Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Өзіңдік жұмыс
Тақырыбы: «Дене тәрбиесі және жеңіл атлетикалық жаттығулары»
Орындаған: ИН-ЯЗ білім беру
бағдарламасының
2 курс студенті
Ерғалиева Сақыпжамал
Тексерген: Жұмарыстанов Қ.Ө
Орал,2023
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................5
І ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ.........................................................................9
1.1 Дене тәрбиесі және жеңіл атлетикалық жаттығулардың педагоги-калық мәні ..............................................................................................9
1.2 Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны...................................19
ІІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.................................36
2.1 Жеңіл атлетика жаттығуларының жүру, жүгіру және секіру техникасының әдіс-тәсілдері..........................................................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................67
І. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ.
1.1 Дене тәрбиесі және жеңіл атлеткалық жаттығулардың педагогикалық мәні
Жеңіл атлетика денешынықтыру тәрбиесі жүйесіндегі спорттың негізгі түрлерінің бірі. Жеңіл атлетикамен милиондаған адамдар айналысады. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың әр түрлілігі және жүгіру мен жүрудегі лақтыру мен секірудегі жүктемені түрлендірекей мүмкіндіктер береді. Мектептерде дене тәрбиесі мұғалімдері оқушыларға дене жаттығуларын үйрету мен бірге балаларды физикалық жақтан жан-жақты тәрбиелейді. Мұғалімнің негізгі міндеті: оқушылардың денсаулығын нығайту үшін әртүрлі әдістерді қолданып балалардың денесін дамыту және жоғары дәрежелі еңбек әдістерін үйретуден тұрады. Ол әр оқушының дамуының өзгешеліктерін, ерік сапасын, ақылдылық өзгешеліктерін есепке алып, сабақ кезінде оқушылардың іскерлігін дұрыс ұйымдастырып отырады[17].
Дене тәрбиесі сабағы кезінде оқушыларға бағдарламада берілген теориялық мағлұматтар хабарланады. Мазмұны бойынша бұл мағлұматтар төмендегі негіздерді басшылыққа алады:
¨ адамдардың жан-жақты дамуы үшін дсне жаттығуларының маңызы;
¨ оқушыларға ата-бабаларымыздың және ұлы ғалымдардың дене тәрбиесіне, жалпы тәрбиеге деген көзқарастары;
¨ дене тәрбиесінің көмегінде қалайынша дене сымбатын, салауаттылықты жақсартуға және ақыл іскерлігін дамытуға болатыны.Оқушыларға таңертеңгі гимнастиканың, дем алу жаттығуларының. жүзудің, жүгірудің маңызы тусіндіріледі.
Нақты мысалдар арқылы әлем, Республика көлеміне белгілі спортшылар туралы және олардың спорт жолындағы жетістіктері туралы әңгімелер өткізіп ынталарын ояту жұмыстары жургізіледі.
1. Гигиеналық білім туралы, жұмыс істеу және дем
алу
тәртібі, тамақ, киім гигиенасы туралы түсінік
беріледі.
Жеке күрестерде, топтық ойындардағы әрекет техникаларын және тактикаларын қолдану, сайыс ережелері туралы түсінік береді
.2. Сабақ және жаттықтырулар кезінде дене дайындығы күшті,шыдамдылықты, шапшаңдықты дамыту және дене жұмыстарын, жаттығуларды орындау әдістері туралы түсінік береді. Оқушыларға дене тәрбиесі туралы білімін қалыптастыру арқылы олардың ақыл-ойының дамуына әсер жасалады. Белсенді әрекет іскерлігін барлық уақыт адам миының функционалдық дамуына әсерін тигізеді, оқушылардың іскерлігін жоғарылатады[18]. Жаңа жаттығуға үйрену уақытында ақыл іскерлігі бұлшық ет іскерлігіне қарағанда белсенді болады. Сондықтан дене тәрбие сабағы уақытында мұғалімнің тапсырмасын ойланып,түсініп орындауға, үйретуге көңіл бөлінеді. Дене тәрбие сабағының негізгі міндеттерінің бірі - бұл оқушыларда дене тәрбие және спортқа, әрекет мүшелерінің анатомиясына, әрекет іскерлігінің физиологиясына тұрақты кызығушылықтарын тәрбиелеу. Әсіресе дене тәрбие және спорт мәселелері бойынша қызықты мағлұматтарды таңдап алу ақпаратына көбірек көңіл аудару керек. Ал сабақтың уақыты аз болуына байланысты ақпарат материалдардың кабырға газеті түрінде спорт сарайларында іліп койған жөн. Сабақ уақытында мүмкіншілігі болғанша кинобағдарламалардың бейне таспаларын көрсетіп түсіндірген дүрыс. Дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі міндеті, оқушының мінез-құлқының, қалыптасуына, адамдарға жақсы қатынаста және сабаққа саналы түрде қатысып маңыздылығын қалыптастыру, сонымен бірге, оларды Отанды сүюшілікке тәрбиелей отырып патриоттық рух беру. Оқушылардың шыдамдылық, шешім қабылдау, ерік сапасын қорықпай әрекет ету дағдыларын тәрбиелеуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар көлемі мен қиыншылығы бойынша орындай алатын болуы тиіс. Көпшілік болып жаттығуды орындаған уақытта оқушылардың ережені дұрыс сақтауын, бір-біріне қатынасын, басқа оқушылар алдында жауапкершілігінің жоғары болуын бақылау қажет. Әрине сонымен бірге мұғалім барлық уақытта оқушылар алдында әрқашан ұлгі болып көрінуі тиіс. Сондықтан мұғалім өзін-өзі барлық уақытта бақылап жүруі керек. Оқушылармен өз-ара қарым-қатынасты жоғары педагогикалық этиканы орынды пайдалануына отырып бәріне теңдей мейірімді қатынаста болуы тиіс. Сонымен қатар талап коюшылық, өзінің шешіміне сенімді болып, талаптарын іске асыра алуы керек[19].

Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны
Қазіргі таңда спорттың дамуының жаңа сатысында спорт жетістіктерінің жоғары деңгейде өсуіне байланысты жоғары мамандандырылған спорт ойыншыларын дайындау бүгінгі күннің негізгі талабы. Спорттың жеңіл атлетика түрі - жүру, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын біріктіретін және көп сайысты спорт түрі. Жоғары дене шынықтыру оқу орындарында жеңіл атлетика – оқу - ғылыми пән ретінде және спорттың осы түрінің теориясын және практикасын, сондай-ақ оның оқыту әдістемесін қамтиды.«Атлетика» сөзі грек тілінен келіп шыққан және ол - күрес, жаттығу дегенді білдіреді. Спорттың бұл түрі бойынша жарыстар Ежелгі Грецияда олимпиада ойындарында болып өткен. Ежелгі Грецияда атлеттерді дене күші мен, ептіліктермен жарысқан спортшыларды атаған. Бүгінгі таңда атлеттер - күшті, денесі жақсы дамыған спортшылар. «Жеңіл атлетика» - ауыр атлетикаға қарама - қарсы жеңіл атлетикалық жаттығуларды жеңіл орындаудың сыртқы әсерге негізделген - шартты атауы. Франция, Румыния, Оңтүстік Америка елдері сияқты бірқатар елдерде жеңіл атлетиканы жай атлетика немесе жолда және далада орындалатын жаттығулар деп таниды[23].

ІІ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Жеңіл атлетика жаттығуларының жүру, жүгіру және секіру техникасының әдіс-тәсілдері.
Жеңіл атлетика- спорт түрі бойынша спорттық жүріс, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын топтастырады. Жеңіл атлетика сабағы күшті, жылдамдықты, төзімділікті дамытады, кең көлемді тәжірибе алуға көмектеседі, жігерілік сапасын тәрбиелейді. Жеңіл атлетика сабағының улкен сауықтыру әсері бар және жалпы дене дайындығын арыттыру үшін колданады. Жеңіл атлетикалық әртүрлі жаттығулар жүрістің түрлерінде жүктемені алмастыру, жүгіру секіру, лақтыруға мүмкіндік береді. Бұлардың копшілігі қарапайым техникамен орындалады және оқытылуы қарапайым болғандықтан, олар қарапайым алаңдарда орындалады. Жеңіл атлетика түрлері барлық дене шынықтыру тәрбиесінің бағдарламаларында және Президенттик сынамалар өлшеміне енгізілген. Жеңіл атлетиканың даму тарихы бұрынғы көнеден келе жатыр. І олимпиялық ойындар бағдарламасына жеңіл атлетиканын түрлері енгізілген еді. Жеңіл атлетика түрлерінің жаттыгулары өз бетінше дене шынықтыру жаттығулары болып табылады. Ең кажетті жеңіл атлетикалык спорттық элементтер 19 ғасырдың екіншісі жартысында басталады. Жеңіл атлетика өзінің структурасы бойынша циклдық, ациклдық және аралас болып бөлінеді және мынадай сапаны тәрбиелейді; жылдамдық, күш, жылдамдық-күші, жылдамдық төзімділік , арнайы төзімділік. Сондай-ақ жеңіл атлетиканың түрлерін классикалық және қарапайым деп бөледі[38].
Жеңіл атлетиканың түрлерін талдайық: Жеңіл атлетика келесі бөлімдерге бөлінеді; жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, көп сайыс. Жүру- циклдық түрі арнайы төзімділікті тәрбиелейді. Ерлер және әйелдер айналысады.
Әйелдер: Стадионда – 3, 5, 10км, Манежде - 3, 5км Тас жолдарда – 20км.
Ерлер: Стадионында – 3, 5, 10, 20км,Манежде – 3, 5км, Тас жолдарда – 35, 50км Классикалық түрлері:ерлер үшін – 20, 50км,әйелдер үшін – Жүгіру – мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен жүгіру, барьермен жүгіру, кедергімен жүгіру, эстафеталық жүгіру, кросс. Тегіс жермен жүгіру – циклдық түрі, жылдамдық төзімділікті, арнайы төзімділікті тәрбиелейді. Және мынадай түрлерге бөлінеді: Спринт немесе қысқа аралыққа жүгіру. Стадионда немесе манежде айналысады. Қашықтық аралықтары; 30, 60, 100, 200м. Әйелдер, ерлер үшін бірдей.

Кросс стуктурасы бойынша араласқа жатады, арнайы төзімділікті, ептілікті жетілдіреді. Орман, саябақтарда өтеді. Қашықтық аралықтары; 1,2,3,5,8,12км (Е) 1,2,3,4,6 км (Ә)
Жеңіл атлетикалық секіру екі топқа бөлінеді: 1. Биік кедергіден өту. 2. Алысқа секіру
Бірінші топқа жатады; а) Жүгіріп келіп биіктікке секіру- ациклдік түрі. Жылдамдық- күшті, секіргіштікті, ептілікті, икемділікті жетілдіреді. Әйелдер және ерлер айналысады, стадионда манежде өтеді. б) Сырықпен секіру ациклдік түрі жылдамдық- кушті, секіргіштікті, ептілікті, икемділікті жетілдіреді. Жеңіл атлетиканың ең күрделі техникалық түрлерінің бірі. Әйелдер және ерлер стадионда, манежде өтеді. Екінші топқа жатады: а) Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру аралас түріне жатады. Жылдамдылықты, ептілікті, икемділікті жетілдіреді. Әйелдер және ерлер стадионда, манежде өтеді. б) Жүгіріп келіп үш дүркін секіру – ациклдік түріне жатады. Жылдамдылықты, ептілікті, икемділікті жетілдіреді. Әйелдер және ерлер стадионда, манежде өтеді.

Қорытынды
Ұдайы.өсіп келе жаткан бәсеке жағдайында жақсы спорт нәтижелеріне жетуге жеңіл атлетика жаттығуы спортшылардың дайындық жүйесіне, жаттықтыру процесіне соңғы жетістіктерді енгізгенде, яғни жаттықтырудың жаңа тәсілдері мен әдістерін енгізгенде ғана, сондай-ақ спорттық іс-әрекетті тиімдендірудің жаңа жолдары белгіленген жағдайда ғана мүмкін болады. Осындай бағыттардың бірі олардың жаттығу кезеңінде және жарыстарға қатысқан кезінде жеке дайьшдық ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Жұмыстың мақсаты - жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жеңіл атлетика жаттығуларында жоғары білікті спортшылардың техникалық-тактикалық қимылдарын жетілдіру жолдарын іздестіру. Жұмыстың негізгі қорытындылары: 1. Жеңіл атлетика жаттығуында жоғары білікті спортшылардың жеке ерекшеліктері анықталды.
2.Жеке психологиялы ерекшеліктері ескеріле отырып, жеңіл атлетика жаттығуында жоғары білікті спортшылардың техникалық-тактикалық қимылдарын жетілдіруге бағытталған жаттығулар кешені құрастырылды. 3.Қойылған міндеттерге неғұрлым сай келетін техникалық-тактикалық қимылдарды тіркеу әдісі белгіленді. 4.Құрастырылған жаттығулар кешенінік жеңіл атлетика жаттығуы барысында жоғары білікті спортшылардың техникалық-тактикалық қимылдарын жетілдіруге ықпалы барынша тиімді екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Жоғары білікті спортшыларды дайындауда спортшылардың жеке ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығы техникалық-тактикалық тәсілдердің тиімділігі артып, жарыстарда жеңіске жету мүмкіндіктері молаятындығын дәлелдеді және құндылығын құрайды Іс - тәжірибеде алынған нәтижелерді оқу-жаттықтыру процесінде қолдануға болады:
■ жеңіл атлетика жаттығуында жоғары білікті спортшылардың техникалық-тактикалық қимылдарының тиімділігін арттыратын тәжірибеден өткізілген арнайы жаттығулар кешенін;
■спортшылардың техникалық тұрғыдан дайындығын анықтайтын «әдістемелік тапсырмалар жиынтығы».
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // - 2005. – № 3 – 16 б.
2. Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына жолдауы Астана, 2004. – Б. 1-2.
3. Доскараев Б.М. Физическое воспитание на территории Казахстана с древнейших времен до возникновения государств раннефеодального типа. – Алматы: Ғылым, 1993. – 193 с.
4. Адамбеков К.І. Жалпы бiлiм беретiн мектеп жағдайында жас футболшылардың оқу-жаттығу үрдiсiн оптимизациялау: пед.ғыл.докт. ... дисс. – Алматы, 2008. -270 б.
5. Сапарбаев Б.М. Теория и практика подготовки учителей физической культуры в системе непрерывного педагогического образования.: дисс. …док.пед.наук.: 01.03.93. – Алматы, 1993. – 246 б.
6. Бекбатчаев Т.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінде дәстүрлі қазақ ойындары мен жаттығуларын қолдану: пед. ғыл. канд. ... дисс. - 13.00.04. – Алматы: АлМУ. 1982. – 145 б.
7. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану: пед.ғыл.кан. ... дисс. – Алматы, 1999. -146 б.
8. Оңалбек Ж.К. Дене тәрбиесі мен спорттың жеке адамдар арасында ұлттық қарым-қатынастарды дамытудағы орны: пед.ғыл.кан. ... дисс. – Алматы, 1999. – 137 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Дене тәрбиесі және жеңіл атлетикалық жаттығулары»

шағым қалдыра аласыз