Тексерілді:
Тақырыбы: ДОПТЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛУ
БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ
Оқытушы: Темірбеков
Е
Сынып:
6
Сабақтың
жабдықтары: ●Тасымалданатын
қақпалар
●№3 және №4
доптар
●Конустар
●Бағандар
●Фишкалар
●Манишкалар
Міндеттері: ● Қимыл-қозғалыс қабілеттерін
дамыту
●Доппен «адымдап» қозғалуды
және табанның сыртқы жағымен бұрылуды
үйрету.
Сабақтың
ұзақтығы: 40
минут
Күні: 08.11.2018
|
№
|
Сабақтың
мазмұны
|
Мөлшерлеу
|
Ұйымдастырушы-әдістемелік
нұсқаулар
|
|
Дайындық бөлімі 6
минут
|
|
1.
|
Сапқа тұрғызу. Сабақ
міндеттерін нақтылау.
|
|
2.
|
Қыздырыну, бір орында және
қозғалыста орындалатын жалпы дамыту
жаттығулары
|
6
мин.
|
|
|
Негізгі
бөлім 32
минут
|
|
3.
|
ТЕХНИКАЛЫҚ
КЕШЕН
|
8
мин
|
Міндеті: доппен «адымдап» қозғалу және
«аяқтың сыртқы жағымен бұрылу» атты техникалық тәсілдерді
үйрету.
Мазмұны: оқушылар төрттіктерге
бөлінеді. Олар жұптасып, бір-біріне қарай доппен қозғалады және
доппен 5-7 рет әрекет еткен соң аяғын сермеп (соққы немесе пас
беруге ишара), аяқтың сыртымен бұрылады да, доппен қарсы бағытта
қозғалады.
Тапсырманы орындауға қойылатын
талаптар: әр адым сайын аяқты допқа тигізу, тәсілді оң және сол
аяқпен жасау.
|
|
|
«СЕРІКТЕСТІ ҚУЫП
ЖЕТ»
ОЙЫНЫ

|
|
Міндеті: жүру бағыты мен
екпінін өзгертіп, доппен қозғалуды үйрету.
Бапкер балаларға допты
бақылаудың түрлі тәсілдерін көрсетеді: аяқтың ішкі немесе сыртқы
жағымен, үстермен, сондай-ақ табанмен. Содан соң, сол тәсілдерді
бұйрық бойынша орындауларын сұрайды. Балалар аталған тәсілдерді
игерген соң ойын басталады.
Мазмұны: балаларды 1 «ұры»
және 2 «полицей» етіп тағайындап, үштіктерге бөледі. Барлық
үштіктер алаңның орталық сызығына орналасады (ұрылар полицейлердің
ортасына тұрады). Бапкердің белгісі бойынша ұры кез келген
қапталдағы сызық бойымен (ортаңғы сызықтан 10 м жерден сызылған)
жүгіреді. Полицейлер ұрының жүгіру бағытын анықтап, сол сызықты
ұрыдан бұрын өтуге тырысады. Сызықтан бірінші болып өткен бала 3
ұпай, екінші келген – 2 ұпай, ал үшінші келген бала – 1 ұпай алады.
Белгілі бір уақыттан соң балалар рөлдерімен
ауысады.
Тапсырманы орындауға қойылатын
талаптар: Әр команда бойынша есеп жүргізіледі. Қапталдағы сызықтың
қашықтығы біртіндеп ұлғайтылады (20 м дейін). Доппен бұрылу және
денемен алдау әрекеттерін қолдану. Әр адым сайын аяқты допқа
тигізу.
|
|
5.
|
4×4
+ қақпашылар
ФУТБОЛ
ОЙЫНЫ

|
14
мин.
|
Міндеті: допты қадағалау және доппен
бұрылудың техникалық дағдыларын
шыңдау. Футболшылардың ойын кезінде
жан-жақтарын (кеңістікті) бағдарлай білу біліктіліктерімен
таныстыру.
Мазмұны: көлемі 20×20 м
болатын алаңда (20×40 м алаңының жартысы) аз құраммен
ойнау.
Қақпаның көлемі 1×1,5
м.
Тапсырмаға қойылатын
талаптар: допты қабылдаған соң, оны
бірден теппей, техникалық тәсіл жасау керек: доппен «адымдап»
қозғалу, доппен бұрылып, ойыншы жоқ аумаққа ауысу, жақсы
көңіл-күйді сақтай білу, ойыннан ләззат
алу.
|
|
Қорытынды
бөлім 2
минут
|
|
6.
|
Жеңіл жүгіріс, жүру және
иілгіштікті дамыту.
|
2 мин.
|
|