Материалдар / Дипломдық жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дипломдық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан жұмабаев туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2020
783
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі



«Қорғауға жіберілді»

«__» ________ 2020 ж.



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Мағжан Бекенұлы Жұмабаев»



Мамандығы: 010500 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105015 «бастауыш білім беру мұғалімі»





Орындаған 4 – шк – 2

Тобының білім алушысы Ислямова Н.К.



Ғылыми жетекшісі

«__» ________ 2020 ж.



Норма бақылаушы

«__» ________ 2020 ж.











Өскемен, 2020ж



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі









Ислямова Н.К.

«Мағжан Бекенұлы Жұмабаев»



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС





Мамандығы: 010500 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105015 «бастауыш білім беру мұғалімі»



























Өскемен, 2020жShape1


ЖОспар


І Кіріспе........................................................................................................


ІІ Негізгі бөлім

І-Тарау. М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарының

қалыптасуының теориялық-әдіснамалық негізі....................

1.1М. Жұмабаевтың өмірі мен қызметі және шығармашылығы..............

1.2 М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының маңызы.....................

1.3М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарасының қазіргі кезеңде

қолданылуы..............................................................................................


ІІ-Тарау. М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы......

2.1М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы, оның қазақ

педагогикасының негізін қалауға қосқан тың еңбегі..........................

2.2 М.Жұмабаев педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбие......................

2.3М. Жұмабаевтың этнопедагогикалық ой-пікірлері және оның

шығармашылығындағы педогогика мәселелері...................................


ІІ Қорытынды............................................................................................


ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................

3




5

5

9


13


17


17

20


24


28


30

















Shape2


Кіріспе


Жұмабаев Мағжан Бекенұлы – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Сол кездегі дәстүр бойынша әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әулетті әкесі Бекен Мағжанды Кызылжардағы Бегішов медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрәжелі білім беретін бұл медресе бес жылдай оқып бітірген соң 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Осында жүріп «Садақ» журналын шығарысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. Абайдың өлеңдер жинағымен танысады, татар ақын, жазушылармен достасады, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғыстырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс һәм Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады. 1913-1917 ж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны медальмен үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып «Бірлік» әдеби үйірмесін құрысып, оның «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды. 1917-23 ж. «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында істеп жүріп халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-26 ж. Москвада көркем әдебиет институтта оқиды. 1927-29 ж. Бурабай, одан соң Петропавлда муғалімдік, о,ытушылық қызметтер атқарады. Ақындық өнермен Қызылжар медресесінде оқып жүргенде айналыса бастайды.

Курстық жұмыстың өзектілігі:  М.Жұмабаев туралы айтқанда ең алдымен біз оның ақындығына тоқталамыз. Әлі күнге толық зерттелмей, өз бағасын алып, қоғамымыздан ойып орнын ала алмай отырған ақын таланытының бір қыры-педагогика саласындағы еңбектері. «Педагогика» еңбегі 1922 жылы Қызылжар қаласынан басылып шығады. Ол Педагогика және психология деген екі бөлімнен тұрады.

М.Жұмабаев – әдіскер. Мысалы, «Ішкі сезімдердің біреуі-іш пысуяки зерігу» деген бөлімде былай дейді: «Мұғалім бір сөзді ұзыннан-ұзақ соза берсе, шәкірттің іші пысады, мұғалім үсті-үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөз айта берсе, бала мезі болып, іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімінің бәрін блаға тез білдіруде емес, басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалім өзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың назарын өзіне қарата алады. Сабақ үстінде баланың ойнауы, тыныш отырмауы, бір-бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі бола алмауынан»,-деген пікірі оның үлкен әдіскерлігінің дәлелі болса керек.

«Сұлулық сезімдері» деген бөлімде педагог адам тек қана сырт сұлулығымен ғана емес, ішкі сұлулығымен ұнамды, сүйкімді болуы керек»,-дейді. Осы орайда ән-музыка, сурет, поэзияның орны ерекше екенін айтады.

«Тәрбиешінің міндеті – бала исскуствоның қай түріне ынтасы бар екенін тауып, сол сезімдерін өркендету»,-дейді де, оған жетудің жолдарын көрсетеді. Мұғалім егерде сұлулықты сүймесе, оның жүрегі сұлу болмаса, сұлулықты жан-тәнімен түсінбесе, педагогика саласындағы сұлулық туралы сыр шертпес еді.

