Алматы
обылысы
Райымбек
ауданы
Нарынқол
ауылы
Б.Соқпақбаев атындағы орта
мектеп гиназия
Арнайы мұғалім: Турсунова
Сымбат Бақытқызы
Девиантты мінез-құлық
балалармен жұмыс жасау.
Қоғамның алдында тұрған басты
мәселе-балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың
алдын-алу,кәмілетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол
бермеу.
Бүгінгі таңда жасөспірімдер
мен балалардың арасында жаппай жайылған әлументтік
олқылықтың,келеңсіз жағдайлардың жас балалардың тәртіпсіздіктерге
бой алдыруының себебі мен нәтижелерін бағалау оның алдын
алу,жасөспірімдерді тәрбиелеу және олардың қоғамдық өмірге
үйрету,жан дүниесі сау адам ретінде қосылудың жолдары мен әдістерін
табу әр адамның,әр ұстаздың басты парызы болып тұр. Бүгінгі күні
өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып,елді
елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр
түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек,бұл аса өткір
мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы
басталып,оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін
қадағалайтын құқық қорғау оргындарының жұмысы екі есе
көбейеді.
Девиантты мінез-құлық
түрлері.
Біріншіден, жеке
адамның, әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның мүдделеріне келтірілген
зиянның дәрежесіне қарай, екіншіден, бұзылған нормалардың түріне
қарай девиантты мінез-құлықтың келесі негізгі түрлерін ажыратуға
болады.
1. Деструктивті
мінез-құлық. Адамның өзіне ғана зиян келтіру және жалпы
қабылданған әлеуметтік және моральдық нормаларға сәйкес келмейтін -
қорлау, конформизм, мазохизм және т.б.
2.
Жеке және әлеуметтік
қауымға (отбасына, достарына, көршілеріне) зиян келтіретін және
маскүнемдік, нашақорлық, суицид және т.б.
3. Моральдық және
құқықтық нормаларды бұзу болып
табылатын және тонау,
кісі өлтіру және басқа да қылмыстарда көрінетін құқыққа қарсы
мінез-құлық
Бүгінгі білім беру мақсаты
–дүниетанымы қалыптасқан,зияты терең,білім деңгейі жоғары индвид
қана емес,сонымен қатар,көп жағдайда еліміздің болашағы
зияткерлік,саяси,мәдени жағдайының дамуымен байланысты рухани сау
тұлғаны қалыптастыру. Девиантты мінез-құлықты балалар санының
көбеюі,педагогтерді даярлау мен психологиялық қызмет сапасын
арттыру мәселелерін қоғам алдына қойды. Сондықтан бүгінгі таңда
қиын мінез-құлықты балалармен жұмыс істеудің алдын алу және
сауықтыру технологияларын кеңінен насихаттау және дамыту-басты
міндет. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен педагогикалық
жұмыс бірнеше типте жүргізіледі. Ең алдымен алдын алу шаралары
ұйымдастырылады. Делинквентті мінез-құлық.
Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай
типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық
мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға
көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз
іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік
мінез-құлық (корыстное поведение):
майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы
материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат
мінез-құлық.
Наша сату және
тарату.
Криминалды
мінез-құлық заң бұзушылық болып
табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына
байланысты жазаланады.Девиацияның негативті формалары
әлеуметтік патология болып
табылады: алкоголизм, токсикомания,
нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық
және қылмыскерлік.
Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға
және ең бірінші өздеріне үлкен зиян
келтіреді.
Қорыта
айтқанда, девиантты
мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын
жүргізуде римдік
философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын
ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген
ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман
ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана
қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс
қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына,
әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер
мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер
мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы
қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге
асырылғанда, балалар
бойында девиантты
мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп
қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік
жасалады.