Дарынды оқушылармен жұмыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды оқушылармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
дарынды оқушылармен жұмыс әдістерімен жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛҒЫ СӨЗ





«Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету» туралы 1996 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың жарлығы шықты. Осы жарлықты жүзеге асыру мақсатында үкіметтің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 қаулысымен білім және ғылым министірлігі жанында Республикада дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесін ұйымдастыратын «Дарын» республикалық – ғылыми практикалық орталығы құрылды. Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың, жаңалықтардың ғасыры болмақ, ал осы жоғары технологияларды жүзеге асырып өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі мектеп оқушыларының еншісінде болмақ.

Демек бүгінгі міндет – бойында елге, жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, кісі көңіліне үміт отын жағып, жүретін, өз Отанына аянбай қызмет ететін, озық ойлы, тапқыр да табанды, сауатты да салауатты адамды тәрбиелеу.

Елбасының білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр.» деген болатын. Ендеше «ХХІ ғасырдың мектебі, ұстазы және шәкірті қандай болуы керек?» деген сұрақ төңірегінде жауаптар іздестірілуде. Осыған байланысты білім беру стандартының, бағдарламалар оқулықтар мен оқу – құралдарының мазмұндары егжей-тегжей қайта қаралып, жаңашыл әдіс-тәсілдерді іздеу, оларды күнделікті өмірге ендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрине бұл өте күрделі нәрсе. Сондықтан мұғалім өзінің әр бір ісінде әйтеуір жаңалықты пайдалану осы екен деп, бей-берекет пайдаланбай оқыту мен тәрбиеде оның орнын білуі керек . Яғни, ұлттық тәрбиені білім негіздері мен ұштастыра, сабақтастыра отырып, баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту жетілдіру, шығармашылыққа, ісмерлікке баулу, халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіру, имандылық мінез-құлқын қалыптастыру, жүзеге асыру көзделуі тиіс.

Сонымен, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Сондықтан, соңғы кезде дарынды балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөліне бастады. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет , себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкелетіні анық.

Міне, осы заман талабын орындауда өзге пәндердің ішінде негізгі пәндердің алар орны ерекше.

Осы ұсынылған әдістемелік құралда дарынды балаларды анықтап, табу жолдары, оларды ғылыми жұмысқа баулу туралы нақты ұсыныстар мен жоспарлар келтірілген.

Әдістемелік құрал оқушылардық ғылыми қоғамын ұйымдастырушыларға және пән мұғаліміне арналады.












КІРІСПЕ


МҰҒАЛІМ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТА ОТЫРЫП, ДАРЫНДЫ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТОҒЫЗ САТЫСЫ


Бүгінде дарынды тұлға тәрбиелеу үшін ең алдымен мұғалімнің өзі шығармашыл болға тиіс. Өзінің және өзгенің өміріне саналы ақыл-ой иесі ретінде қарай білетін, дене күші мол, жігері мықты, өзгерістерге бейім, дарынды тұлғаны жаңа буын ұстазы қалай тәрбиелейді? Немесе мектепте көл–көсір білім беріп, тұрмыста жарамсыз етіп шығаратын дәстүрлі білім жүйесінен бас тартып, білім берудің жаңа сапасын орнықтырудың шарттары қандай? Бүгінде республикамыздағыдағы білім беру парадигмасы қаншалықты өзгерді дегенімен де, ақын – педагог

М. Жұмабаевтың бір ғасыр бұрын айтқан: «Тәрбие деген баланы бетке қақпай бетімен жіберу емес немесе отырса басқа, тұрса аяққа ұрып кер бала қып өсіру де емес. Баланы тәрбие қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам етіп шығару деген сөз» - деп айтқанын алға тартпасқа шарамыз жоқ. Себебі, бұған дейінгі білім беру жүйесінің жемісі болған бала, мектепте кілең беске оқып жүрсе де, өмірде өз жолын таба алмайтын, қоғам күйзелісіне айналғаны ащы болса да шындық. Дей тұрсақ та қай мәселені болса да біржақты қарауға болмайды. Кеңес дәуірінің білім жүйесі заманына сай әлемдегі ең озық жүйе саналғаны рас. Оны түбегейлі ешкім өзгерте алмайды. Солай бола тұра экономика мен қоғам өзгерісіне сай жаңа білім сапасын іздеу орынды да. Сондықтан, мына, біздер, педагог деп аталатын қауым елдің міндеті – 3 алсаң да 3, 2 алсаң да 3 деп аталатын жүйеден қалайда шығудың жолын тауып, ақиқат білімді өмірде жарата алатын тұлға тәрбиелеу. Міне, біз сіздерменен осы еңбекте дарындылықты тәрбиелеу төңірегінде ой қорытып, мұғалім құзіреттілігі негізінде шығармашыл тұлғаны тоғыз саты бойынша дамытудың жолдарын ұсынып отырмыз.

