Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дөңгелек үстел. Тақырыбы: Көркем әдебиет және рухани тәрбие
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы қаласы Алатау ауданы №209 мектеп-гимназия
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Көркем әдебиет және рухани тәрбие»
Қатысушылар:8-сыныптар
Сабақтың тақырыбы: Көркем әдебиет және рухани тәрбие
(дөңгелек үстел)
Қатысушылар: 8- сынып оқушылары
Мақсаты:Оқушыларға көркем әдебиеттің адам өміріндегі ең басты рухани құндылық екенін түсіндіре келе, бірнеше ақын -жазушылардың шығармашылығына талдау жасап, қадірлі де қасиетті шығармаларды сүйіп оқуды үйрету. Бабаларымыздың өсиетін ұран етіп,патриоттық сезімге тәрбиелеу
Сабақтың барысы
Кіріспе бөлім
Мұғалімнің сөзі:
Оқушылармен амандасып, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсатын түсіндіру.Сабағымыз үш бөлімінен тұрады.
-
Бөлім. Қазақтың ақын-жазушыларының өте кемеңгер.Биылғы 2024жылғы мерейтойлары болатын ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын оқушылар таныстырып, өтеді.
Б.Майлин ,Т.Рысқұлов, С. Сейфуллин (130) жылдығы,Б.Соқпақбаев 100 жылдығы
2. Бөлім. (кейіпкерлер әлемі)
Осы ақын –жазушылардың шығармаларындағы кейіпкерлерге талдау жасайды.
3.Бөлім
Оқушыларға сұрақтар беріледі. Соған жауап береді.
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан.1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
-
1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» ( Садақ журналы ) журналдарына жазып тұрады. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.
Сәкен Сейфуллин (15 қазан 1894 ж.– 25 сәуір 1938 ж.)
Тұла бойы тұнып тұрған ақындық еді, қара тырнағына шейін ақындық үшін жаратылған. Сәкен қазақ совет әдебиетінің негізін бірден-бір қалаушы, көшбасшысы болды. Тарих оған жүктеген міндетті ешқайсымыз атқарған жоқпыз. Тарихқа зорлық жүрмейді.
Ғабит Мүсірепов
Өмірбаяны.Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда Ақмола уезінің (қазіргі Қарағанды облысы) көшпелі ауылында дүниеге келген.
Оның өмірінің басты арқауы білім алу және зияткерлік өсу болды. 1905–1908 жж. аралығында Спасск мыс балқыту зауыты жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыды. Одан кейін Ақмола бастауыш приход мектебінде және үш сыныптық қалалық училищеде білім алды. 1912 жылы оның білімге деген құштарлығы күшейіп, Сәкен мұсылман медресесі оқушыларын орыс тіліне үйретеді. 1913 жылы 21 тамызда Сейфуллин Омбы мұғалімдер семинариясында оқуды бастап, осы жерде қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевпен танысады. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды.
1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімесін жазды. 1922 жылы «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын», «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын жазды. «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928), «Көкшетау» (1929) өлең-поэмалар жинақтарын, «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романын (1927), «Жер қазғандар» повесін (1927) жарыққа шығарды. 30-шы жылдары «Альбатрос» (1932), «Қызыл ат» (1934), «Социалистан» (1935) атты поэмаларын, «Айша» (1930), «Жемістер» (1935) атты повестерін жариялады.
Б. Соқпақбаев өмірі шығармашылығы. Бердібек соқпақбаевтің өскен отбасы өте кедей еді. Ол Албан тайпасының Құрман руының Беснайыз тармағынан шыққан. Бердібек 8 жасында анасынан айырылды, бұл оның өмір бойы айнымас азабы болып қалды. Баланың бойына білімге деген сүйіспеншілікті кейін соғыста қаза тапқан ағасы Сатылған сіңірткен. Бала аштық пен ауыр жұмысты және т.б қиыншылықтарды басынан өткерген. Дегенмен, ол өте ізденімпаз, қабілетті бала болып өсті және өмір бойы өзінің оптимизмі мен көңілділігін сақтап қала алды.
Мектептен және ФЗО-дан кейін ол әскерде қызмет етті. Одан кейін Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқып (1945-1948), кейін туған ауылында екі жыл ұстаз болып жұмыс атқарды. 1950 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Пионер» және «Қазақстан пионерлері» қазақ газеттерінің редакцияларында қызмет етті. Кейіннен Соқпақбаев Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты (1955-57) бітірген.
-
Бердібек Соқпақбаев жазушылық жолын «Бұлақ» (Көктем) жыр жинағынан бастады. 1950 жылы жарық көріп, бірден өз оқырмандарын тапты. Жазушының келесі кітабы – «Он алты жасар чемпион» повесі. "Дала жұлдызы" (1960)
-
"Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)
-
"Гауһар" (1966) повестерін жазды.
-
"Менің атым Қожа повестьі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
Т.Рысқұлов шығармашылығы.
Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады.
ХХ ғасырда
Тұрар Түріксіб темір жолын салуда үкімет басшысы болып, оны
салу 6 жыл ішінде аяқтаудың орнына 3 жылда аяқтап шықты. Ол
Ф.И.Голощекиннің «Кіші қазан» саясатына ашық қарсы болып өз ойын
айтқан жан. Кеңестік ұжымдастыру саясатынын зардаптарын жою,
ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайлы Сталинге ашық қарсы
екені жайлы ұсыныстарын айтты. Ол жиырмаға жуық кітаптардың
редакторы болды, жүздеген ғылыми және үгіт-насихаттық мақала жазып,
жариялады. Коммунистік университетінде сабақ берді. Т. Рысқұлов
еңбектерін оқи отырып, оның тамаша насихатшы, тарихи екендігіне көз
жеткіземіз.
2-бөлім .
Кейіпкерлер
әлемі. Шығармалардығы басты
кейіпкерлер туралы айтып, таныстырып і-әрекеттеріне талдау
жасайды.
Б.Майлин Күләш немесе Шұға.
Басты кейіпкер Шұға – аққұба, талдырмаш, қара көзді қыз. Үріп ауызға салғандай еді деп суреттеледі. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілтек дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді – деп Қасымжанның айтуы бойынша суреттеледі.
Шұғаның бейнесі әртүрлі іс-әрекеттің даму барысында айқындалады. Кейіпкер арқылы тағдырына ата-анасын да емес, бауырларын да емес, өзін қоршаған әлеуметті де емес, тек қана ата салтын кінәлап, шарасыздыққа, өлімге барып тірелген қыз тағдырының өкініші, арманы көрсетіледі. Суреткер қайғылы Шұғаға бейтарап қарамайды, оған аяушылық сезім білдіреді. Қиянат көрген, өмірден түңілген қаһарманына жаны ашиды.
С.Сейфуллин өлеңдері және поэмасынан үзіндіні жатқа айту. «Көкшетау» поэмасынан үзінді айтып, мазмұнына талдау.
Арқаның кербез сұлу
Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған
жауын.
Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар
келіп,
Жүреді біліп кетіп
есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың
саясында.
Әрқайсы алтын кесе
аясында,
Ауасы дертке дауа, жұпар
иісі―
Көкірек қанша жұтса, тоясың
ба?
Ырғалған көкке бойлап
қарағайы,
Қасында көк желекті аппақ
қайың.
Жібектей желмен шарпып
төңіректі
Балқытып мыс қылады иіс
майы.
-
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның таныстырып іс-әрекетіне талдау жасайды.
-
Қожа — Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.
Т. Рысқұлов туралы жазылған «Қызыл жебе» романы.Оның авторы Ш.Мұртаза
Бұл роман-трилогия Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатуға белсене ат салысқан аса ірі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен туған ортасын, революциялық қызметін көрсетуге арналған. Трилогияның алғашқы кітабында жазушы Тұрардың балалық шағы мен оның әкесі Рысқұлдың өміріне тоқталады. Рысқұл өмір сүрген кезең 1905 жылғы орыс революциясының «Қанды жексенбі» оқиғасымен тұстас еді. Бұл оқиғаның әсері ішкі Россиядан тысқары аймаққа да тие бастаған. Романға өзек болған сюжетке келсек, өткен ғасырдың соңында Түлкібас аймағының Ақсу-Жабағылы маңындағы Майлыкент болысында қоныстанған Шымырлардың бір атасы Шілмембеттерден шыққан кедей Сәліктердің бір тобын Рысқұл бастайды. Рысқұл Шығыс Талғар болысына көшіп келіп, онда Дулаттың бір баласы – Жаныстан шыққан Саймасай болысты паналайды. Батыр тұлғалы ер жігіт Рысқұлды түрлі сұмдыққа-ұрлыққа жұмсап, ақыры жаламен айдатып жібереді. Бұл қорлыққа қатты ызаланған Рысқұл түрмеден қашып шығып, Қараш шатқалында Саймасай болысты атып өлтіреді де, кейін жазаланып, Сібірге жер аударылады. Бұл кезде Рысқұлдың баласы Тұрар он жаста болатын.
3-бөлім
Сұрақ-жауап кезеңі. Оқушыларға сұрақтар беріледі.
-
Бүгінгі дөңгелек үстелден қандай мәлімет алдың?
-
Қандай мәліметтер қызықты немесе қиын болды?
-
Бұрынғы жазушылардың шығармашылығы сіздерді қаншалықты қызықтырды?
-
Сіздер қандай ақпараттармен тансытыңыздар?
-
Бүгінгі заман туралы қандай шығарма жазар едің?
-
Сізді таңғалдырған мәліметтер болды ма?
Қорытынды.
Бүгінгі «Көркем әдебиет және рухани тәрбие» деген тақырыпта өткен дөнгелек үстелде біз бірнеше ақын- жазушылардың өмірі мен шығармашылығын талдай келе көркем әдебиетте қозғалмайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз-ақ, жоқтың қасы екенін білдік.Әдебиетте қоғам өмірі, тарихи даму просесі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол сияқты болып жатпайды, қайшылығы мол қиын жағдайлар, қақтығыстар, адамдардың тағдыры арқылы көрінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық заңдылықтардың, әлеуметтік құбылыстардың сырын ашып береді.Көркем әдебиет арқылы адам рухани байлыққа ие болады. Сондықтан көркем әдебиет оқудан жалықпайық.