Дене шынықтыру мәдениеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене шынықтыру мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру мәдениеті туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Тақырыбы: Дене шынықтыру мəдениеті
Мақсаты:
Тобы:
Күні:
Жаңа сабақ:
Дене мəдениеті дене табиғатын тəрбиелеудің нəтижесі. Бұл адамдардың
дене дамуын қалыптастырып оны пайдаланудағы материалдық жəне рухани
байлық. «Дене шынықтыру мəдениеті» жекеден жалпыға сияқты, «мəдениет»
деген түсінікке жататыны туралы талай айтылып жүр. Енді, оны басқа сөзбен
айтқанда — дене шынықтыру адамзат мəдениетінің бір бөлігі болып
табылады. Дене шынықтыру адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту
жолындағы қызмет жəне осы бағыттағы жұмыс тəртібі деп ұғынуға болады.
Немесе оны былай да түсіндіруге болады: тиісті ұйымдардың тарапынан
берілген тапсырма немесе жүктеме есебіндегі адамдардың берілген
талаптарды орындауы. Мысалы, мемлекеттік бағдарламада көрсетілген
«Дене шьшықтыру» сабағына қатысуы. «Дене мəдениеті» түсінігін
«Мəдениет» түсінігіне жалпы жатқызуға болады, себебі, дене мəдениеті
мəдениеттің бір бөлігіне жатады. «Дене мəдениеті дегеніміз адам өз дене
күшін, құрылысын, жаттыгулар кешенін істеу арқылы өзгертуге арналган
үдерісті айтуга болады. Бұл деген адамдардың дене қимылын жетілдіруге
арналган материалдъщ, рухани байлықтың кешені болып табылады». Ал
мектептегі дене мəдениеті дегеніміз — материалдық рухани бағыттың
қосындысы ретінде мектепте қогамның күшімен балалардың дене даярлығын
ұштайтын пəн ретінде болады.Балалар дене даярлығының кұндылығын тек
мектеп мүғалімдері, жаттықтырушылар ғана емес, қоғам да өз күшін салу
керек.Дене мəдениеті педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, дене
тəрбиесі дене мəдениетінің негізгі саласы болып табылатыны туралы
жоғарыда айтылған. Педагогикада адамның саяси əлеуметтік құқықты
эстетикалық жағынан қоғамға лайықты болуына жауап беретін
мүмкіндіктердің дамуына бағытталған мақсатты тəрбие деп атайды. Дене
тəрбиесі – адамның физиологиялық жағынан дамуын қалыптастыратын
педагогикалық жүйе. Мұнымен қоса, ол осы саладағы кəсіптік бағытты
анықтайды, білім негізін құрайды. Əр түрлі деңгей мен түрлерде дене
тəрбиесі мəселелерін шығармашылық тұрғыдан шешуге, болып жатқан
жаңалықтарды біліп отыруға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін
жасауда маңызы зор екенін атап өткен дүрыс.Балалар дене тəрбиесі
жеткіншектің дене дамытуының педагогикалық жүйесі. Мектептегі дене
тəрбиесі мектеп аясында ғана жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ал
балалардың дене тəрбиесі мектепте жəне мектептен тыс та атқарыла береді.
Осыған байланысты, дене шынықтыру мүғалімдерінің шығармашылық
тұрғыдағы біліктілік деңгейі де аталмыш жұмыстарды орындауға өз
септіктерін тигізеді. Балалар тəрбиесі мектеп үжымы үшін жалпы міндет
болғандықтан, басқа да тан мүғалімдері мектеп экімшілігімен қоса
жоспарланған іс-шараларды бір кісідей атқаруы — алға қойған мақсаттарға
жетелейді жəне оның орындалуын қадағалайды.Анатомиялық-
физиологиялық тұрғыда дененің қаншалықты дамығандығындене көлемін
өлшеу арқылы (бойдың биіктігі мен салмағы, кеуденің колемі, аяк-қолдардың


Page 2

ұзындығы жəне т.б,) анықтауға болады, дене құрылысының сыртқы дамуын
(кеуде жасушасының сыртқы қалпы түрі, бұлшық еттерінің реңі, май жиналуы,
терінің біртегіс əдемілігі жəне т.б.), сыртқы белгілер арқылы жыныстық
жетілуді, сонымен қатар, кейбір функционалды көрсеткіштерді өлшеу арқылы
білуге болатынын көрсетеді. Мысалы, өкпедегі ауа сиымдылығының көлемі,
кейбір жекеленген бұлшық еттер тобының күшін өлшеу арқылы, дененің даму
дəрежесі анықталады.Дене қимылын адамдармен сапалы пайдалану
мүмкіндіктері, педагогикалық үдерісті ұйымдастыру жағы мен материалдық
ғылыми деңгейіне жəне бақылау, басқару органдарының жетілдірулігіне
байланысты. Осылардың барлығының бірі-бірімен тығыз байланыстылығы
арқылы ғана, осы бөлімдердің өзара байланыстылығы арқасында — бүтіндей
дене тəрбиесі жүйесі шығады. Əр дене тəрбиесі жүйесі қандай болсын,
қоғамда өзінше дамиды, сондықтан, сол коғамның сөзін сөйлеп, тасы мен
тымағын аспанға лақтырады демекші, əр қоғамның да өз дене тəрбиесі
жүйелері болды. Мысалы, алғашқы қоғамдық дəуірдегі алға қойылған мақсат
-күнделікті тамақ тауып, ыңғайлы өмір сүретін орын тауып, өз тұқымының
амандығы немесе езі секілді, басқа да тайпаларды басьш альш, өз
қүрамдарына қосу, ал құл иеленушілер дəуіріндегі мақсат одан басқапта —
көбінесе, бөтен жерлерді басып алу, соған байланысты, өз жерлерін қорғау.
Осылардың эсерінен, сол кездеғі іальш, пэлсапашы, дэрігерлер сияқты, көзі
ашық адамдардың адам ағзасы туралы қызметінің заңдылықтарын дүрыс
білмегендіктен, дене қимылы жаттығуларының əсер еіу механизмінің
ерекшеліктерін жеткізе алмайтын болған. Сонын себебінен, дене қимылы
қозғалыстарын жасау, оның қажетті дене қасиеттерін дамытатынын ішкі
түйсікпен түсінетін болғанын, феодалдық дəуірде сол кездегі дене тəрбиесі
жүйесінің қалай дамығанын тарихтан білеміз. Жүйеде өзіне байланысты
құрамдары бар, басқа жүйелерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.Өнер,
мəдениет, ғылым, экономика, саясат ықпалымен дамып отырған дене
тəрбиесі, оларға да өз ықпалын тигізеді. Бір типтік қоғамдық құрылысы бар
мемлекеттердің дене тəрбиесі мақсаттары мен міндеттері бірыңғай болуы
мүмкін, ал керісінше, əртүрлі типтік қоғамдық құрылыстағы мемлекетгердің
дене тəрбиесі жүйесінің мақсат-міндеттері де əртүрлі болуы мүмкін. Жүйенің
өз функцияларын толыққанды орындауы қоғамдық-саяси жағдайларға да
байланысты. Экономикасы жақсы дамыған елдердің дене тəрбиесі жүйелері
де жан-жақты, жақсы дамыған, мысалы, АҚШ, Германия, Жапония, Англия
т.б. Ал енді дамьш келе жатқан елдердің (Азия, Африка, Оңтүстік Америка
т.б.) дене тəрбиесі жүйесі сол күйі нашар болуы, болмаса тек бір жақты
дамыған болуы мүмкін. Оны əрбір төрт жыл сайын өтетін Олимпиадалық
ойындарға қатысушы елдердің спортшыларынеың санына байланысты білуге
болады. Себебі, қазіргі жағдайда аталмыш ойындарға лицензия ұтып алу
уақыт өткен сайын қиындап бара жатқанын ескеру қажет. Оның үстіне,
олимпиадалық қозғалысқа қосылып жатқан елдер мен спорт түрлері
көбеюде.Біздің еліміз сол екі жақтың ортасында жақсы жағына қарай енді
дамып келе жатыр. Себебі, мемлекетіміз қазір керекті спорт стадиондары,
базалары, арнайы спорт ғимараттары, құрал-жабдықтары, жоғары білікті,
жақсы дайындалған мамандары, халықтың ақылы қызметтерді енді телей
алулары т.б. жағдайларға енді қол жеткізе бастады, əртүрлі деңгейдегі билік
органдары дене шынықтыру мен спорттың дамуына жағдайлар мен


Page 3

ықпалдар жасай бастауы — мемлекетіміздің дамуы үшін дұрыс жолда келе
жатқандығын айқындайды. Осыған байланысты, əр елдің дене тəрбиесі
жүйесінің дамуы əрқилы екендігі, оған себеп — сол елдің дене шынықтыру
мен спортқа деген көзқарасы мен саясатында екендігі əр елдерде болып
жатқан күнделікті саяси, экономикалық, спорттық, мəдени жаңалықтардан
білуге болатындығында. Онымен қоса, дене тəрбиесінің жүйесі қандай да
болмасын елдің хал-ахуалын, əсіресе жаңадан дамып келе жатқан елдерде
даму деңгейін көрсетеді.Дене тəрбиесінің жалпы жүйесі өзімен бірге
əлеуметтік ұйымды құрайтын, халықтың барын əлеуметтік топтарының жан-
жақты дене шынығының жетілдіруіне бағытталады.Ал, балалар дене
тəрбиесінің жүйесі əлеуметтік ұйым ретінде барлық жастардағы балалардың
жан-жақты дене қимылының жетілдіруіне бағытталған. Онда осы саладағы
білім негізінің жүйесін құрай отырып, дене шынықгыру маманының өз
бағытындағы теориясы мен əдістемесін жете меңгергендігі мен оның
педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарттылығында. Əртүрлі
деңгейлер мен түрлерде дене шынықтыру, дене тəрбиесі мен спорт
мəселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан
жаңалықтарды біліп отыруға, мектеп дене тəрбиесіндегі кейбір теориялық
жəне іс-тəжірибелік жаңалықтарға дене шынықтыру маманынъщ сын көзбен
қарауына, мектептегі денс шынықтыру, дене тəрбиесі жəне спорт мақсат-
міндеттерін шешуде қосымша ететін пəндердің атқарар рөлін дұрыс
бағалауға, өзініц педагогикалық шығармашылық негізін жасауда аталып
отырған білімнің маңызы зор екендігін көрсетеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
10.06.2020
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі