×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады. Тәрбиешілерге, ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге арналған турнирлер басталды. Толығырақ

Дені сау бала.

Автор:Қалдыбаева Гулзинат Миятовна
Бағыты: Дене шынықтыру
Бөлімі: Мақала
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2018-12-23

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Баланың дені сау болу үшін шынығу қажет.

Дені сау бала – болашақ жемісіБаяндама: «Дені сау бала – болашақ жемісі»XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұрәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетімізрганизмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына , тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керекондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін , шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударыладыене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне , дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтидыене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл - әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты жетілуіне ықпал етеді.Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді. Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап Күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар) өткіземіз. Дене шынықтыру оқу іс - әрекеті балаларды қимылға үйретудің негізгі қалыбы болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына 2 рет өткізіледі. Оқу іс - әрекет мынадай құрылымда өтіледі. Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру түрлері, секіру жаттығулары, сапқа тұру орындалады. Жүру, жүгіру түрлері кезектесіп тұруы керек 3- 4 минут. Негізгі бөлімде жалпы жетілдіруші жаттығулар орындалып, негізгі қимылға дайындық жұмысы жүргізіледі 3 негізгі қимыл жоспарланадының 2 –уі бұрынғы жаттығулар қайталанса, 1 – жаттығулар жауадан жоспарланады. Жаңа сабақтың тақырыбы жылдық жоспардан алынады. Негізгі бөлімге 16 – 18 минут. Күнтізбелік жоспарда әр аптада 2 сабақтан алынған, жыл басына 72 сағат өткізілуі тиіс. Дене шынықтыру негізгі оқу іс - әректі болғандықтан ертеңгілік мезгілде өткізіледі. Дене шынықтыру өткізілетін орын ауарайы жылы кезде аулада, қыс мезгілдерінде залда өтіледі. Дене шынықтыру басталардан бұрын залдың едені сүртіліп, құрал – жабдықтар дайындалады. Негізгі бөлімнің бір бөлшегі қимылдық ойын. Қорытынды бөлімде де қимыл қозғалысы аздау ойын жоспарланады. Жалпы жетілдіруші жаттығу жасарда тәрбиеші негізгі қалыпқа көп көңіл бөлуі керек. Егер өзгерпей көбіне тіке тұрып жасаса, балаларды жалықтырып жіберуді мүмкін. Сондықтан әр түрлі жағдайда (тұрып, отырып, жатып) жасайтын жаттығулар жоспарлау қажет. Жалпы жетілдіруші жаттығулар үшін (жалаушалар, доптар, кубтар, секіргіштер, құрсаулар, таяқтар) пайдаланылады. Сонымен қатар үлкен көлемдегі құрсаулар, арқай гимнастикалық орындықтар пайдаланылады. Балалар негізгі қалыпқа дұрыс тұрулары керек, Жаттығулардың жасалу техникасын дұрыс сақтаулары керек, тәрбиешінің нұсқауы мен қимылдап, барлық бала бірдей қимылдаулары керек. Балаларға таныс жаттығуларды тәрбиеші көрсетпей-ақ ауызша да айтуға болады, ал қимылдау жаттығуларды тәрбиеші көрсетеді, сосын балалар жасайды. Оқу іс -әрекет қызықтырақ өтсін десе жаттығуды жақсы орындайтын бір баланы алға шығарып, тәрбиеші нұсқау беріп тұрады. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде балалардың ақыл-ой тәрбиесі ғана жетілмейді, адамгершілік қасиеттер де қалыптасады, балалар ойын кезінде рольдерге бөліседі, ұйымдастырушылық қабілеттері жетіледі, жарыс кезінде өздерін ұстау қабілеттері дамиды. Допты лақтырып, қағып алу, допты бірбіріне лақтыру, ұзындыққа секіру , гимнастикалық қабырғаға өрмелеп мініп түсу; гимнастикалық скамейка үстінде тепе – теңдікті сақтап жүруге үйретеміз. Дене шынықтырудан үйренген қимыл - әрекеттер серуен кезінде, спорттық шараларда жетілдіріледі. Дене шынықтыруды өткізген кезде балалардың қулап жарақат алмауын көп қадағалауымыз керек. Бала организміндегі мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін таза ауадағы дене шынықтыруға көп көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене тәрбиесінің құрамы бағдарламалық материалдардан құралады. Таза ауадағы дене шынықтыру 5 – бөлікке бөлінген жүгіруден, жеке және топталған әдістерден тұратын ерекше қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен эстафеталардан тұратын қимыл – қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі. Таза ауадағы дене шынықтыруда балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірінбірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет.Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық жағдайға сай жабдықтануы керек. Біздің балабақшада әртүрлі өрмелеуге арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған скамейкалар бар. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті балабақша медбикесінен аламыз. Егерде операция жасалған немесе бір жері қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып, жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып, тексеріп тұрады. Балалардың нервтік жүйесіне жүрекке, бұлшық еттің қатаюына, қан айналымының жақсаруына әсер ететін жаттығулар түрін таңдауға көмектеседі. Дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың киімдерінің жүріп – тұруына ыңғайлы болуын қадағалаймыз. Қыстың ашық күндері жеңіл спорттық киіммен жүргіземіз, көбіне серуеннің аяғын да өткізгеніміз дұрыс, себебі балалар терлеп, тез салқын тиюі мүмкін. Күзгі, қысқы мезгілде таза ауадағы дене шынықтыру кезінде өлең айтуға, ауызбен айтатын ойындар ойнауға болмайды, себебі баланың тыныс алу жолдарына салқын тиюі мүмкін, сондықтан мұрынмен демалуына көңіл бөлеміз. әрбір жаңа оқу жылында балаларға бөлек – бөлек дәптер бастап, балалардың өсіп – жетілуіне, олардың денсаулығы жазып өт-з шынықтыру шаралары көктемнен бастап ертеңгілік ж.ж.жаттығуларды таза ауада өткізуден басталады. Киімдерін де біртебірте жеңілдетіп, жаз айларында тек қана іш киіммен, жалаң аяқ жүруге дейін жеткіземіз. Жалпақ табалдылықты болдырмау мақсатында ұсақ тастардың, тігілген қақпақшалар, тікенек жаймалар үстімен жалау аяқ жүргіземіз. Түс мезгілінде топ бөлмесіне кіргенде сумен шынықтыру жүргізіледі. Су температурасын біртебірте төмендетіп, аяқтарын салқын сумен шаю, тізеден төмен қарай жуудан соң құрғақ орамалмен сәл қыздырғанға дейін сүртіндіреміз. Түскі ұйқыдан соң 1-2 апта құрғақ ысқылау таза фланельматадан аяқ – қол дене мүшелерін қызарғанша ысқылауға көшеміз. Ылғалды ысқылау 1-2 минозылады.Балалар қолғапты қолдарына киіп, су (350-360) құйылған табақшаны айнала тұрып, қолғаптарын суға малып, әбден сығып, қол, иық, кеуде, аяқты ысқылайды (алма-кезек) қолғаптарын шешіп, бір-бірінің арқасын ысқылайды. Бұдан соң құрғақ оралмалмен сүртінеді. Балалардың қимыл іс-әрекетін жетілдіру тек дене шынықтыру сабағымен шектелмейді бос уақытта балалардың қимыл іс әрекетіне көп көңіл аударуымыз керек. Тәрбиеші балалармен түрлі ойын, жаттығу өткізіледі. Серуен кезінде де түрлі жаттығу, ойындар ойналады. Тәрбиеші көп қозғалмайтын балаларға ерекше көңіл аударып, ойынға үнемі қатыстырып отыруы тиіс.«Денсаулық» білім саласының біріндегіВалеологиядан біз балалардың өз денсаулығын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу, гигиеналық талапты орындауға (шашы, тісіне күтім жасау) дұрыс тамақтанудың адам ағзасына әсері туралы түсінік береміз. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қажеттілігін, басты байлық денсаулық екенін түсіндіру, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Дұрыс тамақтанудың, таза жүрудің адам денсаулығы үшін маңызды екенін түсіндіру. Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, салауатты өмір салтын сақтап, өмір сүруге дағдыландыру.Топта тәрбиеші жай қимылдайтын, әлжуаз балалармен үнемі жеке жұмыстар жүргізіп отырады. Менің тобымда Қалиева Аружан деген қыз бала болды, ол баламен мен 1,5 жастан бастап мекаяр.тобына дейін 4 жыл жұмыс жүргіздім. Келген кезде орнынан қозғалмайтын, мінезі өте ауыр баланы жаттығуларды жеке дара жасату, тақпақ жаттату, биге қосу арқылы қозғалысқа түсіп, жаттығуларды да жасап, биді де билейтін дәрежеге жетті анасының қуанышында шек болмады. Ал Ақгүл деген қызымыздың мінезі қыңырлау, мақтағанды, алға бірінші тұрғанды жақсы көретін. Балаларды кішкетай кезінен бастап қабылдап, үнемі сол балалармен жұмыс жасайтын болсақ, барлық баланың даму ерекшелігін, мінез – қылықтарының барлығын, не нәрсеге бейімділігін өте жақсы білуімізге болады.Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата – ананың тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр баланың отбасылық жағдайын, ондағы тәрбие бағытым біліп, атаанамен тығыз қарым – қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанды ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін береді.Отбасында тәрбие міндеттеріне. Баланың дене, танымдық дамуына жағдай жасау, балаларды өзіне - өзі қызмет етуге, жақындарына көмектесуге үйрету, баланың бейімі, қызығушылығын дамытуға, тілдік – қатынастық дамуына жанжақты дамуына жағдай жасауға міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ата-аналардың балабақша мен байланыс дұрыс жолға қоюға жұмыстар жүргіземіз. Балабақшада денешынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі спорттық ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, қызығушылық танытуын ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз. Тобымызда «Әкем, шешем, мен» спорттық сайыс өткізіліп, атааналармен бірге ойындар ойнап, жаттығулар жасап, балаларымыз бір жасап қалысады. Балабақшаның ауласы, бөлме тазалығы безендірілуі, балаларға ыңғайлылығы, әдемілігі, эстетикалық талғамдылығы жоғары болуы шарт. Неғұрлым ерте жатып, уақытымен таңертеңгілік тамағын ішіп, серуенге шығып ойнаған, жылы сөз, мақтау естіген, спортпен шұғылданған, шыныққан бала әрқашан да ауруға төтеп беретін, жігерлі, ақылды болып өседі. Бала денсаулығы жақсы, шыныққан, көңіл – күйінің жоғары, ынталы болуы үлкендерге, яғни атаана, тәрбиешіге, қоршаған ортаға байланысты. Іс әрекеті, технологияны ертеңгілі бойжазу. Сөз соңында Н.Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жанжақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының балабақшасының, барша елдің, халықтың міндеті» екенін еске саламын

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.