Ол өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын «Құлық сезімдері деген» бөлімде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына басқа халықтардың жақсысын үйреніп, сөйтіп көтеріл» дейді. «Басқа халықты, жалпы адамзатты сүй « деп өсиет айтады. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін» дейді. Бұл сөзді Мағжан өзі үшін айтқан сияқты.

«Педагогика» кітабының соңғы бөлімі «Баланың жалпы жаратылысына» арналады.Бұл бөлім бүкіл кітаптың қорытынды бөлімі іспетті. Бала тәрбиесінің оңай емес екендігі, оған екінің бірі бара бермейтіні, екінің бірі нағыз ұстаз, нағыз тәрбиеші бола алмайтынын жазады. «тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстық тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай,шаршамай үйрете білу керек»,- дейді азамат, ақын, педагог.

Курстық жұмыстың мақсаты М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасының негізін қалаушы тұлға ретінде оның педагогикаға қосқан ұшан теңіз үлесіне тоқталу болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алдымызға мынадай міндеттер қоямыз:

- М. Жұмабаевтың өмірі мен қызметі және шығармашылығына тоқталу;

- М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының маңызын ашу;

- М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарының қазіргі кезеңде қолданылуын мазмұндау;

- Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру;

- М.Жұмабаев педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбиесіне тоқталу;

- Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;

- М. Жұмабаев шығармашылығындағы педогогика мәселелерін қарастыру болмақ.

Зерттеу тақырыбының обьектісі - Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.

Курс жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.





І-Тарау. М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарының қалыптасуының теориялық-әдіснамалық негізі


1.1 М. Жұмабаевтың өмірі мен қызметі және шығармашылығы


МPicture 1 ағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.

Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы).

Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.

Әкесі Бекен – көзі ашық, өжет,қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.

Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.

Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді. Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара-пар Медресе-Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді.

Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның "Шолпан" атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл-кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады.

Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой-сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу-кегін табиғи байланыстырып жібереді. Бұл кез оның қазақтың ардақты азаматтары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді.

Мағжанның өмірі мен шығармашылығын төмендегі сызба арқылы қысқаша суреттеуге болады.

Shape3

1922 Батыр Баян дастаны

1938 жылы атылды

1913-1916 Омбы мұғалімдер семинариясы

Ауыл молдасы

Уфа. Медресе Ғалия

Араб, орыс, парсы, түркі тілдері

1893 ж. СҚ обл. Ақмола губерниясында туған

Ақын, аудармашы, қоғам қайраткері

1928 ж Брюсов атындағы Мәскеу көркем әдебиет институты

D

Мағжан

Жұмабаев
























Сызба 1. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қысқаша маңызды сәттері


Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген – ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.
Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.

1912 ж. Қазан шаһарында Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлеңдер жиңағы жарық көрді.

Shape4















Сызба 2. Мағжан шығармашылығының тақырыбы


Жұмабаев ел жайына, әлеуметтік мәселелерге ой жіберді («Шын сорлы»)халқын өнер білімге шақырды (« Ләззат қайда», «Жазғы таң», «Сорлы қазақ», «Өнер!білім қайтсе табылар», «Балалық шақ»). Бірқатар өлеңдерін әйел теңдігі тақырыбына арнады («Жас келін», «Зарлы сұлу», «Сүйгеніме», «Алданған сұлу»).

Ағартушылық реализмі өрістей келіп сыншыл реализмге ауысты, бүкіл халықты тап, топқа жіктемей баршасын түгел әлемдік мәдени жетістіктерге қол артуға үндеу табиғи түрде бұл тілекке кім қарсы, қоғам дамуына қандай күш кедергі деген сауалға ұласты, басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. Ақын халқымен бірге күйзелді, назаланды, ашу!ызаға булықты, сөйтіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (« Жарыма», «Есімде...тек таң атсын», «Жаралы жан», «Мен жастарға сенемін»). Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын әсәресе оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ол символизм болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген қағидаға кәміл сенді («От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жарлы жан», «Айға»). Мағжан символизміндегі ерекшелік - тарихи нақтылығында, ал мұның өзі реалистік нышандардың бірі екендігі мәлім.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!