
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дене жаттығуларының физиологиялық негіздері
Дене жаттығуларының физиологиялық негіздері
Жоспар:
1. Дене жаттығуларының өзектілігі
2. Қозғалыс, оның құрылымдары
Өзектілігі
• Емдік дене тәрбиесі бұл өз алдына жеке дамыған медициналық пән. Емдік дене шынықтыру ауруларды емдеу кезеңінде және организмді жіті күрделену мен күрделі аурулардың алдын алуға, аурудан кейін ағзаны қалпына келтіруге, еңбек қабілетін дамыту және дене жаттығуларын қолдану тәсілдерін оқыту мен үйретуге арналады.
• Бұл емдік дене жаттығулары басқа емдік әдістерден өзіндік ерекшелігімен анықталатын, ағзаның өмірлік қызметінің стимуляторы болып табылады.
• Мақсаты: Емдік дене тәрбиесі қазіргі заманға сай ең маңызды элементтерден құралған емдеу кешені. Кешенді емдеу тек қана ұлпаның патологиялық өзгерісіне емес, бүкіл мүшелердің және мүшелер жүйесінің барлық ағзаның емделуіне әсерін тигізеді. Кешенді емдеу элементтерінің қолданылуы сауығу кезеңдеріне және адамның еңбек қабілетінің қайта қалпына келу қажеттілігіне байланысты анықталынады. Кешенді емдеу негізінде функциональдық терапиялық әдісі ретінде емдеу дене шынықтыру маңызды рөл атқарады.
• Дене жаттығулары ағзаның барлық реактивтілігіне өз әсерін тигізеді, патологиялық процеске қатысқан органдардың жалпы реакциялық механизмін арттырады. Осыған орай емдік дене тәрбиесін патогенетикалық терапия әдісі деп те атауға болады.
• Дене тәрбиесі барысында адам ағзасын қайта қалпына келтіру мәселесі.
• Емдік дене тәрбиесі ауру адамға арналған саналы және белсенді дене жаттығуларын қарастырады. Сабақ процесінде ауру адам табиғаттың табиғи факторларын - шынығуға, ал дене жаттығуларын - емдік мақсатқа және аурудың алдын алуға пайдалануға дағдыланады. Сондықтан, бұл емдік дене тәрбиесі сабақтарының жүргізілуін емдік-педагогикалық процес деп есептеуге болады.
• Дене тәрбиесінде дені сау адамға қолданылатын қағидалар емдік дене шынықтыруда да ұстанады, атап кетсек, қолданбалы-сауықтыру бағытындағы адам тәніне жан-жақты әсер ету принципі - ол адамның денінің саулығын арттыруға арналады. Өзінің мазмұны жағынан емдік дене шынықтыру дене тәрбиесінің құрылымды бір бөлігі болып табылады.
Дене жаттығуларын емдік негізде қолдану мүмкіндіктері:
• Тірек қимыл аппараттарының жарақаттарындағы емдік дене шынықтыру жатығулары
• Тірек қимыл аппараттарының кез-келген жарақаты, тек қана жергілікті реакциялармен ғана емес, сонымен бірге ағзаның өмірлік қызметімен жүйке рефлекторлық реакциясының өзгеруімен ұштасады. Сондықтанда ол жалпы аурулар ретінде қарастырылып, жарақат аурулары деп аталады. Жарақаттанғаннан кейін, бірден өте жиі болатын жалпы жарақат ауруларының белгілері естен тану, коллапс жарақаттық шок. Естен тану өте тез өтеді- мидағы қан тамырларының рефлекторлы тарылуынан, оттегі жетіспеуі салдарынан қысқа мерзімде есінен айырылу. Коллапс- кенеттен күш төмендеуі, бұл мынаған байланысты көп қан жоғалтудан, наркоздан, интоксикациядан жүрек қызметінің нашарлауы. Жарақатты шок- қатты ауыру синдромының әсерінен ағзаның маңызды өмірлік процестерінің төмендеуі. Шок жағдайында реттеуші эндокриндік және жүйкелік жүйелердің қызметі бұзылады, мұның салдарынаң жүрек қантамырлары, тыныс алу қызметтері бұзылып және оттектік ашығу туындайды. Соның салдарынан орталық жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды.
