Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту. Іс-тәжірибесінен материалдар жинағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БУРАБАЙ АУДАНЫ
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту
№8 мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мұғалімі
Султанова Айнагуль Темертасовна
Бурабай ауданы № 8 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мұғалімі Султановва Айнагуль Темертасовна «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбына жазылған іс- тәжірибесінен материалдар жинағы. бет.
Құрастырған: А.Т. Султанова. №8 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мұғалімі
Педагогикалық іс – тәжірибені жинақтаушы мұғалім жайлы
ақпараттық банк.
Облыс, аудан, қала: |
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы |
Мұғалімнің фамилиясы, аты – жөні |
Султанова Айнагуль Темертасовна |
Туған жылы |
31.05.1973 |
Білімі |
Жоғары |
Жоғарғы оқу орны (қандай ЖОО бітірді,қай жылы) |
1999-2004ж.Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы ұлттық университеті «Қазақ тілі және қазақ әдебиет орыс мектептерінде» |
Диплом (сериясы,нөмірі) |
ЖБ №0509715 |
Диплом бойынша мамандығы |
«Қазақ тілі және қазақ әдебиет орыс мектептерінде» |
Оқытатын пәні |
Қазақ тілі |
Біліктілігі (санаты,алған мерзімі бұйрықтың нөмірі) |
30.05.2016 ж. №187-II |
Жалпы жұмыс өтілі |
23,4 |
Нақты оқу мекемесіндегі жұмыс өтілі |
№8 мектеп – гимназиясында 18 |
Тақырыбы: |
«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту» |
Мазмұны
І. Кіріспе 5-6
1.1. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым
ІІ. Негізгі бөлім 7-15
2.1. «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту»
2.2. Диалогтік оқыту технологияның мазмұны туралы
2.3. Жаңа технологиялар негізінде диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту
ІІІ. Қорытынды 16-17
3.1. Нәтижелер, мониторинг
3.2. Сабақ әзірмелері
ІV. Пайдаланған әдебиеттер. 32
1.1. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым
Кіріспе
Бүгінгі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын,жастардың белсенді , шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңіне ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту,өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.
Мектеп оқушысы – ертеңгі ел азаматы. Еліміздің қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару – ұстаздар қатарында жүрген менің де міндетім. Жастайымнан ұлы Абай атамыздың: « Сенде бір кірпіш дүниеде
Кетігін тап та бар қалан...»
деген қасиетті өлең жолдары жүрегімнің бір түкпірінде ұялап жүрді.
Туған жеріме, халқыма адал еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне өз үлесімді өсіп келе жатқан ұрпағымызға қазақ тілінің қыр-сырын үйретіп, саналы азамат тәрбиелеуді мақсат еттім.
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!- дегендей
Ана тілімнің дәрежесін көтеріп, нәтижелі түрде қазақ тілін оқытуға бел байлап Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі факультетін аяқтадым.Осылай анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған туған тілімнің маманы болып қызмет етіп келемін.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ. Білім беру жүйесінде жаңа оқыту технологияларын, АКТ-ны енгізуге міндетті деп атап көрсетілген.
Оқу үдірісіне «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбын алып отырмын .
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Тақырып: «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту»
Мақсат:
-
Оқушылардың диалог құру және терең ойлау қабілеттерін дамыту
-
Коммуникативтік қатынас орнатуға үйрету
-
Танымдық қабілеттерін дамыту
-
Әлеуметтік құзырлықтарын қалыптастыру
2.2. Диалогтік оқыту технологияның мазмұны туралы
Диалогті оқытуды енгізу арқылы, оқушылaрды ойлауын қабілеттерін дамыту тақырыбын алу себебім, білім алу диалог арқылы беріледі және оқушылaрдың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс дамиды, сабаққа қызыушылықтары артырады, білім деңгейлері көтеріледі, сөйлеу мәдениеті қалыптасады
Мерсер и Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушыларды қызығушылығын арттырумен қатар дамытуда білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды. Ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін тиімді болуына бағыттау керек екенін мойындатты.
«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек.
«Мұғалім – оқушы» немесе «оқушы – оқушы» арасында өз пікірлерін, әңгімелерін тұжырымды ынталандырып жетелейтін «диалогті оқыту» деп атауга болады.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады.Кейінірек Мерсер және Ходжкисон (2008) зерттеулері Барнстың жұмысына негізделе құралып ,оқыту барасында диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.
Сонымен қатар 1934 жыл Выготский өз еңбегінде «Ой мен тіл» оқу үшін әңгімелесу маңызды екеніндігін тілге тиек екен. Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдіресінде ,анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу ,қоршаған ортамен өзара қарым – қатнас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субьекті ретінде суреттейді.
«Жақын арада даму аймағында» жұмыс істесе ,жақсаратындығын атап көрсеткен. Жақын арада даму аймағында оқушыларды дағды мен қабілеттер,өз бетімен тапсырмаларды жасай алмайтынын айқындайды.Тапсырмалаларды орындау барысында тірек болатын ересектер,яғни мұғалімнің рөлі ерекше.Бұл рөлдерде сыныптастары да болу мүмкін.Диалогті сабақта жүргізу барысында ,сабақ сол ғұрлым жеңіл өтеді.
Күнделікті сабақ кезінде мұғалім және оқушылар бір – бірімен сөйлесу арқылы диалогті қарым – қатнас тығыз жасаланып отырады.
Оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті
Ғылыми зерттеулер нәтижелері
Мерсер и Литлтон (2007), Барнс (1971), Ходжкинсон (2008)
1. Диалог оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді
2.Диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді
3. Оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі
4. Оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі
5-ден сын тұрғыдан ойлауды дамытып,ойлау дағдыларын қалыптастырады; 6-ден мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екенідігін түсінуге көмектеседі.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесудің 3 түрі бар:
-
Әңгіме-дебат
1. Ой пікірлері алшақ болады және бірақ өз шешемдерінде қалады;
2. ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс;
3. қарым – қатнас көбіне «Иә,бұл солай», «Жоқ,олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4. ортақ бірлесуден гөрі,көбіне бәсекелескке бағытталған;
-
Кумулятивтік әңгіме
1. айтылған пікілермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;
2. әңгіме білім алу мақсатында жүргізілгенімен,оған қатысушылар өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділкпен қарайды;
3. идея қайталанады және жасаланады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді;
-
Зерттеушілік әңгіме
1. әркім ақылға қонымды мәлемет ұсынады
2. әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанмен мұқият бағалау жүргізіледі;
3. қатысушылар бір – бірлеріне сұрақ қояды;
4. қатысушылар сұрақ қояды және айқынды дәлелдейді,осылайша әңгімеде дәлдеме көрінеді;
5. топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады «олар келісімге келуі де, келмеуі де, мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмытылу);
2.3. Жаңа технологиялар негізінде Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Мақсатым:
Оқушылардың көп білуін емес,оның өзіне қажетті білімді өзіне алып,қазіргі заманның талабына сай,білімді де білікті,мәдениетті құзырлы тұлға болып шығуына көмек беру.Өмір талабына сай оқушыларды дамыта оқытып,шығармашылыққа,нақтылы тұжырымдауға жетелей отырып,қазақ тілінен терең,жинақ білім алуға үйтету және қалыптастыру
Диалогтық оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарасты қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсінікке жетулеріне көмектеседі) оқыту тәсілі болып табылады.
Ал көп жағдайларда мұғалім сұхбатты аз ғана топтың ішінде талқылап, сұрақтар қойылып ,қысқа жауаптар беріліп,сыныптағы қалыпты әңгіме оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайтыны белгілі. Міне осындай жағдайдан шығу үшін диологтік оқытуды тиімді қолдану керектігін алға тартым.
Оны оқушыларымен практикалық тұрғыда іске асыруға асықтым. Оқушыларды топтық жұмыстар нәтижесінде ынтымақтастық арқылы олардың өзара қарым-қатынасы, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуына бағыттау болды. Осыдан кейін "Топтық жұмыс жүргізуде оқушылардың ынтымақтастығын қалайша қалыптастыра аламын?" деген сұрақ туындады. Ынтымақтастық оқу - бұл оқыту тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін көрсетеді. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогқа құрылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым.
Топпен жұмыс
Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар «сөйлеп кетті».
Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижесінде оқушылардың әр әрекетте өзін-өзі біршама реттегені анықталды. Атап айтсақ, топ ішіндегі ынтымақтастық жағдай, өз жеке пікірлері мен идеяларын ұсына алулары, басқа біреудің тұжырымдамаларына сыни пікір білдіріп, ұсыныс жасай алуы, өздері құрған топ ережесін ұстану арқылы бір-бірінің пікірін құрметтей алатындықтары, кездескен кедергілердің себептерін анықтау арқылы одан өздігінен шыға білудің жолын таба алулары, өзінің мықты, әлсіз жақтарын анықтап, өзін-өзі және басқаларды бағалай алуы. Менің алдағы уақыттағы жұмыс барысымды жоспарлауымда, әлі де болса топтық жұмыс түрлерін одан әрі түрлендіріп, жетілдірсем, оқушыларымды үйрете жүріп өзім де үйренсем деймін. Себебі алдағы уақыттағы оқушыларымның тілегі де осы.
рөлдік диалог
Оқушылармен рөлдік, жұптық жұмыс жасап отырдым . Бір –бірімен қарым – қатынасқа түсіп,ой қосу , ой бөлісуді үйрету мақсатында суреттердегі дей тәсілдер қолданамын.
Жұптық жұмыс
Мұғаліммен сұхбаттасу
1 - тапсырма: Сұраққа жауап бер.
- Мынау қай көше?––––––––––––––––––––––––––
- Сен қай көшеде тұрасың?––––––––––––––––––––
- Сенің көшең қандай?––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
- Көшеңде нелер бар?–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
2 - тапсырма. Мәтіндегі қара жазулармен берілген сөздерге сұрақ құрастыру
Мынау - Астана қаласы.Мынау –Абылайхан көшесі. Мен Абылайхан көшесінде тұрамын. Абылайхан көшесі кең,таза,ұзын.
мысалы: Мынау қандай қала?
Сонымен қатар жеке – жеке жұмыс жасауға дағдыландырылды.Мәтін арқылы оқушылар өздері мәтінге сұрақ қоя білуге үйренді. Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи технологиялардың элементтерін және жоғарыда айтып кеткен қадамды сұхбат, постер т.б.. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену маңызды болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
- Пікірлерді зерттеуге талпынады
- Оқушылар орынды сұрақ қояды
- Оқу үдерісінен ләззәт алады
- Өзгенің пікірін өзгертуге дайын болады
- Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып , оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері дамиды
- Оқушының өздігінен ізденіп сұрақ – жауап арқылы іркін сөйлеуге дағдыланады
Өз практикамнан ұсынылатын шағын кітапшам
Осы тақырыпты зерттей келе, оқытып жатқан оқушылардың өсу динамикасын былай аңғаруға болады.
Сондықтан шәкірттерімізді ауызекі сөйлеу жақсы дамытуға байланысты орыс тілді мектептердің сыныптарына арналған кітапшамды шығардым
1. «Диалогті жүргізуге арналған тапсырмалар жинағы»
Кітапшамды стандарт бойынша құрастырдым. Бұл құралдың
Мақсаты:
-оқушыны сауатты, мәдениетті сөйлеуге үйрету;
- білімін нақтылау және мемлекеттік тілді меңгеруде заманауи ақпараттық оқыту технологиясы арқылы оқушының ынтасын арттыруға бағыттау
- Сурет арқылы диалог құрастыруға дағдыландыру
Диалог арқылы оқушының сөз қоры молайады, сұрақтың жауабын шапшан жауап беруге және суретті диалогті қолданғаным есте тез сақталып қалады. Келесі сабақта сурет арқылы сұрақтарды еркін қоя алады, шапшан жауап беруге үйренеді.
1 – сабақ. Мәтінді тыңдау.
Мынау – мектеп.
Мынау – мектеп. Мектебім үлкен. Мектепте - сыныптар бар.Сыныптар әдемі.
-
Мынау не?
-
Бұл мектеп
-
Мектеп қандай?
-
Мектеп үлкен (кішкентай)
-
Мынау не?
-
Бұл – сынып.
-
Сынып қандай?
Сынып әдемі.
2 – сабақ
Мәтінді тыңдау.
Менің сыныбым.
Бұл – менің сыныбым.Менің сыныбым үлкен,әдемі.Сыныпта тақта, парта,үстел, орындық, шкаф бар.Тақта үлкен және жасыл. Парта,үстел, орындық, шкаф қоңыр.
-
Мынау не?
-
Бұл – менің сыныбым.
-
Сенің сыныбың қандай?
-
Менің сыныбым үлкен,әдемі.
-
Сыныпта не бар?
-
Сыныпта тақта, парта ,үстел , орындық , шкаф бар
-
Тақта қандай?
-
Тақта жасыл. парта,үстел,орындық,шкаф
ІІІ. Қорытынды
Қорытындылай келе, менің байқағаным Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ынтасы сабаққа және шығармашылық жұмысқа артты деп ойлаймын. Оқушылар мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге көмектеседі. Құзырлылы жеке тұлғаны қалыптастыру мына қағидаларды міндетті түрде сақтап отыру керек.
-
Жинақы болу, оқушылар алдына міндеттерді нақты қою.
-
Мейірман болу, оқушыларға жекірмеу, олардың түсінбегеніне ашуланбау, қателерді түзу әрекеттерін ұйымдастыру.
-
Оқушының сөзін бөлмеу, аяғына дейін тыңдау.
-
Қандай талап қойылғанын, оқушылардың оларды қалай түсінгенін міндетті түрде тексеріп отыру. Тапсырмалар нақты, нұсқаулар қысқа болуы тиіс.
-
Оқушылардың мұғалімді қалай тыңдап отырғанын қалтқы