Материалдар / Дескрипторлар. Дескриптор құрастыру мысалдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дескрипторлар. Дескриптор құрастыру мысалдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының білім жетістігін бағалауда дескриптор құру мен пайдалана білуді тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2019
26095
90 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ІV бөлім. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Күні:

Тобы: ББ-18-1, БА-18-2

Оқу орны:Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі

Оқытушының аты - жөні: Джакаева Г.Б.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1. Дескрипторлар. Дескриптор құрастыру мысалдары

2. Мониторинг, кері байланыс. Кері байланыстың түрлері. Рубрика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушының білім жетістігін бағалауда дескриптор құру мен пайдалана білуді тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық студенттер: Жаңа мағлұматтар, деректер алады. 

Көптеген студенттер: Кері байланыс түрлерін меңгереді.

Кейбір студенттер: Оқушының білім жетістігін бағалауда дескриптор құрады.

Бағалау критерийлері

Оқушының білім жетістігін бағалауда дескриптор құру мен пайдалана білуді тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар береді.

Қолданылатын модульдер

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ-ны қолдану жолдары

Пәнаралық байланыстар

Педагогика

АКТ қолдану дағдылары

СТО, Венн диаграммасы, «Планеталар» арқылы топтасу, «Ойлаудың бес гүлі» кері байланыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Таңдаған планеталар бойынша мінездерін біледі

Қызыл түс-Марс планетасы көкірегі ашық, жүрегін қуаныш кернеп отырған белсенділердің түсі

Көк түс-Венера планетасы

көк түс - аспанның, мәңгіліктің түсі. шыншыл, сенімділігі мол, байсалдылардың түсі

Сары түс-Меркурий планетасы алтын күннің, зиялы қауымның түсі. белсенділігі зор, қасындағыларға шуағын себетін, үміт беретін, ашық мінезділердің түсі

Жасыл түс- Сатурн планетасы жасыл өркен, өсімдіктер, жапырақтың түсі. сенімділігі зор, қасындағыларға сенімді дос әрі қорғаушы болып үміт беретін, салмақтылардың түсі.

Бүгінгі мектептегі білім беруде Баға-Бағалау-Баға беру деген ұғым бар. Біз үшін бұл үш сөз синонимдес болғанымен, әртүрлі ұғымды білдіреді.

Студенттерге сұрақ қойылады:

1.Баға дегеніміз не?

2. Бағалау дегеніміз не?

3. Баға беру дегеніміз не?

Осы синонимдес үш сөзді ретімен орналастырыңыз және түсінік беріңіз.

1. Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау;

2.Баға беру-бағалаудың нәтижесі, яғни сапалы кері байланыс;

3.Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.

«Алпамыс мектепке барады» бейнефильмінен үзіндісін көрсетіп, Венн диаграммасы арқылы дәстүрлі бағалау мен жаңа типтегі бағалаудың ұқсастығы мен

айырмашылығын мазмұнды сызба арқылы көрсету.

Қорғау алдында баға беру үшін критерий құрастырып алайық.

Критерий (гр.kriterion) деген сөз. Орындалуы қандай да бір заңның немесе тәсілдің қолданушылығын қамтамасыз ететін шарт.

Критерийалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу – танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

Анық, айқындылығы;

Бағаның әділдігі;

Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі;

Дескриптор(Standard)-оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындалған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым. Дескриптор- оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамының жетістігі.

Студенттер 2-тапсырмаға критерий мен дескриптор құрастырады

Постердің безендірілуі

Мазмұны

Қорғауы

Осы құрастырған критерийлеріне дескриптор құрастырады.

а) Формат толық қамтылған ба?

ә) Түстердің үйлестірілуі дұрыс па?

б)Жазу каллиграфиясы, реттілігі.


а) Нақтылығы;

ә) Ғылымилылығы;

б) Тақырып толық қамтылған ба?


а) Сөйлеу мәнері

ә) Жеткізе алуы

б) Терминдерді қолдану

Мазмұнды сызба жұмыстарын құрған критерий , дескрипторлары арқылы бағалау.

Мазмұнды сызбаны қорғаған топты, келесі топтар құрылған критерийлер мен дескрипторлар бойынша бағалайды.

«Ойлаудың бес гүлі» әдісімен коучинг барысын бағалау, кері байланыс

Коучинг барысын бағалау үшін, гүлдің суреттері таратылады, өз ойларын гүл жапырақтарына жазады.

«Оқушының білім жетістігін бағалауда дескрипторлар қолдану»

Топтың аты ..................................... Мерзімі .....................

р/с

Критерийлер

Дескриптор

Ұпайлар

І топ

ІІ топ

1

2

3

1

2

3


1

Мазмұнды сызбаның безендірілуі

Формат толық қамтылған ба?







Түстердің үйлестірілуі дұрыс па?







Жазу каллеграфиясы, реттілігі








2

Мазмұны

Нақтылығы







Ғылымилығы







Тақырып толық қамтылған ба?








3

Қорғауы

Сөйлеу мәнері







Жеткізе алуы







Терминдерді қолдануы







Жалпы ұпайы




Бағасы




Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.

1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен  бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу,  сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)

2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы  Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы  Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН.

3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен  білемін деген сияқты ой-пікірлерін  білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң  әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр  немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.

Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:

-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;

-оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;

-оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады;

-мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады. Рубрика (айдар, тарау) – өтілген тақырып бойынша оқушылар білімін бағалау критерийлер жиынтығы. Ол қандай да бір тақырыпты зерттеу мақсаттарымен анықталады және мазмұндық жағынан сол рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.

Үйге тапсырма:шығармашылық тапсырма



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!