Материалдар / ДИССЕРТАЦИЯ:МЕКТЕП КУРСЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДИССЕРТАЦИЯ:МЕКТЕП КУРСЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Магистрлік диссертация:МЕКТЕП КУРСЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2024
384
3 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

УДК
Акипова Жанар Алтынбекқызы

МЕКТЕП КУРСЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

7М01512 Математика және ғылыми-әдістемелік зерттеулер

Диссертация/Жоба математика және ғылыми-әдістемелік зерттеулер магистрі
дәрежесін алуға

Ғылыми жетекші: Абдолдинова Г.Т. п.ғ.д., доцент

математика, физика, және информатика
кафедрасының меңгерушісі
Дамекова С.К. п.ғ.к., доцент
«____»_________________ 2023 жыл

Көкшетау 2023
0

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................5
1
МЕКТЕПТЕ
МАТЕМАТИКАНЫ
ОҚЫТУДА
АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........9
1.1 Математиканы оқыту үдерістерінде ақпараттық технологияларды
қолданудың психологиялық-педагогикалық негізі.................................................9
1.2 Ақпараттық технологиялар және оларды математиканы оқытуда қолдану
мүмкіндіктері...........................................................................................................16
1.3 Математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың
мақсаттары, міндеттері және принциптері............................................................23
2 МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ
САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................30
2.1 Математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың
дидактикалық шарттарын іске асырудың негізгі бағыттары................................30
2.2 Мектеп курсында математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды
қолданып оқушылардың математикалық білім деңгейін арттыру әдістемесі....36
2.3 Педагогикалық эксперимент нәтижелері мен тұжырымдары........................61
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................75
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................79

1

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Берілген диссертациялық жұмыста мемлекеттік
стандарттар мен
құжаттарға сілтеме жасалды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726
қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №727
қаулысымен бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен
технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31
қазандағы №604 бұйрығына 5-қосымша «Тхникалық және кәсіптік білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» http://adilet.zan.kz.
Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы, Астана. 18 ақпан,
№407-IV, 2011.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына
жолдауы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік
негізі» - Нұр-Сұлтан, 2022ж. http://www.akorda.kz.
ҚР МЖМБС 3. 08. 002-2004 Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті
білім беру стандарты. Кәсіби жоғары білім беру. Астана: ҚР Білім және ғылым
министрлігі, 6.08.058-2010.
ҚР МЖМБС 3. 03. 011-2006 Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеушілік жұмыс.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттары (Қазақстан Республикасы Үкіметі 2012 жыл 23 тамыз
№1080).
Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы 24.10.2011ж. №407IV. – Астана, 2011. (29.09.2014 ж. өзгерісстер енгізілген). http://adilet.zan.kz.

2

АНЫҚТАМАЛАР
Ақпараттық технологиялар (АТ) – ақпаратты іздеу, жинау, сақтау,
өңдеу, ұсыну, тарату үдерістері мен әдістерінің жиынтығы және осындай
үдерістер мен әдістерді іске асыру тәсілдері.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – ақпаратты
жинақтауға, ұыймдастыруға, сақтауға, өңдеп оны жіберуге, адамдардың білімін
жетілдіруге, техникалық және әлеуметтік процесстерді басқару қабілетін
дамытуға арналған әдістер мен техникалық құралдар жиынтығы.
Дидактика – оқытудың барлық жас кезеңдерінде барлық оқу пәндеріне
тән оқыту үдерістерінде оқыту мен оқытудың, ынталандыру мен бақылаудың
нысандары мен әдістерін, білім берудің заңдылықтарын, принциптерін,
міндеттерін, мазмұнын көрсететін оқыту теориясы.
Дидактикалық шарт – оқу үдерісінің компоненттері ең тиімді үйлесімде
болатын және оқытушыға оқу үдерісін тиімді басқаруға, студенттердің
нәтижелі білім алуына мүмкіндік беретін шарт.
Математикалық мамандықтар – кәсіби қызмет экономикалық,
физикалық, ғылыми, инженерлік және бизнес мәселелерін шешу үшін
математикалық теорияларды, есептеу әдістерін, алгоритмдерді және соңғы
компьютерлік технологияларды падаланатын мамандықтар.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру берілген білім сапасын
жоғарылатуды жүзеге асыру бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім
жүйесінің барлық түрлерінде технологияларды тиімді жаңа комплекстік
ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүемелдеу және дамыту,
орындау шаралары.
Коммуникациялық технологиялар (КТ) – бұл ақпаратты беру
үдерістері мен әдістерді жүзеге асыру тәсілдері.
Ақпараттық-оқыту ортасы оқу ақпаратын жинау, жинау, өдеу және
тарату құралдары мен технологияларын, педагогикалық қызметтің ұйымдық
құрылымдарының байланысы мен жұмыс істеуін қамтитын білімді ұсыну
құралдарын қамтамасыз етеді.

3

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ТжКББ – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ЖОО – Жоғарғы оқу орны
АКТ – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
АТ – Ақпараттық технология
КТ – Коммуникациялық технология
ДК – Дербес компьютер
КБҚ – Компьютерлік бағдарламалық құралдар
ЭЕМ – Электронды есептеуіш машина
АҚШ – Америка құрама штаттары
CAS – Computer algebra system (компьютерлік алгебра жүйесі)
АОЖ – Автоматтандырылған оқыту жүйелері
БҚ – Бағдарламалық қамтамасыздандыру
ЭТ – Эксперименттік топ
БТ –Бақылау тобы

4

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі.
Сапалы білімді қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологиялар білім
саласына қарқынды енгізіліп жатыр. Бүгінгі күнде білім беруді жетілдірудің
негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру, әлемдік стандарттарға сәйкес
келетіндей орындау. Меңгерілген білімге емес, осы білімді қолдану процесіне
баса назар аударылады.
Оқу-процесінде ақпараттық технологияны пайдалану мұғалімдердің,
оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды
үйлесімді пайдалану қазіргі кезеңде өзекті мәселеге айналып отырғаны сөзсіз.
Оқушылардың жаңа буыны кез-келген жаңа сандық және
мультимедиалық технологияны оңай игереді. Ұстаздар алдында оқушының
даму бағытын дұрыс бағытқа бағыттау міндеті белгіленген. Ол мақсатқа жету
үшін, білім алушылармен жұмыс жасау әдістері әруақытта жетілдіріліп
отырады.
Кез-келген педагогикалық технология ол ақпараттық технология болады,
себебі оқытудың технологиялық үдерістерінің негізгі ақпаратты меңгеру және
түрлендіру болмақ.
Бірыңғай ақпараттық – білім беру ортасы оқушыларға білім беру
мүмкіндіктерінің кең жиынтығын (электронды оқулықтар, видеокурстар және
т.б) қолдануға, интерактивті технологиялардың көмегімен білім берудегі
олқылықтарды жоюға, әртүрлі конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға,
конференцияларға қатысу арқылы өзінің шығармашылық қабілеттерін іске
асыруға мүмкіндік береді. Әр түрлі факторларға байланысты оқуды үзбей
қосымша білім беру жүесін пайдаланылады.
Сапалы білімді қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологиялар білім
саласына қарқынды енгізілуі қажет. Ақпараттық технологияларды қолдану
мақсаты адамның жаңа ақпараттық ортадағы интеллектуалдық мүмкіндіктерін
дамыту, сондай-ақ білім беру жүйесінің барлық сатыларында оқытудың
сапасын көтеру мен дамыту болып табылады. Сондықтан, әр оқытутшыдан
инновациялық даярлығын өз бетмен арттырып, сабақ барысында жаңа әдістәсілдерді кеңінен қолдану талап етіледі. Алайда, ақпараттық технологияларды
қолдануда бірқатар қиындықтар туындайды, олардың кейбіреулері
функционалдық болып табылады. Ақпараттық технологиялар жеткілікті түрде
жетілген болғанмен, олар тек техникалық құралдар ғана болып табылады, ал
оларды қолданудағы шектеулердің біраз бөлігі ғылымның, компьютерлік және
басқа да технологиялардың дамуына байланысты жойылады.
Математикалық білімді беруде ақпараттық технология құралдарын
пайдалану қажеттілігі Г.Д. Глейзер, С.С. Кварцов, Е.Ж.Смагулов, С.М. Сейтова,
5

И.В. Роберт, Д.Б.Бабаев, А.Е. Абылкасымова және т.б. авторлардың
еңбектерінде баса айтылған. Бұл зерттеулер негізінен оқу іс-әрекетінің
нәтижелерін бақылау үдерістерін автоматтандыруға, әртүрлі функциялардың
графигін жасауға, бастапқы есептеу операцияларын жүргізуге, жеке
геометриялық фигураларды салуға бағытталғанын жүргізуге, жеке
геометриялық фигураларды салуға бағытталғанын атап өткен жөн. Алайда,
оларда білім берудің орта және жоғары сатыларында математиканы оқытудың
ерекшелігін ескере отырып, ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану
ерекшеліктеріне, сонымен қатар ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін іске
асыру негізінде оқыту сапасын арттыруға тиісті көңіл бөлінбейді.
Аталған еңбектерге талддау жасай отырып, математиканы оқытудағы
бағдарламалық құралдарыды, интернет ресурстарын пайдалану; ақпараттық
технология құралдарын әдістемелік мақсатқа сай және қауіпсіз қолданудың
дидактикалық шарттарының; мектепте математика мұғалімінің кәсіби қызметте
ақпараттық технология құралдарын қолдануға даярлаусаласындағы әдістемелік
тәсілдердің қажеттілігі мен олардың жеткіліксіз әзірленуі арасында қарамақайшылықтар бар екенін айқындадық.
Анықталған қарама-қайшылық зерттеу проблемасын анықтайды.
Зерттеу прблемасы – математиканы оқытуда ақпараттық технологиялар
құралдарын қолдану, сонымен қатар математика сабақтарында ақпараттық
технологияларды қолданудың дидактикалық шарттарын анықтау мен оларды
жүзеге асыру.
Анықталған проблема диссертациялық жұмыстың тақырыбын, «Мектеп
курсындағы математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды
қолданудың әдістемесі» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты – мектеп курсында математиканы оқытуда
ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемесін жасау және практикалық
тұрғыда негіздеу.
Зерттеу объектісі – математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды
қолдану үдерісі.
Зерттеу пәні – мектеп курсында математиканы оқыту процесінде
ақпараттық технологияны қолдану.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер мектеп курсында математиканы
оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың әдістемесі жасалып, ол оқу
процесіне енгізілсе, онда оқушылардың математикадан алған білімдерінің
сапасы артады, себебі бұл жағдайда материалды меңгеру барысында
оқушылардың қабілеттері артып, математикалық ұғымдарды қалыптастырудың
тиімділігінің артуына, оқушыларда есептер шығару іскерліктері жоғары
дәрежеде қалыптасуына жағдай жасалады.
6

Қойылған зерттеу мақсатына сәйкес, зерттеу болжамын тексеру үшін,
зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттері анықталды:
1. Математиканы
оқыту үдерісінде
ақпараттық
технологияларды
қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздерін айқындау;
2. Мектеп курсында қолданылатын ақпараттық технологияларға қойылатын
талаптарды айқындау;
3. Математиканы
оқыту
процесінде
падаланылатын
ақпараттық
технологиялардың жіктемесін анықтау;
4. Математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың
мүмкіндіктерін анықтап, моның негізінде оны қолдану әдістемесін
практикалық тұрғыда негіздеу және оның тиімділігін тәжірибелікэксперимент арқылы тексеру.
Мақсатқа жету үшін қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу
әдістері пайдаланылады:
 зерттеу тақырыбы бойынша псхологиялық, педагогикалық және
ғылыми-әдістемелік, арнайы әдебиеттерді талдау;
 оқушылармен жүргізілген сауалнама мен әңгіме, бақылау тест;
 эксперимент ұйымдастыру, жүргізу, нәтижелерін талдау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Ақпараттық технологиялар жайлы
Л.И.Долинер,
Л.А.Баймаханова,
Э.И.Кузнецов,
О.С.Ахметова,
А.Е.Абылкасымова, Б.Д.Сыздықов, Д.Б.Бабаев, С.М.Сеитова, Е.Ж.Смагулов,
Р.С.Шуақбаева,
И.С.Мусатаева,
Т.Ж.Байдильдинов,
А.Ө.Байдыбекова,
І.Ж.Есенғабылов, Ж.Т.Жиембаев, А.О.Алдабергенова, А.Қ.Бекболғанова және
т.б. еңбектері.
Зерттеудің теориялық негізі. Оқытудың психологиялық және
педагогикалық
теориялары;
ақпараттық
технологияларды
қолдану
жағдайындағы мұғалімдердің оқу-танымдақ іс-әрекеттерін ұйымдастырудың
тиімді әдістері; білімді ақпараттандыру жөніндегі зерттеулер; КБҚ жасаудағы
және қолданудағы жетістіктер; математиканы оқытудағы ақпараттық
технологиялардың анықталған мүмкіндіктері; ақпараттық технологияларды
қолдану мақсаттары мен міндеттері; дидактикалық принциптер мен шарттар.
Зерттеу көздері: ҚР «Білім туралы» заңы; Қазақстан Республикасы білім
және ғылым министрлігінің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті
құжаттары; техникалық, кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты; «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы; зерттеу
мәселесіне қатысты психологтардың, педагогтардың және т.б. ғалымдардың
еңбектері; автордың жеке іс-тәжірибесі, оқу жұмыс жоспары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
7

1. Математиканы
оқыту үдерісінде
ақпараттық
технологияларды
қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздерін айқындалды;
2. Математиканы
оқыту
процесінде
қолданылатын
ақпараттық
технологиялардың жіктемесі анықталды;
3. Мектеп курсында қолданылатын ақпараттық технологияларға қойылатын
талаптар айқындалды;
4. Математиканы оқытуда «GeoGebra» бағдарламасын қолдану әдістемесі
ұсынылып, арнайы тапсырмалар даярланып, тәжірибелік-эксперимент
арқылы тексерілді.
Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңыздылығы, математиканы оқытуда
қолданылатын ақпаратыық технологиялардың жіктемесін толықтыру және
жинақтаудан, математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың
әдістемесін жүзеге асыруды практикалық тұрғыда негіздеуден тұрады.
Зерттеу базасы: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, ҚызылӘскер орта мектебі.
Диссертациялық жұмыс бойынша екі мақала жарық көрді:
1. Смагулов Е.Ж., Акипова Ж.А. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
«ИНФОРМАЦИЯ И ОБРАЗОВАНИЕ: ГРАНИЦЫ КОММУНИКАЦИЙ»
INFO 2022. INFOFMATION AND EDUCATION& BORDERS OF
COMMUNICATION.
Сборник научных трудов № 14(22). стр.360-363. Горно-Алтайск БИЦ
Горно-Алтайского государственного университета 2022г.
2. Акипова Ж.А. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТТІЛІГІН
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ӨЗ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ АНЫҚТАУЫ (ТАРИХИ
ШОЛУ).
Жетысуский университет тмени И.Жансугурова. 21 октября 2022 год.
Международная
научно-практическая
конференция
«Поколение
будущего:опыт и перспективы науки и образования» посвященную 50летию университета. стр.22-27. Талдыкорган, 2022 г.
Диссертация құрылымы: диссертация нормативтік сілтемелерден,
анықтамалардан, қысқартулардан, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Қосымшада
зерттеу
барысында
пайдаланылған
материалдар,
сауалнамалар, бақылау жұмыстары және ғылыми зерттеу жұмысының
нәтижелерін ендіру актілері көрсетілген.

