2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Дене жаттығуларын орындау арқылы қыздырыну және қалпына келтіру техникасы.

Дене жаттығуларын орындау арқылы қыздырыну және қалпына келтіру техникасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене жаттығуларын орындау арқылы қыздырыну және қалпына келтіру техникасы.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлім


Педагогтың аты-жөні

Омаров Н

Күні

24.10.2024ж

Сынып 3 «Ә»

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Дене жаттығуларын орындау арқылы қыздырыну және қалпына келтіру техникасы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіру

Сабақтың мақсаты


  • Денежаттығуларын,қимыл-қозғалысойынынорындағандақыздырыну және босаңсыту маңызын түсінеді.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті.Сұрақ-жауап арқылыдене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы туралы мәселелер нақтыланады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.

Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, қозғалыста ЖДЖ-ын орындайды).

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Оқушы өз жұбын табады

Сұрақ жауап орындады

Қол шапалақ







Ысқырық, секундамер


Ортасы

Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы туралы ақпараттандыру.

Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып жеңіл атлетика бөліміндегі негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Жеке қозғалыс әрекеттерді сынамалау. Денені қыздыру мен босаңсытудың маңыздылығын түсіну.

Сипаттама: Оқушылар шағын топтарда ақылдаса отырып жеңіл атлетика бөліміндегі дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңыздылығын түсіндіруге тырысады. Жаттығуларды көрсету барысында жүру, жүгіру, секіру секілді негізгі қозғалыс жаттығулары арқылы дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.

Мұғалім әрекеті:

- тапсырмаларды орындау орынын, құрал-жабдықтарды дайындайды;

- сыныпты бірнеше шағын топтарға бөледі (сергіту сәттері арқылы топтарға бөлу);

- оқушыларға жеке топ ретінде өзіндік дене жаттығуларын жасақтап көрсетуді ұсынады;

- жаттығудың аты мен рөлдерін нақтылауды талап етеді;

- тапсырманы түсіндіреді;

- тапсырмаларды орындау кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;

- тапсырмаларды орындау кезінде жетілдіру керек дағдыларды, әрбір оқушының жеке жетістіктерін айтып тұрады;

- оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын бірі-бірлеріне ауызша баға беру арқылы жүзеге асырады;

Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:

Топтық жұмыстың артықшылықтарын айта алар ма едіңіз?

Оқушы әрекеті:

Оқушылар үш-төрт адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.

1-әрекет. Жаңа сабақ барысында игерген дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы түсіндіре отырып, жаттығудың маңыздылығын айта отырып көрсетеді. Топтағы іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді.

2-әрекет. Оқушылар шағын топта ақылдаса отырып өздерінің дене жаттығуларын жасақтайды, сынамалап көреді, ұсынады.

3-әрекет. Шағын топтарда жасақталған жаттығуды ұсыну. Оқушылар жаттығудың атын айтады, ойыншылардың әрекетін түсіндіреді.

Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- дене жаттығуларының маңыздылығын түсіндіреді;

- шағын топта белсенділік танытады, жаттығудың кем дегенде 5-6 түрін көрсетеді;

Бағалау:Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Уақыт қалса қимыл-қозғалыс ойындарын ойнату.

«Қоян, күзетші және күшік». Сынып ішінде екі жүргізушіні таңдаңыз «күзетші және күшік» Алаңның ортасында оқушылар қысқа секіртпе жіпті «дуал» 40-60 см биіктікте ұстап тұрады. Мұғалімнің белгісімен «қояндар» (әр «іннен» бір-бірден, секіртпе жіптен жоғары немесе төмен) жүгіріп шығып, «дуалдан» секіріп түсіп «бақшаға» түседі. «Күзетші» шығып, алақанын соғады. «Қояндар» қашып шығып, «дуалдың» астынан өрмелеп немесе үстінен секіріп өтіп «індеріне» жүгіреді. «Күшік» қашқандарды қуып, ұстауға тырысады. «Іннің» іші «қояндар» үшін қауіпсіз жер болып табылады. «Күшікке» бірде-бір рет ұстатпағандар жеңіске жетеді. Әрбір жүгіру кезінде «күзетші» мен «күшік» орындарын ауыстырады.


«Қосаяқтар» қозғалмалы ойыны. Ойыншылардың ең аз саны – екі адам. Бормен жерге «сөрені» сызу керек. Барлық оқушылар жұппен бөлініп тұрады. Бірінші жұп «сөреге» «сөреге» шығады. Бірінші ойыншы барынша алысқа секіреді. Оның секірген ұзындығын бормен белгілейді. Екінші ойыншы қарама-қарсы бағытта секіреді. Секіруді бірінші оқушы секіріп жеткен жерден орындайды. Ол жай ғана «сөрелік» сызыққа дейін секіріп қоймай, бірнеше сантиметрге алысырақ секіруге тырысуы керек. Егер екінші ойыншы осыны орындай алса, осы жұптың жеңімпазы болып есептеледі. Ал егер орындай алмаса – бірінші ойыншы жеңімпаз болады. Одан кейінгі жұптар бірінші және келесі этаптардың жеңімпаздарынан құралады. Ең соңында екі епті «қосаяқтар» қалып, «қосаяқтар» олипиадалық ойындарының абсолютті чемпионы атағына кім лайықты екенін анықтайды!

Дискрипторлар:

  • ойында ҚЕ сақтайды;

  • топта белсенділік танытады және әділ ойнауға шақырады

Ойынды қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың жетістіктерін бағалау.

Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау















ҚБ От шашу



ҚБ Бағдаршам


Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:


Сабақтыңсоңы



  • Сабаққа белсенді қатыстым, аз да болса топқа пайдам тиді.

  • Сабақта берілген материалдарды түсіндім, өзіме қажеттісін алдым.

  • Сабақты түсінбедім, сабаққа қатыса алмадым.




Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы



31 Наурыз 2025
85
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі