Принтер (Printer) - бұл кез- келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға арналған құрылғы. Принтерлер көптеген қаріп (шрифт) түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді қағазға басып бере алады. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік және сия бүріккіш түрлері бар.
Матрицалық принтерлердің қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады. Баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып отырады. Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 20 – 60 секундта бір бет қағаз (секундына 20 – 400 символ) көлемінде.
Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, түрлі-түсті пайдаланып, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді.
Лазерлік принтерлер – ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Мұның таңбалар сапасы мен жылдамдықтары жоғары – орташа есеппен секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады.
Сканер – қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.
Дыбыс колонкалары (Speakers) - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Микрофон (Microphone) – дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындарды дыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады.
«Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген.
Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тоғына өзгертіледі.
Дыбыс ауатолқындарының әсерінен тербеліске түсетінжұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады.
Еarphone (наушник) - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы. Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы. Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін. Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады.
Джойстик (Joystick)- Компьютерлік ойындарда қолданылатын тетік. Джойстик — ол стержіндік-қалам депте аталады, экран бетінде тік және қисайту жағдайларын қамти алатын манипуляторлық тетік.Көбінесе компьютерлік ойындарда қолданылады. Кейбір модельдерде қысымның көрсеткіші болады. Қаламның батырмасына қатырақ басатын болсақ, онда экран бетінде курсор тезірек жүретін болады.
Плоттер (Plotter) - компьютердің көмегімен графиканы сызатын, сурет салатын немесе диаграмма құратын құрылғы. Плоттерлер конструкторлық сызбаларды, архитектуралық жоспарларды, географиялық және метеорологиялық карталарды , күрделі сызбалады алу үшін қолданады. Плоттерлер суреттерді проның көмегімен салады. Роликтік плоттерлер перо астынан қағазды айналдырып отырады, ал планшеттік плоттерлер горизонтал жатқан қағаздың жазық бетінің үстімен жүргізеді.
Проектор (Projector) – компьютердегі ақпаратты интерактивті тақтада көрсетуге арналған құрылғы.
Веб камера (web camera) - бейне кескіндерді электрондық пішімге айналдыратын құрылғы.
Драйвер (Driver)- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Джойстик (Joystick)

шағым қалдыра аласыз