Дарынды баламен жұмыс істеудегі табысты нәтижелер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дарынды баламен жұмыс істеудегі табысты нәтижелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала: Дарынды баламен жұмыс істеудегі табысты нәтижелер туралы 2020-2021 оқу жылындағы лицей жетістігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды баламен жұмыс істеудегі табысты нәтижелер


Еліміздің болашағы - бәсекеге қабілетті, білімді шәкірттер.  Дарындыларды анықтап, олардың алға ұмтылуына, болашағына жол ашу – мұғалімнің міндеті. Оқушының жетістігі - мұғалімнің жемісі деп білетін Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернат ұстаздары дарынды оқушыларды тартып, нәтижеге қол жеткізуге барлық күш-жігерлерін жұмсайды. Лицейдің 2020-2021 оқу жылында білім сапасы 78,3 пайыз. Оқушыларымыздың үлгерімі мен жеткен жетістіктері ұстаздарымыздың еңбектерінің нәтижесі деп білемін.

Биылғы қашықтықтан оқыту жылында шәкіртеріміз талай жетістіктерге жете білді. Атап айтсам, Облыстық пән олимпиадасында 27 оқушымыз, Облыстық ғылыми жобалар конкурсында 18 оқушы, республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінде 7 оқушы, 7-8 сыныптар үшін республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінде 11 оқушы, «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» байқауында 2 жеңімпаз, Облыстық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының І орын иегері де лицей оқушысы болды. Республикалық пән олимпиадасында 5 оқушымыз жеңіске жетті. Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңінде 5 оқушы, 7-8 сыныптар үшін республикалық жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңінде 6 оқушымыз жүлдегер атанды. Оқушыларымыз халықаралық олимпиадаларға да қатысып, жақсы нәтиже көрсете алды. ӘShape1 л-Фараби атындағы қашықтықтан ХАЛЫҚАРАЛЫҚ олимпиадасынан 6 оқушымыз жеңімпаз атанды. Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан

зерттеу жұмыстары ХАЛЫҚАРАЛЫҚ конкурсында 9 сынып оқушылары, Омаров Заңғар, Жұмақанов Альтаир ІІІ орын иегерлері атанып, лицей мәртебесін көтерді. 18 халықаралық түрік тілі олимпиадасында дүниежүзі бойынша 2-орынға оқушымыз Төлеуғалиев Ернар ие болды. Халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасының, «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасының қатысушысы Сәрсембай Ерасыл сертификатқа ие болды.

Шәкірттер жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі. Мектептің жүрегі – мұғалім екені даусыз. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, еңбекқорлық керек. Лицейімізде осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздарымыз да жетерлік. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде лицей ұжымы көптеген жетістіктер биігінен көрінді.

Шәкірт жетістігі – лицей жетістігі!



«Талдықорған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Омурзакова Бекзат Ертисовна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.08.2021
410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі