Тақырыбы: Қазақ
халқының ұлы ақыны - Мағжан Жұмабаев 125
жыл
дөңгелек
үстел
Мақсаты:
Қазақтың ақыны
Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы туралы оқушылардың ойын
дамыту, сөйлеу қабілеттілігін арттыру, ұлтын сүюге
тәрбиелеу.
Кітапханашы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар,
оқушылар! Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі,ұлы
ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ой бөлісу
үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз. Дөңгелек үстелге қонаққа
келіп отырған оқушыларды ортаға шақырайық. Қош
келдіңіздер! Мағжан Жұмабаев - сыршыл ақын. Ол жүректің
қобызын шерте біледі.Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды
Мағжаннан таба алмайсыз деген екен Бейімбет
Майлин.
Мағжан Жұмабаев Бекенұлы 25 маусым 1893 жылы,
солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында дүниеге келген. Атасы –
Жұмабай қажы. Әкесі Бекен көзі ашық, өжет, парасатты адам болған.
Болыстық қызметінің арқасында мектеп ашып, мұғалім ұстап, өз
балалары мен басқада ауыл балаларының оқуына қамқор жасаған.
Анасының есімі – Гүлсім.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектептін
есігін ашады, хат таниды. Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте
танысады. Ақын шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Ғафиз, Омар Хаям
дастандарын үйренеді. Мұнда ол шығыс тілдерін үйреніп, сол тілдегі
әдебиеттерге ден қояды.Осы кездерде ақындық таланты оянады.Мағжан
сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін
оқып, сонан сусындайды.Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия»
медресесінде
жалғастырады.Мағжан Жұмабаев келешекті жастар деп ұғынған
ақындардың бірі. Жастарды оқытуға бар күш - жігерін салған
болатын.
Жүргізуші: Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан
жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра,
өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кетті. Оның бізге қалдырған
мұрасы - поэзиясы. Оның өлеңдері мен поэмалары туралы не
білесіздер? Оқушы: Мағжан поэзиясы – жан, жүрек,сезім поэзиясы.
Ақын қандай тақырыпты жыр өзегі етпесін, бәрі «мен Мағжанмын» деп
мұндалап тұрады.Оның жырларынан бейжайлықты кездестірмейсің.Онда
отты жүректің соғысы, ізгі де сұлу, елжіреген жан лүпілі естіледі,
онан өмір азабын, мехнатын тартқан жанның қайғы – мұңы, зары,шері
құлағыңа шалынады, онан ақынның озбырлыққа, өктемдікке,
өзімшілдікке деген ыза – кекті, қаһарлы үні естіледі. Арман –
мұраты мен халқына деген сүйіспеншілігі барынша сезіледі.Мағжан
жырларында реализм,романтизм,символизм өріле
жүреді.
Жүргізуші: Мағжан ана тілінің мол байлығын
бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік меңгерген. Оның
публицист екенін де білеміз. Ол кімдердің шығармаларын аударған?
Оқушы: Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген,
орыс тілін де жетік білген. Соның арқасында ол
Пушкин,Лермонтов,Горький, Байрон,Гёте және т.б.орыс, Батыс ақын –
жазушылардың шығармаларымен танысып,олардың таңдаулы туындыларын
ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне
айналдырған.
Жүргізуші: Мағжанның "Түркістан" деген өлеңі
- елім, ерім, жерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген
отаншылдық жырдың шынайы шебер үлгісі. Ортаға "Түркістан" өлеңін
оқуға 9 сынып оқушысын шақырамыз. Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой. Тамаша түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой... Тұранға жержүзінде жер жеткен
бе? Түрікке адмзатта ер жеткен бе? Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік
қиял Тұранның ерлеріне ер
жеткен
Жүргізуші: Мағжан - ұлтжанды ақын. Оның қазақ
тіліне қосқан үлесі зор. Ана тілін ата - бабасынан қалған мол мұра
деп түсінген.Ақынның туған тіліне деген сүйіспеншілігі аса
ерекше.Ұлы ақын кейінгі ұрпағына қасиетті ана тілін қастерлеуді
аманат етіп кеткен.
"Қазақ тілі"атты өлеңін оқып беруге ортамызға
9 сынып оқушысын шақырайық. Жүргізуші: Мағжанға «ұлт жауы» деген
жала жабылып, абақтыда отырғандығы бізге мәлім. Ақынның абақтыға
отырғандығы туралы не
білесіздер?
Жүргізуші:Алашым деп жанын пида еткен
халқымыздын зиялы азаматтарының бірі – Мағжан Жұмабаев қуғын –
сүргін көріп, талай азап шеккен. Сол кездегі ақынның ішкі дүниесін
"Сағындым" шығармасынан анық көруге
болады.
Не көрсемде Алаш үшін көргенім, Маған атақ –
ұлтым үшін өлгенім. Мен өлсем де, Алаш өлмес қайраткер, Істей
берсін қолдарынан
келгенін.
Жүргізуші: Мағжан Жұмабаев қай жылы дүниеден
озды? Ол дүние салған соң оның атына көше атын қойды ма немесе
ескерткіш? Ол туралы не
айтасыздар?
Жүргізуші: "Сүйемін" атты өлеңін оқып беруге
ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға
Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі қазақ тарихындағы,
осы, бір жағынан ұлттық ояну, екінші жағынан, жаңа жол іздеп,
дағдару дәуіріне тура келді. Өмірі халық тарихындағы күрделі
кезеңмен тұспа - тұс келіп, сол дәуірдің барша қарама - қайшылығын
жүрегімен сезінген, тарихтың тар жолдарында бүкіл ғұмырын шындық
іздеумен тауысқан, сол тауқыметі мол жылдар тез есейтіп, қиялына
қанат, қаламына қайрат бітіріп, қатарға қосқан Мағжан Жұмабаев –
«қазақ халқының ұлттың ұлы ақыны».Ақын өзінің жете алмаған арманына
келешекте жастар көзі жетіп,болашақ ұрпаққа үміт артты. Ақын арманы
жүзеге асты.Әрдайым Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын
демекпіз.
Жүргізуші: Бүгінгі дөңгелек үстелге ат
салысқандарыңызға рахмет. Мағжан Жұмабаевтың өмірінен сыр
шерткендеріңізге көп - көп рахмет! Келесі кездескенше сау
болыңыздар!