400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дене тәрбиесінің бастауы - қозғалыс белсенділігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен оқушылар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін____________

____________________


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Гимнастиканың негізгі элементтері

Мектеп: Новый орта мектебі

Күні: 6.02.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Темірбаева А.Ә.

Сынып: 4 д

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Лақтырудың түрлері мен тәжірибелері

Оқу мақсаттары:

4.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсінеді

Көпшілік оқушылар: Дене дамуына ықпал ететін жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсінеді және көрсетеді

Кейбір оқушылар: Денсаулыққа ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсінеді және көрсете алады

Бағалау критерийлері

Әртүрлі жүйелі жаттығуларды түсінеді.

Тапсырмалар орындау кезіндегі дене қимылдарын көрсетеді

Тілдік мақсаттар:

Гимнастика элементтері туралы білімін көрсетеді және талқылайды

Құндылықтарды дарыту:

Адамгершілік құндылықтарымен қатар, тәртіп, әдептілік қасиеттері дамиды.

Пәнаралық байланыс:

Математика

АКТ қолдану дағдылары:


Бастапқы білім:

Бір орнында лақтыру, адымдап лақтыру

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

Оқушылар сапқа тұрады. Сәлемдесу. Бүгінгі сабақтың мақсаттарымен оқушыларды таныстыру. Оқушылармен сабақ соңында күтілетін нәтижелерді талқылау. Кезекті дене қыздыруға арналған жаттығуларды орындау.

-қол жоғары аяқтың ұшымен жүру

-қол желкеде өкшемен жүру

-толық отырып белгіге дейін жүру

Біртіндеп жәй жүгіріске көшу.

-тізені көтеріп жүгіру

-қолды алдыға, артқа айналдырып, жоғары секіру

-қол белде аяқты алдыға,артқа сермеп жүгіру

-қол белде, қос аяқпен оңға солға секіру

-шапшаң жүгіріспен жүгіру

Біртіндеп жәй жүріске көшу

Кең ашық кеңістік, бор

Сабақтың ортасы

(27 минут)

Сабақты саралау, мақсат бойынша саралау жүргіздім.

(Б.Ж.ҚБ.) Сыныпты екі топқа бөліп, бір тізбекке сапқа қою. Белгі бойынша бірінші ойыншылар бұрылыс жасайтын бағанға дейін жүгіреді де, оны айналып өтіп лақтыру сызығына дейін жетіп, допты нысанаға лақтырып, допты нысанаға лақтырып, допты қағып алып, тізбекте тұрған келесікомандаласына береді де, соңына барып тұрады. Эстафета осылай жалғасады. Нысанаға көп нәтижелі лақтыру орындаған және эстафетаны ерте аяқтаған команда жеңіске жетеді. Баскетбол қалқанына дейінгі арақашықтық, оқушылардың физикалық дайындығына байланысты болады.

(ЖЖ,Т, К) Оқушылар теннис доптарымен жұптарда жұмыс жасайды. Допты ұстаған кезде алақанға қыспай, лақтыратын саусақтың бойымен ұстау қажет. Лақтырушы екпін алар алдында жабдықты иығының үстінде, бүгілген қолда ұстайды.

Теннис добын жұпта лақтыру.

1.Қолдың басымен лақтыру. Қол 45 градусқа бүгілген , шынтақ кеуде тұсында, қолдың басымен ғана лақтыру

2.Бір орыннан қолды артқа созып лақтыру. 3 м қашықтықтан

3.Қолды артқа созып еденге лақтыру .

4. 5м қашықтыққа екі адым жасап лақтыру

5. Қайшы адымды қайталау

6. 7м қашықтыққа қайшы адыммен лақтыру

7.Екпін алып лақтыру

Әр тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Ысқырық, уақыт өлшеуіш, үлкен тенниске арналған допттар (кегилер, тығыз доп т.б.)

Сабақтың

соңы

(3 минут)

Оқушыларды бастапқы қалыпқа келтіру. Оқушыларға бір-бірін бағалау тапсырмасы беріледі.


Кең, ашық кеңістік

карточкалар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мақсат бойынша саралауды қолдандым


Нысанаға көп нәтижелі лақтыру арқылы бағалау

Теннис добын әр түрлі қашықтықта лақтыру арқылы бағалау.

Өзара бақылау.

Лақтыратын құралдарды қолға алып барып беру керек.

Доптар, теннис добын, тығыз доптарын лақтырғанда мұғалім лақтыр деген пәрменінен кейін ғана лақтыру керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығыт ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүрггізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?















Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі