Материалдар / Доклад "Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Доклад "Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы Қай ғасырда болсын тәрбие мәселесі назардан тыс қалған емес. « Бала тәрбиесі мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платон бекер айтпаған. Болашақты жасайтын ертеңгі азаматтар - бүгінгі жас ұрпақ, оларды тәрбиелеу - бүгінгі күннің ең басты мәселесі. Жастар мен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сипаты қандай болса, жемісі де соған сай болары хақ. «Адамға ең бірінші керегі - тәрбие беру. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деген екен данышпан Әл-Фараби бабамыз. Жас ұрпаққа тәрбие берудің ең бір қажеттісі, мол тәрбиенің түрі, бұл – патриоттық тәрбие. Патриотизм ( грек сөзі)- Отанға деген сүйіспеншілік. Әрбір азаматтың бойында күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. Патриотизм - Отанымыздың гүлденуіне экономикамыз бен мәдениетіміздің қарыштап дамуына зор ықпал етеді. Еліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті, ал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы Қай ғасырда болсын тәрбие мәселесі назардан тыс қалған емес. « Бала тәрбиесі мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платон бекер айтпаған. Болашақты жасайтын ертеңгі азаматтар - бүгінгі жас ұрпақ, оларды тәрбиелеу - бүгінгі күннің ең басты мәселесі. Жастар мен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сипаты қандай болса, жемісі де соған сай болары хақ. «Адамға ең бірінші керегі - тәрбие беру. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деген екен данышпан Әл-Фараби бабамыз. Жас ұрпаққа тәрбие берудің ең бір қажеттісі, мол тәрбиенің түрі, бұл – патриоттық тәрбие. Патриотизм ( грек сөзі)- Отанға деген сүйіспеншілік. Әрбір азаматтың бойында күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. Патриотизм - Отанымыздың гүлденуіне экономикамыз бен мәдениетіміздің қарыштап дамуына зор ықпал етеді. Еліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті, алдыңғы шептегі елу елдің қатарына көтерілу білім жүйесін жаңаша құруды қажетсінеді. Бұл мәселе тек оқыту технологияларын қолданумен шектелмейді, ең бастысы өз Отанының азаматын тәрбиелеу болып табылады. Болашақтың қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Мектептегі білім мен тәрбие егіз ұғымдар. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз – оның жүрегі. Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өз елінің патриоты болуын талап етеді, ал мұның өзі белгілі дәрежеде ұлттық дәстүрлерді, ұлттық ережелерді мақтанышты, ар-ожданды жақсы білу деген сөз. Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбір дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды. Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбір қоғам өзiнiң даму процесінде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама-қарсы, теріс қарым-қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде міндет қоя білумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр-бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды. Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық - қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез-келген уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы адам - ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелді. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру. Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар: Отансүйгiштiк. Халқымыз кір жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетін, әдебиеті мен тарихын, біртуар аяулы перзенттерін мақтан тұтып, қадірлеп, қастерлеуді ұрпағына аманат еткен. Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадірлеп қадір тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетін болады. Өйткені халқымыз “Отан – от басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрім-бұтағын жанындай жақсы көріп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екіталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзенті жұмыр жердің қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iсәрекетi мен мінез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерін тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиіс. . «Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек - ұлы жеңіс болары анық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!