Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ДӘСТҮР МЕН ДАҒДЫ: асық ойыны арқылы ұлттық рухты дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының жұмбақтарының күрделі бір тобы – төрт түлік малға, хайуанаттарға арналған – ол жұмбақтарды жастарға айтқанда әрбір малдың өзіндік мінез – құлқы, қасиеті, түр сипаты, өзіндік жасайтын қызметі суреттеледі. Жұмбақ баланың дүние тану әлемін, ой өрісін, білімін тереңдететін, әрбір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жан – жансыз нәрсенің, адамның ойына келе бермейтін қасиетін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда халқым баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып-терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен ерекше көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, алдымен кіммен қан араластырады, кіммен құда болады, сол ниетпен текті жердің қызына құда түсіп, келген келіннің некесін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ДӘСТҮР МЕН ДАҒДЫ: асық ойыны арқылы ұлттық рухты дамыту»

Жетилбаев Асхат Сайынович педагог-сарапшы

Алматы қаласы №177 мектеп-гимназия.

Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім – нанымдарымен дәстүрлерімен, салттары және әдет – ғұрыптарымен,шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамыс бірлікте алға шығады.  Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар жиынтығымен бірге, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін белгілейді, белгілі өмірі тәжірибесі сондай – ақ ішкі мақсат пен дағдыланған әрекеттер тудырып, жеткіншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын жобалайды және бағыттайды.Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау бақсылық нанымға, діни әдет – ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдерді тұрмыс – салт жырлары деп атаймыз. Мұны мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге болады.

а) Төрт түлік мал туралы

ә) Діни әдет ғұрып тудырған жырлар

б) Үйлену жырлары

в) Ұлыс жырлары

г) Бөбек жырлары

д) Жаназалау жырлары

ж) Шешендік сөздер, мақал мәтел, жұмбақтар.

- Баланы айналасындағы қоршаған әлеммен  таныстырудың  тағы бір құралы  ол – жұмбақ.    Жұмбақ деген ол баланың күнделікті  өмірде көріп жүрген жанды  - жансыз  заттарына  ұқсас нәрселерді  сипаттай отырып,  сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейінін ұштау, әрбір нәрсенің  негізгі белгілері қандай, оны немен салыстыруға болады деген ой  елегін көз алдына елестете отырып, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше.

Қазақ халқының жұмбақтарының күрделі бір тобы – төрт түлік малға, хайуанаттарға  арналған – ол жұмбақтарды жастарға айтқанда әрбір малдың өзіндік  мінез – құлқы, қасиеті, түр сипаты, өзіндік жасайтын  қызметі суреттеледі. Жұмбақ баланың дүние тану әлемін, ой өрісін, білімін тереңдететін, әрбір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жан – жансыз нәрсенің,  адамның ойына келе бермейтін қасиетін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда халқым баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды.  Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып-терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен ерекше көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, алдымен кіммен қан араластырады, кіммен құда болады, сол ниетпен текті жердің қызына құда түсіп, келген келіннің некесін қиып-ақ батасын беруден бастаған. Одан соң өмірге нәресте келеді,оған лайықтап ат қойып,бесікке салып,тұсау кесер рәсімдерін жасап,өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін,өзінің шыққан тегін,халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген. Имандылықтың алғашқы әліппелерін де үйретіп, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасап, ағайын-туыс, көрші-қолаң, ауылдаспен ауызбірлікте өмір сүруге үйреткен. Ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің де бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Ақылды енелер жаңа түскен келіндерінің,жаңа туған нәрестелерінің жылы алақаны, шуақты күндері бола білген. Мұндай ұяда тәлім-тәрбие алған бала да өнегелі, сулы жерге желкілдеп біткен құрақтай болып өскен. Сондықтан да халықтың осы жерде: «Әже-қайнар бұлақ, бала- жағасындағы құрақ», «Әке көрген-оқ жонар,  шеше көрген-тон пішер» деген нақыл сөздері дөп келіп тұрғандай.

«Баланы жастан» дейді халық. Зерделі халқымыз балаға жастайынан жақсы өсиет, кеңестер арқылы өнегелі тәрбие беріп, қимыл-әрекетіне байқау жүргізіп, оның ішінде әсіресе,ойынға да үлкен мән берген. Ойынды-бар өнердің бастауы деп біліп, әр ойынның уақыт өткізу үшін емес, белгілі бір мақсатпен ойлануға, айналаға зер салуға, шапшаң, епті болуға, күшті-мықты болуға, әсемдік пен сыпайылыққа тәрбиелейтінін аңғарған.

Ойын балалар үшін  тек жұбаныш пен уақыт оздыру, ойын-сауық пен қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. «Соқыр теке», “Көк сиыр”, “Бөрік жасырмақ” т. б. ойындарының мазмұны ерекше. Тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары “Қыз қyу”, “Көкпар”, “Аударыспақ” т.б. ойындары  бүгінгі күнге дейін белгілі. Бұл ойындардың дене тәрбиесін дамытуда алатын орны айрықша.

 Қазақ халқының  бала тәрбиесіндегі  жас өспірімдерді үш топқа бөлуі:

1-7 жас аралығы – нәресте           Ежелгі қазақ ойындары

7-10 жас аралығы – бозбала        Қозғалмалы ойындар

15-30 жас аралығы – жігіт           Спорт ойындары

 Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген, тіпті көшіп-қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. Халық  өсірген балапанының бойынан мінез – құлқында, ақыл – парасатынан, жүріс – тұрысынан ең арғысы тілінен бір мүкіс болмас үшін ойын түрін  ойлап тапқан,  ондай ойынның бірін  жаңылтпаш дейді.

  Қазақтың  салты бойынша ойын – сауыққа жиналған  жастар ән салып, өлең  айтуға тиіс. Егер  айта  алмаса  онда жаңылтпаш айту керек. Ойын басқарушы  алдымен өзі мәніне  келтіріп айтады, сонан  соң  оны  ол қайталайтын  болған.

XXI ғасырдың бірінші жартсында қазақ даласын Сібірге жер аударылған поляк А. Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың ойын-сауығының халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен астасып жатқанын таң-тамаша еткен.   Қазақтың ұлттық ойындарының  мазмұны төмендегі түзілімдердегідей:

         -    жаңылтпаш ойыны. Бұл ойынды әуелде тілінің мүкісі бар, әр әріпті, дыбысты дұрыс айта алмайтын балалар үшін пайдаланған халық педагогикасының бір саласы. Кішкене кезінде ‘р’-дың орнына ‘и’-ді ауыстырып айтуға байланысты халық үні, әуені әдемі өлеңделіп:

Дегенде, ей, Тайқарбай, әй, Тайқарбай,

   Қойыңды мол жусанға жай, Тайқарбай,

   Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,

   Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай?

деп балаларға әр дыбысты өз орындарында айтуға дағдыландыру арқылы тіл мүкісін түзетуге көмектескен ойын түрі.

     

          Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының бірі – ойындар. Халық педагогикасы олардың бала өсуі, дамуы мен қалыптасуы факторын көреді. Оның «Бала өсірген ата- ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаздар бала болып ойлайды» деді осыдан.

   Ойындар тек жұбаныш пен уақыт оздыру, сауық – сайран мен балалар үшін қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар.

  Қазақ халқының көптеген спорт ойындарының ішінде ең ерекше жоғары бағаланатыны атқа байланысты ойындар. Солардың ішінде, «ер қанаты - ат» дегендей, ат жарысы, көкпар тарту ойындары қазақ өмірінде басты орын алып келді. Өйткені бұл ойын түрлері адам мен жануарлардың біртұтас тұтасқан, шеберлік қимыл, қозғалыстарының ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан да сонау бағзы заманнан келе жатқан, қазірде кең тараған бұл ойын халықтың дәстүрлік ерекшеліктерін көрсететін тарихи дерек деуге болады. Өйткені бұл ойынның бойында көне көк бөріге бас июшілік бар. Көшпелі дала тайпаларының арасында бөрі атаулы ерекше орын алғаны белгілі. Қазақ жігіттің сырттаны, иттің сырттаны және қасқырдың сырттаны дейді. «Сырттан» ұғымы тек осы үшеуіне ғана қатысты. Сөздің алғашқы түбірі «сырт» басқа бір сыртқы тылсым дүниемен, күшпен байланысты. «Сырт» ұғымы адам күшін басқаратын тылсым дегенді білдіреді. Тура мағынада ол «иесі», «киесі» бар ұғымын тудырды. Көне түркі тайпалары шығу тегін көк бөрімен байланыстырып, тек генеологиялық аңыздарда ғана қалдырған жоқ, оның жарқын іздері көкпар ойынынан көрініс тапқан.

Көкпар тарту – бәйге үшін сайыс. Бұл ойын Шығыс пен Орта Азияның басқа халықтарына да ертеден белгілі. Ойынның екі түрі кездеседі. Бірінші жағдайда тартысқа тек екі салт атты ғана қатысады. Көбіне әр ауылдың, ал спорттық көкпарда екі команда тартысқа түседі. Төрешінің белгісі бойынша әрбір ат үстіндегі ойыншы көкпарға берілген серкешті түсіруге күшін салады. Сөйтіп, арнаулы бәйгені атайды. Тақым тартыс немесе көкпар барған үйден сый алуды мақсат етеді. Ал қалған ойыншылар көкпарды алып, оза шауып кеткен үздіктерді қуа жөнеліп, тартысты жалғастыруға міндетті. Көкпар кезінде жерге түскен лаққа жаппай таласты – дода, ал ең мықты деген жігіттердің жекпе-жегін – тақым тартыс деп атайды. Тақым тартыс кезінде екі жігіт ат басын құйысқандарына қарата, айқаса тұрып лақты тақымдарына басады да екеуі екі бағытта жүре тартысады.

Асық. Ат ойындары, мереке сән салтанаттарында, той, ойын-сауық шашулары, дойбы, тоғызқұмалақ секілді қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асық ойыны үйде, далада, алаңдарда ойналады.

Асық түрлері сақа, кеней болып табылады. Сақаға қошқар, ісек қой асықтарының ірі оңқайы алынады. «Кеней» деген ұғым  қой, ешкі, киік, қозылы, лақ асықтарының жалпы аты.

Хан екіден алты студентке дейін ойнай алатын асық ойыны. Әр студент келісім бойынша, бірнеше кенейін ортаға қосады. Көбіне, қырық, хан мен қырық бір асық алады. Бір асықты ішінен хан етіп сайлайды. Ол асық қосқан кенейлер санына қосылмайды.

Бектас. Бұл ойынға екі не үш оқушы қатыса алады. Ойынмен бес асықпен ойналады. Кей өңірлерде бармақ басымдай жұмыр бес таспен ойнайды. Кезек алған студент бес асықты шашып тастап, ішінен біреуін алады да, бір асықты қағып алуы керек. Қағып алған асығын бөлек қояды да, әлгіндегі тәсілмен жердегі екінші асықты іледі. Қалған асықтарды да осылайша іліп алып жинап қояды.

Екінші айналымда екіден жиып үлгеру керек, үшіншіден үшеуден, қалған бір асықты жеке төртіншіде төртеуін бірдей алу шарт. Бесіншіде бес асықты алақанға ұстап, жоғары серпіп жіберіп қақшып алу керек. Одан кейінгі айналымдар күрделене береді. Жаңылмай, мүдірмей межеге жеткен студент жеңімпаз атанып, басқа студенттер қалып қойған айналымына қарай жазалайды. Жазаның түрлері: Бір тасты қақпақылдап отырып, жеңілген студенттердің қолының сыртынан жаза алады. Қашан қақпақылдаған тасы түскенше жазалай береді де, тасы түскенше келесі жазаға ауысады. Жазаның түрлері: сипау, шымшып алу, тоқпақ, тырнап алу, күлді үрлеу т.б. бірден онға дейін алақанға шерту, сұқ қол ең қатты шертетін саусақ болғандықтан, шертуге қарсыластың жас шамасына қарай «ортан саусақ», «аты жоқ қол», «шынашақ» пайдалануы мүмкін.

