Материалдар / Диалогтік оқыту - адамгершілікке тәрбиелеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Диалогтік оқыту - адамгершілікке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды тәрбиелеу.
Авторы:
25 Желтоқсан 2023
244
4 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Диалогтік оқыту – адамгершілікке тәрбиелеу



Өмір өз табиғаты бойынша диалогтік құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу: сұрау,талдау,жауап беру,келісу және тағы да басқа… Болу дегеніміз диалог арқылы қарым-қатынас құру… барлығы да құрал, ал диалог ­­­- мақсат”, – М.М.Бахтин. Абай «Ғылымды нығайту үшін адам баласына мулахаза (пікірлесу) қажет» – дейді.  Абай айтқан пікірлесу қазіргі диалогтық оқыту ұғымымен тең. Ал Ахмет Байтұрсынов оқудың өлі, төте, көрнекі деген түрлерін айта келе, тірлік шарасына үйрететін оқу – баули оқуды саралап көрсетеді. Баули оқу оқушылар арасындағы тілдесім әрекетінсіз, диалогсыз жүзеге аспасы анық.



Бірнеше ғасырлық әлемдік педагогикалық тәжірибеге сүйенсек, сабақта диалогтік оқытудың оқушылардың сөздік қорын дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы маңызы зор. Диалог – сөйлесудің, әңгімелесудің ең негізгі түрі. Оқытуда диалогті түрліше ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне тәуелді. Мұғалім мен студент, студент пен студент арасындағы диалог арқылы сабақ барысында тапсырмаларды егжей-тегжей талдай аламыз.

Диалогтік оқыту негізінде: сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады; оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді; оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі қалыптасады сөздер мен сөз тіркестерін қолдану, сөйлем құрастыруды меңгереді; сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйренуге дағдыланады; басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі; өз ойының құнды екенін дәлелдей алады; мұғалім сұрақ қою барысында оқушының сабақта алған білімінің қандай деңгейде екенін анықтайды.



Сыныпта ынтымақтастық пен жағымды психологиялық орта қалыптастыру үшін, студенттердің өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы бойларында сенімділік ұялату үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін жаттығулар оқушылардың өзара және мұғалім мен оқушылар арасында тығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады. Мысалы, өзін-өзі тану сабақтарында рухани әңгіме айтылып, соның негізінде ашық және жетекші сұрақтар қоя білумен қатар жауап беруге, оқиға желісін өмірмен байланыстыра отырып әңгімелеуге машықтанады. Әңгімені түсініп, рөлге бөліп оқып, кейіпкерлер бір-бірімен диалогқа түсіп, негізгі ойды табады. Мәселен, өзін-өзі тану пәнінде «ҚБА-304» тобының білім алушыларымен «Көшбасшы болу» тақырыбы талқыланды. Тақырыпты бастамас бұрын студенттерге «Көшбасшы деген кім?» түрткi cұрaғы қoйылып, жауап алынғаннан соң жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндірілді.

Сабақтың басында ой қозғау арқылы студенттердің өз тәжірибелеріне сыни тұрғыдан қарап, білім деңгейлерін сараптау мақсатында Г.Бардиннің «Адажио» мультфильмін көрсетіліп, бейнебаянда нені байқағандарын, сабақ тақырыбына қатысты сұрақтарды қою арқылы көшбасшылықтың мәні талданды. Көрсетілген бейнебаян бойынша әркім өзінің білімімен бөлісіп, ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы бойынша проблемалық сұрақтарға жауап табу мақсатында топтық және жұптық, жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Мәселен: 1 топ – «Көшбасшының ең негізгі 8 қасиеті»; 2 топ – «Көшбасшының ең құнды 8 ережесі»; 3 топ – «Көшбасшы болу үшін алғашқы 8 қадамы» тақырыптарында белгіленген уақыт ішінде студенттер іздену, талқылау жұмыстары арқылы кластерлер құрастырды. Постер құрастыру барысында топ мүшелері өзара тілдесе отырып, тәжірибемен және идеялармен алмасты. Тапсырма орындауда білім алушылардың әрқайсысы диалогқа түсіп, өз идеяларын, шешімдерін ұсынды, оны дәлелдеуге күш салды.

Аталмыш типтегі тапсырмалар студенттердің сабақтан бөлек өзара қарым-қатынастарын жақсартып, достығын нығайтады. Қорыта келе, оқыту – үйренуге үйрету (А.Байтұрсынов) болса, оның функционалды сауаттылықты қалыптастырушы тілдесім әрекеттерінсіз, сабақ барысында мұғалім мен студент, студент пен студент арасындағы диалогсыз жүзеге асуы мүмкін емес.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!