Диуани Хикмет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диуани Хикмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Қожа Ахмет Яссауи және Диуани Хикмет жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Диуани Хикмет – тәрбие мәні»

Тәрбие- бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар”. Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін –оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған орта мен қарым- қатынас жасай білуге үйрету.

Олай болса тәрбие процессі деп –қоғамның талап тілектеріне сай, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін, жүйелі түрде қалыптастыру мен дамытудағы, адам мен қоғамның өзара бірлескен әрекетін айтамыз. Осы орайда Қожа Ахмет Яссауидің өзі, Диуани хикметті осы мақсатта жазып шықты және Қожа Ахмет Яссауи – өзінің өмір жолында, осы бағытқа арнады. Диуани Хикметтің құдыреттілігің арқауымен ,сол замандағы елді надандықтан–адамдыққа,түнеріп батқан күнді, шуағын шашқан таңға айналдырды. Ахмет Яссауидің еңбегін зерттеген ғалымдар « Диуани Хикметті » тану барысында әр түрлі көзқарас, пікір білдірді. Кей ғалымдар «Ақыл кітабы», кейбіреулері «Даналық кітабы» депте атап кетті. «Ақыл кітабын» зерттенген жазушылар өте көп. Соның бірегейі түрік ғалымы Ф. Көпрүлузаде, белгілі орыс ғалымдары А.Н.Самойлович, Е.Э. Бертельс, сондай-ақ, зерттеу ісіне Э.Р.Рустамов, Н.М.Малаев, В.И.Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір ат салысты. « Диуани хикметтің» қоғамға негізгі беретін тәрбиелік мәні: адамға қажетті қанағат пен сезімге мән беріліп, нәпсіні тыя білу, мұсылмандықтың басты шарттарының бірі болуында. Сондай ақ,ел билеген әкімдер мен болыстарда құлқын - құмарлық өрбіп, жемқорлық етек жайған тұста, Яссауи ел билеушілерді имандылыққа, ізгілікке, нысапты болуға үндеді. Ахмет Яссауи «Ақыл кітабындағы» он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы хикметтерінде негізінен өз өмірбаянын жырға қосқан. Соның өзінде ақын, «Диуани хикметтің» басты идеясын айтудан ауытқып кетпеген. Оның басты идеясы мынада: «Диуани хикмет» адамды тәрбие мен ізгілікке жетелейтін құдыретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Ахмет Яссауи әрбір адамның қадір – қасиетін, өмірде алатын орнын, оның ішкі жандүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді, ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы, сол кісінің тәрбиелігіне байланысты болып келеді. Адам бойындағы тәрбиеліктің ең басты көрінісі - мейірімді, кешірімді, өзгелерге жаны ашырлықпен қарау болып табылады.

Түркi халықтары жазба әдебиетiнiң бастауында тұрған көрнектi тұлғалардың бiрi, түркi сопылық поэзиясының негiзiн салушы, Ахмет Яссауи сопылық сарында өсиет - уағыз айтумен шектеліп қаламайды. Ол, өзі өмір сүріп отырған қоғамның қайраткері, белсенді ақыны ретінде, адам баласының Алла алдында әділ, ақиқатшыл, кең пейілді, ізгі жан болуын талап етеді. Ақын «Аллаға ғашық болғандар хақ жолына түскендер» туралы айта келіп, Алланың барлығына, құранның растығына, күдік келтірудің өзі күнә екенін ескертеді. Ал, ұлт әдебиетiнiң ұлы классигi, дәуiрдiң дара стилiн танытқан Абай Құнанбайұлы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде, Ахмет Яссауидің мораль философиясындағы Құдайды танып – білу, имандылық, ораза, қажылық, т.б. мұсылман дінінің негізгі қағида – шарттарын, парыз – қарыздарын зор білгірлікпен жырлайды. Абайдың «имани гүл», «жәуанмәртілік», «толық адам»,сияқты аса күрделі гуманистік ойлары, Яссауи философиясынан туындап жатады. Абай өзінің «Жиырма жетінші», «Жиырма сегізінші сөздерінде» және бір қатар өлеңдерінде кезінде Яссауи қолданған діни атаулар мен терминдерді сол күйінде өзгертпей жазады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2023
477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі