Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды балалармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды балалармен жұмыс жоспары, барлық пән мұғалімдеріне көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы



ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

ЖОСПАРЫ

Дайржанова А.М.

бастауыш сынып мұғалімі






2018-2019 оқу жылы

Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).


Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы  41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызғаөзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

          Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны  жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

          Міндеттері ретінде:

        Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау

        Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру

        Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру

Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.

 

Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:

        Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;

         Білім, біліктілігін арттыру;

        еңбектерін әділ  бағалай отырып, құрметтеу;

        мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;

 

Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.  

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.

Біздің оқушыға қойған талабымыз:

        қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

        ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

        алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

        өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;

        басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

        қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;

           Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.  Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

          


Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

           Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

           “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

           Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

           Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

           Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

           Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.  Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.  

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің  инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және  пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға  бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

        оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

        Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

        Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

        Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

        Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

        Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

        Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

        өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

        оқушы дарындылығының моделін білу;

        қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

        дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;



        дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:

        дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

        дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

        оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

        дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

        дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

        дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

          Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.     Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.     Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.     Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.     Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.     Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

          Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі.

Жұмыстың бағыттары:

  • Диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау.

  • Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен жұмыс істеу;

  • Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстары.

Жұмыстың әдістері:

  • Анкета, сұрақтар қою;

  • Әңгімелесу;

  • Тестілеу;

  • Әдебиеттерді қарастыру;

  • Шығармашылық жұмыстар;

  • Жобалау әдісі;

  • Алдын-алу әдісі;

  • Мәселе шешу әдісі;

  • синквейн.

Жұмыс түрлері:

  • сабақ жүзіндеқиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану;

  • факультатив;

  • үйірме жұмысы;

  • уақытша топтарды жасау;

  • өз-өзіннің білімін көтеру;

  • пән апталықтарын өткізу;

  • ғылыми-практикалық конференциялар;

  • олимпиадалар;

  • интеллектуалдық марафон.

Бағдарламаның мазмұны

  1. Оқушыларға диагностика өткізу – жалпы дарындылығын бағалау, жұмыс бағыттарына бөлу (ІІІ бөлім)

  2. Бағыттары бойынша жұмыс жоспарын жасау (IV бөлім)

  3. Сабақта дарынды оқушылармен жұмыс – қиындығы жоғары тапсырмалардың кең спектрі жасалған, балалармен жұмыс істеген таңдау жасауға мүмкіндік береді. (V бөлім)

  4. Оқушылардың шығармашылық жұмысы – ізденіс, зерттеу нәтижесінде жасалған жұмыстары. (VІ бөлім)

Жұмыстың негізгі принципі – «байыту» принципі

Программаның ресуртық қамтамасыз ету:

  • Оқу кабинеті;

  • Кітапхана фонды – география мәселелері бойынша әдебиеттердің бар болуы.

Басқару, байланыс:

Басқару - директор, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, мұғалім.

Басқа ұйымдармен байланысы.

Тиімділігінің белгілері:

  1. Пәнге деген қызығушылығының жоғары деңгейі.

  2. Пән бойынша үлгірмейтін оқушылардың жоқ болуы.















Оқушының ерекше қабілетін ашу жолдары



ПShape1 сихологиялық диагностика жүргізу







Баланың оқу үлгерімін тест бойынша анықтаймын

Shape2





Оқушының жеке өзінің ынтасы, қызығушылығы, сұранысына байланысты таңдаймын

Shape3





Ата – анасының өтініші бойынша оқушыны аламын









Зерттеудің мақсаты

Баланың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу

Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру

Жеке тұлғаны есепті дұрыс оқуды, геометриялық фигуралармен жұмыс істеуге үйрету

Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына ерекше жағдай туғызу

Оқушыларға шығармашылық және ғылыми ізденудің әдістерін үйрету

Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге көтеретін ұрпақ даярлау











Зерттеудің ғылыми маңыздылығы



Бұл білімді қоғамдық жағынан көрсетуді жүргізудің бір құралы. Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылым әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу. Ең бастысы – дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту – қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі қолға алынып отырған өзекті мәселе. Сондықтан мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамдарының негізгі міндетті сыныптан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу –тәрбие процестерімен байланыстыра отырып, ғылыми деңгейге көтеру.







Зерттеудің жұмысың жаңашылдығы

Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет –ақ. Заман талабына сай қазіргі таңда білім беру жүйесінде интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, азаматтық, патриоттық, ұлттық рухани қабілетті жетілдіруде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Оқушыны ғылыми –зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Баланың зерттеуге деген ынтасын туғызу үшін ОҒҚ мүшелері ортасында оларды қызықтырып, ізденушілікке баулитын танымдық –ағарту жұмыстарын ұйымдастыру керек. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекет ұйымдастырудың түрлері өте көп: біріншіден, репродуктивті іс -әрекетті, білімді үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі; екіншіден, “шығармашылық” сөзінің мағынасын “шығару, ойлап табу”. Бұл –жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық тұлғаның ерекшелігі неде? Шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден дарындылығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді. Оқушы ізденіс арқылы жетістіктерге жетеді. Нәтижесінде білім – ғылымға өте қабілетті жеке тұлғалар қалыптасады.



Зерттеудің ғылыми болжамы

Егер, білім беру жүйесінде оқушылардың тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру үшін алдымен, кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса; оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша ойлау дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін, ойын дамытудың, сөздік қорын байытудың, сондай –ақ шығармашылық жұмыспен айналысуына нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша есептеу дағдысын I сыныптан бастап қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада өз ойын есеп, маниторинг арқылы еркін жеткізуге, шебер есептеуге дағдыланады. Есептеу дағдысының нәтижесінде бала бойында дарындылық қалыптасады. Дарынды тұлға бойындағы еркіндік, батылдық, ұшқырлық, сезімталдық, талдап - жинақтау сияқты кешенді қасиеттерімен қатар, ерекше ойқызметі, қайшылықтарды түсіну түйсігі, шығармашылыққа деген құштарлығы бар екені анықталады.Ол үшін әр мұғалім өзі бірінші ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтау қажет. Әр мұғалім дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қатынасты жақсартып, ата-ана –оқушы – ұстаз байланысын жоғары ұстап шығармашылықпен жұмыс істеуі – бүгінгі заман талабы.





Дарынды баланың ерекшелігі

Өзгеше ойлайды, көп көлемде білім меңгереді де оны ұмытпайды.

Ішкі сезімі өзгеше- өте сезімтал, толыққанды, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.

Дамудағы шапшаңдылық, жиі-жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы.

Адамгершілік сезімдері ерте дамыған,моральдық қасиеттері жоғары, достық -әзілдік сезімнің басым түсуі.










Дарынды балаларды анықтау үшін зерттеу жұмысының бөліктері


Баланың бағыты: өмірлік позициясы, сенімі, талғамы, қызығуы.

Танымдық психикалық қасиеттері: зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.

Оның сезімі және ерігі

Темпераменті: мінез –құлқының табиғи ерекшелігі. Мінезі: психикалық сипаты.

Қабілеті: іс- әрекет мүмкіншілігі.









Қабілетті дамыту үшін қойылатын талаптар


Ата – анасының қолдауы.

Туа біткен қасиетті тану

Отбасының жағдайы.

Мектептегі оқыту мен тәрбиенің мәні.


Ұстаз біліктілігі









Дарынды балалармен жұмысқа дайындық


Дарынды оқушылар туралы мәлімет жиналып, қай бағытта екені анықталады. Сол бойынша пәнге бөлінеді.

Оларға түрлі зерттеулер жүргізіліп, оның нәтижесінде мінездеме жасалады.

Дарынды балалармен істелетін жұмыс жоспары жасалады.

Әр сабақ сайын, сынып сағаттарында, үйірме және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында дамыта дайындау жұмысы жүргізіледі.

Жоспарға сай жұмыс ұйымдастыру.








Ғылыми жұмыспен айналасатын дарынды оқушылармен жеке жұмыс жоспары



І кезең: Дайындық жұмысы

ІІ кезең: Тақырыппен жұмыс

ІІІ кезең: Тақырыпты қорғау

1

Тақырыпты таңдау.



Тақырыпқа байланысты жоспар даярлау.



Мектепішілік

2

Ғылыми-зерттеу орындарына саяхат жасау.


Жоспар бойынша жұмыс.

Қалалық

3

Пайдалынатын әдебиеттерді іздестіру. (мұрағат, баспасөз материалдары, әдебиеттер)

Қорытынды нәтиже.

Облыстық


4




Республикалық




Әдістері



1

Оқушыға берілетін білімнің ғылымилығы мен ойлау көзқарасын дамыту әдісі

2

Білім берудегі жүйелілік әдісі

3

Оқытудың проблемалық әдісі

4

Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру әдісі

5

Оқу бағдарламасымен байланысқан жан-жақты ойлау қабілетін арттыра отырып оқыту.

6

Оқу материалдарын ұсыну арқылы қол жеткізу.

7

Баланың білім алуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

8

Оқушының игерген білімін терең ойлап талдау жасай алуы қажет.






















Дарынды оқушылармен жұмыстың жоспары



Іс-шаралар

Уақыты

1

1"Ә" сынып аралығында жақсы оқитын оқушылар санын анықтау

Қыркүйек

2

Білім деңгейін анықтайтын диагностикалық тестілер өткізу

Қыркүйек

3

Жақсы оқитын оқушылардың психологиялық диагностикасы

Қазан

4

Сабақ өткізу барасында оқушылардың өзіндік ерекшелерін есепке алу

Жыл бойы

5

Сапасын көтеру мақсатында дидактикалық материал жасау:

  1. деңгейлік тапсырмалар

  2. бақылау карточкалары

  3. тақырыптық тестілер

Жыл бойы

6

Жақсы оқитын оқушыларды пән олимпиадасына дайындау

Қыркүйек

7

Әділ бағмен, мақтау сөздермен оқушыларды стимулизациялау

Жыл бойы

8

Қазақ тілі пәнінен дайындық тесттерін жүргізу

Жыл бойы

9

Әр дайындық тесттерден кейін оқушыларға қиындық тудырған тақырыптарды талдау

Үнемі

10

Қосымша сағаттар өткізу уақыты


11

2018-2019 оқу жылына дарынды балалармен жұмыстың жоспарын дайындау

Тамыз-қыркүйек




Дарынды оқушылармен жұмыс кестесі



Оқушылардың аты-жөні

Сынып

Өткізілетін жұмыстар

Өткізілетін күні

Ұлты


1



1 Ә

Тест тапс.талдау

Грамм.ереж.

Сөйлесу


казақ


2



1 Ә

Тест тапс.талдау

Грамм.ереж.

Сөйлесу


казақ


3



1 Ә

Тест тапс.талдау

Грамм.ереж.

Сөйлесу


казақ


4



1 Ә

Тест тапс.талдау

Грамм.ереж.

Сөйлесу


казақ


5



1 Ә

Тест тапс.талдау

Грамм.ереж.

Сөйлесу


казақ


6



1 Ә

Тест тапс.талдау

Грамм.ереж.

Сөйлесу


казақ


7



1 Ә

Тест тапс.талдау

Грамм.ереж.

Сөйлесу


казақ

8




1 Ә

Тест тапс.талдау

Грамм.ереж.

Сөйлесу


казақ



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12