Материалдар / Дәрумен -денсаулық кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәрумен -денсаулық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәрумен -денсаулық кепілі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2020
437
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Қазақ тілі

"Алтынсарин аудандық білім беру бөлімінің М.Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебі"КММ

Күні:

Мұғалім: Аширбекова Гулдаурен Зарлыққызы


Сынып: 5

Қатысқаны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Дәрумен -денсаулық кепілі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.4.1 шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.

5.3.1.1 мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: шағын көлемді мәтіндердің мазмұнын айтады, мәтіндегі негізгі ақпараттарды қолдана алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құрып, негізгі ақпаратты анықтай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құрып, соған сүйеніп негізгі ақпаратты өз сөзімен баяндай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: мәтіннің мазмұнына сүйеніп негізгі ақпаратты анықтап, жоспар құра алады,

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Шырын, дәрумен, тазалық сақтау, күн тәртібі, пайдалы, шынығу, таңдап жеу, естен шығарма, қорғаныс


Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: дәрумен –денсаулық кепілі, А дәрумені, денсаулық зор байлық.





  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?


Талқылауға арналған сұрақтар: Дәрумен дегеніміз не? Дәруменнің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Не себепті …. деп ойлайсыз? Дәруменді адам не себепті қабылдайды?

Алдыңғы оқу:

Оқушылар денсаулық зор байлық екенін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

(7 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады. (2 минут)

Мен саған денсаулық тілеймін.

Мен саған сәттілік тілеймін.

Мен саған жақсы көңіл-күй тілеймін.

Мен саған бақыт тілеймін.


Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Ортаға бірнеше оқушыны шығарып сұрақ-жауап бойынша тексеру.(Сұрақтарды өзім қоямын) (2 минут)



Қызығушылықты ояту. Сыныппен жұмыс.

Оқушылар назарына «Денсаулық» туралы бейнебаян ұсынылмас бұрын, тыңдалым материалында кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысады.

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан дәрумендерге байланысты дайындалған слайдтарды көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: -Балалар, дәрумендер дегініміз не? Сендер дәрумендер туралы не білесіңдер? Айтыңдаршы. Бөліскен ойлары, пікірлері арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтап, сабаққа мақсат қояды. (3 минут)


Жүрек қималары




Интербелсенді тақта


Ортасы

(24 минут)

Жаңа сабақ

Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын «Дәрумендер» ойыны арқылы А Б С Д деген дәрумен атауларымен топқа бөлінеді. Оқушылар қалаған дәрумен түрлерін алып төрт топқа бөлінеді. (2 минут)

1 топ- А –дәрумен

2 топ- Б –дәрумен

3 топ- С-дәрумен

4 топ- Д -дәрумен

Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады


1 тапсырма: Жұптық жұмыс. Мәтінмен жұмыс. «Бірлескен оқылым» әдісі. Топтарға мәтін беріледі. (2-қосымша) Әр жұп мәтіндегі ақпаратты басқа жұптарға жеткізе алатындай түсініп оқып, мазмұнын ашып, жоспар құрады. (10 минут)

Мақсаты: оқушылардың мәтіннің мазмұнын меңгергенің, жоспар құра алатынын тексеру.

1-топ.

Көгөніс қазір жылдың қай мезгілінде болса да, дүкендерде тұрады. Себебі олар денсаулыққа өте пайдалы. Біз күн сайын таңертең, түскі, кешкі аста көгөністерді жейміз. Әсіресе, менің інім қиярды өте жақсы көреді. Көгөніс түрлері: сәбіз, орамжапырақ, бұрыш, саңырауқұлақ, қызанақ, қияр және т.б. Көгөніс адам ағзасына өте пайдалы. Көгөністі көп пайдаланатын адамның денсаулығы жақсы болады. Ұзақ өмір сүреді. Көгөністің калориясы аз. Олар дәрумендерге бай. Жеңіл қорытылады.

2-топ.

Дәрумендер – бұл майда немесе суда еритін, ағзаның қалыпты өсіп, қызмет етуі үшін қажетті, сондай-ақ өсімдік және жануарлар тегінің тамақ өнімдерінен табиғи жолмен алынатын органикалық заттар. Дәрумендер жаңалығы медицинада үлкен рөл ойнады.. Дұрысы тамақ өнімдерінде кездесетін дәрумендерді қабылдаған жөн. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынғандай, күніне жеміс-жидектер мен көкөністердің кем дегенде 5 порциясын қабылдған дұрыс. Мұндай мөлшерде ағза қажетті дәрумендер мен минералды заттарды ала алады. Түрлі түсті жеміс-жидектер мен көкөністер болса, тіпті жақсы болады.

3-топ.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денісау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

4-топ.

Денсаулық - адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың. Денсаулығы сыр берген адамның шаттанып күліп, қуанып өмір сүре алмасы анық. Қарттарымыздың әрдайым өзімізді күтіп жүру керек екенін ескертіп отыруы да олар өткерген өмір тәжірибесінен, келмеске кетіп бара жатқан денсаулықтың баға жетпес құнын білгендіктен, өз басынан өткенді тұшынып, түйсіне білгендіктен болар. ал жастардың жастықтың отымен жүріп ысты-суықты елемей, артынан дерт жабыстыратыны да біздің денсалықтың қадірін барынша ұғына алмағанымыздан деп білемін. Сол себепті балаларға бала күнінен денсаулықтың маңызы мен өзін-өзі күтінуді үйрету керек.


Дескрипторлар

1

Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құру.

2

Жоспарға сүйеніп баяндай алады.


Бағалау. «Баспаладақ» әдісі. Жұптар бір-бірін дескрипторларға сүйене отырып, әр жұп мәтінді меңгерген деңгейіне байланысты баспалдақ сатысымен бағалайды.

Прямоугольник 4

Айта аламын


Прямоугольник 5

Түінемін


Прямоугольник 6

Білемін








Денгей

Саралау

А

Мәтін мазмұнынын жоспар бойынша баяндай алады.

В

Мәтін мазмұнына жоспар құра алады.

С

Мәтін мазмұнын түсініп оқып, баяндайды.


2-тапсырма. «Блум түймедағы» бойынша мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, постер жасап өз сөзімен баяндау (топтық жұмыс) Мәтіндегі негізгі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып постер жасау арқылы баяндайды. Тапсырма орындалғаннан кейін, әр топтан қорғайтын оқушы басқа топқа барып, сол топқа постерді қорғайды. Бұл тапсырманы орындауға топтардың барлық мүшелері қатысады. Жұмысты орындау нәтежесінде оқушылардың ауызекі сөйлеуі, сын тұрғысынан ойлау және шығармашылық қабілеттері дамиды. (12 минут)


Мақсаты: Оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастырып, мәтін идеясын анықтап, постер жасау арқылы баяндау


Дескрипторлар

1

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды.

2

Сөздермен сөз тіркестерін пайдаланып, баяндай алады.


Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар бір-бірін дескрипторларға сүйене отырып бағалайды.




Денгей

Саралау

А

Сөздермен сөз тіркестерін пайдаланып баяндай алады.

В

Мәтіннің мазмұны бойынша сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды.

С

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды.































Соңы

(9 минут)

Қорытындылау: Ең бірінші жаңа сабаққа байланысты жаңа сөздерді меңгергенін тексеру мақсатында «Білім қоржыны» әдісі бойынша жаңа сөздерді тексеру.

Бағалау: «Бас бармақ» мұғалім оқушыларды бағалайды.

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.

  1. Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болды?

    <
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!