Материалдар / Дебат сайысы: Бұл палата жаңартылған білім беру мазмұны тиімді деп есептейді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дебат сайысы: Бұл палата жаңартылған білім беру мазмұны тиімді деп есептейді

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ана тілін дамыту үшін және сыныпта пікірсайыс өткізу үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2018
8070
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Резолюция: Бұл палата жаңартылған білім беру мазмұны тиімді деп есептейді

Үкімет болған жағдайда

Позиция: иә және оны ойын барысында толығымен дәлелдеп өтуге тырысамын

Sta quo: қалыптасқан жағдай: 2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшті

2018-2019 3, 6, 8 сыныптар көшсе

2019-2020 жж 4, 9 сыныптар көшетін болады

Философия (нақыл сөз) Ел боламын десең , біліміңді түзе

Яғни, тарқатып айта кететін болсақ: Мықты, қуатты дамыған ел болу үшін ең алдымен білімімізді дамытуымыз қажет. Азуы алтықарыс, мүйізі қарағайдай мемлекеттермен теңесу үшін білім сапасын арттыру бірінші мақсат. Халықаралық Пиза зерттеу институтының мәліметі бойынша Қазақстан оқушылары 2015 ж ең төмен нәтиже көрсеткен болатын. Ілеш ала содан кейін біздің министрлік реформа жасаған болатын. Сол реформаның арқасында жаңартылған білім беру мазмұны дүниеге келді және оны біз толығымен құптаймыз.

Аргумент 1 . Әділдік жүрген жерде, шынайы білім болады.

Критериалды бағалау негізінде оқушылар өздерінің шынайы әділ бағалауын алатын болды. Бұрынғы дәстүрлі оқыту типінде нақты 5, 4, 3 деген бағалармен оқыды. Оның ішінде мысалы 5 ке оқитын оқушылардың ішінде аса дарынды бала да, өте жақсы оқитын бала да, кішкене 1-2 сабағы 5 ке жетпей тұрған оқушы да үздіктер қатарында жүре беретін. Нәтижесінде оқушылар арасында мұғалімге деген реніш, бір-біріне деген қызғаншақтық туындайтын. Ал жаңа бағалау жүйесі бойынша оқушыларға балл негізінде қорытынды баға қойылатын болды. Яғни, әділдік дүниеге келді , аса дарынды бала максималды балл алса, одан төмендеу оқушы 5 тік бірақ максималды балдан төмендеу баллдарды алатын болды. Тағы бір айта кетерлігі Оқушыларда бұрын бөлімді қорытындылау деген жоқ болатын, тоқсан ортасында және аяғында бақылау ала салатын, оны бала тоқсан соңына дейін ұмытып қалатын, ал қазір әр бөлім біткен сайын бөлім бойынша жиынтық алынады.







Аргумент 2. Мақсат дұрыс қойылса, сауатсыздық жойылса?!

Жаңартылған б.б.б. бойынша ең бірінші сабақтың мақсаты айтылады және жетістікке жету жайлы қандай межелерге жетуіміз жайлы сөз болады. Өздеріңіз білесіздер бес саусақ бірдей емес, бір сыныпта ала да отырады, құла отырады. Сондықтан әр тапсырманы орындаған әр оқушының деңгейіне байланысты дифференциалды тапсырмалар беріледі. Мысалы: барлығы, көпшілігі, кейбіреуі, бірақ оқушыға үлгерімі жайлы айтылмайды. Мұндағы барлығы дегеніміз орташа оқитын оқушылардың тапсырмасы, көпшілігі деген жақсы оқитын оқушылардың тапсырмасы, ал кейбіреуі деген үздік оқитындардың жеке тапсырмасы, демек оқушылар тапсырмаларды деңгейіне байланысты орындайды. Сонда ғана оқушылар да мақсат дұрыс қойылатын болса сауатсыздық жойылады.

Аргумент 3 Сабаққа әдіс-шарт құру, қызығушылықты арттыру

Жаңартылған білім беру мазмұнына мыңда бір алғыс. Бізден 40 минут ішіңді пыстырып ұйықтататын ақ бор мен қара тақтаның жоғалуына өз септігін тигізді. Қазір әр сабағымыз қызықты өтеді. Мұғалімдер сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдермен ойын технологияларын қолдану арқылы қызықты өткізеді. Ойын ойнап жүріп жаңа ауыр тақырыпты қалай меңгергеніңді білмей қаласың. Бейне бір ғажайыптар әлемінде жүрген сыңайлысың. Видеодыбыстауларды интерактивті тақтадан көріп , тура кинотеатрда отырғандай күй кешесің. Қалыптастырушы бағалаулар арқылы сабаққа деген мотивацияң артады. Мадақтау мен мақтауды кім жақсы көрмейді дейсің. Жақсы, керемет, ғажап, тамаша деген жылы сөздерді есту арқылы сабаққа деген ынтаң артып кетеді.

















Резолюция: Бұл палата жаңартылған білім беру мазмұны тиімді деп есептейді . Жоқ мен оған түбегейлі қарсымын.

Оппозиция болған жағдайда

Позиция: жоқ және оны ойын барысында толығымен дәлелдеп өтуге тырысамын

Sta quo: қалыптасқан жағдай: 2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшті

2018-2019 3, 6, 8 сыныптар көшсе

2019-2020 жж 4, 9 сыныптар көшетін болады

Философия Артық қыламын деп, тыртық қылып алмайық

Құрметті аудитория біздің білім саласында қашанғы реформа бола береді. Қашан осы біздің байғұс оқушылар мен ұстаздар білім министрлігінің жаңалығын құтылады. Әліппиімізді алып тастап 1 сыныптың оқушыларын сауатсыз қылды, ұлттық бір күндік төңкерісіңіз тағы бар әрине жақшаның ішінде (ҰБТ) деп айтайық. Әйтеуір шетелден қайдағы жайдағыны әкеле береміз. Үш тілділік деп өзі әрең сөйлеп жүрген қазақшамызды дүдамалдап алдық. Осы біз бір күні бар білімімізден, тілімізден айырылып артық қыламыз деп, тыртық қылып алып жүрмейік.

Аргумент 1 Қазіргі жеңіл тақырып, сауатсыздық негізі

Мысалы қазіргі таңда бізде кейбір пәндерде қатесіне мән бермейміз, өз сөздеріңмен жеткізсеңдер болды дейді. Ал сонда қателікке, грамматикаға кім мән береді, айтыңыздаршы? Әсіресе тіл пәндерінде бірен-сараң болмаса грамматикалық тапсырмалар жоқ, жол белгілері, табиғат, жануарлар, халықтар деген тақырыптар бар. Бұлардың әрқайсысының өз пәндері бар емес пе?! Неге біз грамматиканы дұрыс оқып, дұрыс жазуды меңгермейміз. Диктант дегендер қалды, оданда суретті сәйкестендір, тестті орында деген көз бояушылық нәрселер келді. Өз басым балаларды сауатсыздандыруға құрастырып отырған шет елдің, батыстың саясаты деп ойлаймын. Тіпті, мен ойлаймын сол мүйізі қарағайдай академиктеріміз ақ бор , қара тақтамен оқып шықты ғой. Кейін осы аңыз адамдар , профессорлар болмай қала ма деген қорқыныш өзегімді өртейді.

Аргумент 2 Мәнді де, сәнді үйге сыйлық ретінде баға алып барғанымыз дұрыс емес пе?!

Бізден үйге барғанда ата-анамыз сұрайды: «Балам сабақтан қандай баға алдың» - деп. Сонда біз былай жауап береміз. Өте жақсы, прекрасно! Гуд, екселленд деп. Ол қалай деп сұрақ қояды. Біз айтамыз бұны жай қояды , бірақ бұл тоқсандыққа әсер етпейді деп. Сонда әкем айтады: Әй балам сонда оның пайдасы не?- деп сонда біз тоқсанның аяғына дейін салпылдап күніне бәлембай сабаққа босқа келгеніміз бе? Одан да БЖБ ға келе салмаймыз ба ақыр тоқсанның аяғында сол дәстүрлі бағалар қойылады 4, 5 , 3 деген. Күнделікті баға алу деген мақсатымыз болатын. Қазір не баға жоқ, не мақсат жоқ, әйтеу юбка мен шалбарды шаңдатып сабаққа барамыз да қайтамыз.

