Материалдар / Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен студенттерге сабақ презентациясы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
331
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде

Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясыпедагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.

1. Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары

Дидактиканың негізгі категориялары –білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу , оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері , мазмұны , түрлері әдістері , құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика – үнемі дамып, өркендеп отыратын сала . Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп , өмір талаптарын орындап, уақыт мәресінен шығу мүмкін емес.

Дидактиканың зерттейтін пәні – ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері.

Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастырады.



Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я.А. Каменский бойынша) – деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері:


  • оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу;

  • оқытудың білімділік мазмұнын анықтау;

  • оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу;

  • оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау.


- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);

- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);

- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру)

Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы

Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп,топтастырылады:

Педагогикада бұл ұғымды тұнғыш рет еңгізген неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) болды.



Вольфганг Ратке (1571-1635) - көрнекті неміс педагогы, Коменскийдің ережелеріне жақын оқыту ережелері жүйесін жасаған ірі дидакт. 1612 ж.Майндағы Франкфурт қаласында өткен неміс князьдерінің құрылтайына төмендегі үш, оның пікірінше, ең маңызды мәселені шешуге арналған нұсқаулық ұсынды: 1. көне де, жаңа да тілдерді жылдам және оңай үйренуді қалай қамтамасыз етуге болады. 2. жастар әр тұрлі ғылымдар мен өнерді зерделей алатын ана тіліндегі мектептерді барлық жерде қайтіп ұйымдастыруға болады. 3. Бүкіл Германияда басқарудың, тілдің және діннің бірлігіне қалай жетуге болады. Оның пайымдауынша дидактика оқытудың теориялық негіздерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән.

2.Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері

Оқыту – қоғамдық қүбылыс. Себебі, оқытудың мақсат, міндеттері және оның мазмұны мен әдістері туралы мәселелер қоғамның қажеттілігінен туындап, тарихи дамып, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде мектеп алдына қойылған міндеттерді қарастырып отырады.

«Процесс» деген ұғым – бүл ілгері қарай қозғалыс, бір ізділік әрекеттің заңдылығын көрсететін түсінік. Оқыту білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыратын, олардың дүние танымы мен шығармашылық күш-қайраты және қабілетін шыңдап дамытатын процесс.

Оқыту – мақсатты процесс. Оның мақсат, міндеттері мен мазмұны және ұйымдастырдағы амал-тәсілдері тек қоғамның талабымен, қажеттілігімен байланысты туындап, өзгеріп, жаңарып отырады.

Оқыту – таным процесі. Себебі, оқыту барысында оқушыда білмеуден білуге қарай ілгері қозғалыс болады.

Оқыту – екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі әрекет. Себебі, оқыту – мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін, яғни біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жұзеге асырылады. Бұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді.

3. Оқытудың әдістері,классификациясы

Әдіс дегеніміз - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.

Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекетінің тәсілі. Оқыту әдістерінде объективті /мұғалімнен тәуелсіз/ және субъективті /оған тәуелді/ бөлімдер болады.

Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары.

Оқыту әдістері әр түрлі функцияларды орындайды: оқытушылық, мотивациялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық.

Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін зандылықтарды зерттейді, оқыту үрдісінін процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын теуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды.

Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады:

Теориялық (диагностикалық және болжамдық прогностикалық)

Практикалық (нормативтік, құрал ретінде)

Оқыту процесінің

Бірінші қызметі – оқушыларға білім беру.

Үшінші қызметі – дамыту

Екінші қызметі – тәрбиелеу.

Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және тұсініктермен, заңдылықтармен қаруландырудыміндеттесе, екіншіден солардың негізінде, дүниедегі әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын тәрбиелеу.

Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т. б. Көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Яғни, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды.

Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясыпедагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.

Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIIIXIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдіңнеміс ғалымы Ф.А.ДистервегтіңРесейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.

Қазақстанда дидактикалық ой философиялықәлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазуында, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздардамақал-мәтелдердеертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп БаласағұниИүгінеки АхмедСүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.

Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.БайтұрсынұлыЖ.АймауытовМ.ДулатовМ.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.





Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары

Жоспары:
1. Негізгі дидактикалық тұжырымдама.
2. Дәстүрлі дидактикалық жүие.
3.  Педоцентристік дидактика.
4. Қазіргі дидактикалық жүйе.

1. Оқыту процесі психология-педагогика тұжырымдамаларына сүйенеді, оларды дидактикалық жүйе не оқыту моделі деп атайды. Дидактикалық жүйеге енетіндер: оқыту принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары. Бар жүйелерді жинақтай келе, үшеуін бөлуге болады: дәстүрлі, педоцентристік және қазіргі дидактикалық жүйелер. Әрқайсысының негізгі бағыттары, ғалымдардық теориясы бар. Дәстурлі оқыту жүйесінде оқыту, мұғалім іс-әрекеті үстем орын алады. Ол А.Я.Коменский, И.Песталоцци және И. Гербарттың дидактикасынан тұрады.
Педоцентристік тұжырымдама бойынша оқыту процесінде негізгі рөл бала іс-әрекетіне беріледі. Оның негізіне Д.Дьюй (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В. Лай (1862-1926) дидактикасының жүйелері жатады.
2. Дәстүрлі дидактикалық жүйе. Ол неміс ғалымы И.Ф.Гербарттың (1776-1841) есімімен байланысты. Оқыту мақсаты -оқушының ақыл-ой іскерлігін, түсініктерді, ұғымдарды, теориялық білімін қалыптастыру. Сонымен қатар Гербарт тәрбиелеп оқыту принципін ұсынды. Оқытуды ұйымдастыру, оқу орнындағы тәртіп, моральдық жағынан жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударды.
Гербарт оқыту процесін формалдық сатыларға бөлді. Олар: баяндау, түсіну, жинақтау, қолдану. Бұл теория оқыту процесін ретке келтіріп, ұйымдастырады.Мұғалімнің тиімді қызметін, түсіндіруден меңгеруге және қолдануға дейінгі кезеңді жазып берді. Мүнан қазіргі уақыттағы барлық сабақтардың логикасын көруге болады.
XX ғасырда ғалымдар бұл жүйені сөздік әдісінің көптігі, оқушыларды ақыл-ой жұмысымен көп айналыстырмағаны, баланың қажеті мен қызығушылығын ескермегені, өктемдігі, үшін сынады. Сондықтан XX ғасырдық басында жаңа оқыту тәсілдері пайда болды.
3.  Педоцентристік тұжырымдама. Д.Дьюй оқыту процесін баланың қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты - баланың жасы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту смес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы. Оқыту процесі құрылымы: іс-әрекет процесінде қиындықты сезу, мәселені тұжырымдау, қиындықты жеңу, мәнін айту. Мәселені шешу үшін гипотеза ұсынып, оны тексеру, алған білімге сөйкес пікірлер айту және іс-әрекет зерттеушілік ойды туғызып, ғылыми ізденіске жол ашады. Әрине, мұндай тәсіл ақыл-ойды дамытуға, экологиялық мәселені шеше білуге көмектеседі. Бірақ мұндай дидактиканы шектен тыс барлық пәндерге және барлық деңгейге таратумен келісуге болмайды. Оқуда тек оқушылардың қызығушылығына сүйену жүйелілікті жоғалтып, материалдарды кездейсоқ іріктеуге әкеліп, оны терең талданады. Мұндай оқыту өнімсіз, уақыт көп кетеді.
4. Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты - оқыту және оқу. Олар оқыту процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі дидактикалық тұжырымдама бағыттары: бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту (П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Брунер), педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы.
Бірыңгай дидактикалық жүйе жоқ, кейбір теорияға ортақ нерсе бар. Көптеген оқыту тәсілдері оқыту мақсатын - тек білімді қалыптастыру демей, оқушылардың жалпы дамуы, еңбек, ақыл-ой, көркемөнер іскерлігіне үйрету дейді. Оқыту мазмұны негізінен пәндік болып құралады. Бастауыш және жоғары сыныптарда интегративтік курстар бар. Осы жерден оқу процесі білім мазмұнының мақсаты және мазмұнына сай жүргізіледі, сондықтан екі жақты басқарылатын процесс деп түсініледі. Мұғалім оқушылардың оқу танымдық қызметіне басшылық етіп, өздік жұмыстарын ұйымдастырады, ынталандырады.


















Сабақтың тақырыбы: Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары,мәні,функциялары

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін. оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikаs – үйретуші, оқытушы, didaskо-оқушы деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымды ғылыми айналымға ен

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!