8

1
МЕКТЕП
КУРСЫНДАҒЫ
МАТЕМАТИКАНЫ
ОҚЫТУДА
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Математиканы оқыту үдерістерінде ақпараттық технологияларды
қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Еліміздің қарқындап даумына, әлеуметтік-экономикалық өзерістерге орай
білім беру жүесін ақпараттаныру заман талабы. Білім беру жүйесін
ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды жан-жақты қолдану, білім беру
мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсатын іске асырып, оның
мүмкіндіктерін пайдалану үдерісі.
Оқытуды
ақпараттандырудың
басты
мақсаты

Қазақстан
Республикасында ортақ ақпараттық жүйені құрастыру.
Оқытуды ақпараттандырудың басты міндеттері:
 ақпараттық техникалық құралдармен қамту;
 оқытуды ақпараттандыру бойынша тәжірибелік іс-әрекеттерді анықтап,
іске асыру;
 оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық технологияларды ендіруді қамту арқылы
ғылыми-ізденушілік, оқу-әдістемелік іс-шараларды жүргізу;
 оқытылатын пәндер бойынша білім беру стандарттарының, оқуәдістемелік базалардың мазмұнын ақпараттандыру, оқытуды ақпараттық
жүйені құрастыру;
 білім беру ордаларының қызметкерлері үшін программалық-техникалық
құрал-жабдықтармен қамту, мультимедиалық пограммаларды жасау;
 білім беретін ұстаздарды жаңа ақпараттық технологияларды өз
жұмыстарында еркін қолдана білуге үйрету, біліктіліктерін уақытылы
көтеру;
 білім ордаларында компьютерлік құралдарды оқыту құралы ретінде
пайдалану.
Педагогикалық-психологиялық зерттеулердің бағдарламасында «Адам
қызметінің психологиялық теориясы мен оқу іс-әрекетінің теориясына сәйкес
жүргізілген психологиялық-педагогикалық зерттеулер математикалық оқытуда
ақпараттық технологияны қолданудың үш сатылы моделі жас тұрғысынан ең
оңтайлы», - деп көрсеткен.
Бірінші саты – орта мектеп: қарапайым компьютерлік сауаттылықты және
ақпараттық мәдениетті дамыту.
Екінші саты – техникалық, кәсіптік оқыту: педагогпен және құрдастарымен
бірлесіп арнайы пәндерді иеру және сипаттау қағидаты бойынша білімнің жаңа
9

салаларын игеру. Бұл жаста, компьютер мәтіндерді редакциялау, зертханалық
тәжірибелер, семинарлар, бірлескен жобаларды әзірлеу және т.б үшін құрал
ретінде қолданылуымен қызықтырады. Бұл кезде ақпараттық құралдар білікті
маман даярлау мен қайта даярлау дағдыларын жетілдіру үшін қолданылады.
Үшінші саты – жоғары білім беру: компьютерлік модельдеу арқылы
адамның кәсіби қызметінің барлық салаларымен кеңінен танысудың арқасында
студенттер адамдардың ең маңызды өндірістік үдерістері мен қоғамдық ісәректтерін құруды және басқаруды үйренеді. Бұл кезеңде ақпараттық құралдар
өзін-өзі тәрбиелеу және қайта оқыту дағдыларын дамыту үшін қолданылады
[1].
Математикалық білім беруді ақпараттандыру қазіргі адам-машина
жүйелерінің қоғамдық өмірдің барлық салаларына қарқынды енуінің бір түрі
болып табылады. Мұндай жүйелер теориясына сәйкес олардың жетекші
компоненті – адамның іс-әрекеті, ал машина компоненті оны тиімді жүзеге
асырудың құралы ретінде әрекет етеді.
Ақпараттық бағдарламалық құралдарды қолдану процесін жүзеге асыратын
өзге пәндер бойынша, жекелеген пән математика бойынша оқу мен дағдыларды
игеруді тексеретін тренажер түріндегі оқыту машиналарын жасауға мүмкіндік
береді. Бірақ бұл ретте білім мен дағдыларды меңгерген оқушылардың оқу ісәрекеттерінің операциялары ғана емес, оқытушылық еңбектің кейбір
операциялары да механикаландырылады (бұл, әрине, маңызды). Нәтижесінде,
оқушыларды білімнің жаңа салаларына енгізу және білім беру қызметін
ұйымдастыру кезінде мұндай жүйелер жеңе алмады, керісінше дәстүрлі,
машинасыз оқытуға тән қайшылықтарды күшейтті. Осы оқыту
технологиясында қабылданған білім беру үдерісінің схемасы оқушылардың
рефлексивті-теориялыық ойлау негіздерін игеруін едәуір қиындатады, өйткені
осы схема аясында оқыту білім алушылардың іс-әрекеттерін өзіндік
«бағдарламалау» сипатыны ие болады (1-сурет).