Жаңа мектеп мұғалімінің «Пирамида» жобасында дарынды баланы сатылай дамыту

кескіндемесінің тоғыз баспалдағы

1-саты. Тұлға. Тұлғаны тек тұлға тәрбиелейді

2-саты. Ықпал. Ымыралы қатынастың педагогикалық амалдарына лайықтал.

3-саты. Мақсат. Мен ақпаратқа қанық сананың аналитикалық талдаушысымын.

4-саты. Бағбан. Баланы бейініне бағыттайтын басты бағбан.

5-саты. Шыдам. Шығармашыл ынтаның дарынын ашуды меңгер.

6-саты. Бақша. Білімді ақылмен қорыт, шығармашылықпен ал.

7-саты. Баб. Баланың академиялық бостандығы.

8-саты. Меже. Менің еңбегімнің жеңісі – еркіндік.

9-саты. Өжет. Өзінше жетілген ерікті тұлға. деп аталатын баспалдақтарды мұғалім ғылыми- әдістемелік тұрғыда меңгерген жағдайда ғана білім берудің жаңа сапасы орнығып, дарынды бала дүниеге келеді.

«Талант» шыңы. Танымдық ақпараттың лидері, адамдық негізді танушы дайын тұлға.

Бірінші саты – «Тұлға». Тұлға дамытудың бастапқы сатысындағы мұғалім, тұлға сөзінің мәнін және тұлғалық қасиеттерді түсінуі керек. Тұлға сөзі - өзіндік дамуға ерік-жігер жинаған, жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, дербес әрекет иесі деген мәнге ие. Академик С.Л. Рубинштейн: «Тұлға жай ғана адам емес, даралық сапалары, нышандары, қабілеттері дамыған, ізденгіш, ойлап табуға белсенді адам. Ондай адам өз ортасынан оқ бойы озық тұрады» - деп баға береді. Өмірде өз үлесін алуға икемсіз, оқу бағдарламасын қиындықпен қабылдайтын, жаңа ақпаратқа құлқы жоқ қарапайым оқушыны осынау айтылған тұлғалық деңгейге көтеру үшін мұғалімнің өзі де өз даралығын түсінетін, үздіксіз білімді қажетсінетін ізденімпаз болғаны абзал. Міндет пен мақсатты ұғынғынып, оқушы мен тұлға айырмасын білген мұғалім ғана дамудың бұл сатысынан сүрінбей өтіп, екінші сатыға қадам қояды.

Екінші саты – «Ықпал». Ымыралы қатынастың педагогикалық амалдарына лайықтал дегенді білдіреді. Мұғалім мен тұлға қарым-қатынасы тұлғаның өсуі мен дамуына әсер беруші бірден-бір фактор. Сабақтың бала үшін қуаныш көзіне айналуы немесе реніш пен ыза бастауы болуы тікелей мұғалімнің қарым- қатынасы мен тәрбиесіне байланысты. Бізге белгілі, бүгінде белсенді қолданылатын педагогикалық қарым-қатынастың диктаттық, нейтралды, қамқорлық, ынтымақтастық, тіпті конфронтациялы секілді түрлері де кездеседі. Бізге керегі – ынтымастық денгейдегі бейтарап теңдік қатынас аясында құзреттілікті дамыту. Әр бала бір-бір үйдің ханшасы, бір-бір үйдің ханзадасы екенін ескерсек, кез-келген қатынас тұғаға ынғайлы және оның сапаларын дамытуға бағытталған болуы тиіс. Тұлғаға ілтипатпен зейін аудару, белгілі деңгейдегі құрмет оның денсаулығы мен ой саулығына әсер етіп, шығармашылық әрекетінің тууына ықпал етпей қоймайды. «Ықпал» сатысын меңгерген мұғалім құзіреті екінші сатыдан өтіп, үшінші сатыға көтеріледі.

Үшінші саты – «Мақсат» деп аталады. Мен ақпаратқа қанық сананың аналитикалық талдаушысымын деп жіктелетін бұл сатыда мұғалім интернетпен, компьютермен тығыз байланыста бола отырып, шәкіртінен де соны талап етуі керек. Әлем жаңалығын уысында ұстағандай сезіну, кез-келген адамның қай мәселеде болса да біліктілік танытып, өзіне сенімді болуына әсер етеді. Компьютерсіз мұғалім – мұғалім емес деп түсінсек, ақпаратсыз шәкірт тұлға емес деп те түсінуіміз керек.

