Дауыссыз дыбыстар жүйесі, емлесі
Жоспары
1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсіні к.
2. Дауыссыз дыбыстардың жүйеленуі, емлесі.
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыздар.
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.
Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұп құрайды. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстар болып саналады.
Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды. Б, г, д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды. В, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.
Қазақтың төл сөздерінде л, р дыбыстарының алдынан ы, і дыбыстары айтылады, бірақ жазылмайды.
|
АЙТЫЛУЫ |
ЖАЗЫЛУЫ |
|
Ыриза Ырақат Ырас Ірең Ірет Іреніш Ылайық Ылақ Ылажсыз Ылаңкес Ілебіз Ілезде |
Риза Рақат Рас Рең Рет Реніш Лайық Лақ Лажсыз Лаңкес Лебіз Лезде |
Б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша қатаң дауыссыздан басталып жалғанады. Мысалы, арабтар, архивтен, педагогпен, Ленинградтық, т.б.;
кт, мб, нг, ск, мп дауыссыздарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша ы, і дәнекер дыбыстары арқылы жалғанады. Мысалы, фактімен, ромбының, митингіге, киоскіден, штампылау, т.б.;
лл, мм, сс, тт, зд, ст, дауыссыз дыбыстар тізбегіне біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жалғанғанда соңғы қосымша түсіп қалады. Мысалы, металл – металды, грамм – грамдап, класс – класы, киловатт – киловатпен, подъезд – подъезде, машинист – машиниске, тракторист – тракториске, т.б.;
щ әрпі қазақтың байырғы санаулы сөздерінде ғана жазылады. Мысалы, ащы, тұщы, кеще;
х дыбысына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады. Мысалы, тарихты, цехта, т.б.
У дыбысы дауыссыз болады:
1) сөз соңында дауысты дыбыстан кейін келсе, тау, дау, бау, ақтау, қолдау, дайындау, тербеу, т.б.
2) сөз басында дауысты дыбыстың алдында келсе, уақыт, уәде, уағыз, уық, уәж, уәкіл, т.б.
3) екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, дәуір, жауын, сәуір, бауыр, тауық, тәуір, т.б.
Ь біткен сөздерге қосымша дауыссыз дыбыстан басталып жалғанса, түбірдегі ь сақталады. Мысалы, табельге, рояльмен, ал дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, ь сақталмайды. Мысалы, табелі, роялім, т.б.
Дауыссыз дыбыстардың жасалу тәсіліне қарай жіктелуі. Дауыссыз дыбыстардың жасалуына өзіндік айырма бар. п мен б дыбыс-тарын айтқанда, екі ерін жымдасып, ауа кілт шығады. Ал с, ш дыбыста-рын айтқанда, тіл көтеріліп, үстіңгі тіске жақындайды да, ауа сүзіліп шы-ғады. Дауыссыздардың айтылуындағы, жасалуындағы осындай ерекшелік-терге байланысты олар шұғыл, ызың болып бөлінеді.
Шүғыл дауыссыздар мыналар: п, б, т , д, қ , к , г, ч, ц.
Ызың дауыссыздар мыналар: в, ф , с, ғ, з , ш , щ, ж , х , һ.
Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай жіктелуі
Дауыссыз дыбыстардьщ жасалуында сөйлеу мүшелері түрліше қызмет
атқарады. Мысалға п дыбысы екі еріннің қатты жымдасуы аркылы жа-салса, з дыбысын айтқанда, тіл тіске жақындайды, ауа тістің, арасынан
шығады.Сөйтіп, п дыбысының жасалуында екі ерін ерекше қызмет
атқарады, з дыбысының жасалуында тілдің қызметі басым болады. Сол
сияқты әр дауыссыздың жасалу орны бар.Қазақ тіліндегі дауыссыздар
жасалу орнына қарай төмендегіше жіктеледі:
1) тіл арты дыбыстары: ң ,ғ , х , қ .
2) тіл ортасы дыбыстары: к , г . 3 ) тіл алды дыбыстары: н , р , л. ш ,щ, ч, ж . й .
4)тіс:т ,ц, с, д, з . 5) ерінді: п, б, м,у.
6) тіс:б, в.
7)көмей:һ.
Үнді дауыссыздар:л,й,у (ауыз жолды), м,н,ң(мұрын жолды) және р(діріл) болады.
Практикалық
жұмыс.
1-жаттығу. Мәтінді көшіріп, шұғыл дауыссыздарды бір, ызың дауыссыз
дарды екі сызықпен сызыңдар.
Жонға келіп орнағанына бес-алты ай болған адал еңбек сау-
ған совхоз жұртшылығы жаз ортасынан аса берді. Бұл шақта
игі еқбек өзінің мол жемісін бере бастап еді. Самал тау, салқын
бел Жон деген өлке ұшан-теңіз алқапты басқан сары алтындай
астық даласына айналды. Бұрын адам еңбегі қыртысына қол
тигізбеген өлі өлке, қан қазына өңірі боп жаңара, жаңғыра
берді (М .Ә .).
2-жаттыгу. Мәтінді көшіріп жазып, 5 сөзді М.Т. өрнектеңіз.
— Биік мансап — биік жартас. Оның басына екпіндеп ұшып
қыран да шығады, ерінбей еңбектеп жылан да шығады! Міне,
осының қайсысы болдың, осы отырғандар? Қыран болмасаң,
халқың үшін жылан болдың емес пе!?— деді де, қабағын суық
түйіп, өзге сөзден тыйылып отырып қалды (М. Ә.).
— И я, халайық, бұл бір асыл мереке болды, шын қуаныш,
қалтқысы жоқ халық қуанышы. Солай болғанда, бір жағынан
Абай үшін қуанамыз. Ал, осы куаныштың екінші бір тарауы
тағы бар. Ол өзіміздің еңбегіміз үшін қуаныш, жақсылық үшін
бірігіп, ынтымақ, тілек қосып, өз дегеніне жеткен адам, момын
ел үшін-қуанбасқа бола ма? Бұл анық елдік жол еді, әмсе осын-
дай елдіктің жолы болсын! (М. Ә.)
Үйге тапсырма.
1.Дауыссыз дыбыстар,жіктелуі,емлесі тақырыбын оқып,конспект жазу.
2. «Ана тілін ардақтайық» тақырыбына шағын шығарма жазып, 3сөзді М.Т.өрнектеңіз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
дауыссыз дыбыстар

шағым қалдыра аласыз