1-сурет. Адам-машина жүйесінің жұмыс істеуі
10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аспектісінде білімді,
шеберлік пен дағыларды қалыптастыруда маңызды мүмкіндіктерге ие, сондайақ білім берудегі электрондық оқулықтар, мультимедиалық бағдарламалар және
Internet технологиялары маңызды болып табылады.
Ақпараттық технологиялар құраларын пайдалану кезінде педагогикалық
мақсттарға табысты қол жеткізу ақпараттық – оқу ортасының жұмыс істеуі
жағдайында мүмкін болады, бұл арқылы оқушылар, мұғалім және ақпараттық
технологиялар құралдары арасындағы ақпараттық-оқу өзара іс-қимылы
үдерісінің пайда болуы мен дамуына ықпал ететін жағдайлар жиынтығы,
сондай-ақ қоршаған ортаның компоненттерін толтыру жағдайында білім
алушының танымдық белсенділігін қалыптастыру түсініледі (есептеу
техникасымен ұштасатын оқу, көрсету жабдықтарының әртүрлі түрлері,
бағдарламалық құралдар мен жүйелер, оқу-көрнекі құралдар және т.б.) белгілі
бір оқу курсының пәндік мазмұны [2].
Ақпараттық-оқыту ортасы оқу ортасы оқу ақпаратын жинау, жинақтау,
беру өңдеу және тарату құралдары мен технологияларын, педагогикалық
қызметтің ұйымдық құрылымдарының байланысы мен жұмыс істеуін
қмтамасыз ететін білімді ұсыну құралдарын қамтиды.
Ақпараттық-оқыту ортасын мақсаты: жеке тұлғаның шығармашылық
бастамаға қабілеттері мен әлеуеті мүмкіндіктерін анықтау, ашу және дамыту:
оқытуда өз бетінше пайдалану және оларды сапалы игеру үшін жағдай жасау,
оқыту нәтижелерін, оның ішінде оқу барысындағы ілгерілеу нәтижелерін өңдеу
үдерісін автоматтандыруды қамтамасыз ету; оқушылардың ақпараттық
технологиялар құралдарымен қарым-қатынасының теріс салдарларының орнын
толтыру.
Педагогикалық әсердің нәтижесі – жеке тұлғаның әлеуетті тұлғаның
мүмкіндіктерін ашу және дамыту, оларды жетілдіру; оқытуды өз бетінше
пайдалану, зерттелетін заңдылықтарды ашу қабілеттерін дамыту; өзгеретін
сыртқы жағдайларда шешім қабылдау қабілетін дамыту.
Жүргізілген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижесінде,
келесі арақатынастардың маңыздылығы анықталды [3]:
 оқушылардың жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты оқытудың
ақпараттық технологияларына, осы қызмет түрлерін трансформациялауға
және дамытуға негізделген балалардың ойын, оқу, кәсіби бағытталған ісәрекет түрлерінің арақатынасы;
 оқытудың ақпараттық технологияларын қолдана отырып, оқу іс-әрекетін
ұйымдастырудың сыныптық және сыныптан тыс формаларының
арақатынасы;
11