- Сынықтар, сынық бөліктерінің қозғалмаған және сынық бөліктерінің қозғалысы(ығысуы) жағдайында болуы мүмкін. Сынықты емдеу оның сипатына қарамастан үш түрлі принцпке негізделеді: сынықтарды дұрыс келтіру, оларды толық бітісіп кеткенше дұрыс жағдайда ұстау және қол қызметін қайта қалпына келтіру.Сынықтар ашық әдіспен – операциялық немесе жабық және қолмен түзеу әдістері арқылы орындарына келтіріледі. Жабық әдісте сынықтар шина, гипс салу, Илизаров аппараты т.б арқылы ұстатылады, ал ашық әдісте – метал стержен көмегімен, пластин, шегелер (сүиек ішіне еңгізіліп), шұрұп, винт, болт, сүйек штифтері және транспланттаттар арқылы ұстатылады. Сынықтар бірінші реттен бірігіп жазылуы мүмкін (жақсы қойылған сынықтар аз ғана сүйек мозолін түзеді) немесе екінші реттен жазылады (үлкен көлемді сүйек мозолі түзіледі). Көрсетілген көмек пен сынықтын сипатына байланысты түтік тәрізді сүйектің бітісуі бірінші реттік жазылуда – 3 аптадан 2- 3 айға дейін созылады. Жәй бітісуінде иммобилизацияға 6 айдай уақыт керек. Жарақатты зақымдануда көбірік кездесетін асқынулар: контрактура (буындағы қозғалыстын шектелуі, буыннан тыс және буынның жұмсақ ұлпаларының қысқаруынан болады), буындағы тығыз қозғалыс (қозғалыстын кенет шектелуі, қозғалыстын ауытқуы 3- 5 град. шегінде) және анкилоз (сүйектердің бірігіп кетуінен буындағы қозғалыстын жойылуы). Контрактура, тығыз қозғалыс және анкелоз, бұлшық ет атрофиясына алып келеді. Мұндай жағдайда қызметтің қалпына келуіне көп уақыт қажет. Кейде сынық орнында жалған буын қалыптасады (псевдоартроз) – бітіспеген сынықтардың айналасы тегістеліп, сынық орнында капсула пайда болған сүйек каналы түзіледі, ол қозғалысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
– Псевдоартрозды емдеудегі ең бастысы – зақымданған аяқты қозғалысқа үйрету, балдақпен, таяқпен т.б. яғни компенсаторлық дағдыларды қалыптастыру. Сүйек анкилозында, яғни бір- біріне тиіп тұрған сүйектердің бірігуінде, емдеу дене тәрбиесі зақымданған буында қозғалысты қалпына келтіре алмайды. Фиброзды анкилозде, егер қозғалыс ауытқуы 3 -5 град. шегінде болса дене жаттығуларының көмегімен буындағы кенет шектелген қозғалысты қалпына келтіруге болады.
– Ашық түрдегі жарақатты зақымдау остеомиелит арқылы асқынады.Бұл сүйектің тіршілігін жойған бөліктері сенвестрдің салдарынан болатын, жұлынның іріңді асқынуы. Остеомилиет кезеңінде 3фазаны бөліп көрсетеміз :жедел,асқыну және созылмалы. Жедел фазада емдеу дене тәрбиесін жүргізуге болмайды. Асқыну фазасында ағзаны сергітетін ертеңгілік гимнастика, және күніне 1-2 рет өткізетін жеке таңдалып алынған жаттығулар ұсынылады.
– Созылмалы ауру кезеңінде емдеу гимнастикасы сабақтары, ұлпаның регенерация процесін тездетеді, зақымданған аяқ –қолдың бұлшық еттерін нығайтады, буындардағы қозғалысты қалпына келтіреді және ағзаға жалпы пайдалы әсер етіп, зат алмасуын арттырады,жалпы жағдайын жақсартады.Жедел хиругриялық инфекциялар кезеңінде ( карбункул, гидроаденит,фурункулоз, флегмона,буындардың іріңді асқынуы) емдеу дене тәрбиесін қолдануға болмайды. Тірек-қимыл аппаратының жарақатты зақымдануындағы емдеу дене тәрбиесінің міндеті:ағзаның жалпы тонусын көтереді, қан және лимфа айналымын, тыныс алуды, зат алмасуды,трофикалық процестерді және ұлпалар регенерациясын жақсарту; зақымданған мүшенің жалпы ағзаның қызметін қалпына келтіру.
Сыну, бұғананың шығуы, акромиальді – бұғана бірігуінің жыртылуы.
• Жарақаттанғаннан кейін 2-ші күні емдеу гимнастикасы белгіленеді. Барлық жаттығулар таңғыш арқылы орындалады.
• І кезең фиксация сәтінен басталып таңғышты алып тастағанға дейін жалғасады (шамамен 3 апта). Жалпы дамытушы және тыныс алу жаттығуларынан келесі арнайы жаттығулар ұсынылады: жарақаттанған аяқ-қолдың саусақтарын қимылдату (саусақтарды алшақтату, қосу, жұмылдыру, барлық саусақтарды бірінші саусақтарға қарсы қою т.б) алақанды қимылдату (бүгу, жазу, айналдыра қозғау). 1-ші аптаның соңында уақытша жаттығуларды орындау үшін иық косынкадан босатылып, иық буынына жаттығулар жасалады. Иықты 80о-қа дейін бұру және қалпына келтіру (қол, шынтақ буыны арқылы бүгілу), иықты артқа қарай қозғалысқа келтіру – жауырынды қозғау.
• ІІ кезең емдеу дене тәрбиесі рентген түсірілімі дәлелдеген сүйек мозолінің түзілуінен кейін басталады (жарақаттанғаннан кейін 3 аптадан соң). Бұл кезең иық буыныңдағы қызметтің қалпына келуі. Қолды сау қолмен бірге қозғалта отырып, барлық бағытта қозғалыс , заттармен жаттығулар (таяқпен, резина, воллейбол добымен)жасалады, жаттығу мөлшері 6-10 рет. Жаттығулар ауырлық сезімін, бұлшық еттің шаршағанын болдырмау керек. Сабақ күніне 4-5 рет өткізіледі.
• ІІ кезең қозғалыс толық қалпына келгенше созылады (шамамен 2 апта).
• Емдеу дене тәрбиесінің ІІІ кезеңі – жаттығу.
Итеруші шина Итеруші шина
Итеруші шина
Дөңес валик(А) және үшбұрышты шина(Б). Иық сүйегінің
хирургиялық мойны және қол басы сынуын функциональды емдеудегі қолды фиксациялау.
Шынтақ буыны сынуындағы
ІІ кезең сабақтарындағы
қолдың бастапқы қалпы.
• Сабақтың І – ші кезеңінің міндеттері болып табылады: иық бұлшықеттерін максимальды босаңсыту және зақымдалған қол сүйектерінің сынықтарын дұрыс қалпына келтіру; аурулық сезімін болдырмау; қан құйылуын болдырмау; зақымдалған қолдың қан және лимфа айналуын және зат алмасуын қалпына келтіру.
• Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін келесідегідей жаттығулар ұсынылады. Бастапқа жағдайда зақымдалған қол жағында орналасқан аяқпен бір адым алға басу, тұлғаны алға қарай және ауыратын қол бағытына қарай бұру (сау қолдың көмегімен косынкадан қолды шығару):
• босаңсыған ауру қолды алға және артқа маятник тәрізді қозғау;
• сағат тілінің бағыты және оған керісінше бағытта шеңбер бойымен қозғау;
• қолды тұлғадан алға және артқа қарай “лақтыру”;
• саусақтарды жұмылдырыққа жинау және жазылдыру – бұл жаттығу кең көлемді қан құйылуды болғызбайды (көбіне иық сынғанда болады);
• қолды тік бұрышты косынкаға салып – шынтақ буынын жазылдыру мен бүгілдіру – қолды оңнан солға және керісінше қозғау – кеуде алдына келтіру және алып кету;
• қолды бастапқа жағдайға қою, түзу ұстау, иықты көтеру және түсіру, жауырындарды бір – біріне жақындату және алшақтату. Әрбір жаттығу 6-10 рет орындалады, ал барлық комплекс күніне 8-10 рет қайталанады.
Иық сүйегінің басының шығуы.
• Иықтың шығуы қолды алға созып немесе артқа қарай тартып құлағанда болады. Бұл жағдайда иық сүйегінің қалай ығысуына (алға, артқа, төменге) иықтың шығуының келесі түрлерін ажыратамыз: алдыңғы, төменгі және артқы. Бұлардың бәрі буын қапшығының созылуына әкеледі, кенет ауыру, иық буынының болмауы. Шыққан қолды дұрыстаған соң 3-4 апта Дезо таңғышымен және гипсті бинтпен фиксациялайды. Емдеу дене тәрбиесін жарақаттанғаннан кейін 2-ші күні белгілейді.
• І кезеңде жалпы дамыту және тыныс жаттығулары негізінде арнайы саусақтарға, алақанға, бұлшық еттің изометриялық күшіне иық және шынтақ буынына арналған жаттығулар жасалады. Барлық жаттығулар 10-15 рет қайталанады, ал барлық жаттығулар комплексі күніне 4-6 рет. Иммобилизациядан соң емдеу дене тәрбиесінің ІІ және ІІІ кезеңінен кейін иық буыны қызметінің қалпына келуі 2,5 – 3 айдан соң басталады. Спорттық жаттығулар дәрігерлердің рұқсатымен консервативті емдеу 4 айдан кейін және оперативті емдеуде 6 айдан кейін белгіленеді.
Шынтақ буынының жарақаты.
• Шынтақ буынының жарақаттанып зақымдануы сыну, шығу, созылу болып бөлінеді.
• Шынтақ буыны сынуының келесі түрлерін ажыратамыз: иық сүйектерінің төменгі эпифизінің сынуы, сүйектің домалақ басының сынуы, иық алды сүйектерінің жоғары және төменгі эпифиздерінің аралас сынуы.
• Шынтақ буынының сынуы, шығуы, созылуы кезінде артқы гипсті лонгетаны саусақтарынан бастап иықтың жоғары жағына дейін салады. (қол шынтақ буыны арқылы 90º-қа бүгілген)
• Емдеу дене тәрбиесі шынтақ буынының барлық жарақатты зақымдануында жарақаттанғаннан кейін 1-2 күннен соң белгіленеді.
• Шынтақ буынынң созылуынада жалпы дамыту және тыныс алу негізінде зақымданған қолға арнайы жаттығулар қолданылады. Кезеңнің ұзақтығы созылудың күшіне, сонымен қатар байланыстырушы аппараттың созылу деңгейіне байланысты. Иммобилизацияны алып тастағаннан кейін шынтақ буынындағы қозғалысты қалпына келтіретін емдеу гимнастикасы судағы гимнастика және физиотерипия белгіленеді.
• Қалпына келтіру мерзімі: 2- аптадан 1,5 айға дейін. Спорттық жаттығулар дәрігердің рұқсатымен әрқайсысына жеке созылудан кейін 3 айдан соң белгіленеді.
Бұғананың сынуы және шығуы
• Бұғананың сынуы жанымен құлағанда немесе қолды бүгіп құлағанда, сонымен қатар бұғанадан соққы алғанда болады.
• Қолтық асытынан емдегенде шина немесе жастық және оны сау иыққа гипс дәкісімен дененге байлайды. Жарақат алғанннан екі күн өткен соң емдік гимнастика тағайындалады. Барлық жаттығулар байлаулы күйде жүргізіледі.
• 2 кезең дәкені шешкенге дейін созылады. Онда арнайы жаттығулар орындалады: саусақтарды қозғалту, білезікті қимылдату (бүгу, созу, айналдыру) және т.б. Апта соңына қарай орамалды шешіп, иық буындарына жаттғулар жүргізіледі. Қолды 80 градустан аспай артық алға созуға болмайды. Жаттығуды жаймен күніне 3-4 рет, ал әрбір жаттығу дем алу арқылы 8-10 рет орындалады.
• 2 кезеңде емдік дене шынықтыру сүйек жарақаты пайда болғаннан кейін жүргізіледі (3 апта өткен соң). Бұл кезе иық буыны қалыпқа келеді. Сау қолмен бірге көлденең бағытта қозғалту; белгілі бір заттармен жаттығу (таяқша, резінке, волейбол доптары). Жаттғулар 6-10 рет қайталанады. Жаттығулар бұлшық етттің шаршауын ауырсынуды тудырмау қажет. Дайындық күніне 4-5 рет жүргізіледі. 2 кезең бәрі қалпына келгенше созылады (кемінде 2 апта).3 кезең емдік ден шынықтырумен шынығу қажет. Мұнда жарақатқа физикалық күш түседі, қатты доптармен жаттығу, штанге және т.б. қолданылады.
• Бұғана қайтадан салыну кезінде – ол шегемен, шуруппен бекітіледі. Операциядан 2 күн өткен соң емдік дене шынықтыру қолданылады.
• Бұғана сынған кезде спорттық шынығу оның түріне және сыну орнына байланысты болады, кем деген жарақаттан 3 ай өткеннен кейін жүрізіледі.
Жіліншіктің сынуы
• Сыртқы жіліншіктің, ішкі жіліншіктің, екі жіліншіктің асық жіліктің шеткі бөлігінің сынуы орнынан (ығысқан) қозғалған және қозғалмаған түрде болуы мүмкін. Олар балтыр – табан буынында, бүйірлік және айналу қозғалыстары кезінде қалыпты амплитуданың бұзылуынан болады; табан фиксацияланған жағдайда балтырды күшпен айналдырудан т.б. Екі жіліншік пен асық жіліктің артқы шегінің сынуы тобықтың шығып кетуіне әкеліп соқтырады.
• Сынықтар орнынан қозғалмаған жағдайда башпайлардан бастап тізе буынына дейін стременді гипсті таңғыш (31.сурет) салады. Ол кепкеннен кейін емдеу гимнастикасын және стременді басып балдықпен жүруді белгілейді. І-кезең гипсті таңғышты алып тастағанға дейін созылады.
• Оның міндеттері болып табылатындар:
• зақымданған аяқта қан және лимфа айналымын қалпына келтіру, ісіктің болмауына қарсы күрес, буындардағы қозғалысты және бұлшық ет тонусын қалпына келтіру, балтыр – табан буынына импульс жіберу. Жалпы дамыту және тыныс жаттығуларының негізінде гипстен бос буындарда қозғалыс, санның төрт басты бұлшық еттерін нығайтуға бағытталған жаттығулар, балтыр – табан буынына арналған идеомоторлы жаттығулар. Ауруды балдақпен тегіс жермен, баспалдақпен жүруге үйрету. Сабақтың ұзақтығы 20-25мин. Олар күніне 3 рет өткізіледі.
• Жіліншік сынғанда кез келген орында табан ісінеді. Ісікке қарсы күресу үшін күніне 3-4 рет 10-15мин. аяқты 120-130С бұрышпен жамбас сан буынында жоғары көтеріп жату ұсынылады. Мұнан соң 5 минуттан кейін келесі арнайы жаттығулар орындалады:
– Санның төрт басты етінің – 20-30 рет жиырылуы. Қарқыны төмен. Тыныс алу еркін.
– Табанды бүгілдіру және жазылдыру 10-20 рет. Қарқыны баяу. Тыныс алу еркін.
– Башпайларды бүгілдіру және жазылдыру 10-12 рет. Қарқыны баяу. Тыныс алуы еркін. Демалыс үзілісі 1-2 мин.
– Башпайларды бүгілдіру және жазылдыру 10-20 рет. Қарқыны төмен. Тыныс алуы еркін.
– Табанмен әр бағытқа 10 реттен шеңберлі қозғалыс жасау. Тыныс алуы еркін.
– Табанды максимальді амплитуда бойынша 10-20 рет бүгілдіру және жазылдыру. Қарқыны орташа. Тыныс алуы еркін.
– Аяқты - әрқайсысын 10 реттен кезектестіре отырып, ішке қарай бүгу. Қарқыны орташа. Тыныс алуы еркін.
– Аяқты максимальді ротациясы арқылы 10 рет ажырату, қосу. Қарқыны орташа. Тыныс алуы еркін.
– Әрбір аяқты 10 реттен кезектестіре отырып, тіке жамбас – сан буынында 90С бұрыш жасай отырып көтеру. Қарқыны орташа. Тыныс алу еркін.
– Санның төртбасты етінің жиырылуы – 20-30 реттен. Қарқыны орташа.Тыныс алуы еркін.
– Жамбас – сан буынында зақымдалған аяқты тік жамбас сан буынында 90С бұрыш жасап көтеріп, бір мезгілде башпайлар мен табанды 10 реттен бүгілдіріп жазылдыру. Қарқыны орташа. Тыныс алу еркін.
– Аяқты көтеріп жатып – 10-15 минут демалу.
Бұл жаттығулар комплексінен басқа зақымдалған аяққа отырған күйде таңертең және кешке өздігінен массаж жасау, сипалау, шымшылау, сілкілеу ұсынылады. Әрбір әдіс 10 реттен қайталанады. Әсіресе балтыр – табан буынын, жіліншік және өкше маңын мұқият массаждайды. Массаж әдістері ауырлық сезімін болдырмау керек. Ұйқыдан тұрғаннан соң зақымдалған аяқты башпайлардан тізе буындарына дейін эластикалық бинтпен орап тастау керек. Өздігінен массаж жасағанда және емдеу гимнастикасының сабақтарында сонымен қатар түнгі ұйқыға жатарда бинт алынып тасталады. Қатты ісік болған жағдайда аяқты жоғары көтеріп ұйықтау керек. Күндегісін түнге қарай зақымдалған аяққа тізе буынына дейін температурасы 36-37С суға толтырылған 10-15 мин. ванна қабылдау керек. Суда балтыр табан буынына барлық бағыттарда элементарлық активті қозғалыстар жасау пайдалы.
Балтыр табан буынындағы сіңір байланыс аппататтарының зақымдануы
• Балтыр – табан буынындағы сіңір байланыс аппаратының зақымдануы көбінесе созылу немесе сыртқы байланыстырушының жыртылуы және ахиллова сіңірінің зақымдану түрінде болады. Сыртқы байланыстың жыртылуы мен созылудың көрінісі ісіктің пайда болуы, буын айналасындағы қан құйылу, ал сыртқы байланыс жыртылғанда сонымен қатар табанның тұрақтылығы бұзылады.
• Созылу мен сыртқы байланыстырушының жыртылуында гематоманы сорып алады және башпайлардан балтырдың жоғары бөлігіне дейін металл стременді гипсті таңғыш кепкен соң (2-3-ші күн), аяқты жерге басып жүруге рұқсат етіледі. Сыртқы байланыстырушының созылуында гипсті таңғышты 2-3 аптадан соң алып тастайды, ал жыртылуы – 4-6 аптадан соң. Бұл зақымдануларда емдеу дене тәрбиесі, дәл жіліншік сынғандағыдай тәсілмен өткізіледі. Ахиллов сіңірлерінің зақымдалуы көбінесе спортшыларда, цирк әртістерінде секіргенде, аяқ ұшымен секіргенде сіңірдің кенет созылуынан болады. Ахиллов сіңірлерінің тері астындағы кейбір бөліктерінің немесе толық жыртылуы сіңір аймағының және балтыр бұлшықеттерінің ауыруымен, табанның бүгілуінің нашарлауымен немесе мүлдем жойылуымен сәйкестенеді. Ахиллов сіңірлерінің толық емес жыртылуында табанның қалыпты иілу жағдайында гипсті таңғыш салады, ал толық жыртылып кеткенде сіңірлерді тігіп саннан соң табанды максимальді жағдайда бүге отырып (сіңірлер ұшы жақындасу үшін) 4-5 аптаға гипсті таңғыш салады. Емдеу дене тәрбиесін гипс кеткеннен соң, 1-3 – ші күндері белгілейді.
Күштік аэробика түрлері
Күштік аэробика түрлеріне - боди-шейпинг, боди-стайлинг, боди-кондициондық аэробика түрлерін жатқызуға болады. Бұл бағыттарда жаттығуда құрсақ бұлшық етін жаттықтыруға бағдарламалар, арқа бұлшық етін жаттықтыруға бағдарламалар, қол, кеуде дене мүшелерін жаттықтыруға арнайы бағдарламалар құрастырылады. Бұл күштік аэробикада түрлі салмақтағы гантельдер, амартизаторлар, түрлі құрасттырмалы эспандерлер қолданылады.

