Материалдар / Дефектология негіздері, дәрістер жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дефектология негіздері, дәрістер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2021
1464
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1 ДӘРІС

Тақырып: Дефектология-ғылым ретінде.

Дәріс мазмұны:

1. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.

2. Дефектологияның салалары.

Дефектология («defectus» латын сөзі – кемшілік, жетіспеушілік, «logos»- грек сөзі ілім) мағынасын білдіреді. Дефектология – бұл педагогикалық ғылымға жатқызыла отырып, ауытқушылығы бар балалардың дамуының психо-физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді, әрі оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын, оның жолдарын әдістері мен тәсілдерін қарастырады.

Дефектология зерттеу пәні ретінде және педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде денелік және психикалық ақаулығы бар балалардың жалпы мәселерімен шұғылданады. Дефектология ғылымы философия, әлеуметтану, психология, педагогика, медициналық ғылымдармен тығыз байланыстылықта дамып жетілуде.

Біздің елімізде арнайы педагогикаға дефектология, түзету педагогикасы енеді. Арнайы педагогика- денелік және психикалық ауытқушылығы бар тұлғаларға арнайы білім және тәрбие беру қызметін қамтиды. Ол қалыпты педагогикалық жағдайда жалпы педагогикалық құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.

Дефектологияның негізгі мақсаты:

  • ауытқушылығы бар тұлғаларды тұлғалық жағынан қоршаған

ортаға бейімдеу;

  • ақаулығы бар балалардың бойында өзіндік абырой, әрі бедел

сезіміне тәрбиелеу;

  • балаларда жағымды мінез-құлық салаларын қалыптастыру;

  • дербес қоғамдық пайдалы өмірге белсенді етіп даярлау;

  • қарапайым еңбек дағдыларын меңгерту;

  • іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

Дефектологияның мақсатын іске асыруда төмендегідей міндеттер шешіледі:

  • тұлғалық дамудың педагогикалық заңдылығын зерттеу;

  • бұзылу қурылымына сай түзету қажеттілігін анықтау;

  • арнайы білім беру заңдылығын зерттеу;

  • арнайы білім беру жағдайда оқытудың технологиясын, әдістерін,

принциптерін ғылыми негізде жетілдіру;

  • мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу, тузетуге

арналған бағдарламаларды жетілдіру және оларды тарату.

Дефектологияның салалары.

  • Олигофренопедагогика ( интеллект жағынан бұзылған)

  • Тифлопедагогика (көрмейтін, нашар көретін)

  • Сурдопедагогика (саңырау, нашар еститін)

  • Тифлосурдопедагогика (соқыр-саңырау)

  • Логопедия (сөйлеу тілі бұзылған).

Осы аталған салалардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктеріне қарай зерттеу, түзету және тәрбиелеу жұмыстарын қарастырады.

Қазіргі таңда қоғамымызда ақаулығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және тузету – бұл курделі болып танылған әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр. Мұндай тұлғадағы балалар дер кезінде үйлесімді көмек беруді тұлғалық жағынан қажет етеді.




2 ДӘРІС

Тақырып:Арнайы оқыту мен тәрбиелеу теориясы және практикасының дамуы.

Дәріс мазмұны:

1.Арнайы оқыту мен тәрбиелеу теориясының дамуы

2. Дефектологияның даму мәселелері.

Кеңестік революцияға дейін оқу орындары саны өте аз мөлшерде приюттік типте болды. Дене және ақыл-ойы жағынан ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік жүйедегі білім беру саласына енгізілді. Ұлы қазан жеңісінен кейін кеңестік мемлекет ақаулығы бар балаларға аса ерекше түрде көңіл бөлуді қолға алды.

1918 жылы ақаулығы бар балаларға жекелей қайырымдылық сипаттағы балалар мекемесі болып, ол жалпы мемлекеттік жүйедегі білім білім беру саласына қосылды.

1919 жылы Халық комиссариаты кеңесі саңырау, соқыр, ақыл-ойы кеміс, психикалық жағынан ауру балаларды емдеу, оқыту және тәрбиелеу ісі жөнінде жұмысты қолға алды. Сол кезде мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету ісіне мемлекеттік қоғам қайраткерлері А.И.Ульянова -Елизарова, А.В.Луначарский, А.М.Горький араласты. Осыдан бастап біртіндеп ақаулығы бар балаларға оқыту және тәрбиелеу ісі ғылыми негізілікте дами түсті.

Психология, медицина, педагогика салаларындағы В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев, Г.И.Россолимо, Ф.А.Роу, В.М.Кащенко, Н.М.Лаговский, Н.А.Гроборов мүмкіндігі шектелген балаларға өз қызығушылықтарын танытып, өз үлестерін қосты.

1920 ж. өткен съезд және конференцияларда «Балаларды қорғау және балалар кемшілігін қорғау» бойынша арнайы білім беру жүйесінде дефектология өздігінен дербес білім аймағына айналды.

1929 ж. 1-ші рет ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу және оларды еңбекке әзірлеу мәселесін зерттеу жөнінде ғылыми орталықтың құрылуы аса үлкен жаңалық болды. Бұл экспериментальдық дефектологиялық институтқа (ЭДИ) көрнекті кеңес ғалымы И.И.Данюшевский (директор), Л.С.Выготский (ғылыми қызметкер) қызмет етті. Біртіндеп жылдан жылға ақаулығы бар балаларға қоғам, мемлекет тарапынан көмек ету және оларды үйлесімді жағдаймен қамтамасыз ету қарқынды дами түсті.

1971 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында «Ақыл-ойы кеміс тұлғалар құқығы» Деклорациясы, 1971 жылы «Мүгедектер құқығы» туралы Деклорация қабылданды. Еліміздің ірі қалаларында арнайы мектептер кеңінен ұйымдастырыла түсті Қазіргі кезде де ақаулығы бар балаларға арнайы көмек беру, олардың түзелуіне жағдай жасаумен қамтамасыз ету қоғам және мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асырылуда. Әрбір арнайы мектептер жұмысы арнайы бағдарламалар бойынша, әдістемелік бағытта, оқу және көрнекі құралдар арқылы іске асырылды. Көмекші және арнайы мектептер Ғылыми зерттеу институтымен тығыз байланыста жүргізіліп дами түсуде. Балалардың ақаулықтарын дер кезінде анықтау, ерте медициналық зерттеу, психологиялық-педагогикалық диагностика жұмысын жүргізу, олардың ақаулықтарын дұрыс және нақты анықтай отырып медициналық-педагогикалық-психологиялық көмек беру істері де қарастылуда.

Біздің елімізде ақаулығы бар балаларды есепке алу және оларды қамтамасыз ету денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік мекемелер қызмет етеді.

Денсаулық сақтау мекемесі:

  • әртүрлі ақаулық дамуына қарай оларды жаппай белсенді түрде зерттеу;

  • нәрестелік, сәби, мектепке дейінгі, кіші шәкірттік, жасөспірім шактардағы дамудың түрлі бұзылыстарын ерте анықтау;

  • жүйелі түрде дәрігерлік бақылау, қажетті әдістер негізінде терең түрде диагностика жүргізу, бұған психолог, дефектолог және медициналық мамандарді тарту;

  • арнайы емделу орындарында және емхана жағдайларында ауруды емдеу;

  • медициналық іс-шараларды жүйелі жүргізу;

  • ақаулықтың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын ата-аналармен бірлесе жүргізу; бала дамуының әр кезені бойынша мәселелерді шешу;

  • ақаулықтың ауыр түрлеріне дәрігерлік-еңбектік жедел комиссия мен әлеуметтік қорғау мекемелеріне жолдама беру;

  • ақаулығы бар балаларды есепке ала отырып оларға көмек беру;

  • ақаулық сипаты жөнінде статистикалық мәліметтер жинақтау және іс -қағаздар жүргізу.

Білім беру мекемесі:

Ақаулығы бар балалар мен жасөспірімдердің дамуына педагогикалық түзету жолында 3 жастан 18 жасқа дейінгі аралықта оларды оқыту мен тәрбиелеу және оларды еңбек пен кәсіби даярлауды қамтиды, яғни

  • ақаулығы бар балаларға психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу;

  • психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру;

  • ақаулығы бар балаларға арналған статистикалық есеп жүргізу;

  • арнайы және көмекші оқу орындарында оларды топтастыру;

Әлеуметтік қорғау мекемесі:

Мүгедек балаларға арналған есеп әлеуметтік қорғау мекемесінде қаралады. Әлеуметтік қорғау мекемесі комиссиясының шешімі негізінде мүгедектік зейнетақымен (төлем ақы) қамтамасыз етіліп, мүгедектерге арналған интернаттарға жолдама беріледі. Интернаттарға 3 жасқа толғаннан кейін, кезекті қозғалыс тәртібімен қамтамасыз етіледі.





3 ДӘРІС

Тақырып: Ақаулығы бар балалар

Дәріс мазмұны:

1.«Ақаулық» түсінігі.

2.Ақаулығы бар балалардың ерекшеліктері

3.Ақаулықтың болу себептері

Anomalия”- грек сөзінен алғанда «дұрыс емес» деген мағынаны білдіреді. Ақаулығы бар балалар жалпы денелік және психиқалық жағынан кемшіліктері бар балалар тобына енеді.Ақаулығы бар балалардың дене және психикалық жағынан бұзылып келуі, олардың жалпы дамуына өзіндік өз әсерін тигізеді. Мұндай балалар тобы арнайы оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмысын қажет етеді. Ақаулығы бар балалар тобына:

  • Есту қабілеті бұзылған;

  • Көру қабілеті бұзылған;

  • Сөйлеу тілі бұзылған;

  • Интеллектілік дамуы бұзылған;

  • Психикалық дамуы баяу;

  • Тірек-қимыл аппараты бұзылған;

  • Күрделі түрдегі бұзылыстар;

  • Психикалық мінез-құлқы жағынан бұзылған;

Сондай-ақ жоғарыда айтылған ақаулықтарымен қоса, белгілі бір организмге байланысты жалпы жүйелік түрлері де бар, олар

  • денелік ақаулықтар

  • сенсорлы бұзылыстар

  • ми қызметі бұзылыстары

Мүмкіндігі шектелген балалар күрделі және әртүрлі сипаттағы бұзылыстармен сипатталады. Мұндай балалар тобы оқу танымдық, еңбек іс-әрекеттерінде және әлеуметтік байланыстарда ерекшеленіп байқалады. Әрбір бұзылыстың өзіндік сипат ерекшелігіне қарай балалардың дамуы барысында оқыту мен тәрбиелеу жұмысының жүйелі жүргізілуі нәтижесінде ғана түзелуі мүмкін, ал кейбіреулерінде бұл үрдіс ұзақ уақытты қамтуы ықтимал.Бұл мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету, оларға көмек беру барысында ғана іске асырылады. Ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен педагогикалық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік салалар бірлесе отырып түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында көмек беру және оларды қолдау арқылы ғана жүзеге асырылады.

Балаларда психо-денелік ақаулықтардың болу себептері:

  • экологиялық әсерлер (өндіріс орындары мен газ-мұнай саласы, қара

түсті металлургияның зиянды заттардың ауаға тарауы. Су қоймасының ластануы, жер асты суларының ластануы;

  • экономикалық жағдай;

  • әлеуметтік жағдай;

  • отбасылық жағдай;

  • онкологиялық ауру;

  • жұқпалы аурулар;

  • эндокриндік жүйке ауру салдары;

  • генетикалық бұзылыстар;

  • дүниеге келу сәтіндегі қолайсыз жағдайлар;

  • даму жағдайының ауыр деңгейде болуы.

Халықаралық қоғам ұйымы даму ақаулықтарының түрлеріне байланысты жүйелілікті жинақтау жұмыстарымен айналысуда.Дамыған елдердің көпшілігі өз еліңдегі денсаулық мүмкіндіктерінің шектелу белгілеріне орай терминалогия және жүйелілік бойынша өз санақтарын жүргізіп жатыр.Статистикалық мағлұмат елдердің дамығандығына, медициналық, әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсету сапасына байланысты анықталады Бүгінгі таңда статистика проценттік қатынасын дәлірек анықтап отыр.Ақаулығы бар балалардың арасында бірінші орынды оқытылуы қиын балалар алса, екінші орынды ақыл- ойы баяу дамыған балалар орын алып отыр. Үшінші орында сөйлеу тілі бұзылғандар.Жалпы әлемде 1000 адамның үшеуі соқыр, ал 5 пайыздан астамы есту ақаулығы барлар.Әрбір үш оқушының, яғни 7-15 жас аралығындағы балалардың 4-5 оқушысы ақыл- ойы баяу немесе оқытылуы қиын оқушылар болып табылады.Әрбір 800 жаңа туған нәрестенің біреуі Дауна синдромына шалдыққандар.Ресей Федерациясының білім министрлігінің статистикалық мағлұматы бойынша қазіргі уақытта 1,7 млн балалардың, яғни 4,5 пайызы денсаулығы жағынан мүмкіндігі шектелген балалар қатарына жатады және олар арнайы білім беруді талап етеді.Қазіргі таңда 500мыңнан астам ақаулығы бар балалар арнайы білім беру мекемелерінде оқытылып тәрбиеленуде.



4 ДӘРІС

Тақырып: Ақыл- ойы баяу дамыған балалар

Дәріс мазмұны:

1.Олигофрения және оның деңгейлері.

2.Ақыл-ойы баяу дамыған балалар

3. Көмекші мектеп және оның негізгі міндеттері

Ақыл-ойы баяу, кеміс деген сөз дефектологияда жиі айтылады. Бұл балалардың ақыл-ой қабілетінің төмен болу екіндігін білдіреді.Ақыл-ой кемістігі орталық жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейдегі зақымдауынан болады.Арнайы педагогикада ақыл-ойы кеміс балалардың бұзылуын зерттейтін, оларды оқыту мен тәрбиелеуді қарастыратын және әлеуметтік ортаға бейімделу мәселесімен шұғылданатын олигофренопедагогика болып табылады.

Олигофрения – бұл ақыл-ой сана және психикалық түрдегі дамымаушылық. Орталық жүйке жүйесі қызметінің зақымдануының нәтижесінде балада ақыл–ой, сананың баяулығы байқалады, бұл ең алдымен бас миының дамымауы болып саналады.

  • Преднаталдық (ішкі даму жағдайында);

  • Наталдық (дүниеге келу сәтінде);

  • Постнаталдық ( дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы кезенде).

Олигофренияның болу себептері әртүрлі факторлардың әсер етуінен болады. Бұлар экзогендік (сырттай) және эндогендік (ішкі ) сипатқа байланысты келеді.

Экзогендік фактор – анасынын жүкті болу негізіңде түрлі инфекциялық аурулармен ауруы (вирустік аурулар), анасының организіміне түрлі кеселдің тусуі, түрлі травмалар мен соққылар.

Эндогендік фактор – туа пайда болатың олигофренді алып келеді. Бұған патологиялық тұқым қуалаушылық (ата-анасының түрлі венерологиялық аурулары, сондай-ақ екеуінің біреуінің ақыл-ой кемістігі, хромосом тобының бұзылуы, резус-фактор бойынша кан құрамының сәйкес келмеуі. Ақыл-ой кемістігі болуының 3 сатысы бар.

  • Идиотия,

  • имбециль,

  • дебил

Идиотия – ақыл-ой кемістігі ауыр сатысы. Мұндай балаларда бұзылыстар өте ауыр, қиын болып келеді. Олардың өзіне-өзі кызмет көрсетуі қиын және жай ,ал кейбіреулерінде бұл дағдырлар тіпті қалыптаспайды.

Имбецил – идиотиямен салыстырылғанда жеңілірек келеді. Бұлар белгілі бір дәрежеге дейін сөйлеуді игерген күрделі, емес еңбек дағдыларын менгерген, Бірақта өрескел кемістік олардың қабылдау, ес, ойлау, коммуникативтік қарым-қатынас және эмоционалдық ерік сапаларында көрінеді. Имбецил балалар көмекші мектептерде оқуда үлгіре алмайды.

Дебил – ақыл ой кемістігінің жеңіл сатысы. Бірақта интеллектісі төмен, эмоционалдық ерік сапасы әлсіз, жалпы мектептегі білім беру бағдарламасын меңгере алмайды.Оларға білімді меңгеру қиындық келтіреді және күрделі жазу мен оқуды игермейді, дыбыс пен әріп арасындағы байланысты түсінбейді, түсінген жағдайда да қиындықпен игереді.Қарапайым математикалық операцияларды үлкен қиындықпен менгереді.Орта мектепте мұндай балалар оқыған жағдайда тарих,география, сызу, химия, физика т.б. пәндерден үлгіре алмайды.

Имбецил және идиотия сатысындағы ақыл-ой кемістігі бар балалар өз отбасында, арнайы балалар үйінде тәрбиеленіп, әлеуметтік жағдай жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Оқытылуға жатқызылатын тұлғалар қосымша мектептерде білім тәрбие алады. Оқыту-тәрбие және түзету жұмыстары арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Қосымша мектепте оқытуға жергілікті орындағы педагогикалық медициналық-психологиялық кеңес беру мекемелерінің мамандары шешімімен жолданады. Қосымша мектептердің негізгі мақсаты психологиялық тұрғыдан қоғамдық ортаға балаларды бейімдей отырып, олардың өмірге, айналадағы ортаға үйлесімді көзқараспен қарауға деген сенімін қалыптастыру, еңбек дағдыларын меңгерте отырып, еңбек етуге тәрбиелеу, болашаққа сеніммен қарауға, қоршаған ортамен және адамдармен үйлесімді жағдай қарым-қатынасына келе білуге бағыттау болып табылады.

Қиындықпен оқылатын балалар тобының көпшілігі ерте басталатын түзету жұмысын қажет етеді.Өкінішке орай нәрестелік және сәбилік шақ кезеңінде балалардың ауытқушылығының барлық формасы анық түрде зерттелмейді.

Ақыл-ой кемістігі бар балалар сәбилік шақтаөз отбасында немесе денсаулық сақтау жүйесіндегі арнайы яслилерде тәрбиенеледі.

Балалар үйінде тәрбиелеу және түзету жұмыстары сәбилік шақ кезенінде жүзеге асырылады:

  • балалардың эмоционалдық және жеке тұлғалық қасиеттерін

кеңейту;

  • үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасауға

үйрету;

  • заттар әлемін тануға және психомоторлық дамуын ілгерілетуге

бағыттау;

Ал арнайы балалабақшаларда мұндай балаларға кешенді жағдайда көмек көрсетіледі. Балаларды тәрбиелеу, емдеу-сауықтыру шараларымен қамту және психолог, логопед, топ тәрбиешілері, музыка жетекшілері, олигофренопедагогтармен бірлесе ұйымдастырылған түзету бағытындағы педагогикалық шаралар жүзеге асырылады. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде ерекше болып табылатын негізгі міндет бала денсаулығын қорғау және күн тәртібін сақтау, жылы тыныс жағдайдағы атмосфераны жасау, конфликтілік жағдайларды болдырмау, әр баланың ерекшілігін есепке алуболып табылады.

Балабақшадағы барлық жылда баланы тәрбиелеуде және оқытуда, оны мектепке әзірлеп даярлауда үш бағыт қамтылады:

  • баланың денелік дамуын қалыптастыру;

  • қарапайым түрдегі танымдық қызығушылығын қалыптастыру;

  • танымдық белсенділігін және білім және іскерлігін жинақтау;

  • адамгершілік-ерік әзірлігін қалыптастыру;

Мектепке дейінгі кезеңде ақыл-ойы баяу балаларға қолайлы жағдай көрсетілсе, олардың дамуында алға басушылық болады, бұл олардың арнайы мектептің оқу бағдарламасын меңгеруіне көмегін тигізеді. Мектепке дейінгі кезеңде мұндай балалар жалпылама балаларға арналған балалар бақшасындағы арнайы топтарда білім алып тәрбиенеледі.Мектеп жасына жеткен кезден бастап, арнайы мектептерде арнайы білім стандартна сай арнайы бағдарлама бойынша оқытылад. Сонымен бірге оларға әлеуметтік еңбекке бейімдеу орталығыгынан көмек көрсетіліп отырылады.

Ал арнайы мектептердің негізгі міндеті мынадай:

  • ақыл-ойы баяу мектеп оқушыларының танымдық қызметтерінің және

эмоционалдық ерік сфераларының,кемшіліктерінің алдын-алу;

  • өнімді еңбекке қатысуға, қазіргі қоғам жағдайына әлеуметтік тұрғыдан

бейімдеуге бағыттау болып саналады

Арнайы мектептің төменгі кластарында тіл дамыту бойынша (қоршаған дуниемен айналамен таныстыру, заттармен таныстыру), арнайы ритмика сабақтары өтіледі.Жоғарғы кластарда әлеуметтік (тұрмыстық шаруашылығы) бағдарлау сабақтары өткізіледі. Оқыту жұмысын ұйымдастыруда топтық және жекелей логопедиялық сабақтар, психомоторика және сенсорлық қабілеттерін дамыту, емдеу-сауықтыру комплекстері өткізіледі. Арнайы мектептерде тәрбие жұмысына да үлкен мән беріледі. Мұндағы негізгі мақсат – тәрбиенушілерді әлеуметтендіру болып табылады. Ал негізгі міндет – балалардың бойында жағымды сапаларды айқындау, өзін және қоршаған ортаны дұрыс бағалай білуін қалыптастыру, айналасындағыларға деген адамгершілік қарым-қатынас сезімдерін қалыптастыру. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының арнайы міндеттері әртүрлі іс- әрекеттер негізінде жүзеге асырылады.




5 ДӘРІС

Тақырып:Психикалық дамуы баяу балалар

Дәріс мазмұны:

1. Психикалық дамуы баяу түсінігі

2. Психикалық дамуы баяу балаларға психологиялық- педагогикалық сипаттама

3.Психикалық дамуы баяу балаларға кешенді көмек ету жүйесі

Мектепте қиындықпен оқылатын балалар тобының көп бөлігі психикалық дамуы баяу балалар тобын құрайды. Мұндай көпсандық топтың 50% жуығы бастауыш класс оқушыларын қамтиды және бұл оқушылар тобы педагог –психологтарды өздеріне еріксіз назар аудартады.

Психикалық дамуы баяу түсінігі (ПДБ) - бұл балада танымдық әрекеттің жеткілікті дәрежеде дамымауы және эмоционалдық ерік сапаларының анық сипат алмауымен сипатталады. Арнайы түрде психикалық дамуы баяуды кешенді түрде зерттеу және балалар ауытқушылығының дамуын білу арнайы психологияда 60-70-ші жылдарда қарастырылды. Бұл мектеп практикасының қажеттілігінен көрініс алып туындады. Психикалық дамуы баяу болып балалардың сипатталуы, яғни баланың жалпы дамуында психикалық дамудың қалыс қалуы болып саналанады.

Г.Е.Сухарев,Т.А.Власов, М.С.Певзнер зерттеулеріңде В.И.Лубовский, К.С.Лебединский төменгі класс үлгірмеушіліктерінің негізгі категориясы бұл оқытуда қиыншылыққа ұшырауы, психикалық дамудың баяу қарқындылығымен қамтылған. Көпшілік жағдайда балаларда психикалық дамудың баяу болуының себебі ең аз мөлшердегі органикалық бұзылыстар немесе орталық жүйке жүйесінің функционалдық қызметінің әлсіздігі, дуниеге келу сәтіндегі және бала өмірінің алғашқы жылындағы түрлі қолайсыз әсерлер нәтижесі, ұзақ созылмалы аурулар, әлеуметтік-мәдени жабығулар (отбасындағы, балалар үйіндегі қолайсыз жағдайлар), стрестік, психотравмалық факторлар әсері.

Психикалық дамуы баяу – тұрақты тузетуді педагогикалық- психологиялық тұрғыдан үйлесімді жағдай жасауды және медициналық емдеу шараларын да қажет етеді.

ПДБ балалардың барлығына тән ерекшілік қоршаған орта дүние және өзі жайында ұғым түсініктері үзік-үзік шектеулі, моральдық норма туралы түсінігі анық емес, танымдық қызығушылығы әлсіз, танымдық белсенділіктері төмен, ақыл-ой операциялары мен әрекеттері жеткілікті қалыптаспаған, сенсорлық жаңалықтарды қабылдауда және оны өндеуде жылдамдығы жай болу жиі байқалады, әрі коммуникативті қарым-катынастары жеткіліксіз дамымағандықтарымен сипатталады.

Балалардың сөйлеу тілінде қалыс қалушылық, сөйлеу белсенділігі төмен, әсіресе дыбыстау кемшілігі, аграмматизм, сөздік қорлары шектеулі, сөзді реттей алу функциясы баяу деңгейде көрініс береді. Оқу және ойын мотивациясын игеруде әлсіздік байқала отырып, өз мінез құлығын реттеуде мағынасыздық қалыптасып

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!