400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәстүрлі ән

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі ән
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәстүрлі ән


Дәстүрлі әнді тыңдайтын ұлт барда рух өлмейді

Кейде күнделікті күйбең тіршіліктен шаршап келе жатып, бір ескі әнді естисің. Домбыраның қоңыр үні, адам даусындағы табиғи тазалық жүрекке бірден жетеді. Сол сәтте уақыт тоқтап қалғандай әсер қалдырады. Бұл – дәстүрлі әннің құдіреті.

Дәстүрлі әнді тыңдағанда қазақтың кең даласы көз алдыңа келеді. Онда артық дыбыс жоқ, жасанды бояу жоқ. Әр әуеннің астарында өмір бар, тағдыр бар. Бүгінгі жылдам ырғаққа үйренген қоғам үшін мұндай тереңдік кейде ауыр көрінуі мүмкін. Бірақ дәл сол тереңдік бізді өз тамырымызбен қайта табыстырады.

Қазір «тыңдарман жоқ» деп жиі айтамыз. Мен бұған толықтай келісе бермеймін.Тыңдарман бар. Тек біз сол тыңдарманға дәстүрлі әнді қалай ұсынып жүрміз? Оны тек мерейтойларда немесе есеп беру концерттерінде ғана қалдырып қойған жоқпыз ба? Дәстүрлі ән – сахнада ғана емес, өмірде де естілуі тиіс өнер.

Дәстүрлі ән өнерінде сал-серілер мен әнші-композиторлардың орны ерекше.Біржан сал мен Ақан серінің әндері – тек өткеннің естелігі емес. Олар бүгінгі адамға да сұрақ қоя алады. Еркіндік, ар-намыс, махаббат туралы ойлар ешқашан ескірмейді. Сондықтан дәстүрлі әнді «ескі» деп емес, «мәңгілік» деп қабылдағанымыз жөн.Меніңше, дәстүрлі әнді сақтау – оны мұражайға жабу емес. Оны тірі ұстау, тыңдау, айту, сезіну. Үйде, жолда, жалғыз отырғанда. Өйткені дәстүрлі әнді тыңдай алатын ұлт – өз рухын жоғалтпайды.

Қорытындылай келе, дәстүрлі ән – қазақ халқының рухани қазынасы, ұлттық болмыстың ажырамас бөлігі. Оны құрметтеу, үйрену және келер ұрпаққа жеткізу – әрқайсымыздың ортақ парызымыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қыркүйек
35
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі