Дене шынықтыру сабағына арналған кешенді жаттығулар

Тақырып бойынша 20 материал табылды

Дене шынықтыру сабағына арналған кешенді жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
сабакка арналган жаттыгу турлері
Материалдың қысқаша нұсқасы



Дене шынықтыру сабағына арналған кешенді жаттығулар

Ақтөбе облысы
"Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернаты"КММ

Мұрат Береке Кәдірбекұлы

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 

Сыныбы: 5 (қыз балалар)

Сабақтың тақырыбы: Кешенді жаттығулар.

Мақсаты: Кешенді жаттығулардың орындалу техникасын үйрету. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Тәрбиелік: Кешенді жаттығуларды орындау арқылы ептілікке, икемділікке, өзін сергек ұстай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жаттығуларды орындау арқылы өкпедегі тыныс алу, тыныс шығару  жолдарын жақсарта отыра дене мүшелерін қозғау арқылы жаттығуды денеге толық сіңірту және дене бітімнің түзу әрі тік, сымбатты өсіп жетілуі, дамуы.

Спорттық құралдыр: Ысқырық, жалауша.

Сабақ барысы:

I.Дайындық бөлімі:

1. Тізбекке тұрып,сабақ өтілетін орынға келу.
2. Бір қатар сап түзеп,сабақтың міндеттерімен таныстыру.
3. Сапқа арналған жаттығулар:санау,бұрылу,қайта сап құру.
4. Белгілі бір қашықтыққа баяу қарқынменжүгіру және жүру.
5. Шеңбер жасап тұрып тыныс алу жолдарын жақсартуға арналған жаттығуларды. жүргізу
6. Жалпы дамыту жаттығуларын орындату.
6.1. Басты алға,артқа,оң және сол жаққа ию,басты оң және сол жаққа бұру басты айналдыру
6.2. Қолды алға екі жаққа,жоғарыға созу,қолды алдыға,артқа қарай айналдыру.
6.3. Иықты көтеру,түсіру айналдыру.
6.4. Денені алға,артқа және оң мен сол жаққа еңкеию.
6.5. Денені оң және солға бұру
6.6. Денені иілу мен үйлестіріп бұру.

II.Негізгі бөлім:

1. Бір қатар сапқа тұрғызу.

I-ші кешенді жаттығу

«1» дегенде екі қолды иыққа қою «2» дегенде қолды жоғары көтеріп, сол аяқтың ұшына тұру,  «3» дегенде екі қолды екі жаққа созу, «4» екі тізені құшақтап отыру. «5» дегенде қалыпты жағдай

Shape1

II-ші кешенді жаттығу

«1» дегенде екі қолды екі жаққа созып кеудені жазып, «2» дегенде екі қолды алдыға созып жартылай отырып «3» дегенде жұдырықты түйіп шынтақты бүгіп кезек кезек шынтақты көтеру.

   Shape2                             

III-ші кешенді жаттығудың орындалу барысы

«1» дегенде екі қолды жоғары көтеру «2» дегенде аяқтың үшына қолды тигізу, «3, 4» дегенде саусақтарды айқастырып төменнен-жоғары қарай жартылай шеңбер жасау.

Shape3

IV - ші кешенді жаттығудың орындалу барысы

«1, 2» дегенде сол қолмен, сол аяқты қарама-қарсы бағытта сермеу,«3, 4» дегенде оң қолмен,оң аяқты қарама қарсы бағытта сермеу, «5» дегенде қалыпты жағдай.

Shape4

V- ші жаттығу

«1» дегенде екі қолды жоғары көтеру, екі дегенде қолды белге қойып жартылай отыру «3, 4» дегенде қалыпты жағдай.

            Shape5                                                                          

III. Қортынды бөлім:

1. Жеңіл жүгіріспен жүгірту. Дем алу ритмін қадағалау.

2. Сабақты қорытындылап, тапсырманы жақсы орындаған оқушыларды бағалау.

3. Үйге арнайы тапсырма беру.

4. Салтанатты түрде қоштасу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2020
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі