400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Денсаулық күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!»

атты денсаулық фестивалі


Өтетін орны: Футбол алаңы

Өтетін уақыты: 7 қыркүйек 2019 жыл, сағат 11.00-де

Сапқа тұрғызу:

Рапорт беру:

Мемлекеттік гимн:


І – жүргізуші

Денсаулықтың кепілі.

Жаттығу мен шынығу.

Әрбір жастың үлесі,

Жастайынан шынығу.


ІІ – жүргізуші

Шымырлықпен денсаулық,

Жаттығумен келеді.

Жалқау болмай әрдайым,

Шынығайық үнемі.


І – жүргізуші

Армысыздар спорт сүйер қауым! Бүгінгі «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!» атты денсаулық фестиваліне қош келдіңіздер!


ІІ-Жүргізуші

Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғара аламыз.


І-Жүргізуші

Ия, бұл ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел спортына ерекше ықыласпен қарайтынын айтпасқа болмайды. Еліміздің барша мектептерінде

бүгінгі күні «Денсаулық фестивалі - 2018» ұранымен денсаулық күні өткізілуде. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат –денсаулықты сақтау мен нығайту, Қазақстандықтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.


ІІ-Жүргізуші

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі. – деп денсаулық фестиваліне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!









І-Жүргізуші

Спорт деген денсаулықтың кемесі,

Спорт деген асар шыңның белесі.

Спорт деген біле білсең достарым,

Жан мен тәннің, сұлулықтың төресі


ІІ-Жүргізуші

Спорт қалған емес қазақ, қазақ болғалы,

Денсаулықтың құлпысы деп ұғынамыз алдағы

Салауатты өмір салтын біз бен сіздер ұстанып,

Желбіреген қазақ туын көтерейік жоғары!


І-Жүргізуші

Ендеше, алғашқы құттықтау сөз кезегі, ҚР-ның білім беру ісінің үздігі, Құрмет орденінің иегері, лицей директоры Түменбаев Таңатқан Қалибекұлына беріледі.


ІІ-Жүргізуші

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.


Ән ....................................................................


І-Жүргізуші

Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену, жалықпау – деп құрметті жарысқа қатысушы достар сендерді сайыс алаңына шақырамыз!


ІІ-Жүргізуші

Сөз кезегі, лицейіміздің спорт бойынша педагог-ұйымдастырушысы Қуанышбай Ақжол Әлібекұлына беріледі.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
311
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі