Дені саудың - жаны
сау
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ
тәрбиелеу. Балалардың денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс
кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір-біріне деген
достық қарым-қатынастарын
дамыту.
Қажетті
құралдар: шығыршықтар, галош, кеглилер, балон,
доптар.
Денешынықтыру
мұғалімі: Құрметті әріптестер, бүлдіршіндер, спорт сүйгіш
жанкүйерлер, бүгінгі «Денсаулық» күніне арналған «Дені саудың –
жаны сау» атты спорттық – ойын сауыққа қош келдіңіздер. Егеменді
еліміздің ертеңі денсалығы мықты азаматтар мен азаматшаларды
тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгінгі ортаңғы
«------------» тобының «Дені саудың – жаны сау» атты спорттық –
ойын сауығын бастауға рұқсат
етіңіздер.
(Әуен ойналып, балалар
келед
: Денешынықтыру мұғалімі
Балалар, көңіл күйлерің
калай?
Балалар: -Тамаша.
Денешынықтыру
мұғалімі: -Жарайсыңдар, ендеше осы тамаша көңіл күймен
ойын-сауығымызды бастайық.
-Балалар, «Денсаулық – зор
байлық» дегендей, деніміз сау болу үшін унемі жеке бас тазалығын
сақтап, денемізді шынықтырып жүруіміз
керек.
Ғажайып
сәт: Санжар кіреді.
Санжар:
-Ой, балалар, мен
балмұздақ жеп едім ауырып калдым. Балмұздақты көөөп жедім. Енді
тамағым ауырып, жөтеліп калдым. Ішім де қатты ауырды. О-о-ой
ішім-аай!
Сендер білсеңдер ме, не үшін
ауырғанымды? Көмектесіңдерші! Не істесем болады жазылу үшін,
айтыңдаршы?
Денешынықтыру
мұғалімі: Балалар, көрдіңдер ме? Жеміс жидектерді жумай жегеннен,
тазалық сақтамағаннан ағзамызда микробтар пайда
болады.
Ғажайып
сәт: Микробтар келеді.
Микробтар: -Ааа, сен бізді жамандауға келдің
ба?
(Микробтар Санжарды алып
кетпекші болады.)
Микробтар: -Балалар, біз жуынбайтын, спортпен айналыспайтын жалқау
балаларды жақсы көреміз. Біз үшін ең қауіпті зат – су, сабын. Қәне,
араларыңда сондай балалар бар
ма?
Денешынықтыру
мұғалімі : -Балалар, біз микробтар жоламас үшін не істеуіміз
керек?
Балалар: -Тазалық сақтауымыз
керек.
Ән: «Тазалықтың досы»
Айнаға
қарайық,
Шашымызды
тарайық,
Қолымызды
жуайық,
Бетімізді
жуайық,
Тісімізді
жуайық,
-Қәне, бәріміз микробтарды
қуайық.
(Балалар, су шашып микробтарды
қуады.)
-Көрдіңдер ме, балалар? Біз
жуынып таза жүрсек микробтар жоламайды
екен.
Санжар: Апай, мен енді түсіндім не үшін ауырғанымды, енді жуынып
жүретін боламын. Жеміс-жидектерді жуып жейтін боламын. Рахмет
сіздерге, мен микробтардан
құтылдым.
Денешынықтыру
мұғалімі: Санжар, сен біздің балалармен спорттық ойынға қатыс.
Деніміз сау болу үшін спорттық ойындар
ойнаймыз.
(Балалар екі топқа бөлініп
тұрады.)
1-топ «Қыран»
тобы
2-топ «Сұңқар
тобы
Бүгінгі сайыс 5 бөлімнен
тұрады.
-
Таныстыру
-
«Қазан»
ойыны
-
«Жүйрік
галош»
-
«Қай топ
мықты?»
-
«Навигатор»
-
«Кім
жылдам?»
-
Таныстыру.
1-топ. Кыран тобы.
Ұраны: Шынықсаң шымыр
боларсың!
2-топ. Сұңқар тобы.
Ұраны: Сымбатты болу
қолыңда!
-
«Қазан»
ойыны:
Шарты: 6 шығыршық беріледі. Берілген шығыршықтан аттап өтіп,
кеглиден айналып барып орнына келеді. Қай топ бірінші келсе, сол
топ жеңіске жетеді.
-
«Жүйрік галош»
ойыны
Шарты: Екі топқа парсыз аяқ киім беріледі. Аяқ киімді киіп
кедергілер арасымен жүріп, мәреден айналып отіп, орнына
келеді.
-
«Қай топ мықты?»
ойыны
Шарты: Ойын топпен ойналады. Берілген балонды бұзып алмай мәреге
дейін жету керек. Қай топ ойын шартын бұзбай келсе, сол топ жеңіске
жетеді.
-
«Навигатор»
ойыны.
Шарты: Екі бала допты ұстап мәреге дейін түсіріп алмай жетіп,
мәрені айналып келу керек.
-
«Кім
жылдам»
Шарты: Екі
топқа шелек беріледі. Балалар
мәреге дейін жүгіріп барып судағы кішкене доптарды бір-бірлеп
тасып, өз шелектеріне әкеліп салу керек. Қай топ бірінші толтырса
сол топ жеңіске
жетеді.
(Спорттық ойынға белсене қатысқаны үшін екі топты мадақтап,
марапаттау.)
Балалармен жалпы
би
Уа, халқым назар аудар
денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің
сауда.
Денсаулық терең бақыт деген
сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай
данамызда – демекші құрметті қонақтар, уақыт бөліп, қолдау
көрсеткендеріңізге көп-көп рахмет! Осымен бүгінгі спорттық
сайысымыз аяқталды.