Материалдар / Дауыссыз қ мен ғ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дауыссыз қ мен ғ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қажетті тиімді әдіс-тәсілдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2022
178
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Сахиева Роза Файзуллаевна

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 2 «б»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.3.1 мәтін мазмұнын түсініп, мәтінге ат қойып, мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтарға жауап беру

2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету, толықтыру

2.4.1.3 дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және емлесін сақтап жазу

2.3.1.1 мұғалім көмегімен жеке сурет ( сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау) әңгімелеу мәтінін құрау

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

  1. Мәтін мазмұнын түсінеді.

  2. Мәтінге ат қояды.

  3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

  4. Сұрақтар құрастырады.

  5. Қ, ғ әріптерінің емлесін сақтап жазады.

  6. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындайды.

Дескриптор

лар

  1. Мәтін мазмұнын түсіне алады.

  2. Мәтінге ат қоя алады.

  3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

  4. Сұрақтар құрастыра алады.

  5. Қ, ғ әріптерінің емлесін сақтап жаза алады.

  6. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындай алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Педагогтің іс-әрекеті :

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау түрлері

Ресурстар

Басталуы

2 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Жау- жау жаңбыр, жау жаңбыр әнімен бастау

І. Алатаудың бауырында,

Атам-әжем ауылында,

Ақша бұлтар, ауа берші,

Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

Қ а й ы р м а с ы:

Бақыт болып жаушы, жаңбыр,

Менің әсем қалама,

Бақыт болып жаушы, жаңбыр,

Менің әсем қалама,

Менің байтақ далама.



Топқа бөлу:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі.

- Күзде қандай өзгерістер болады?

- Салқындайды, жапырақтар сарғайып түседі.

Олай болса, жапырақтарды теріп алайық. Жапырақтағы жазулар бойынша топқа бөлу.

І топ «Қатаң»

ІІ топ «Ұяң»

ІІІ топ «Үнді»

ІV топ «Жуан»

Үй жұмысын бекіту

«Ақиқат және жалған» ойыны

Ақиқат болса,жасыл қолды,жалған болса қызыл қолды көтеру.

Дауыссыз дыбыстар 3 ке бөлінеді.(ақиқат)

Б,в үнді дауыссыздар.(жалған)

П қатаң дауыссыз.(ақиқат)

Л,м,н үнді дауыссыздар. (ақиқат)

Ы, і дауыссыз дыбыстар.(жалған)

П дыбысына аяқталған сөзге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғаса п– б –ға айналады. (ақиқат)











https://youtu.be/tH74fhtm64s









































Жаңа білім

10 минут










Жаңа сабақ

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады

22-жаттығу Сәйкестендір

СShape1 абақ бұлағы

парақ ұршығы

ұршық жарығы

жарық сабағы

бұлақ парағы

Қ дыбысының ғ-ға өзгеруінің себебін айтып көр,өз қорытындыңды төмендегі мәліметтермен салыстыр

Ереже

Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды.Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе ,қ дыбысы ғ-ға айналады. Достық-достығы,атақ-атағы,құшақ-құшағы

23-жаттығу

Өлеңді оқу

Әжелер киім тіккенде,

Тастамапты қиықты.

Әр алуан қиық түскенде,

Дорбаға салып жиыпты.

Көп киім тігіп біткенде,

Қиыққа дорба толыпты.

Қиықты сәндеп тіккенде,

Құрақ көрпе болыпты

Оразақын Асқар

Өлең мазмұны бойынша берілген сұрақтарды толықтыр және оларға жауап бер

1.Әжелер киім тіккенде нені тастамайды?

2.Қиықты қайда жинайды?

3......?

Үйге 24- жаттығу

Дәптермен жұмыс

25-жаттығу .

Өлеңді көркем жаз

Анаң –күнің,жүрегің,

Әкең-өмір тірегің.

Әжең –асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның.

Мұрат Қуанышбеков

Қарамен жазылған сөзде қай дыбыс өзгеріске ұшыраған?Себебін түсіндір















Оқулық

















Құрақ

Ортасы

10 минут








Шығармашылық үзіліс

26-жаттығу.

Ойын-жұмбақтардың шешуін тап.

1 топ:

Қармағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда?

2 топ:

Құрығы бар қолында,

Кімді айттым ойымда?

3 топ:

Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда?

4 топ:

Оқулығы бар қолында,

Кімді айттым ойымда?

Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса

Топтар бірін-бірі бағалау





Оқулық, дәптер,

суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Сергіту сәті

Сергіту сәті






















Аяқталуы

Сабақты бекіту

Бағалау

Кері байланыс

3 минут

Жаңа сабақты бекіту

Жапырақ жинау ойыны

(шашылған жапырақты жинап,себетке саламыз)

-Бүгінгі сабақта немен таныстық?

-Қ қандай дыбыс?

-Ғ қандай дыбыс?

-Қ дыбысының ғ-ға өзгеруінің себебін айтып көр.

-П дыбысының б –ға өзгеруінің себебін айт



Кері байланыс

























Сабақтан алған әсерлерін параққа жазады

Үйге тапсырма: 24-жаттығу, 50- бет,ереже жаттау.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма? Бүгін оқушылар

не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?















Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!