Дидактикалық ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Кішкентай бағбаншы»

Ойынның тәрбиелік мәні.

Көкөністермен жемістер жайындағы балалардың білімін арттыру. Іс-әрекет барысында балаларды биік-аласа, жуан-жіңішке, жоғарыда-төменде және түсін ажыратуды үйрету. Балаларға заттарды бір бірінің үстіне қою тәсілімен биік, аласа, жоғарыда, төменде, үлкен кіші сөздерін қолдану арқылы айтып жеткізуді жалғастыру. Біркелкі заттарды таба білуге үйрету. Балалардың есте сақтауын дамыта отырып, зейінділікке, ұқыптылыққа шапшандылыққа, логикалық ойлауын, сөйлеуін дамыту.

Қажетті көрнекіліктер.

Арнайы дайындалған бау-бақша үлгісі. Себеттерге салынған түрлі көлемдегі, түрлі-түсті жемістер әр балаға таратылып беріледі.

Ойын ережесі.

Алдарына қойылған суреттердің үстіне аталған жемістерді қою. Биік-аласа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші екенін айтқызу.

Ойынға басшылық.

Тәрбиеші алдымен балалардың назарын өзіне аударып, қолындағы жемісті көрсетіп қандай жеміс екенін, түсі қандай, қайда өсетінін сұрайды. Балалар көрсетілген жемісті өздеріндегі берілген жемістердің ішінен тауып көрсетеді. Бастапқыда негізгі түстеді (қызыл, жасыл, сары) біртіндеп қосымша түстерді көрсетіп, атауларын атайды. Кім тез, дұрыс көрсетсе, сол баланы мадақтап отырады. Іс әрекетке баяу, бірден кірісіп кете алмайтын жасқаншақтау, ұялшақтау балаларды ойынға тартып, көбірек көңіл бөлу қажет. Түстерді көрсеткеннен кейін келесі заттың көлемін, жоғарыда төменде орналасқанын сұрайды. Жұмыс нәтижесіне қарай балалардың еңбегі бағаланады.

Picture 3

«Сыңарын тап»

Ойынның тәрбиелік мәні.

Қыстық киімдер жайында түсінік беру. Баскиім, мойын орағыш және қолғап түр-түсіне, ою-өрнегіне байланысты сыңарын тауып теңестіру. Зейіндерін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Қажетті көрнекіліктер.

Баскиім, мойын орағыш және қолғап түрлерінің бірнешеуін дайындау, түстері бірдей, ою-өрнек элементтерінде айырмашылықтар болады.

Ойын ережесі.

Тәрбиеші қыс мезгілі туралы әңгімелейді. Қыстық киімдер жайында сұрайды. Бір-бірінен айырмашылығын ажыратып сыңарын табуға тапсырма беред

Ойынға басшылық.

Тәрбиеші киімдердің суретін көрсетіп сұрайды. Мысалы қыстық және жаздық киімдер осылардың ішінен қыстық киімдерді бөлек қоюды сұрайды. Тапсырма берілген соң қайсысын таңдайтынын бақылайды. Келесі тапсырма беріледі қыстық баскиім, мойын орағыш жіне қолғаптарды түр-түсіне, ою- өрнегіне қарап сыңарларын табуға болатынын ескертеді. Сыңарын дұрыс тапса қандай ерекшеліктерін байқағанын сұрайды.

Picture 7









Балықтар қайда мекендейді?

Ойынның тәрбиелік мәні.

Балықтар жайында түсінік беру. Балықтар қайда мекендейді, немен қоректенетіні жайында мағлұмат алады. Балықтарды күтуге деген құштарлықтарын ояту. Үлкен-кішкентай ұғымын айыра білуге және атауға үйрету.

Қажетті көрнекіліктер.

Қағаздан жасалған аквариумдар үлкен және кіші, әртүрлі балықтар көлеміне қарай.

Ойын ережесі.

Тәрбиеші балықбардың суреттерін көрсетіп балықтардың екі үш түрін тану және ажырата білуге үйретеді. Аквариумдардың көлемдеріне қарай балықтарды орналастыруын сұрайды.

Ойынға басшылық.

Тәрбиеші балаларға аквариумдағы балықтар бар суреттерді көрсетіп балықтар жайында сұрайды. Балаларға аквариумдарды көрсетіп олардың көлемі жайында сұрайды. Мысалы қайсысы үлкен, қайсысы кіші, балықтардың көлемі жайында. Тапсырма беріледі аквариумдарға балықтарды көлеміне қарай орналастыруға болатынын ескертеді. Тапсырманы дұрыс орындаған баланы марапаттау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2021
329
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі