Материалдар / Дөңгелек стол "Елбасына шексіз алғыс"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дөңгелек стол "Елбасына шексіз алғыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
813
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елбасына шексіз алғыс ...

Дөңгелек үстел мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарған істері туралы мәлімет беру, оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету, оқушыларды өз Отанын , халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері, кітаптары.

Кітапханашы: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс атқарған. Нұрсұлтан Назарбаев – еліміздің басшысы, халқымыздын жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға. Ақ пейілді, сезімталжан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш Президенті , Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы, «Ғасыр адамы» , Экономика ғылымының докторы, Академик, Әнұранның авторы, Жазушы , Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы, Алымды да алғыр басшы, Көреген саясаткер. 1 – оқушы Сайлауова Әсем : Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де , елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы – төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті. 2 – оқушы Әмірғалиева Гүлнұр: Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейін көрген жақсылығымыз, дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен айбаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты. Елбасы қазақ елінің әлемдік бәсеке дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып, қиын да күрделі, ауыр да абыройлы жолын – ғасырлар тоғысында бастады, мың салалы мемлекеттік істі адастырмай дұрыс жолға қоя білді. 3 – оқушы Айтқали Қарақат: Елбасымыз ата – анасын қатты құрмет тұтқан, ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір – қасиетін бойына жинаған , тілін, тарихы мен мәдениетін, әдеп – ғұрпы мен салт – дәстүрін жетік білетін , ұлтын жан – тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат. 4 – оқушы Ниязбеков Асылбек : Елбасы – халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған , өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, елдескенде мейірім шашатын саясаткер. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйтқысы болған Ұлы дала елі. Біз ұлы даланың мұрагерлеріміз. Елбасымыз Қазақстанның көп этносты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенеміз. 5 – оқушы Серікқазы Жангерім : Елбасымыздың халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы – 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Біз үшін ортақ тағдыр - бұл Мәңгілік ел, жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы . Бұл бабаларымыздың арманы» деген болатын. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық . Дана да дара Елбасымыздан үлгі ала отырып осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінгімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз. Кітапханашы: Н.Назарбаев «Сындарлы он жыл» кітабында былай деп жазады: «Әлі тәжірибесіз балаңдау шағымда, көмейінде от пен металл ойнақ салған алып шомбал пештің жанында тұрғанда немес е қаңылтыр қақтау станының құлақ жаратын тарсыл – гүрсілін ести жүріп жұмыс істеген кездерде, мен сайын даланың жанға дауа саумал самалын аңсайтынмын, екіндінің шырт тыныштығында ұйып тұрған жусан иісін құныға сіміргім келетін. Әсіресе мың градуста сарқылдап қайнап жатқан металдың сенен санаулы – ақ метр жерде тұрғанын, мұндайда күрделі металлургиялық процес те бола беретін,сенің аңдаусыз қимылың мен күтпеген техникалық кездейсоқтықтарды елестеткенде , балаң жанның баршасына тән қай – қайдағы үрей мен толқынысты сәттер есімде қалыпты». 6 – оқушы: Мадьярова Мөлдір. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қарамай қиындықтың қыңырына Ақыл мен алғырлығы жеңді міне Жасасын жаңашыл талабы да Мың рахмет Нұрсұлтан атамызға !!! 7 – оқушы: Ерғалиқызы Жаннұр Нұрсұлтан Әбішұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды әлемнің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстан Әнұранымен айбатты, Қазақстан Елтаңбасымен еңселі, Қазақстан туымен тұғырлы. Ата заңымен құдыретті, күшті! Рахмет сізге, Елбасы! Кітапханашы:Дана да дара Елбасымыздан үлгі ала отырып, осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз. Туымыздын тұғыры биік, еліміздің еңсесі биік болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!