Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық мәдениетті дамыту үшін қолданылатын ойындар жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық мәдениетті дамыту үшін қолданылатын ойындар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық мәдениетті дамыту үшін қолданылатын ойындар жинағы. Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық мәдениетті дамыту үшін қолданылатын ойындар жинағы



Бойында ұлттық сана, қалыптасқан бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген парасатты азамат тәрбилеп өсіру міндеті үздіксіз білім берудің негізгі бастау бұлағы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы заңдылық. Өсіп дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап оң баға беру, дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу ол -- әр ұстаздың міндеті. Осы тұста Ұлы Абай атамыздың « Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?», - деген даналық сөзі ойға оралады. Баланың бірінші әрекеті – ойын. Бала бойындағы жағымды қасиеттерді дамыту барысында балабақшада ойынның ролі өте жоғары.Расында баланың өмірді, қоршаған ортаны тануы еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады. Зерттеп қарасаңыз бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Бала ешқашан жалғыз ойнағанды ұнатпайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды және ойын арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Бұл құбылыс баланың дамуы үшін оның тұлғалық қасиетінің қалыптасуы үшін ерекше маңызы бар фактор болып саналады.     

  Ойын бала бойындағы түрлі қасиеттерді дамытады десек, оның ақыл – ойының дұрыс дамуының бір белгісі жеткілікті дамыған сөздік қоры. Баланы алдымен дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Сөздердің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету арқылы олардың бір – бірімен ойын үстінде тығыз қарым – қатынас жасауына ықпал етеміз.

 Қазақтың ұлттық ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын бала өмірінің ажырамас бөлігі дей келе мен өз сөзімді орыстың ұлы педагогы В.А. Сухомлинскийдің « Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

  Халқымыз ойынды тек баланы алдандыру құралы деп қарамай, балалардың жас ерекшеліктеріне сай олардың өмірге деген көз қарасын қалыптастырып , тапқырлыққа, батылдыққа тәрбиелейді деп бағалаған.



Қимыл әрекет ойындары



Күн мен түн



Бұл ойын алаңда ойналады. Алан ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарам-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне “күн”, екіншісіне “түн” деп ат қойылады. Ойын жүргізуші топтың бірінің атын атайды. Мәселен; ойын жүргізуші “күн” деп дауыстаса, “түн” тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау.



Тұтқын алу



Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Екі жақтан бір –бір ойыншы ортаға шығады да, теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Тізбекте тұрған бірінші топтың ойыншылары бір-бірлеп көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын өткіздеуге тырысады. Өте алмаған ойыншылар тұтқын есебінде сол топта қалып қояды. Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, бірінші топ тұтқындарды ұстайды.



Күзетші



Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойыншылылардың арасынан екі бала шығарылып, көздері орамалмен байланады да, қолдарынан ұстап, араларын ашып, қарама-қарсы тұрады. Олар күзетшілер. Қалғант ойыншылар білдіртпей олардың қолдарының астынан еңбектеп өтуге тырысады. Ал күзетшілер өтіп бара жатқан ұрыны сезіп қалса, қолдарымен баса қоюлары керек. Ұсталған ұры күзетші болады. Ойын осылайша жалғаса береді.



Хайуанаттар дүниесін елестететіп ойнайтын ойындар.



Ит пен қоян



Балалардың арасынан қаламақ арқылы бір ойыншы “ит” ролінде тағайындалады. Қалған ойыншылардың бәрі қоян болады. Екі-үш қадам қашықтықтан ти қояндарды қуа жөнеледі. Оның ұстаған ойыншылары итке айналады. Сөйтіп барлық қояндар итке айналғанша ойын жалғасы береді.



Аңшылар



Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылардың бір тобы үйректер-шеңбердің ішінде қалады. Екінші тобы аңшылар-шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар үйректі қолдарындағы доптармен атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп үйрек атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі.



Сөзбен ойнатылатын ойындар



Сөз табу



Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Ойын жүргізуші кез-келген бір дыбысты айтып, қолындағы добын бір ойыншыға лақтырады. Ойыншы ойын жүргізушінің лақтырған добын қағып алып, аталған дыбыстан басталатын сөз айтып, допты кері ойын жүргізушіге лақтырады. Жүргізуші келесі ойыншыға басқа дыбысты айтып, допты лақтырады. Мәселен; д – дорба, а – Астана, қ – қасық, ш – шапан т.б.



Табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар



Алшы



Ойын басталар алдында әрбір ойыншы сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылырдың сақасын бір бала уыстап алып, жерге шашады. Кімнің сақасы алшы түссе, сол ойынды бірінші бастайды Ойынға қатысушылар әр ойыншы үш-төрт асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа мен асық иірген кезде бірдей жағымен түскен болса, асықты алып әрі қарай ата береді. Сақа алшысынан түсіп, асық басқаша жатса да, асықты алады. Сақа мен асықтың жатысы сәйкес болмаса, асықты алуға болмайды. Кезегін келесі ойыншыға береді. Осылайша жердегі асықтар таусылғанға дейін ойын жалғаса береді.