 ұжымдық, топтық және жеке оқыту формаларының арақатынасы;
 психикалық дамуы әртүрлі деңгейдегіі балаларды оқытуда ақпараттық
технологиялар құралдарын пайдалану мүмкіндіктері, сараланған тәсілді
жүзеге асыру;
 оқыту үдерісінде оқыту, дамыту және бақылау-түзету әрекеттерінің
арақатынасы, ақпараттық технологиялар құралдарының балалардың
дамуына әсерін бағалау;
 оқытудың ақпараттық технологияларын пайдалануға оқытушыларды
даярлау.
Осылайша, білім беруді ақпараттандыруға байланысты педагогикалық
ғылымның парадигмасы өзгерді (педагогикалық ғылымның негізгі ғылыми
теориялары мен әдістерінің жүйесі, олардың негізінде мазмұнды және
ұйымдастырушылық формаларды, оқыту мен тәәрбиелеу әдістерін таңдау
стратегиясын жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу қызметі мен педагогғалымдардың практикасы ұйымдастырылады).
Білім беру ұйымдарында ақпараттық технологияларды қолдануды
еенгізудің келесідей үш бағыты ақындалды [4]:
 ақпараттық технолгияны арнайы оқып-үйрену ( информатиканы оқыпүйренудегі жеке пән ретінде) сласында пайдалану;
 ақпараттық
технологияны
қолдану
сауаттылығына
үйрету,
қолданушылық дағдыларды қалыптастыру;
 ақпараттық технологияны білім беру техникалық жабдық ретінде
қолдану.
Алайда, ақпаратық технологияны пайдаланудың отандық, шетелдік
практикасы көрсетіп тұрғандай, ақпараттық технология білім беру құралы
ретінде цифлық сауаттылық білім беруде ғана артықшылықпен қолданылады,
ал басқа пәндерді оқытуда тек көрнекілік сипатқа ие болуда. Оқытуды
ақпараттандыру әрбір пәнді оқыту әдістемесін өзертуді талап етеді.
Испандық Иван Андрес Падильяның «Математика мұғалімдерінің
ақпараттық технологияларды қолдану және оқыту: сапалы талдау» атты зерттеу
жұмысында, Барранкилла округінің ақпараттық технологиялар білім беру
мекемелерінде математика мұғалімдерін даярлауды сипаттауға және олардың
педагогикалық практикасына әсерін қарастырған. Ол үшін ақпараттық
технологиялық білімі, пайдалану жиілігі және қолдану түрі туралы ақпарат
жинау мақсатында сауалнамалар, қатысушылардың қатысуынсыз бақылаулар
және 23 мұғалімнің қатысуымен фокус-топ сияқты әдістер қолданған.
Нәтижесінде математика мұғалімдері лайықты дәрежеде техникалық білімнің
болмауы,
және оның педагогикалық практикаға әсері анықталды.
Мұғалімдердің біліктілігі жеке немесе мемлекеттік секторда болсын, олардың
12

ақпараттық технологиялар тәжірибесіне қатысты мектептерде математика
мұғалімдерін үздіксіз оқытумен байланысты болуы керек; сонымен қатар, әр
түрлі бағдарламалық жасақтама туралы хабардар болу қажет деген ұсынымдар
берілген. Осы жұмсқа ұқсас Штейн, Гуревич және Горев (2020), Каллен (2020),
Леон (2014), Лукуми және Гонсалес (2015) еңбектерін де атап өтуге болады [5].
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында оқытуды ақпараттандыруы
бойынша келесі басты ғылыми мектептер қаұрастырылуы, жалпы және нақты
зерттеулер жүргізуде [6]:
 Б.Баймұхановтың ғылыми мектебінде (Б.Д. Сыздықов, Р:С. Шуақбаева,
Т.Ж.Байдильдинов, Р.Б Бекмолдаева, Л.А. Баймаханова, А.Ө.
Байдыбекова, І.Ж.Есенғабылов, А.О. Алдабергенова, Ж.Т. Жиембаев,
А.Қ. Бекболғанова және т.б.) оқыту үдерісінде ақпараттық
технологияларды енгізу мәселелері қарастырылған, осының негізінде
оқыту үдерісіне әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың
әдістемелері жасалған;
 Е.Ы. Бидайбеков студенттерді ақпараттық-коммуникациялық технология
құралдарын қолдануға әдістемелік дайындау, оқыту және мамндарды
дайындау
мәселелерін
(Б.Г.Босанов,
Г.А.
Абдулкаримова,
Ш.Шекербекова, С:С. Үсенов, Ж.Қ. Нұрбекова, А. Ибашова және т.б)
қарастырған;
 Ж.А. Қараев және көптеген ғалымдар (К.З. Халықова, М.Б. Есбосынов,
Ж.С. САрдарова, С.В. Рах, Б.К.Тульбасова, С.Т. Мұхамбетжанова,
Б.Абықанова, О.К. Ахметова, Г.Г. Бегаришева және т.б) ақпараттық
технологияны білім беру ұйымдарының оқу үдерісінде, кәсіби
дайындықта және ЖОО-да информатиканы оқытуда қарастырған.
Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
жөніндегі Қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне талдау 2-суретте
көрсетілген.

13

Ғылыми мектептер
Білімді ақпараттандыру
сласында жүргізілетін
зерттеулер

Б.Баймұхыновтың ғылыми
мектебі
Оқу
үдерісінде
ақпараттық
технологияларды
енгізу
мәселелері қарастырған
(Б.Д.Садықов, Р.С.Шуақбаева,
Т.Ж.Байдильдинов,
Р.Б.Бекмолдаева,
Л.А.Баймаханова,
А.Ө.Байдыбекова,
І.Ж.Есенғабылов,
А.О.Алдабергенова,
Ж.Т.Жиембаев,
А.Қ.Бекболғанова және т.б.)

Е.Ы.Бидайбековтың
ғылыми мектебі
Студенттерді
ақпараттық
технология
құралдарын
қолдануға
әдістемелік
дайндау
оқыту
және
мамандарды
дайндау
мәселелерін
(Б.Г.Бостанов, Г.А.
Абулкаримова,
Ш.Шекербекова, С.С Үсенов,
Ж.Қ.Нұрбекова, және т.б)

Ж.А.Қараевтың
ғылыми мектебі
Ақпараттық
технологияны білім беру
ұйымдарының
оқу
үдерісінде,
кәсіби
дайындықта және ЖООда
информатиканы
оқытуда қарастырған
(К.З.Халықова,
М.Б.Есбосынов,
Ж.С.Сардарова, С.В.Рах,
Б.К.Тульбасова,
С.Т.Мухамбетжанова,
О.К.Ахметова және т.б.)

Математиканы
оқытуда
ақпараттық
технологияларды қолдану жөніндегі зерттеген
Қазақстандық ғалымдар
(Р.С.Шуақбаева, Л.А.Баймаханова,
І.Ж.Есенғабылов, А.О.Алдабергенова,
Н.И.Аманжолов және т.б.)

2-сурет. Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі
Қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне талдаудың сызба-нұсқасы
Математикалық білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану
қажетілігі Л.Т. Искакова колледжде және орта мектепте математикалық білім
беру қорытындыларын бақылау жүргізу, есептке алу, К.Г.Кожабаев математика
сабақтарында тәрбиелеу арқылы дамыта оқытудың теориялық үлгісін жасақтау,
С.М. Сейтова есептерді шығару арқылы білімгерлердің логикалық ойлауын
дамыту, Е.Ж.Смагулов білімгерлердің математикалық ойлауын дамыту
әдістемесі және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде көрсетілген. Бұл
зерттеулерде ақпараттық технология құралдарын пайдалану келесі
мүмкіндіктерді іске асыру арқылы математиканы оқыту сапасын
арттыратыны атап өтілді [7]:
 оқушы мен ақпараттық технология негізінде жұмыс жасайтын білім беру
құралы арасындағы жылдам кері байланысты қамту;
 шектеулі уақыт аралығында кең көлемдегі ақпаратты өңдеу
мүмкіндіктері;
14

 ақпараттың көп көлемін мәліметтер кешенінде сақтау, беру, өңдеу;
есептеу, ақпараттық-іздестіру қызметі үдерісін автоматтандыру;
 оқу эксперементінің нәтижелерін өңдеу;
 ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету үдерістерін автоматтандыру, оқу
қызметін ұйымдастырушылық басқару;
 оқу материалын игеру нәтижелерін бақылауды автоматтандыру.
Оқыту барысында ақпараттық технологияларды пайдалану әдеттегі оқыту
құралдары арқылы қол жеткізе алмайтын мүмкіндіктерді ашатын ескеру керек.
Осыған орай, ақпараттық технологияны оқыту құралы ретінде пайдаланудың
келесідей артықшылықтарын атайды [8]:
1. Оқу ақпараттарын беру мүмкіндіктерін едәуір жағдай жасайды;
2. Оқуға деген ынтаны күшейтеді, жұмыс істегенде оқушы кез келген
есептің шешуін аяғына дейін жеткізу мүмкіндіктеріне ие болады, себебі оған
қажетті көмек беріледі;
3. Компьютер оқушыларды оқыту үдерісіне кірістіреді және әрекеттерін
басқарады;
4. Ақпараттық технологиялар оқыту процесін икемді түрде басқаруды
қамтамасыз етуі арқасында оқушылардың іс-әрекеттерін бақылауды сапалы
түрде өзгеруге мүмкіндік береді; оқушылардың жауаптарын тексере отырып,
қатенің бар екенін ғана тіркемейді, сонымен қатар қатенің пайда болуына әсер
еткен себепті жоюға көмектеседі.
Осындай артықшылықтармен қоса ақпараттық технологияны оқыту
құралы ретінде оқыту үдерісінде қолданылу шектейтін өзіне тән
ерекшеліктерін де атап өтейік [9].
Біріншіден, медициналық нормалар бойынша компьютермен жұмыс істеу
уақытының шектелуі. Арнайы физиологиялық-гигиеналық зерттеулер
көмегімен әртүрлі жастағы оқушылардың компьютермен жұмыс істеу
уақытының ұзақтығы белгіленген. Компьютер көмегімен өтетін сабақтарды
аптасына үш реттен артық өткізуге болмайды. Білім алушылардың
компьютермен жұмыс жасайтын іс-әрекетінің ұзақтығы оқушылардың жасына
және компьютердің типтеріне тәуелді түрде бір сабақта 15-тен 30минутқа дейін
бола алады. Бұған қоса, зерттеулер көрсеткендей, орындайтын жұмысқа деген
қызығушылық шаршаудың пайда болуына кері әсер ететін күшті фактор болып
отыр.
Екіншіден, қолданлатын ақпараттық технологиядан тәуелі оқушылардың
жұмысын басқару қатаңдығы. Мұғалім оқушыларды оңай түсінеді, ал
компьютер оқушыдан сауатты, дәл жауапты ғана күтеді.
Үшінші сипаттама ретінде бағдарламалар деңгейінің оқушы жұмысының
тиімділігіне әсерін айтуға болады. Әрбір кезеңдегі оқушыылардың жұмыстағы
15

