шағын мәтінмен жұмыс істеледі.

Тапсырма. Мәтінді тізбектеп оқу.

Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу. Спортпен айналысу немесе үздіксіз оқу адамды кейде едәуір күш пен бар зейінін жұмсауға мәжбүр етсе де, біз, соған қарамастан, оларды да әуестік пен демалыс айдарына қостық. Әлдебір ойшыл айтқандай: Толыққанды тұлға үшін демалыс – өзі айналысатын істің түрін өзгерту ғана...

  • Мәтін өткен тақырыптардың қайсысын еске түсіреді? (Әуесқойлық)

  • Сол тақырыпқа байланысты қандай сөздерді атай аласыздар? (шұғылдану, айналысу, әуестік)



Сергіту сәті «Түсін мені» ойыны.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!