Оңқа



Бұл ойын таза алаңдарда, үлкен бөлмелерде ойналады. Ойынның мақсаты-асық ұту. Ойнаушылар арасы 10 қадам екі түзу сызық сызады да, дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өз асықтарын тігеді (тізеді). Тігілген асықтардың ортасынан бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Ойнаушылар бірінің артынан бірі кезектері бойынша қатарға тұрып, қолдарындағы сақаларымен оңқаны ата бастайды. Егер кімде-кім оңқаға тигізсе, онда тігілген асықты түгел алады. Ал оңқағы тигізбей жанындағы асықтарға тигізсе, онда ол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, қайтадан тігіліп отырады.



Хан



Ойыншылар кезегімен барлық асықтарды жинап алып, қос қолдап иіре бастайды. Әр ойыншы 5-6 асықтан шығарады. Көк асықтың ішінен бір белгілі, түсі бөлек асықты “хан” сайлайды. Барлық асықты иірген кезде “хан” ашық жатса, ханмен асықты атады. Айталық, “хан ” бүк түссе, “ханмен” бүк жатқан асықты атады, шік түссе, шік жатқан асықты атады. Ойынның шарты бойыншы: “ханмен” асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғамау керек. Сөйтіп, ойынның шарты бұзылғанша, не болмаса, “ханмен” ататын асық болмай қалғанға дейін атып, асығын ала береді.



Асық ату



Аумағы 2-3 қадамнан тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып, тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады. Егер ойыншы бірде-бір асықты шеңбердің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде ойын қайта жалғасады.













Спорттық ойындар



Тауық күрес



Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Шеңбердің ішіне екі бала кіреді. Олар бір аяқтарын көтеріп, бір қолдарын артқа ұстайды. Ойынның шарты: бірін-бірі итеріп, шеңберден шығарып жіберуі керек. Шеңберден шыққан ойыншы жеңілген болып есептеледі.



Ақыл ой қабілетін жұмсайтын ойындар.



Жаңылма



Бір топ балалар қол ұстасып дөңгелене тұрады. Бір баланы қаламақ айтып тағайындайды да, ортаға шығарады. Шыққан ойыншы өлең не тақпақ, әңгіме айтып түрады да жата қалады, не өзінің құлағын ұстайды, бетін құбылтады (әр түрлі іс-әрекеттер жасайды). Ойыншының жасаған іс-әрекетін қайталай алмай, жаңылып қалған бала айыпты болады.



Біз де”



Ойынға қатысатын балалар қаз-қатар отырады. Ойын бастаушы ойыншылар алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Егер ойын бастаушы балалар қосылатын сөз айтса, басқалар “біз де” деп қосылып айтады. Ал балалардың қосылмайтың сөзі болса, “біз де” деуге болмайды. Байқымай қосылып, әлгі сөзді айтып қалған бала ойыннан шығады.





«Сиқырлы таяқ » - қазақтың ұлттық ойыны.

Ойыншылар қол ұстасып, шеңбер бойына дөңгелене тұрады. Қолына таяқ ұстаған ойын жүргізуші шеңбер ортасына шығып, ойыншыларды нөмірлеп шығады да, ойын шартын жариялайды. Содан кейін кез келген бір ойыншының нөмірін атайды да, жерге тіреп тұрған таяқты жібере салады. Нөмірі аталған ойыншы таяқты жерге құлатпай алса, өз орнына барады, ал таяқты құлатып алса, айыбын тартады, ойыншылардың ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша, әр ойыншы ең аз дегенде, бір реттен ортаға шығарылады.



«Инем тап» - ұлттық ойын.

Үй ішінде жастар ойнайды. Жүргізуші сайланады. Ол ойын ережесін қатысушыларға түсіндіріп, дұрыс өтуін қадағалайды. Жүргізуші екі ойыншыны таңдап, біреуін тысқа шығарады да, екіншісінің бойына немесе киіміне ине жасырады. Жүргізуші сырттағыны шақырып, инені іздеттіреді. Ине іздеуші кез келген музыка аспабымен жәрдем беріп отырады. Егер іздеуші ине жасырған ойыншыдан алыстап кетсе, музыка бәсеңдеп, егер жақындаса, үдеп отырады. Іздеуші инені тапса, онда оны жасырған ойыншы айып ретінде ән салады, не би билейді немесе әңгіме т.б. айтып береді. Ал ине табылмаса, іздеуші «айыбын» өтейді.



Жаяу тартыс



Ойынша қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, ек басы біріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – ойыншылардың бірін-бірі тартып белгіленген межеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Ал ұтылған ойыншының орнына басқа ойыншы келеді. Осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана жеңіске жеткен ойыншы жариялайды.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2025
90
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі