Материалдар / Дебат үйірмесі жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дебат үйірмесі жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Дебат үйірмесінің бағдарламасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2024
147
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып

Сағат саны

Мерзімі

1

Дебат туралы түсінік

1


2

Дебат мәдениетін меңгерту, дебат этикасы.

1


3

Пікірталасқа дайындық кезеңі

1


4

Пікірталастың негізгі кезеңі

1


5

Пікірталастың қорытынды кезеңі

1


6

Пікірталастың орындалу алгоритмі.

1


7

Сыни ойлау

1


8

Проблеманы шешуде қолданылатын ойлау

1


9

Шығармашылық ойлау

1


10

Дебат түрлері

1


11

Ресми дебат

2


12

Дебаттағы рөлдер қызметі

1


13

Практикалық сабақ. Ресми дебат

1


14

Академиялық дау-дамай пікірталасы

1


15

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

1


16-17

Дөңгелек үстел,Ток шоу,Форум

2


18

Практикалық сабақ.Академиялық дау-дамай

1


19

Жылдам дебат

1


20

Интербелсенді әдістер.

1


21

Практикалық сабақ. Жылдам дебат

1


22

Дербес пікір дебаты

1


23

Қолданылатын әдіс-тәсілдері

1


24

Практикалық сабақ. Дербес пікір

1


25

Әңгіме дебат



26

Дебатты бағалау тәртібі

1


27

Нәтиже сабақ. «Үштілділік-заман талабы»

1


28

Әлеуметтік желідегі дебаттар

1


29

Әлеуметтік желідегі тіл мәдениетінің сақталуы

1


30

«Кәсіп немесе дағды» тақырыбындағы пікірталас

1


31

Ғылыми жұмыс «Жаңа заманның дебаттары»



32

«Сөз-адам жанының айнасы» шығармашылық жұмыс ойтолғау

1


33-34

Қорытынды сабақ. Презентациялық жұмыстар. Рефлексиялық есеп.


2






Түсінік хат.

«Пікірталас мәдениетін меңгерту-жаңа заман талабы»

Бүгінгінің білім беру жүйесі жаңа өркениетті қоғамға қажетті білімді, қабілетті, өз ойын еркін білдіретін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуге бағытталған. Қазіргі таңда оқушы құзіреттілігін арттыру басты мақсат болып отыр. Ал , психологиялық сөздіктерге жүгінетін болсақ, «құзіреттілік-жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай білу қабілеттері» делінген. Сонымен, құзіреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілетін айтады.

Осы орайда дебат сабақтардың оқушының құзіреттілігін арттыру жолындағы маңызы зор. Пікірсайыс-дидактикалық ізденістің маңызды саласы болып табылады. Оқушылар пікірталаста еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау , оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекеттерімен айналысады. Сол арқылы олар демократиялық қоғамның басты ерекшелігі болып табылатын идеологиялардың қақтығысуына белсенді түрде араласады.Пікірталас оқушыны сыни ойлауға жетелейтін бірден-бір саты. Сыни ойлау-сыпайы түрде күмәндану. Сыни ойлау- оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып, оларды оқу мен өмірде туындайтын проблемаларды өздігімен шешуге бағыттайды.

Пікірталастың басты мақсаты- әр оқушының қарастырған проблема бойынша өзіндік пікір, көзқарасты қабылдауы, бір байлам мен шешімге тоқтауы. Пікірталас әсіресе топтық жұмыстарға қолайлы әдіс. Талқыланатын мәселені топта ақылдасып, нақты дәлелдер мен аргументтер іздеп тауып көпшілік алдында дәлелдеу, өз ойларының дұрыстығын жеткізе білу еркін сөйлеуге дағдыландырыды. Сонымен қатар оқушыларды болашақ өмірге бейімдейді, көпшілік алдындағы сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, өзін-өзі тәрбиелейді, өзгенің пікірімен санасу дағдыларын дамытады. Оқыту мен оқуда пікірталас тиімді тәсіл, өйткені оқушылар қандай да бір өміршең мәселелерді жан-жақты қарастырады, өздерінің білімдерін жинақтап, өз көзқарасын пайымдау мен түйіндеуге , өзге пікірлерді ескеруге және оларды өз қажетіне пайдалануды үйретеді. Бұл заңдылық қоғамның әлеуметтік, саяси дамуы мен жеке адамның рухани және кәсіби өсуіне жан-жақты ықпал жасайды. Қазіргі, мылқау заманда жастардың ой сауаттылығын арттыру, тіл байлығын дамыту жолында дебат сабақтардың тиімділігі зор екендігі айқындалып тұрады.



Курстың мақсаты:

Дебат-бұл ғылым. Ол философиялық,психологиялық, этикалық, саяси, лингвистикалық ғылым. Осы жан-жақты ғылымды оқушы бойына сіңіру, оны тереңдете меңгерту, өзін қоғамда еркін ұстайтын тұлға қалыптастыру –бүгінгі күннің басты талабы.

«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтпақшы, жас ұрпақ бойындағы қабілет-қарымын тамыршыдай тап басып бағыт берсе, жасампаздық қасиеттерді бойына сіңіріп өсетін, нағыз ұлтын сүйер азаматтар елінің тағдырына бей-жай қарай алмайтын , келешегі көркем жастар қалыптасар еді.



Курстың міндеті:

Бұл курстың басты міндеті - оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жұрт алдында сөйлеу қабілетін дамыту, өмірлік құндылықтарды саналы түрде қалыптастыруды үйрету, сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтандыру болып табылады

Дебат- айтысу этикасын сақтауға, шыншыл болуға тәрбиелейді;

Дебат- өзгенің пікіріне құрметпен қарап, пікірталастыруға үйретеді;

Дебат – анық, әсерлі, нақты сөйлеуге үйретеді, бір мезгілде жазу, ойлау, айту қабілетін жетілдіреді;

Дебат - өмірдің мәнін танып білуге, ізденімпаздыққа, сезімталдыққа, мәдениетті болуға машықтандырады.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

  1. Өзінің ұстанып отырған бағытын дұрыс екендігін дәлелдеп шығу;

  2. Кез келген проблеманы не ақпаратты өзіндік тәжірибе ( өмірлік, кәсіби) тұрғысынан қарастыру;

  3. Мәселе бойынша өзіндік пікір, түсінік, көзқарас қалыптастыра білу;

  4. Ақпаратты шығармашылық тұрғыдан түрлендіру;

  5. Шешім қабылдауда басқалармен тиімді түрде ынтымақтасу;

  6. Сөз саптай білу, уақытты тиімді пайдалану;







Курстың өзектілігі:

Өмір көптеген проблемалардан тұрады емес пе? Ал ойлай алатын адам олардың шешімін тауып, сол шешімдерді практикада қолдана біледі. Бұл курстың өзектілігі де сол ойлау мен ойлай білетін, сезімге емес ақылға, белгілі бір білімге жүгінетін тұлғаларды тәрбиелеуге негізделген. Бүгінгі күні нақты технологияларға сүйенген қоғам үшін осындай жас ұрпақ өте қажет. Терең ойлай білген адам ғана өмірден өз орнын табады.



Курстың жаңашылдығы:

Әлеуметтік желі дамыған заманда дебаттардың да жүргізілу әдістері өзгере бастағаны, жаңашыл тұрғыда қадам басуы курстың басты ерекшелігі болып табылады. Осы тақырып төңірегінде оқушы ізденіп, ғылыми жұмыс жасауына ықпалы зор. Мысалы: әлеуметтік желідегі постар, аудитория жинау , оны белгілі бір кәсіп көзіне айналдыру, т.б.



Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылардың зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа баулу;

  2. Көркемдеп сөйлеудің амал-тәсілдерін игеру, Сөйлей білудің қалыптасқан жүйесін, сөз қолданыстарының қыр-сырын ұғынуға тиіс;

  3. Теориялық білімдерін өмірде қолдана білу біліктерін қалыптастыру;

  4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

  5. Мәдениеті жоғары, адал ,шыншыл, жауапкершілігі мол тұлға тәрбиелеу;















Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қанипа Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы» Алматы. 2003 жыл.

2.Әлімовтың интербелсенді әдіс-тәсілдері.

3. Үлестірмелі материалдар. Өрлеу. 2018 жыл

4. «Қазақ тілі мен әдебиет журналы» 2013 жыл

,



































Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  1. Пікірталас әткеншегі. Ішкі және сыртқы шеңбер.

  2. Дөңгелек үстел.

  3. Ток-шоу.

  4. Форум.

  5. Жүзіп шығу.

  6. Сұхбат.

  7. «Т» кестесі.

  8. Дербес пікір.

  9. Рөлдік ойындар.

  10. Симпозиум.

  11. «Бұрыштар» пікірталасы.

  12. Пікірталас-диалог.

  13. Екі жақты күнделік.

  14. Әңгіме –дебат.

  15. Әдебиет үйірмесі.

  16. Фишпул.

  17. Аквариум.

  18. Үш қадамды сұхбат.

  19. Кезектескен пікірталас.

  20. Төрт сөйлем тәсілі. т.б.



















































































































































































































































































































































































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!