Домбырадағы
қағыс
атаулары және оған берілетін
түсініктемелер
Алғашқы қағысты меңгеру
барысында оқушы екі қағыс түріне де (төкпе және шертпе
қағыстарына) бірдей жаттығу керек. Төкпе қағысты сұқ саусақ пен
басбармақ, ал шертпе қағысты тек сұқ саусақпен орындаудан бастаған
жөн. Ең негізгі бізге белгілі қағыс
түрлері:
“Тентек қағыс” – Құрманғазы дәстүріндегі
кейін Дина дамытқан кең шеңберлі қағыс.
“Төре қағыс” – Төре күйлеріндегі ішектің екі
жағынан аса алыс кетпейтін қағыс.
“Сүйретпе қағыс” – Абылдан келе жатқан бұл
қағыс күйлердің динамикалық жақтарын аса жандандырады. Әсіресе ол
шартты бөлуден жұпты бөлінген дыбыстарға ауысқанда, соңғылардың
үлкен айырмасын көрсетеді.
“Шұбыртпа қағыс” – бес саусақты кезегімен
жоғарылы-төмен сілтеген қағыс.
“Сипай қағыс” – саусақтың ұшымен сипай
өтетін қағыс.
Енді дәстүрлі күй қағыстары түрлерімен және
оларға берілген түсініктермен таныса өтейік: ілме қағыс, саулама
қағыс, шалу қағыс, орама қағыс, тырнама қағыс, толқындама қағыс,
иілме қағыс, шашқын қағыс. Бұл қағыс түрлері М.Өскенбаев пен
С.Балмағанбетовтерден жазып алынған. Орындаушылық дәстүрлерде ең
көп кездесетін қағыстардың бірі “теріс қағыс”. Мұнда қағыстың әлді
кезеңі қаққан қолдың жоғары қарай шыққанда келеді. Сондықтан бұл
күйдің ырғағында акцент табиғи түрінде болмай ауысып
келеді.
Сирек кездесетін күрделі қағыстар. Қара
қағыстан кейінгі қағыстар біртіндеп күрделене түседі. “Орама
қағыстың” бір түрін домбырада тез үйреніп кетудің өзі біраз
қиындықтар туғызады. “Ілме қағыс” – білек буыны арқылы бір төмен,
бір жоғары қозғалыспен алынады, тек айырмашылығы соңғы жоғары
алынатын екі қағыс бармақпен және сұқ саусақпен
алынады.
Күрделі қағыстың бірі Маңғыстау түбегінің
әйгілі қағысы “Адай қағыс” – ол оң қолдың білек буынын үш рет
қозғалып жұмсартып алған төрт қағысын айтамыз. Бұл қағыс көбінесе
Атыраудың “Ақжелең” аттас күйлерінде және маңғыстау өңірінің
күйлерінің көбінде әсерлі қолданылады.
Қорытынды:
Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих
қойнауында, ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Ән-күй,
жыр-дастандар, сияқты көне күндерден жеткен қасиетті жәдігерлер
бізге осыны паш етеді.
Сонымен қатар, қазақ халқының алпыс екі
санына көзқарасы ерекше болған. Өйткені, алпыс екі саны ежелгі
мүшелік жыл санауға да тығыз байланысты болуы мүмкін. Алпыс бір
жаста бесінші мүшел. Оның үстіне әрбір мүшелдің өз түр – түсі
болады. Мысалы: ақ, қара, сары, қызыл, көк. Мүшел алпыс бірге
келгенде осы бес түр бір шеңбер жасап, қай түрден басталған болса,
сол түріне қайтып оралады, яғни, бір цикл аяқталады. Ежелгі ұғымда
осы бес түр толық бір шеңбер жасағанда ғана – бір жас деп
есептеген. Алпысқа толмай өлген адамды «екі жастың біріне келмей
өлген адам» дейтіні содан болса керек. Демек, алпыс бір жас –
бесінші мүшел, яғни, бір жас. Бір күйді «Табалдырық күй»
немесе «Құлақ күй» деп қосады. Сонда күйдің саны алпыс екі
болып түгелденеді.
Ертедегі домбырашыылар бір – бірімен
сайысқа түсу үшін, осы алпыс бір күйге өзінің құлақ күйін қосып
ойнап, күй санын алпыс екі санымен түгелдеуге тиіс болған.
Күйден құлақ шығару – жаңа күй шығару деген мағынада. Демек,
әрбір күйші бір циклды толық аяқтауға міндетті деген
сөз.
Сондықтан, қорыта келе осы құдіретті күйдің
пайда болуы, дамуы мағынасы жөнінде керемет ой түйген белгілі ғалым
Қ. Жұбановқа жүгіне кеткен жөн. Ол өзінің «қазақ музыкасындағы күй
жанрының пайда болуы нәсілі» атта еңбегінде мынадай пікірін алға
тартады «Қазақ музыкасы шығармаларының ішіндегі ең ірі жанрдың
бірі-күйлер. Композиция жағынан, музыка мәдениетінің басқа
өлшеулері жағынан қарағанда да,күйлер халық музыкасының
жетіскен ірі тарауы екендігінде дау болмауы
керек.
Қазақтың өзі де күйді ерекше бағалайды:онда
айтып тұрған әңгіме,сөйлеп тұрған сөз болмаса да, күйлердің өзінің
музыка тілі халыққа сондай жақын, сондай түсінікті, оны сол тілсіз
түрінің өзінде жақсы таниды. Басқа халықта да күй атаулы шығармалар
бар, бірақ оларда әнмен бимен араласып жүреді. Жан-жақты
жетілген, дамыған күй тек қана біздің қазақ ұлтына тән өнер. Әр
аймақтың өзіне тән күй ойнау, күй шығару, таралу тәсілі бар.
Сазымен де, сапасымен де көзге ұратын домбыра күйлері өзінің
тақырыптық ауқымымен, әуезімен, мазмұнымен, жетілген белгілі
нысанымен ерекшеленеді. Адамзат және коғаммен күй дамуы қапталдас
өрбіп отырған».
«Домбыра – қазақтың қасиеттi дүниесi. Оны
тарта алмасаң да, қадiрлей бiл. Себебi, баланың бойына халықтың
рухани байлығын сiңiру домбырадан
басталады.
Домбыраны қастерлей бiлмеген қазақтың
баласы туған халқының жанын бiлмейдi. Ал халықтың жанын түсiнбеу
деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да
болмайды, жемiс те бермейдi» — деген Бауыржан
Момышұлы.
Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi, домбыра
– ұлттық өнеріміздің негiзiн салушы әрi жеткiзушiсi. Сондықтан оның
қазақ үшiн киелi аспап екенiн мойындай отырып, қазақтың ұлы
перзенттерiн даярлауға тиiспiз.