Аргумент 3 Ауыр жүк қашанда денсаулыққа кереғар.

Бұрынғы өзіміздің 6 күндік оқыту жүйеміз жақсы болатын. 5 сабақ оқып қайтатынбыз. Қазір сабаққа 7-8 кітаппен келеміз, оның үстіне дене шынықтыру формасы мен мектепке әкелетін тіске басарды қосыңыз. Сонда күніне 10-15 кг көтеріп келеміз. Қалыптастырушы папкаларды тағы қосыңыз. Ауырлықтан әбден зардап шегіп жүрміз. Бізге құлақ түретін, жағдайымызды ойлайтын бір жан бар ма екен?! Ой мұғалімдердің халін айтпай-ақ қояйық. Байғұс біздің апайлар мен ағайлар-ай күніне 5 пакет, 1 томпиған сөмкемен келеді. Сол кісілерге қарап біз мұғалім деген мамандыққа үзілді-кесілді сыныбымызбен бармаймыз деп шештік. Мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқарамыз дейді. Керісінше жыл сайын құжат қосып береді. Қағаз журнал мен электронды журнал. Күнделік пен рубрика, әр сыныпта 1 балада 6-7 дәптерден. Осының бәріне денсаулыққа кері әсерін тигізбей қайтеді.













Резолюция: Білімге сенген заманнан, білекке сенген заман адамды рухани жағынан жаңғыртады деп есептейді

Үкімет болған жағдайда

Позиция: иә және оны ойын барысында толығымен дәлелдеп өтуге тырысамын

Sta quo: қалыптасқан жағдай: 2020 жылға дейін Қазақстан халқының 80% бұқаралық спортпен айналыссын деген Елбасының жарлығы бар.

Қазіргі таңда Қазақстан халқының 60 % ы бұқаралық спортпен айналысады.

Философия: Шынықсаң шымыр боларсың

Яғни спорттың арқасында денемізді нығайтып, ұзақ өмір сүре аламыз, Аяқ-қолымыз балғадай, салауатты өмір салтын ұстансақ, ұзақ жасаймыз. Білімсіз-ақ спортпен шұғылданып, ақылды, парасатты, елімізді әлемге танытуға болады.

Аргумент 1 Қоянды қамыс, жігітті намыс өлтіреді

Білекке сенген адам, өршіл жас нағыз өз елінің патриоты болып келеді , ал ұлтжанды, патриотшыл болу деген сөз. Қасық қаны қалғанша бір уыс топырақ жері үшін өз елін, Отанын қорғау деген сөз. Бауыржандай қайсар ұлдар мен Әлиядай намысшыл қыздар шығады деген сөз. Иә , әрине білімді болған жақсы, алайда сол білімнің биік шыңдарына көтеріліп, шет елде білім алып, сол шет елде жұмыс істеп қалып қалады талай білімді мамандарымыз. Ал білекке сенгендер қайтеді білімді болмаса да өзінің тілі, ұлты, қаны, туған топырағы үшін күресіп өз ұлты, болашақ елі үшін аянбай қызмет етеді.

Аргумент 2 Спорт елді, оның салт-дәстүрін әлемге танытады.

Білімде иә, физика, математика, тарих ғылымдары барлық елде де бар. Одан, тіпті, орын алып жатса бір сәрі. Ал спорт арқылы елімізді күллі әлем таниды. Бір ғана мысал 2012 ж Лондон олимпиадасында еліміз 233 мемлекеттің ішінен 12 орынға табан тіреді. Демек, көк туымыз төрткүл дүниеде 12 рет желбіреп, әнұранымыз асқақтады деген сөз. Ол әрине қара көз, қара домалақтарымыздың арқасы. Ұлты басқа болса да жүрегі қазақ деп соққан бауырларымыздың арқасы. Қазақша әнұранымыз асқақтағанда, спортшыларымыз ащы термен еліміз үшін жеңіске жеткенде көзімізден шынайы қуаныш жастары домалайды.

Аргумент 3 Білек адамның ең бірінші қаруы.

Қандай да біреу сенің жеке басыңа, ұлтыңа балағаттағанда, намысыңа тиетін сөздер айтқанда көбейту кестесіне немесе формулалар мен ережелерге сүйенесің бе, жоқ әрине, білегің мен күшіңе сүйенесің. Әлде болмаса біреу өзі келіп тиіссе, соққыға жықса, шұғылданған спортыңа күшіңе сүйенісің, төбелесіп қырық пышақ болмай-ақ қой , бірақ өз-өзіңді шұғылданған спортыңмен қорға. Әр түрлі әдіс-тәсілдермен лақтыр немесе жұдырық серме. Сондықтан білек адамның қашанда көмекшісі.







































Резолюция: Білімге сенген заманнан, білекке сенген заман адамды рухани жағынан жаңғыртады деп есептейді .

Оппозиция болған жағдайда

Позиция: жоқ және оны ойын барысында толығымен дәлелдеп өтуге тырысамын

Sta quo: қалыптасқан жағдай: Қазақстан оқушыларның 100% орта біліммен және оқулықтармен қамтамасыз етіліп отыр.

Қазақстандағы 11 сынып бітіруші түлектердің 89,6 % ы жоғарғы оқу орындарына тапсырады екен.

Философия: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

Дана қазақтың бір ғана мақалымен бүгінгі сайыста біз жеңдік десек болады. Жарайды білекті бір жолы күшімен жеңіп кетір, бірақ оқуға түскенде, белгілі бір мамандықты таңдағанда сол жұдырығына сеніп жүреді ме?! Әрине, білімге сенуге тура келеді. Сондықтан білімді болсаң ешқашан жолда қалмайсың. Білімді адам – парасатты, иманды, ақылына көркі сай деуге толық негіз бар. Білекті адам бір спорттың төңірегінде ғана шектелсе, білімді адамды жан-жақты қабілетті болып келеді.

Аргумент 1 Өзіңе сен , өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап

Білімді адам қашанда парасатты адам. Білімді адам қашанда өзгелерден озық келеді. Әңгімелескенде де, пікір айтқанда да, сол білімді адамдардың арқасында ғана экономикамыз өрге басады. Сол білімнің арқасында еліне ақтық деміне дейін қызмет етеді. Білекті адам қайтеді. Жарайды елін әлемге бір танытады, екі танытады, одан кейін оның білегі қашанғы жасарып, бұлшық еттері сергек боп тұрады. Бір күні көліктің жанар майы біткен сияқты, спортшының да бойындағы адреналины, энергиясы таусылады. Ал білім ешқашанда жұтамайды, шын білімді адам дүниеден, мына фәниден өткенше ақылды болып өтеді. А.Иүгінеки өзінің Даналық кітабында 11 ғасырда Өзіңді білімдіге жақын тұт. Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді деп айтқан болатын.

Аргумент 2 Білім - ізгілік негізі, тыныштық кепілі

Білім адам қайтеді. Ізгілік жолын ұстанады. Адамды парасаттылыққа, сабырлыққа жетелейді. Мысалы: екі жігіт допқа таласып аяқтары допқа емес, бір-бірінің тізелеріне тиіп кетті делік. Екі ұл білектеріне сүйеніп шекісіп кетті. Бірінің бет-аузы қанады, екіншісінің қолы шығып кетті. Спортшы жолдасы болса, жекпе-жек деп жағдайды әрі қарай ушықтырса, екінші сабақты үздік оқитын білімді жолдасы бұларың жарамас деп екі досын ажыратып, татуластырып алғашқы көмек көрсетті. Бұдан қандай қорытынды түйер едіңіз?!

Аргумент 3 Білім инемен құдық қазғандай

Білімді адам қайтпас қайсар болады. Біріншіден жалқаулыққа салынбайды. Мысалы спорттан бір жеңілген адам сағы сынып спортты тастап немесе зиянды әдеттерге жақындап кетуі мүмкін және басқа жаман әдеттермен айналысып кететінін көріп жүрміз. Және спортшыларға жеңісі үшін қомақты қаржы беріледі де, ақшаны үнемдей алмайды, ал білімді балаға аз мөлшерде ғана ақша беріледі және оны ол үнемдеп ұстауды үйренеді. Ал білімді адам олимпиадан бір рет жеңіліп қалса, мен қайтсем де басқа жарыста жеңіске жетемін деп өз қатесін іздеп әрі қарай ізденісін жалғастырады.





















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!