табысы, оның жұмысында неше түймешікпен жұмыс істеп отырғанынына
байланысты, оқушылар неғұрлым аз түймешіктерді басатын болса, соғұрлым
қате жауапты енгізу ықтималдығы аз болатыны сөзсіз, сонымен бірге
бағдарламамен жұмыс істеу қарқыны да жоғары болады.
Төртіншіден, ақпараттық технология ғана тиісті ерекшеліктің бірі – оқу
іс-әрекетін ұйымдастыруға деген талаптарды күшейту болып табылады.
Компьютер оқу процесіне іс-әрекеттік түрде көзқарас қалыптастыратын ең бір
үйлесімді техникалық құрал болып табылады [10].
1.2 Ақпараттық технологиялар және оларды математиканы оқытуда
қолдану мүмкіндіктері
Бүгінгі таңда цифрлық технологияларды кез келген салада, әсіресе, білім
беру саласында қолдану сирек, ерекше құбылыс емес. Цифрлық технологиялар
біздің өмірімізге мықтап енді және оның болмауы сұрақтарды, қиындықтарды
және қолайсыздықтарды тудыруы мүмкін. Білім беру және ғылыми-зерттеу
қызметінде цифрлық құралдар ерекше рөл атқарады: олар қажетті ақпаратты
алуға ғана емес, сонымен қатар оны құрылымдауға, пішімдеуге, анықтауға
және т.б. көмектеседі. Цифрлық технологиялар айтарлықтай қарқынды дамып
келе жатқандықтан, орын алған өзгерістер туралы әрқашан хабардар болу
керек, сондықтан техникалық дамудың әрбір жаңа кезеңінде ұсынылатын
ақпаратты сапалы талдау мүмкіндігі, жылдамдығы туралы сұрақ туындайды,
оны алу және өңдеу [11].
Білім берудің барлық деңгейлерінің және барлық мамандықтардың
заманауи мұғалімдері цифрлық технологиялардың өте қажетті екенін бұрыннан
түсінді, бірақ:адам тек есте сақтау қабілетін ғана емес, оны жаттықтыруы және
дамытуы керек, бірақ интеллект білім берудің әрбір деңгейінде әлемнің қалай
жұмыс істейтінін түсінуге, көбейту кестесін білуге міндетті. Бір қызығы, әрбір
ата-ана алғашқы бес жылда бала өзі өмір сүріп жатқан қоғамның барлық іргелі,
өмірлік маңызды категорияларының сексен пайызға жуығын түсініп, игеретінін
біле бермейді. Балалардың қабілеті мен жылдамдығы олардың алғашқы
жылдардағы ақпаратты игеруі таңқаларлық деңгейде, кейінгі жылдары, әрине,
біршама баяулау байқалады, бірақ бұл адамның қоғамға енуіне байланысты,
мұнда көптеген қиындықтар күтпеген жерден пайда болуы мүмкін. Кедергілер,
адам жиі араласатын ортасына байланысты. Сондықтан қазірдің өзінде
мектепке дейінгі білім беру деңгейінде медиа сауаттылық пен медиа білімге
қатысты мәселелер көтерілуде.
Әлемнің барлық елдерінде, әртүрлі білім беру жүйелерінде және әртүрлі
ұлттық мүдделерде медиа сауаттылықтың сараланған дамуы кеңінен
талқыланып, тартылуда. Әрине, бұл кездейсоқ емес, өйткені цифрлық
технологияның адамзатқа беретін мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде
16

шабыттандырып қана қоймайды, сонымен қатар көптеген сұрақтар, мәселелер
және типті алаңдаушылық тудырады [12].
Интернеттің бүгінгі мүмкіндіктері мен оны ертеңгі даму болашағы, әрине,
орасан зор және жеке адамға және адамзатқа көптеген жағымды нәрселер
береді. Бүкіл әлем ықшамдап, жақындай түскендей сезім пайда болады. Біз
әртүрлі елдерден барлық континенттермен, әртүрлі мәдениеттердің, әртүрлі
ұлттардың өкілдерімен сөйлесе аламыз. Сонымен бірге адам мен адамзат өз
заманынан шыға бастайды, олардың жеке ырғағы, психологиялық
тұрақтылығы, физиологиясы өзгергендей болады [13].
Ақпараттық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу – бұл оқуда
күшті ынталандыру. Осынддай сабақтар арқылы оқушылардың психикалық
процестері белсендіріледі: қабылдау, зейн, есте сақтау, ойлау; танымдық
қызығушылықтың артуы әлдеқайда белсенді және тезірек жүреді. Адам өзінің
табиғаты бойынша көзге көбірек сенеді және ақпараттың 80% - дан астамын
визуалды анализатор арқылы қабылдайды және есте сақтайды. Ақпараттық
технологияларды қолданатын сабақтардың дидактикалық артықшылықтары –
қатысу әсерін жасау («мен оны көрдім!»), оқушылардың қызығушылығы,
көбірек білуге және көруге деген ұмтылысы бар.
Математика сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың
тиімділіктері:

оқушыларың жеке жұмысы;

шамалы уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеп пайдалану;

білім дағдыларын тест арқылы тексере алу мүмкіндігі;

шығармашылық есептерді шешу;

қашықтықтан оқытуды ұйымдастыра алу;

керекті ақ
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!