Төртінші саты – «Бағбан» сатысы. Мұнда мұғалім баланы бейініне бағыттайтын басты бағбанға айналады. Өзін-өзі танитын, нені қажетсініп, неден бас тарту керектігін айқын айыра білетін шәкірттің бейін сапасын сабақ барысында аңғару қиын емес. Егер естеріңізде болса, 8 сыныптың қазақ әдебиетінде Ш. Айтматовтың «Найман - Ана» деп аталатын шығармасы бар. Онда Жоламан атты жас жігіттің басына жуан-жуандар түйе терісін қаптап азапқа салатын тұсы кездеседі. Мұны өтіп жатқан мұғалім баланың жаратылыстану–физика немесе биология бағытына құштар екенін білсе, Жоламанның жай-күйін: «Күн қатты қызған сәттегі Жоламанның басындағы ауырсынуды баяндап бер?»- дегеннен гөрі, «Күннің қатты ысуы әсерінен Жоламанның бас терісінде қандай өзгерістер болды?» немесе «Сарыөзектің сары даласындағы жел уілін суретте»- дегеннен гөрі, «Сарөзектің сары даласында желдің үнемі уілдеген дыбыс шығаруы неден?»- дегендей өз бейініне ыңғайластырып сұрақ қою арқылы оның екінші салаға бейін көзін ашып, жетекке ергізуіне болады. Осылайша бейін айқындалып, ынта оянғаннан соң ғана, шығармашылық жайлы сөз қозғау керек.

Дарынды дамудың бесінші денгейіне жете алған мұғалім «Шыдам» сатысына шығады . Ол - шығармашыл ынтаның дарынын ашуды меңгер дегенді мензейді. Бұл мұғалім үшін жауапты, бала үшін шешуші саты. Баланың бейіні айқын, мұғаліммен қарым-қатынасы әбден орныққан соң, енді оның өз бойындағы дарынын дамытудан өзгеге аландауына негіз жоқ. Дарындылық дегенің өзі не? Мұғалім оны бала бойына қалай егеді? Оның жолдары қандай?

Дарын деген сөздің мәні – адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғарғы формасы. Дарындылықты философиялық сөздікте: «Проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеялық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» - деп түсіндіреді. Дарындылық идеясын алғашқы боп Гераклит ендірген екен. Егер бір мұғалім баланы қайталанбайтын сонылықтың, ерікті ізденудің жолына сала алса, және ол шәкірті сол ізденуден қуанышқа бөленіп, өзінің ішкі дүниесін жаңартуға минут сайын, сәт сайын талпынып отырса, міне, сол нағыз шығармашыл дарынды тұлға. Тап осы үрдісте мұғалім баланың шығармашыл тұлғаға айналғанын басқаларға танытып, оның өз ісінен қанағат табуына көмектесе білсе, онда шығармашылықтың сақталуы мен үздіксіз дамуына кепіл бола алады.

Алтыншы саты - «Бақша», білімді ақылмен қорыт, шығармашылықпен ал деп жіктеледі. Жоғарыда баланың тұлғалық, қарым-қатынас, шығармашылық болмыстары айқындалып еді. Ендігі жерде білім шығармашыл тұлғаға талғаммен беріліп, қажетіне жарауы керек. Ақындыққа бейім бала, жатпай – тұрмай жазушылардың көркем шығармасын оқып, тілін байытуы керек те, математикаға бейім тұлғаға сол төңіректегі іспен шұғылдануына жағдай тудырып, оның үнемі дамумен, жылжумен, өсумен болуын қадағалау керек. Бұл денгейге жеткен баланың мұғалімнен білімі асып, оқығаны басым болып жатса, таң қалудың қажеті жоқ. Ол заңды да. Себебі, дарын көзі ашылып, жаңалыққа құмарлығы пайда болған тұлғада өз бетінше дамуға құштарлық оянады. Мұндай баладан білмегеніңізді сұраудан ұялмай-ақ қойғаныңыз жөн, ол оны шабыттандырып, қанатына қанат байлайды.

Біз мақсаттың «Баб» деп аталатын жетінші сатысына көтерілдік. Ол баланың академиялық бостандығы дегенді білдіреді. Дамудың жетінші сатысындағы тұлғаға бағыт бергеннен гөрі, сырттай бақылағаныңыз дұрыс. Тұлға еркін көсіліп, өз бетінше әрекет еткені мақұл. Мұнда бостандық деп отырғанымыз - қатып қалған сабақ кестесі болуы да мүмкін. Мәселен, болашақ ақын физика сабағында отырып, өзі естіген құбылыс жайлы кенеттен өлең жаза бастаса, оған пән мұғалімі түсіністікпен қарап, баланың бостандығына бұғау салмауы керек.

Сегізінші саты - «Меже» - менің еңбегімнің жеңісі – еркіндік деп аталатын сатыға келгенде ойымыздағы тұлға қалыптасып, межелі жерге жеткен болады. Тұлға бұл сатыда өз шығармашылығының пайдасын көріп, ләззәтін сезінуі үшін мұғалім оған жағдай жасауы керек. Ашқан жаңалығын баспасөзде жариялап, кітапшалар шығаруға, сайыстарда жеңіске жетуіне көмектескені жөн. Еркін дамудың арқасында, жеңіске жеткен тұлға, өмірде де жеңіске жететін болады.

Соңғы саты - «Өжет» бұл - өзінше жетілген еркін тұлға дегенге саяды. Бұл сатыға жеткен бала - өз дегені бар, құзіреттілігі дамыған, адами қасиеттері қалыптасқан, өмірге икемді, ешкімге жаутаңдамайтын, қадамы нық, бәсекеге қабілеті тұлға болып шыға келеді. Осы аталған тұлға қалыптастырудың тоғыз сатысын бағындырған мұғалімнің құзіреті дамып, тұлғаның шығармашылығы артады. Дамудың тоғыз сатысын бағындырған мұғалім «ТАЛАНТ» ШЫҢЫНА КӨТЕРІЛЕ АЛАДЫ.

Осы орайда мынадай бір мәселе туындайды. «Біз үнемі баланың тұлғалану, тұлғаның шығармашылдану мәселесін айтып келеміз. Сол мақсатқа арнап еңбектер жазып жүрміз, үлкен жиындар өткізудеміз. Бірақ, неге екенін «Баланың өзі дайын дарын болса ше?» деген сұрақ төңірегінде аз ойланамыз. Әр мектепте мың бала бар десек, мың баланың екеуі дайын дарын болуы әбден мүмкін. Біз сол тұлғалардың дарындылық қасиеттерін жоғалтып алмауы үшін де жол іздеп, жөн салуымыз керек. «Неге 6-7 сыныпқа дейін үздік оқитын оқушы 9-10 сыныпқа келгенде мотивациясы төмендейді?» деген мәселенің түп-төркініне назар салғанымыз жөн. Мұны қамтитын дербес саты – ол – «Талант» сатысы. Танымдық ақпараттың лидері, адамдық негізді танушы дайын тұлға дегенді меңзейтін саты бойынша өрлеу баспалдақтарын құрып, ізденіске түсу әр біріміздің абзал міндетіміз болып қала бермек. Талант сатысы бойынша өрлеу баспалдығының алғашқы сатысы оқушылардың ғылыми қоғамын құру болып табылады. Ал қоғам қалай құрылады? Оның мазмұн мақсаты қандай, жұмыс бағыты мен нақты жоспарлар сипаты қандай болғаны дұрыс? деген сауалдарға жауапты осы еңбек барысында табатын боласыздар.


















Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат - міндеттер мыналар:


1.Баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік, құнды шығармашылық қабілетке айналдыру және осыған педагогикалық басшылық жасау.

2. Ғылыми жұмыспен айналысуға әр бағыттағы пән бірлестіктерінің жетекшілері ұсынған оқушылар немесе өзін-өзі ұсынған оқушы мүше бола алады.

3. Оқушылардың ғылыми жұмыстары тәртіп бойынша жылына бір рет шақырылып, тыңдалады.

4. Отырыстарда оқу жылының міндеттері айқындалып, нәтижелері шығарылады, жеке секциялар жұмысының есебі тыңдалып, жұмыс жоспары бекітіледі, және басқа да шешімдер мен құжаттар қабылданады. Іс-шаралар мен жылдық жоспарлар үлгісі дайындалады.

5. Оқушылардың ғылыми сессиясында мамандар, ғалымдар және мұғалімдер келісім шарт немесе қосымша қызмет атқаруы бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жұмыс істейді. Олар секцияларға, дарынды балалардың ғылыми бірлестігіне, сол сияқты оқушылар таңдап алған жеке жұмыстарына жетекшілік етеді.

6. Ғылыми жетекшінің, кеңесшінің басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша және оқушылардың тақырыптық шығармашылық жұмысы бойынша ғылым игеру сабақтары аптасына кемінде бір-екі рет ұжымды түрде немесе жекелей өткізіледі.

7. Қорытындыланған жұмыс ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарынан келген ғалымдарды қатыстыра отырып, конференция түрінде өткізіледі. Қазылар алқасы ең үздік жұмыстарды таңдап, оларды облыстық, ғылыми жарыстарына ұсынады.

8. Қысқы және жазғы демалыс кездерінде оқу жаттығу жиындары, бағдарлы лагерлер, экспедициялар, саяхаттар ұйымдастырылуы керек.


Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің құқықтары төмендегідей реттеледі:

-Жұмысына, барлық іс – шараларға қатысуға;

-Әр түрлі секция, білім жұмыстарымен танысуға және бір секциядан екінші секцияға өтуге;

- Қоғамның және оның бөлімшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын енгізуге;

-Өз жұмысын ғылыми жарыстарға, конференцияға қатысу үшін ұсынуға:

-Оқушылардың ғылыми қоғамы немесе оның секциясы, филиалы жұмыс істейтін зертхана мен кафедралардың құрал-жабдықтарын пайдалануға құқылы.



Ғылыми қоғамының әр бір мүшесінің міндеті:


  1. Ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізуге;

  2. Сапалы білімге және ғылыми ізденіс дағдыларына ие болуы үшін талаптануға:

  3. Өзінің ғылыми деңгейін көтеруге;

  4. Оқушылардың ғылыми қоғамының мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға;

  5. Мәжілістерде баяндамалар мен хабарламалар жасап тұруға;

  6. Оқушылардың ғылыми қоғамы басшылық ұйымдарының тапсырмаларын жауапты орындауға;

  7. Қоғам жұмыс істейтін ғылыми мекеменің зертхана, кабинет, құрал-жабдықтарына ұқыпты қарауға;

  8. Бір немесе бірнеше шығармашылық топтары белсенді жұмыс істеуге, ғылыми сессия, конференция, экспедицияға қатысуға таңдап алған ғылыми саласы бойынша білімін өздігінен тереңдетуге;

  9. Өз жұмысы жөнінде есеп беруге міндетті.


Дарынды баланы дамытудың кезеңдері:


  1. Диагностикалық кезең:

-Бала бойындағы нышанды байқау, дарын мен бейінді анықтау, интуиция.

-Баланың өз деңгейін өзі анықтауы.

-Бала өз бойындағы шығармашылыққа қажетті білім, біліктің жетіспейтіндігін сезініп, оны толықтыруын қалауы.


2. Мотивациялық кезең:

-Баланың бейініне сай білім ге сұранысын талқылау, толықтыру.

-Идеялар мен көзқарастарды ортаға салу, еркіндік, шешімділік,тәуекелшілділік, ойдың қалыптан тыстығы.

-Қарым-қатынасқа дайындау, тапқырлық, импровизациялай алушылық, рефлекциялық мәдениет.

-Ынталану, жалпы эрудиция.


3. Жаңа тәжірибе меңгеру кезеңі:

-Қалыптасқан көзқарастарды өзгертуге бағытталған жұмыстар.

-Әрекеттік амал негізінде жаңа білімді талқылау, ақпараттарды сұрыптау.

-Жаңа шығармашылық ойлардың тууы.


4. Жаңа көзқарастар қалыптастыру кезеңі:

-Жетістігін басқалардың тәжірибесімен теңестіру, қажет болса түзетулер жасау.

-Жаңа болжамдар жасау.

-жаңалықты қолдану.

-Тақырып алдындағы және кейінгі білімдерін ойша салыстыру, қорытынды шығару.

-Рефлексия (ой толғаныс)

-Кері байланыс және алға үздіксіз ұмтылыс.



Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Дарынды оқушылардың ғылыми қоғамы – бұл белгілі бір ғылым саласын меңгеру үшін өз білімін жетілдіруге, инттелектісін дамытуға талаптанған оқушылардың ерікті шығармашылық бірлестігі. Қоғамға ортақ мақсаттағы балалар топталады. Олар мынадай секциялар болуы мүмкін: Лингвистикалық, математикалық, эко-биологиялық, тарих, география, психология, педагогиака, социология т.б.

ОҚҒ секциялары жұмысының негізгі құжаты оқу жылына арналған жоспар болып табылады. Ол мынадай баптар мен білімдерден тұрады:

  1. Секцияның аты.

  2. Секция мүшелерінің ізімі

  3. Секция жетекшісі

  4. Секция құрудағы мақсат пен оның негізгі міндеттері

  5. Секция жұмысының басты бағыттары

  6. Секция жұмысының формалары:


  1. Зерттеу сабақтар,

  2. Практикалық сабақтар,

  3. Шығармашылық сабақтар,

  4. Теориялық-қорытындылау жұмысы (ғылыми баяндамалар, ғылыми жобалар қорғау, байқаулар, олимпиада, кіші және үлкен конференциялар)

Секция жұмысының жоспары ОҒҚ алғашқы сабақтарының бірінде бекітіледі.

Әр секцияда басқару органы сайланады. Бұл секция мүшелерінің сабақтарға толық қатысуын қамтамасыз етеді.

Алғашқы сабақтарда жетекші оқушыларды секция жұмысының барысымен таныстырып, зерттеу жұмысының мәнін сіңдіреді. Олардың дайындық деңгейін, ғылымға қызығушылығын анықтайды. Ұсынған тақырыптарын белгілейді. Оқушыдардан толық және қызықты мәлімет алу үшін төмендегі сауалнамаларды жүргізуге болады.


Оқушының ғылыми зерттеу жұмыстарына көзқарасын анықтайтын диагностикалық

САУАЛНАМА


  1. Адамды ғылыми жұмысқа не жетелейді? -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


2. Ғылыми зерттеумен айналысатын оқушының алдында қандай мақсаттар тұруы керек?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ғылыми зерттеуші істі неден бастағаны жөн? -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


3. Ғылыми жұмысқа қызығушылығың қандай?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Ғылыми зерттеу жұмысымен шұғылдану кез-келген адамның қолынан келеді дегенге сенесің бе?--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Ғылыми зерттеу ісіне қалай тартуға болады? --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


  1. Сені ғылыми жұмысқа қай пән ынталандырады? ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


  1. Білімділік пен ғылымилық түсінігінде қандай айырмашылықтар бар? ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




Бекітемін:

Мектеп директоры: Т.Досметов



ОҒҚ жұмыстарының ай сайынғы отырыстары


Мерзімі

Жұмыс мазмұны


Жауапты

Жұмыс нәтижесі

Қыркүйек

Қоғамның ережесін талқылау, бекіту. Диагностикалық материалдарды дайындау, ОҒҚ мүшелеріне диагностика жүргізу


Психологиялық қызмет ОҒҚ кеңесі

Диагностика материалдары

Қазан

Секцияның болашақ жетекшілерімен кездесу. Жоспарларын бекіту. Мүшелерімен сауалнама жүргізу, нәтижесін шығару.


ОҒҚ кеңесі

Қабырға газеті

Қараша

Сабақ. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Мектепішілік ғылыми конференция өткізу.


Кітапхана қызметкерлері

Әр балаға жадынама

Желтоқсан

Сабақ. Интернетпен, электронды каталогпен жұмыс. Оқушылардың ғылыми қоғамының презентациясы.


Секция жетекшілері.ОҒҚ мүшелері

Жаднама

Қаңтар

Ғылыми жұмыстарды секция отырыстарында талқылау. Қоғам мүшелерінің таңдаған тақырыбы бойынша атқарған жұмыстарының есебін тыңдау.


Секция жетекшілері

Видео жазба, сайдта ақпарат жинау

Ақпан

Ғылыми жұмыстарды секция отырыстарында талқылау. Жаңалықтар идеясы фестивалін өткізу. Жұмыстарды өңдеу.


Секция жетекшілері

Видео жазба, сайдта ақпарат жинау

Наурыз

Ғылыми конференция. Сырдария университеті, Ғылыми зерттеу институтымен бірлесе өткізілетін ғылыми жарыста жұмыстарды қорғау. Жеңімпаздарды марапаттау.

Жетекшілер мен пән мұғалімдері

Пленарлық мәжілісте қорғау

Сәуір

Сабақ. Жарыс қорытындысын талдау және келесі зерттеуге дайындық.

Секция жетекшілері, психологтар, ғылыми жетекшілер

Сайдттағы ақпарат

Мамыр

Жылдық қорытынды



Сайдттағы ақпарат, кітапша шығару




Бекітемін:

Мектеп директоры:


Дарынды оқушымен жыл бойы атқарылатын жұмыстардың іс-шаралары

Атқарылатын жұмыстар


Мерземі

Жауапты

1

Дарынды балаларды бейіні мен шығармашылық қабілеттеріне сай іріктеу, тест сынақтарын алу, мүшелікке конкурс жариялау.

Қыркүйек

Коммисия мүшелері

2

ОҒҚ-ға мүшелікке ендіру, жеке жоспарын бекіту, тақырып таңдау, алдында тұрған жаңа міндеттерді белгілеу.

Қыркуйек

ОҒҚ жетекшісі

3

Оқу кітапханасымен байланыс кестесін құру, мерзімді ақпарат құралының салалық басылымдарына жаздыру.

Дер кезінде

Пән мұғалімі

4

Қоршаған ортаны танып білудің пәнге тән құралдарын меңгерту

Үнемі

Пән мұғалімі, ғылыми жетекшісі

5

Қисынды ойлауы мен танымдық қызметтерін және кеңістік туралы түсінікттерін дамыту.

Үнемі

Пән мұғалімі, ата-ана,қоршаған орта

6

Дүние танымдық көзқарастарын дамытуға көмектесу

Үнемі

Психолог, сынып жетекші, пән мұғалімі

7

Зейіні мен байқампаздығына, ұқыптылығы мен дәйектілігіне және дербестікпен֟жоспар құра білуіне, еңбек етуіне ықпал жасау.

Үнемі

Пән мұғалімі

8

Қоғамға пайдалы, келешекке керек тиімді жұмысты таңдауына ой салу.

Бастапқы кезеңде

Пән мұғалімі, ғылыми жетекшісі

9

Оқушыны олимпиадаға, ғылыми жарыстарға дайындалуы үшін арнайы уақыттарды жоспарлау.

Кезінде

Пән мұғалімі

10

Дарындылықты қорғау онкүндігін өткізу.

Қараша

Мектеп әкімшілігі, пән мұғалімі

11

Оқушыны ғылыми ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету

Ұдайы

Пән мұғалімі

12

Балаларды мекемелерге саяхатқа шығару (Сырдария университеті, Ғылыми зерттеу институты, Жетісай гум. колледжі т.б)

Тоқсанда бір рет

Сынып жетекшісі, пән мұғалімі, ғыл. жетекшісі

13

Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптарды түсіндіру шараларын жүргізіп отыру.

Бастапқы кезеңде

Пән мұғалімі, ғылыми жетекшісі

14

Зерттеу жұмыстарының түрлерін ұғындыру: баяндама, тезистер, ғылыми мақала, ғылыми есеп, реферат, ғылыми жоба т.б

Керек кезінде

Пән мұғалімі, ғылыми жетекшісі

15

Ғылыми жұмыс жазуға оқушыға қажетті зерттеу дағдыларын қалыптастыру

Ұдайы

Пән мұғалімі, ғылыми жетекшісі

16

Интеллектуалдық жарыстар өткізу

Айына бір рет

Сынып жетекшісі, пән мұғалімі,

17

Еңбектерін баспасөзде жариялау.

Кезінде

Пән мұғалімі, ғылыми жетекшісі





Дарынды оқушымен жұмыстың әдістері мен тәсілдері


Жоғары оқу орындарына түсуге оқушыларды даярлау



Болашақ ғалымдарды тәрбиелеу


Үздіксіз ізденісте жүретін шәкірт тәрбиелеу




«Дарын» тест орталықтарымен тығыз байланыста болу




Кез-келген пәнді оқу міндеті сол пән ғылымын зерттеу болып табылатындығын түсіндіру.


Үздіксіз ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу, бекітілген тақырыптар төңірегінде материалдар жинақтап, шығармашылық жұмыстар беру



Сабақта және сабақтан тыс уақытта жеке журнал арнап, оқушылардың әр вариат бойынша білімдерін тексеріп отыру


Республикалық, облыстық, аудандық ғылыми зерттеу жұмыстарының жарыстарына қатыстыру.



Интернетпен, кітапханалар мен жоғары оқуорындарымен үздіксіз байланыс жасауына жол ашу.





























DrawObject1 Дарынды оқушы туралы

АҚПАРАТТЫҚ МӘЛІМЕТ


1. Оқушының аты-жөні--------------------------------------------------------------------------------2. Туылған жылы, сыныбы----------------------------------------------------------------------------3. Ғылыми жұмыс бойынша таңдаған пәні--------------------------------------------------------4. Пән мұғалімі------------------------------------------------------------------------------------------5. Ғылыми жетекшісі-----------------------------------------------------------------------------------

6. Тақырыбы------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

7. Жұмысты бастаған уақыты------------------------------------------------------------------------8. Өзге қай пәндерге бейім?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

9. Болашақ мамандығы---------------------------------------------------------------------------------

10. Зерттеудің қай түрін ұнатады?---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

11. Жетістіктері----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

12. Ұстанған бағыты------------------------------------------------------------------------------------

13. Арманы-----------------------------------------------------------------------------------------------14. Бос уақытта немен шұғылданғанды қалайды?-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

15. Жалпы пәндерге ынтасы--------------------------------------------------------------------------

16. Пән бойынша қиындық тудыратын мәселелері------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------17. Денсаулығы------------------------------------------------------------------------------------------

