Материалдар / Дәстүрлі ән
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәстүрлі ән

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі ән өнерін музыка зерттеушілері тұрмыс –салтқа байланысты халық әндері, ғұрыптық әндер, және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр. Ең жоғары кәсіби өнеріміздің бірі ол дәстүрлі музыка яғни дәстүрлі ән өнері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2023
382
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақтың дәстүрлі ән-күй өнері

Қалжанова Л.

Ақтөбе қ. «Қазанғап атындағы балаалр өнер мектебі»

Дәстүрлі ән оықтушысы


Бүгінгі күннің келелі мәселелерінің бірі осы бағдарламаға байланысты кәсіби оқу жүйесінің қалыпты даму сатысы болып табылады. Сабақ берудегі бұрын соңды зерттелмеген кейбір әдістемелік мәселелерді, соның ішінде дәстүрлі ән өнерді терең меңгеруде халықтық музыкалық терминологияны сабақтастырып, қозғауды қажет етеді.

Қобыз бен домбырада орындалатын халық әндері мен күйлері қазақ халқының дәстүрлі өнеріне жатады. Ол – сонау өткен заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Халқымыздың мақтаныш етер асыл мұрасы, бүгінгі ұрпақтың еншісіне жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен әр түрлі болып келеді.

Дәстүрлі ән өнерін музыка зерттеушілері тұрмыс –салтқа байланысты халық әндері, ғұрыптық әндер, және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр. Ең жоғары кәсіби өнеріміздің бірі ол дәстүрлі музыка яғни дәстүрлі ән өнері. Біздің заманымызға жеткен әндердің тақырыбы мен мазмұны, мақамдары мен әуен ырғақтары халықтың ой-арманынан туған ал, халық орындаушылары сол әндерді бұзбай сақтап, келесі ұрпаққа жалғастырып отырды. Біз оқушыларға табиғи қалпы сақталған, әуен ырғағы бұзылмаған, бұрынғы нұсқасы өзгермеген әндерді үйретуге міндеттіміз, әрі мұны болашақта жас дәстүрлі әншіні тәрбиелейтін музыкалық білім көзінің қайнар бұлағына айналдыруға тиіспіз. Өйткені халқымыздың рухани асыл қазынасы ән.

Ендеше қазақтың ән өнері, күй жанры да өзінің тарихи түр сипатын анықтап, дәстүрлі ерекшеліктерін белгілеп алуға тиіс. Келешекте мұның өзі қазақтың дәстүрлі өнерінің түрлі жанрларының даму сапасының жоғары сатыға көтерілуіне жол ашып береді.

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. Қазақ халқының музыка мәдениетін зерттеушілер мың ән, бес жүз күй барлығын XIX ғасырда жазған болатын. Қазақтың музыка мәдениеті заманнан заманға қарай дамып келді.

Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүйдеген ұлы Абайдың өлеңі, қазақ халқының жақсы ән мен тәтті күйді жан азығы етіп ардақтаған көңіл-күйін бейнелейді. Қазіргі ән үйрену мектебі ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибесінің қағидаларымен тығыз байланыста болуы керекХалық әншілері қалдырған әнмен қоса күй үйрену тәжірибесінің негіздерін жинақтапқазіргі домбыра үйренудің жүйелі әдіс-тәсілдерін жасапдомбыра үйренудің болашақтағы бағыт-бағдарын анықтап алуды өмірдің өзі талап етіп отыр.Қазақта ән өнері тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейтін жүздеген әндерән жанрының дәстүрлік сипатыән жанрының мектептері т.бсапалық дамуы тарихи шындық.

Ендеше, қазақтың өнер тарихында Мұхит, Біржан сал, Ақан серілер бастаған ұлы қазақ әндері өзінен-өзі пайда болмағаны белгілі жай. Олардың ұстаздары болғаны, сол ұстаздардың арасында қазақтың әншілік, күйшілік, жыршылық, ақындық, шешендік, сияқты өнер түрлері қалыптасқаны мәлім. Өнерді баптайтын нағыз бапкер болғанда ғана шеберліктің биік шыңына көтерілуге болады. Халық арасынан шыққан өнерпаздардың өздері жасаған әдістемелік жүйесі бар екенін осыдан білеміз.

Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері: Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі, Арқа әншілік дәстүрі, Сыр өңірі әншілік дәстүрі, Жетісу әншілік дәстүрі, болып бөлінеді. Ғұрыптық әндердің өзі – беташар, бесік жыры, тойбастар, сыңсу, жоқтау, көрісу, жар-жар, жарапазан болып, тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері халық композиторларының әндері және халық әндері (анонимды авторлық) болып саналады.

Әншілік өнер жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі болып келеді. Б. Тұрмағамбетова өзінің «Қазақстанның Батыс аймағының ән мәдениеті» атты еңбегінде ғұрыптық, тұрмыстық ән жанрларымен қоса, өңірдің өзіне ғана тән «мәтөк» ән жанрының қалыптасқанын айта келе: «Ғашықтық сезімді арқау еткен әндер қатарын мәтөк әндер тобы толықтырып отыр. Мұндағы «мәтөк» осы өңірде ғана кездесетін диалект сөздерінің бірі» – дейді. Сонымен қатар Б. Тұрмағамбетованың еңбегінде мәтөк әндерінен басқа «сағыныш ән», «қара өлең» «қоңыр ән», деп аталатын үлгілер негізгі орынды алады.

Автордың көзқарасы бойынша, лирикалық және тұрмыстық жанрды жанжақты зерттеуде мұндай туындылардың өңірде ән мәдениетіндегі алар орнын анықтап, болашақта міндетті түрде ғылыми тұрғыда қарастыру қажет екенін айтады.

Домбыра өнерінде Шығыс Қазақстандық шертпе, Батыс Қазақстандық төкпе, тәрізді дәстүр қалыптасса, сол екі мектептің айырмашылығы қағыс түрлерінде. Шығыс Қазақстандық шертпе дәстүрінің ерекшеліктерінде күйлердің жұмсақ нәзік үнді ән тектес әуенді, сазды болып келуін саусақ басымен шертіп тарту әдістері қалыптасса, Батысқа тән күйлер оң қолдың сермей соғуымен орындалып, «қара қағыс», «бөгеме қағыс» «ілме қағыс», т.б. болып сан түрге бөлінуі сол аймақта қалыптасқан ән дәстүріне де өз ықпалын тигізбей қойған жоқ.

Ал, әнге келетін болсақ, халық әншілері қалыптастырып кеткен әннің түпкі айтылу нақышынан адасып қалмау керек. Әр мектептің дәстүрін бұзбай, әннің мазмұнын түсініп, мәнерлеп жақсы айту үшін шеберлік қажет. Сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасқан әнді орындау өнерін жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйе керек. Ән айтудың барлық сырларын, оның тұнып тұрған әдістерін жүйелі түрде үйрену үшін ұстаздық үлкен тәжірибе керек. Ал соның ішінде Батыс ән мектебінің қалыптасқан ән дәстүрі бойынша – мұнда әнді дұрыс орындау үшін, орындаушыдан күрделі әрі екпінді, төкпе күйлерде кездесетін шеберлікті пен дауыс күшінің зор әрі диапазонының кеңдігін талап етеді. Сондықтан, халқымыздың рухани талап-тілегін қанағаттандыра алатындай дәрежеде Батыстың дәстүрлі ән өнерін өз нақышына келтіріп, сол ән мектебіне тән домбыра қағыстарын меңгеру үшін, домбыра шеберлігін жан-жақты зерттейтін еңбек қажет. Батыс Қазақстан мектебінің орындаушылық дәстүрінде домбыраның барлық техникалық дыбыс мүмкіншілігін пайдалану салалары көп. Соның бірі оң қол мәселесі. Қазақ халқының домбыра үйрену мектебінде аспапты меңгеруде түрлі әдісқағыстарды суреттейтін көптеген түсініктер бар. Осы сөздердің көбі дәстүрді сақтау және алға алып барудың керектігінен туған және күні бүгінге дейін ауызша үйрету жүйесінде белсенді түрде қолданылып келеді.

Қалыптасқан Батыс ән мектебіндегі домбыра қағыстары, әннің мазмұнын түсіндірудегі ең басты құрал, қысқаша айтқанда, домбыраның қағысы – әннің тілі. Сондықтан да, оң қолдың қағысының түрлерін көрсететін, тіпті төкпе күй дәстүрінде кездеспейтін белгілі бір өзіне тән техникасы бар (ол әдіс жалпы батыс ән орындаушылар арасында «теріс қағыс» деп аталып жүр) көптеген әртүрлі атаулар терминдермен бар. Қазақтың ән өнері, шын мәнінде халық болмысының шежірелі сазы бола алған. Кейде шығармашылықпен айналысатын адамға замана тұлғасын сомдау керек, өлмес өнер тілімен уақыттың портретін жасау керек деген талаптар да қойылып жатады. Бірақ, рухани үрдістердің қай-қайсысы да ең алдымен заманалық нәтиже екенін, уақыттың айғағы болатыны да еске келе бермейді. Көркем өнердің барша болмысы тарихи-әлеуметтік жағдайдан тыс болатын үрдіс емес. Тұтас бір тарихи кезеңдерде рухани құлдыраулардың, тіптен рухани ақтаңдақтардың болғаны өнер шежіресінен белгілі. Яғни, өнер түрлері өзінің шырқау биігінде де немесе жер бауырлап құлдыраған кезінде де тек қана өз уақытының айғағы болып қалатыны кәміл. Өнердің осынау заңдылығы қазақ әндеріне де жат емес. Қазақ ән өнерінің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып қоймай, оның тарихи тек тамырына ден қойып, халықтың қатпарлы өмір жолындағы белгі нышандарын бажайлауға көңіл аударған абзал. Халықтың сонау заманнан бастау алған тарихымен рухани мұраларды қарау ең алдымен сол өнер түрінің даму, жетілу диалектикасын саралауға мүмкіндік берсе, екіншіден халықтың өмір жолын жалаң хронология тұрғысында емес, тарихи-әлеуметтік құбылыс ретінде өнермен де шендестіре тануға мүмкіндік береді.

Ұстаздардың міндеті Батыс ән мектебінің ұлы әнші-композиторлары қалыптастырған тәжірибесін сақтай отырып, қолдан келгенінше кейінгі ұрпаққа аталған аймақтың әнін бұзбай жеткізу. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан фольклор үлгілерінен бастап жоғары дәрежелі, яғни, кәсіби әншілік және эпикалық өнердің жанрларын қамтитын қазақ әндеріне негізделіп құрастырылған сольфеджио жинақтары жоқтың қасы. Казіргі кезде әр облыстың музыка мектептерінде дәстүрлі әннен сыныптар ашылуда, бұл үлкен қуантарлық іс. Бірақ бұл істің артында үлкен ауыртпашылықтар бар, біріншіден дәстүрлі ән маманына әдістемелік көмек қажет, екіншіден оқушы саны керек. Ал аймақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт үлгілерін және халықтық шығармалар мен ауызша кәсіби авторлар туындылары, әншілік мектебінің негізін салушы Мұхит сал мұрасының және өңірлік қайқылар әндерінің авторлық қолтаңбалары Батыс Қазақстан өңірлеріндегі музыкалық материалын құрауы қажет.

Сондықтан да фольклор үлгілерінен бастап кәсіби әншілік және өңірдегі эпикалық өнердің жанрларын қамтитын, жалпы осы өңірдің материалына негізделіп құрастырылған этносольфеджио курсына арнайы нота құралын құрастыру қажеттілігі туындады. Дәстүрлі музыкада кәсіби трансляциялау Ұстаз шәкірт жүйесі бойынша жүзеге асқан болса, ол сондай-ақ жалпы мәдени, жоғары кәсіби орындаушылық, әншінің мінез-құлқын, биік эстетикалық талғамын да қалыптастырып отырды. Бұл жүйе әннің теориялық, тарихи жақтарын да, жалпы дәстүрлі музыканы терең меңгеруге үлкен мүмкіншіліктер туғызды. Қазіргі европаланған оқыту жүйесі дәстүрлі музыка мен дәстүрлі мәдениеттің құндылығының қыр-сырын өз жүйелеріне толық дерлік енгізбегенінің кесірінен терең теориялық және философиялық білім жағынан толық көңіл бөлінбей шетте қалып отыр. Қазіргі заман талабы дәстүрлі ән мектебіне арнап этносольфеджио әдістеме жинағын көп уақытқа созбай дайындау қажет.

Қазіргі музыка зерттеуші ғалымдардың тұжырымына қарағанда музыка тілі халықтың рухани мәдениетінің ішіндегі ең бір тұрақты айғағы, өзгеріске оңайлықпен ұшырай қоймайтын түрі болып есептелінеді. Славян музыкасының тарихи тегін зерттеуші ғалым В. Гошовскийдің: «Тарихи жағдайға орай ассимиляцияға түскен белгілі бір халық басқа бір халықтың өлеңдерінен гөрі заттық мәдениетін, тіпті тілін әлде қайда оңай игереді», деген тұжырымы назар аударады.

Музыка тілі халықтың рухани мәдениетінің ішіндегі ең бір тұрақты айғағы, өзгеріске оңайлықпен ұшырай қоймайтын түрі болып есептеледі дейді қазіргі музыка зерттеуші ғалымдар. Славян музыкасының тарихи тегін зерттеуші ғалым В. Гошовскийдің: «Тарихи жағдайға орай ассимиляцияға түскен белгілі бір халық басқа бір халықтың өлеңдерінен гөрі заттық мәдениетін, тіпті тілін әлде қайда оңай игереді», деген тұжырымы назар аударады.

Қазақ ән өнерінің тарихына әзірше байсалды барлау жасала қойған жоқ. Қазіргі танымның деңгейі «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" кезінде туған «Елімай» әнінен аса бойлай алмай келеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!