Тәйке. Бұл ойынға екі не бес, алты оқушыға дейін қатыса алады. Ойын үшін тақыр, тегіс жер таңдап алынады. Алаңға түзу сызық сызылып, ойыншылар келісім бойынша бір-бір немесе екі-екі кенейден шығарып, сол сызықтың бойына, араларына бір-екі елідей жер қалдырып, тәйкесінен тізіп қояды. Сақаларын соғыстырып, кезек ретін алғандар үш адымдай жерден сақасын шиырып, тастайды. Тәйке түссе, келесі студенттердің сақасын шиыруын күтпей, кенейді көздеп атуға құқығы бар. Кеңейе түскенде, тәйке түссе, барлық тігулі асықты айтпай-ақ жиып алады. Алшы тұрса – түпте кезекте тұрған студент оны айтып, ойыннан шығартады да, ойын әрмен қарай жалғасады. Тастаған студенттердің сақасы алшы тұрса, қалған студенттер оның сақасын атады, тигізсе – алшы тұрған сақа ойыннан шығады. Ал атқан студенттердің сақасы тиіп, тәйке түссе, ол да кенейді атады. Тигізсе – үлесін алып, қайтара сақасын тастайды. Алшы да, тәйке де тұрмаса, ойыншылар меже сызықтан кезек бойынша кенейлерді көздеп атады, тисе шарт бойынша, асық ұтады. Сызықтан аттап кеткен студент атып тигізген кенейін ала алмайды, айып есебінде және бір кеней қосуына болады. Атқан студент мүлт кеткенше кенейлерді көздеп ата береді. Бұл ойынның күші сақаның тәйке түсуімен ұтымды. Сол үшін ойынға тұрғыш қорғасын сақа қосады.

Шық етер. Бұл ойынның тәйкеден айырмасы, белгіленген сызықтан тізілген кенейлерді шартты белгіленген бір-бірден атып шығады. Тигізіп құлатқан оқушы кенейін алады. Тигізе алмағандар соңын күтеді. Барлық оқушы атып болғаннан кейін алқақотан жиылып, бірінші кезектегі студент тізілген асықтардың біреуіне тигізсе, кенейлерді ұстап алады, ішіне сақасын қосып, жерге шашып тастайды. Оны «жабайлату» дейді. Сақасы қалай жатса, соған жұптас түскен асықтар соның еншісіне тиеді. Оқушылар осылайша кезекпен жабайлатып отырады. Ойыншылар әу баста келіссе ғана атуға немесе жабайлатуға болады. Болмаса бірақ сақа пайдаланылады.

Шыр. Бұл ойынға да екіден төрт-беске дейін студент қатыса алады. Дөңгелек сызық сызып ішіне әр студент бірден, не екіден біріктіріп, топтастырып, асықтарын тігіп қояды. Оны шыр дейді. Ойыншылар сақаларын соғыстырып, кезектерін алады. Бірінші оқушы сақасын ешкім көздей алмайтындай тасалау, ойпаттау жерге алысырақ тастайды. Екінші оқушылардың да, басқасының да солай тастауына болады. Оны жаптым дейді. Бірақ тастаған сақа атуға ыңғайлы жатса, кезектегі түптегі қарсылас көздеп атуға құқығы бар. Тигізсе «өлді» дейді. Өлген сақаның иесі келесі кезекке дейін ойыннан шығады. Алдыңғы студенттердің одан да әрі маңында жатқан сақаларды атып өлтіруге еркі бар. Болмаса, бір сақаны өлтіргеннен кейін, сол жерден шырды атып бұзады. Сақасының жұбына қарай құлаған асықтарды жиып алып, енді біртіндеп кенейлерді атады. Жұп түссе – ұтысын алып, ойынды жалғастыра береді. Бөлек түссе, сол жатқан жерінде жатады. Егер сақасы кенейлермен жұп түспей-ақ, алшы түссе, алыстау басқа жаққа жатуға болады. Бұл заңдылық сақаны сақа көздегенде де сақталады. Тимей кетіп, бүгінен не шегінен түссе, сол жерде жатады. Қарсылас ойыншы кезегін алғанда, оны оп-оңай өлтіре салады. Бұл ойында сақаны атып өлтіріп не шыр бұзып, жұп асықтарды көбірек ұтып, көбірек ұпай жинаған ойыншылар жеңімпаз деп танылады.

Шыр түбінде ең соңғы оқушылардың сақасы ғана жата алады. Оның пайдасы қарсыластар сақаларын атып, ұзап кетеді де, шырға тигізе алмай қалады. Кезегі келгенде қалауынша шырды бұзып жұп асықтарды жиып алады. Ыңғайлы кенейді жауып жатқан сақаға қарай атып жақындап, кенеймен жұп түссе, оның сақасын өлтіруге болады. Шырды бұзып, бар кенейді ұтқан студент жеңімпаз атанып, ойынды басындағыдай қайта жалғастырады. Кенейі біткендер ойыннан ұтылып шығып қалады. Келесі ойында көп ұпай алған студент бірінші болады.

Бестабан. Кей аймақта үштабан, үшқарыс деп атайды. Бұл кезінде үлкен боз оқушылардың өзі ауыл-ауыл боп топаймен ойнаған ұлттық ойын. Қазір асықпен ойнауға болады. Асықтарын араларына сүйем не қарыс жер қалдырып, бір сызықтың бойына тізіп қою керек. Екі жағынан бестабан жер өлшеп, кеней тұрған орыннан қосар сызық сызылады. Екі жаққа бөлінген студенттер бес метр жерден тұрған асықтарды кезекпен атқылайды. Шарты – тигізіп құлату ғана емес, бес табан жердегі сызықтан кенейді шығара білу. Сол үшін қорғасынды ауыр сақалар қолданылады. Оларды судың бетіне тас жалатқандай лақтырады. Бұл ойын үшін дәлдік, мергендік керек. Ұтқандар санын жиып, мәреге жетеді.

Иірсоқ. «Үйірмекіл» деп те атайды. Бұл ойынға екі оқушы қатысады. Алдымен сақаларын үйіріп кезек алады. Кімнің үйірген сақасы алшы тұрса, сол оқушы бірінші кезекті алады да, төрт кенейді жерге соға шашып жібереді, асықтардың жатысына қарай қарсыласына жұп түскен асықтарды екі алшымды, үш тәйкемді, екі бүк, екі шігімді, үш бүк, үш шік т.б. біртекті сол сияқты түрін тап, - деп қолқа салады. Қарсыласы ол да кенейлерді уыстап жерге соға шашып жібереді. Асықтар түрімен жұптасып түсіп, ойын бастаушының айтқанын тапса, ұтысқа жетеді, таба алмаса ұтылған болып саналады. Белгілі санға жеткенде, ұтылған студент басында келіскен шарт бойынша айып төлейді. Ұтылған студент белгілі қашықтықта жүгіріп келуге, ән салуға, тауық боп шақыруға, тіпті болмаса бір рет киноға апаруға т.б. шартты орындауға міндетті.

Асық ойынының бұдан да басқа толып жатқан түрлері бар. Қазіргі уақытта ұмыт бола бастаған бұл ойындарды қайтадан жалғастыруға болады. Студенттерді 1) ептілікке, 2) зеректікке, 3) мергендікке, 4)төзімділікке, 5) ыждаһаттылыққа, 6) пысықтыққа тәрбиелеуге үлесі зор.

Әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995

Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992

3.Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.

Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993

6.З.Әбілова, Қ.Қалиева  «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1999жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2025
11
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12