18. Балаға психологиялық тұрғыдан берілген мінездеме---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

19. Қоғаммен, сыныптастарымен қарым-қатынасы------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------20. Қосымша қызығушылықтары------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




Оқушыға қажетті құрал - жабдықтар


  1. Оқушы 2 күнделік арнауы тиіс:

    1. Тұрмыстық, (мұнда зерттеуші күн сайынғы өз іс-әрекетін сипаттайды)

    2. Арнайы, (берілген тапсырмалардың орындалуын жазады)

  2. Партфолио (файылдарға жинақталған материалдарын салады)

  3. Фотоальбом (зерттелуші мәселе не объект туралы суреттерді жинақтайды)

  4. Видеокамера (зерттеліп жатқан объектіні немесе оқиға болған жерлерді, куәгерлердің айтқан сөздерін, тарихи тұлғаның ұрпақтарын түсіріп алады т. б. әр пәнге лайық зерттеу шараларын жүзеге асырады.



Оқушылардың ғылыми қоғамына мүше болған оқушыдан не күтіледі?


  1. Ғылыми – зерттеу жұмыстары оқушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін көтереді.

  2. Ғылыми тақырыптарды зерттеу барысында ғылыми сипаттама беруді үйренеді.

  3. Ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп, танымдық белсенділігін арттырады.

  4. Алынған деректерге теориялық талдау, өзіндік тұжырым жасауды үйренеді.

  5. Ғылыми еңбектермен (кітап, баспа материалдары) жұмыс жасау әдістерін меңгереді.

  6. Ғылыми еңбек жазудың өлшемдерін, амал тәсілдерін меңгереді.

  7. Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешүде шығармашылық белсенділік көрсетіп, ғылыми нәтижесін алады.

  8. Қоғамдық өмірге икемделген инттелектуалды жеке тұлға дамиды.

  9. Ғылым-білімді шексіз сүйетін, жаңалық ойлап табуға бейім адам қалыптасады.




















-------------------------- пәні бойынша дарынды оқушыны ғылыми

жұмысқа бағыттайтын факультатив сабақтың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Өтілу мерзімі

Мақсаты

Меңгеруге тиіс білім-біліктері

Сабақтың түрі мен әдісі

Үйге тапсырма

1











2











3











4











5











6











7











8











9











10











11











12











13











14











15











16











17











18











19











20











21











22











23











24











25











26











27











28











29











30











31











32











33














34












Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Б.А.Тұрғынбаева «Ұстаздық шығармашылық» Алматы, 2007 жыл

2. Ф.Қасқабаева «Дарынды оқушымен жұмыс» Алматы, 2005 жыл

3. А. Егімбаева «Қазақстан мектебі» журналы, 2007 жыл №3











































Мақтарал ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті













ДАРЫНДЫ

ОҚУШЫЛАРМЕН

ЖҰМЫС



Оқу мотивациясы жоғары оқушылармен жүргізілетін жұмыстар үшін әдістемелік нұсқау






















Жетісай қаласы



Әдістемелік нұсқау аудандық әдістемелік кеңестің 2008 жыл, №2 отырысында қаралып, пайдалануға ұсынылды.






Х. Меделханова, Д. Ақылбаева

«Дарынды оқушылармен жұмыс» - 2008 жыл, көлемі 25 бет.











Бұл әдістемелік нұсқауда оқу мотивациясы жоғары оқушылармен жүргізілетін жұмыстар, дарынды оқушыны қалыптастыру және дамыту жолдары, оқушылардың ғылыми қоғамын құру бойынша жеке жұмыс түрлері көрсетілген. Кітапша әр пән мұғаліміне дайын жұмыс журналы ретінде пайдалануға ұсынылады.


















Х. Меделханова, Д. Ақылбаева

Мақтарал ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті









Бекітемін: Келісемін: Қаралды:

Директор Оқу ісінің меңгерушісі Қаулы №

-------------- ---------------- --------------

-------------- --------------- --------------







Оқу мотивациясы жоғары оқушылармен жүргізілетін жумыс


ЖУРНАЛЫ




Пәні ..........................

Сыныптар .................

Мұғалім .....................

Сағат саны ..................

Аптасында .....................






Жоспарлы сағаттар ................. сынақ ................тест................бақылау..............


Оқулықтар ................................................................................................................

Аты, авторы, шыққан жылы






















Сабақ кестесі және кестеден тыс сабақтар




І кезек


Сабақ №

үзілістер

дуйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі
























































ІІ кезек


Сабақ №

үзілістер

дуйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі




















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.02.2025
133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі